Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі
қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақастан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 шілдедегі № 615 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 124 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Банкроттық рәсімдерде төлем жасауға қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 сәуірдегі № 581 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 15, 204-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жекелеген мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 қарашадағы № 1268 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 43, 430-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 сәуірдегі № 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 308 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 14, 134-құжат).
3. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 20 шілдедегі
№ 615 қаулысымен
бекітілген
Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің
мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау
ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы, «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы заңдарына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялау тәртібін белгілейді.
2. Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті (бұдан әрі - лицензиар) болып табылады.
3. Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия Қазақстан Республикасының заңдарында және осы Ережеде белгіленген талаптарды сақтаған кезде жеке тұлға - дара кәсіпкерге беріледі.
4. Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия (бұдан әрі - лицензия) бас лицензия болып табылады.
Лицензия иеліктен айырылмайтын болып табылады және лицензиат басқа тұлғаға бере алмайды.
5. Лицензияның қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылады.
2. Лицензия беру тәртібі
6. Лицензия алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгендігі туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
5) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметпен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төлегенін растайтын құжат;
6) біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар:
жоғары білімі туралы дипломдарының, банкроттық туралы заңнамаға сәйкес сырттан қадағалау әкімшісі, оңалтушы, конкурстық басқарушы ретінде одан әрі жұмыс істеу үшін дайындықтан өткенін растайтын білім беру ұйымы берген құжаттың көшірмелері;
еңбек өтілін растайтын құжаттардың көшірмелері;
лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын бүкіл республика бойынша мәліметтерді көрсетіп, өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берілген соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
наркологиялық және психиатриялық диспансерлер лицензиарға тапсырғанға дейін кемінде бір ай бұрын өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша берген медициналық анықтамалар.
7. Лицензия беру үшін лицензиарға ұсынылған барлық құжаттар көшірмесі лицензиардың құжаттарды қабылдаған күні туралы белгімен қоса, өтініш берушіге жіберілетін (табыс етілетін) тізімдеме бойынша қабылданады.
8. Лицензия өтінішті осы Ережеде белгіленген тиісті құжаттармен қоса берген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
Лицензиар осы тармақта белгіленген мерзім ішінде лицензияны беруге не лицензия беруден бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беруге міндетті.
9. Егер лицензиар осы Ережеде белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензия бермеген не өтініш берушіге лицензия беруден бас тарту себептері туралы хабарламаған жағдайда, лицензия беру үшін осы Ережеде белгіленген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін өтініш беруші лицензиарға мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыра бастағаны туралы жазбаша хабарлайды.
Лицензиар өтініш берушінің жазбаша хабарламасын алған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші жазбаша хабарламасында көрсеткен күннен бастап лицензия беруге міндетті.
10. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салынса;
2) осы Ережеге сәйкес талап етілетін барлық құжат табыс етілмесе. Өтініш беруші көрсетілген кедергілерді жойған кезде өтініш жалпы негіздерде қаралады;
3) лицензиялық алым енгізілмесе;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарға сай келмесе;
5) өтініш берушіге қатысты оған осы қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот шешімі болса, лицензия беруден бас тартылады.
11. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан кезде өтініш берушіге лицензия беру үшін белгіленген мерзімдерде жазбаша түрдегі дәлелді жауап беріледі.
3. Лицензияны қайта ресімдеу, оның телнұсқаларын
беру, қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру
12. Лицензия жоғалған, бүлінген кезде лицензиат лицензияның телнұсқаларын алуға құқылы.
Жоғалған, бүлінген лицензия бланкілері лицензиат лицензиарға жазбаша өтініш (лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттармен қоса) берген күнінен бастап жарамсыз деп саналады.
Лицензиар өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жаңа нөмір беріп және жоғары оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның телнұсқасын береді.
13. Лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттармен қоса, лицензияны қайта рәсімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
Лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап лицензиар он жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді.
14. Лицензияның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензиядан айырғанда;
2) жеке тұлға қызметін тоқтатқанда;
3) лицензия лицензиарға ерікті түрде қайтарылғанда;
4) лицензияланатындардың тізбесінен жекелеген қызмет түрі алып тасталса тоқтатылады.
Лицензия қолданылуын тоқтатқан кезде лицензиат он жұмыс күні ішінде лицензиарға лицензиясын қайтаруға міндетті.
15. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
16. Лицензиар лицензиялар тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.
17. Осы Ереженің сақталуын лицензиялық бақылауды лицензиар жүзеге асырады.
18. Осы Ережені бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 20 шілдедегі
№ 615 қаулысымен
бекітілген
Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің
мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметке қойылатын
біліктілік талаптары
1. Банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін өтініш беруші - жеке тұлға - дара кәсіпкер мынадай біліктілік талаптарына жауап беруге тиіс:
1) жоғары заң немесе экономикалық білімінің болуы және банкроттық туралы заңнамаға сәйкес сырттан қадағалау әкімшісі, оңалтушы, конкурстық басқарушы ретінде одан әрі жұмыс істеу үшін білім беру ұйымдарында дайындықтан өтуі;
2) мынадай; экономикалық, қаржы, есеп-талдамалық, бақылау-тексеру, құқық қызметі салаларының бірінде кемінде үш жыл не заңды тұлғаның бірінші басшысы лауазымында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.
2. Заңда белгіленген тәртіппен соттылығы өтелмеген немесе алынбаған, белгіленген тәртіппен қабілетсіз не қабілеті шектеулі деп танылған адамға банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия берілмейді.