3. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тексеру жəне бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне сəйкес жүзеге асырылады.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексіне жəне осы Заңға сəйкес жүзеге асырылады.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді; 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері, ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті органның ведомствосы меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, профилактикалық бақылау арқылы бес жылда бір рет Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүргізеді.
Денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттауды Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар немесе даярлау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
4-тармақтың бесінші бөлігі 2023 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті орган ведомствосының, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің лауазымды адамдарының мемлекеттік аттестаттау жүргізу кезінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.
Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде комиссияның құрамы білім беру, ғылым жəне жоғары білім, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары, мамандары және педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін консультанттар, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады.
Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай қорытындылардың бірі беріледі:
1) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына толық сәйкес келген жағдайда, аттестатталды;
2) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, аттестатталмады.
Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған, мынадай:
1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында үш жылдан кейін;
2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;
3) әскери, арнаулы оқу орындарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей өткізіледі.
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4-1-тармақпен толықтырылды; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 4-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-1-тармақ өзгертілді
4-1. Білім беру ұйымдары жыл сайын білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне, ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті органның ведомствосына, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне ұсынады.
5. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8. 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-1. 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-2. 2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
8-3. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8-4. 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.08.01. № 410-VI ҚР Заңымен 8-5, 8-6, 8-7, 8-8, 8-9, 8-10, 8-11, 8-12 және 8-13-тармақтармен толықтырылды
8-5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бақылау субъектілерінің (объектілерінің) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзушылықтарының жолын кесу және оларға жол бермеу болып табылады.
8-6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мынадай деректерді талдау, зерделеу және салыстыру арқылы жүргізіледі:
1) білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылған білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдары;
2) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісі;
3) ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-7-тармақ өзгертілді
8-7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті органның ведомствосы, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі бекітеді, сондай-ақ ол мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
8-8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне оны жою тәртібі түсіндіріледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-9-тармақ өзгертілді
8-9. Бақылау субъектісіне өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті орган ведомствосының, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің құқықтық актісінде көрсетілген аяқтау мерзімінен кешіктірмей қорытындыны табыс ету күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.
8-10. Қорытынды бақылау субъектісіне (объектісіне) төменде санамаланған тәсілдердің бірі арқылы:
1) пошта арқылы - тапсырысты хатпен;
2) электрондық тәсілмен - білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарында немесе ресми интернет-ресурсында көрсетілген бақылау субъектісінің (объектісінің) электрондық мекенжайына жөнелтілген күнімен жіберілуге тиіс. Жіберілген қорытынды жөнелту фактісін растайды және бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс етілді деп есептеледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-11-тармақ өзгертілді
8-11. Бақылау субъектісі (объектісі) қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бір жылдан аспайтын мерзімдерді көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты береді, осы шаралар өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен, оның аумақтық бөлімшелерімен, ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті органның ведомствосымен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесімен келісіледі.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-12-тармақ өзгертілді
8-12. Бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі (объектісі) құзыреттерінің шегіне қарай білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне, ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті органның ведомствосына, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесіне бұзушылықтарды жою туралы есепті ұсынуға міндетті.
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.27.03. № 216-VІІ ҚР Заңымен (2024 ж. 15 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-13-тармақ өзгертілді
8-13. Бақылау субъектісінің (объектісінің) есебі негізінде өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, ғылым жəне жоғары білім саласындағы уəкілетті органның ведомствосы, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі бес жұмыс күні ішінде қайталама қорытынды шығарады.
Бұзушылықтар жойылмаған немесе белгіленген мерзімде есеп ұсынылмаған жағдайда білім беру ұйымы аттестатталмады деп есептеледі, бұл бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.
9. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
11. Қазақстан Республикасының аумағында құрылған халықаралық және шетелдік білім беру ұйымдары мен олардың филиалдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тексеріледі.
12 - 16. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 59-1-баппен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)
59-1-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау
1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдары қызметінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарына сəйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған жəне оны білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:
1) мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен, мектепке дейінгі тəрбие жəне оқыту, бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жəне балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ білім беру саласындағы уəкілетті органмен келісу бойынша техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерін құру, қайта ұйымдастыру жəне тарату;
2) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді жəне негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жəне техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жəне олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес интернат үлгісіндегі білім беру ұйымдарын ұйымдастыру жəне қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен орта білім беру объектілерін салу, реконструкциялау қажеттілігіне өңірдің сұранысын айқындау;
5) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, мектепке дейінгі тəрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге жəне техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
6) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту жəне орналастыру;
7) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанға дейін оқыту;
8) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасауды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
9) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған нормаларға сəйкес техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық базасын жарақтандыру;
10) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған нормаларға сəйкес бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету жəне жəрдемдесу;
11) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық жəне кəсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін жəне арнаулы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз жəне электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендерді жыл сайын уақтылы сатып алу жəне жеткізу;
12) аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан, мектепалды даярлықтың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, орта білім беру ұйымдарына оқу жылына білім беру органдары болжайтын көлемде оқулықтар мен оқу-əдістемелік кешендерді уақтылы сатып алуды жəне жеткізуді жыл сайын ұйымдастыру;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз ету;
14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес облыс немесе республикалық маңызы бар қала, астана деңгейінде жалпы білім беретін пəндер бойынша мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кəсіби шеберлік конкурстарын өткізу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдас тыру, өткізу тəртібін, сондай-ақ педагогтердің қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру, жүргізу тəртібін сақтау;
16) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидалар мен шарттарға сəйкес педагогтерді аттестаттауды жүргізу жəне педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тəртібін сақтау;
17) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тəртібін, сондай-ақ білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін сақтау;
18) Қазақстан Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасын сақтау;
19) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу тəртібін сақтау;
20) интернаттық ұйымдарға жатпайтын мектепке дейінгі ұйымдар мен орта білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен білім беру ұйымдарының, оның ішінде аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) орналасқан білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тəрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды қамтамасыз ету жəне психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету;
22) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен оңалтуды жəне əлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз ету;
23) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес мемлекеттік қамсыздандыруды жүзеге асыру;
24) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
25) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған тəртіпке жəне шарттарға сəйкес кəмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жəне арнаулы əлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
26) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында, мамандандырылған жəне арнаулы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мəдениет жəне өнер, дене шынықтыру жəне спорт мамандықтары бойынша техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру;
27) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандар даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
28) білім беру саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен білім беру мониторингінің болуы жəне жүргізілуі;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жəрдем көрсету.
3. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарының қызметіне мыналар бойынша қойылатын талаптар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды міндетті түрде жұмысқа орналастыруды жүзеге асыру жəне тұрғын үймен қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес ауылдық жерде орналасқан білім беру ұйымдарына жұмысқа келген жас мамандардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жəрдем көрсету;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жəне балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру жəне тарату;
4) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді жəне негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жəне олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
5) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мектепке дейінгі тəрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру;
6) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мектепке дейінгі жəне мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастыру, оларды орта білім алғанға дейін оқыту;
7) ерекше білім беруді қажет ететін адамдарды (балаларды) оқытуды, олардың білім беру ұйымдарында білім алуы үшін арнаулы жағдайлар жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес білім беру ұйымдарының ғимараттарына, құрылысжайлары мен үй-жайларына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
8) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған нормаларға сəйкес бастауыш, негізгі орта жəне жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық базасын жарақтандыру;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес аудан (облыстық маңызы бар қала) деңгейінде жалпы білім беретін пəндер бойынша мектеп олимпиадалары мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кəсіби шеберлік конкурстарын өткізу;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру тəртібін, сондай-ақ педагогтердің қызметін курстан кейін қолдауды ұйымдастыру, жүргізу тəртібін сақтау;
11) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидалар мен шарттарға сəйкес педагогтерді аттестаттауды жүргізу жəне педагогтерге біліктілік санаттарын беру (растау) тəртібін сақтау;
12) мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату тəртібін, сондай-ақ білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мемлекеттік қызмет көрсету тəртібін сақтау;
13) Қазақстан Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасын сақтау;
14) білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындаған қағидаларға сəйкес мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу тəртібін сақтау;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес аудандық деңгейде (облыстық маңызы бар қалаларда) жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
16) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тəртіппен тегін жəне жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
17) білім беру саласындағы уəкілетті орган белгілеген тəртіппен білім беру мониторингінің болуы жəне жүргізу;
18) мектепке дейінгі тəрбие мен оқытуды қамтамасыз ету, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қалалардағы аудандарда, облыстық жəне аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес облыстық жəне аудандық деңгейлерде (облыстық маңызы бар қалаларда) жүзеге асырылатын балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
20) тиісті кентте, ауылда, ауылдық округте мектеп болмаған жағдайда білім алушыларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жақын жердегі мектепке дейін тегін алып баруды жəне одан алып қайтуды ұйымдастыру.
4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына (бұдан əрі - бақылау субъектілері) қатысты мемлекеттік бақылауды жоспарлы жəне жоспардан тыс тексерулер нысанында білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
5. Тексеру мынадай əрекеттердің бірін жасау арқылы жүргізіледі:
1) білім беру саласындағы уəкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі лауазымды адамының бақылау субъектісіне баруы;
2) тексерудің нысанасына қатысты қажетті ақпаратқа сұрау салу;
3) бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауы туралы ақпарат алу мақсатында оны шақыру.
6. Бақылау субъектілерінің осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында белгіленген талаптарды сақтауы тексерудің нысанасы болып табылады.
7. Бақылау субъектісіне қатысты жоспарлы тексеру осы баптың 2 жəне 3-тармақтарында көзделген талаптарды сақтау мəселелерінің кешені бойынша үш жылда бір рет жүргізіледі.