Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 қарашадағы № 1268 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 ; 28.10.04 ж. № 1115 қаулыларымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2007 ж. 20 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы № 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1115 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1115 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
2) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) Комитеттiң және оның аумақтық органдарының әділет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Комитеттi және оның аумақтық органдарын қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы № 1508 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | И.Тасмағамбетов |
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1115 қаулысымен Ереженің күші жойылды (бұр.ред. қара)
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. № 695 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1115 қаулысымен құрылымның күші жойылды (бұр.ред. қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 28 қарашадағы
№ 1268 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбір шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуiрдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 18-жолдың 3-бағанындағы "банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкін және iстерiн басқару жөніндегі қызмет" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 41-жолмен толықтырылсын:
"41. Қазақстан Республикасы Қаржы банкроттық рәсімдерде төлем
министрлігінің Дәрменсiз қабілеті жоқ борышкерлердiң
борышкерлермен жұмыс жөнiндегі мүлкiн және iстерiн
комитетi басқару жөнiндегі қызмет".
2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген мемлекеттік үлестерi мен акцияларының пакеттерi мемлекеттік республикалық меншiктегі шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлік қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 109-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржылық берешектермен жұмыс жөнiндегі орталық" Мәуленов көшесi, 92-үй".
3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 94-жолдағы "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттігі" ААҚ" деген сөздер "Қаржылық берешектермен жұмыс жөніндегі орталық" ЖАҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттік нөмiрi 267-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiне"
"267. "Қаржылық берешектермен жұмыс жөнiндегі орталық" ЖАҚ".
5. "Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 сәуiрдегі № 581 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 15, 204-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Банкроттық ресiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкін және iстерiн басқару жөніндегі қызметтi лицензиялау ережесінде:
2-тармақта:
"Мемлекеттік кiрiс министрлігі" деген сөздер "Қаржы министрлігінің Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбір мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 26 шiлдедегi № 833 қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат) 2-тармақта "Мемлекеттік кiрiс" деген сөздер "Қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 28 қарашадағы
№ 1268 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң
мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнiң Астана қаласы бойынша басқармасы.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнiң Алматы қаласы бойынша басқармасы.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасы.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша басқармасы.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетінiң Алматы облысы бойынша басқармасы.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнiң Атырау облысы бойынша басқармасы.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетінiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша басқармасы.
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетінiң Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша басқармасы.
11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінiң Қызылорда облысы бойынша басқармасы.
12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Қостанай облысы бойынша басқармасы.
13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасы.
14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Павлодар облысы бойынша басқармасы.
15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
16. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы.