Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жекелеген мәселелерi
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 28 қарашадағы N 1268 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 695 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 28 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитеті таратылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi (бұдан әрі - Комитет) туралы ереже;
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 695 қаулысымен 1-1) тармақшамен толықтырылды
1-1) Комитеттің құрылымы;
2) Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнің мемлекеттiк мекемелері - аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) құрылсын.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) Комитеттiң және оның аумақтық органдарының әділет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) Комитеттi және оның аумақтық органдарын қажеттi мүлiкпен қамтамасыз етсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 қарашадағы N 1508 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | И.Тасмағамбетов
|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 28 қарашадағы
N 1268 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз
борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитеті (бұдан әрi - Комитет) өзiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде дәрменсiз борышкердiң (банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсiмдерiн өткiзуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсiмiне бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Республикалық меншiктегi ұйымдарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы ұйымы банкротқа ұшыраған жағдайларда уәкiлетті орган облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмдігі белгiлейтін жергiлiкті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Комитет мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес бюджеттiң атқарылуы жөнiндегі уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшелерiнде және банктерде шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Егер Комитетке заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, оның мемлекет атынан азаматтық құқықтық қатынастар тарабы болуға құқығы бар.
Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша заңды тұлға болып табылатын аумақтық органдары бар.
4. Комитеттiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтеді.
5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, Бөкейхан көшесi, 44.
6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады.
8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
9. Комитетке кәсiпкерлiк субъектілерiмен өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджет кiрiсiне жiберiледі.
2. Комитеттiң негізгi мiндеттерi, функциялары
және құқықтары
10. Комитеттің негізгi мiндеттерi:
1) өзiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде дәрменсiз борышкердiң (банктердi және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда) банкроттық рәсiмдерiн өткiзуге, сондай-ақ таратудың соттан тыс рәсiмiне бақылауды ұйымдастыру мен өткізу;
2) қасақана және жалған банкроттық белгiлерiн анықтау;
3) дәрменсiз борышкерлерге қатысты оңалту рәсiмдерiн қолдану жөнiндегi iс-шараларды заңнамада белгiленген тәртіппен жүзеге асыру болып табылады.
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес банкроттық рәсiмдерде төлем қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия береді;
2) борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолдануға келiсiм бередi;
3) оңалту және конкурстық басқарушыларды тағайындайды;
4) дәрменсiз борышкердiң банкроттық рәсiмдерiнде және оны таратудың соттан тыс рәсiмiнде, таратылатын банктердiң және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының тарату комиссияларының төрағаларын қоспағанда, оңалту және конкурстық басқарушылар қызметiн бақылауды жүзеге асырады;
5) кредиторлар комитетiнiң құрамын қалыптастырады және дәрменсiз борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiнде оның алғашқы отырысын шақырады;
6) кредиторлар комитетiнiң оңалту және конкурстық басқарушылармен жасасатын келiсiмiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін қарайды;
7) оңалту басқарушысының оңалту рәсiмiн өткiзу барысы туралы есебiн қарайды (жасалған мәмiлелер туралы ақпаратты талап етедi);
8) оңалту рәсiмдерiн өткiзу нәтижелерi бойынша қорытынды бередi;
9) конкурстық іс жүргізу кезінде кредиторлар комитетінiң құрамын бекiтеді;
10) кредиторлар талаптарының тiзiлiмiн бекiтедi;
11) кредиторлар мен оңалту (конкурстық) басқарушылары арасындағы тiзiлiмге кредиторлар талаптарын енгiзу туралы келiспеушiлiктердi қарайды;
12) сауықтыруға қатысушыдан растайтын құжаттар талап етуге құқылы;
13) конкурстық iс жүргізу мерзiмiн ұзартады;
14) конкурстық массаны сату жоспарын қарайды;
15) банкроттық рәсiмдердi өткiзу кезiнде оңалту және конкурстық басқарушылар заңнама талаптарын бұзған жағдайда оларды шеттету туралы шешiм қабылдайды;
16) конкурстық сауда-саттықта борышкердiң конкурстық массасын сату кезiнде жариялылықтың, бәсекелестiктiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
17) жалған және қасақана банкроттық белгілерiн анықтайды;
18) оңалту және конкурстық басқарушылардың әрекеттерiне шағымдарды қарайды;
19) "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көрсетiлген мән-жайлар кезiнде жасалған мәмiлелерді анықтау жөнiнде шаралар қабылдайды;
20) жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүліктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
12. Комитеттiң өз құзыретi шегінде заңнамада белгіленген тәртiппен мынадай құқығы бар:
1) нормативтiк құқықтық кесiмдер шығару;
2) оң және конкурстық басқарушылардың банкроттық рәсiмдерді өткiзу кезiнде заңнама талаптарын сақтауына тексеру жүргiзу;
3) мемлекеттiк органдардан, өзге ұйымдардан лауазымды адамдардан және азаматтардан ақпарат сұрату және алу;
4) орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға олар қабылдаған банкроттық мәселелерi бойынша заңнаманы бұзатын кесiмдердi жою немесе өзгерту ұсыныстар енгiзу;
5) талап-арызбен сотқа жүгiну, сондай-ақ олардың қаралуына қатысу;
6) банкроттық рәсiмдерiн өткiзу мәселелерi бойынша әдістемелiк құралдар әзiрлеу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Комитеттiң мүлкi
13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Комитеттiң мүлкі мемлекет берген мүлiктің есебiнен, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетін өзге де мүлiктен құралады.
14. Комитеттiң мүлкі республикалық меншiкке жатады.
15. Комитеттiң өзiне бекiтiлген мүлiкті өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
4. Комитеттің қызметiн ұйымдастыру
16. Комитеттi төраға басқарады.
Комитеттің төрағасын Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының екi орынбасары болады.
Комитеттiң облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша аумақтық органдарының басшыларын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады.
17. Комитет төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады әрi Комитетке жүктелген мiндеттерiң орындалуы мен өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапты болады.
18. Комитеттiң төрағасы:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Комитеттің аумақтық органдары, құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiлiктерiн айқындайды;
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 695 қаулысымен 2-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) заңнамаға және Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтетiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жүйесi органдарының қызметкерлерi лауазымдарының номенклатурасына сәйкес Комитеттің қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 695 қаулысымен 8-тармақ 2-1) тармақшамен толықтырылды
2-1) Қазақстан Республикасының Қаржы министрiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн құрылым мен штат санының лимитi шегiнде штат кестесiн бекiтедi;
3) заңнамада белгіленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiне тәртіптік жаза қолданады;
4) бұйрықтарға қол қояды;
5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi, сондай-ақ қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтеді;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда, сондай-ақ жеке тұлғалармен қатынастарда Комитет атынан өкiлдiк етеді;
7) Комитет атынан келiсiмдер, шарттар және өзге де мәмiлелер жасасады;
8) заңнамаға сәйкес заңды тұлғаларға және жеке тұлғаларға Комитет атынан талаптар және талап-арыз ұсыну туралы шешiмдер қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
20. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнің
2002 жылғы 28 қарашадағы
N 1268 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң кейбiр шешiмдерiне
енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
реттiк нөмiрi 18-жолдың 3-бағанындағы "банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкін және iстерiн басқару жөнiндегi қызмет" деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттiк нөмiрi 41-жолмен толықтырылсын:
"41. Қазақстан Республикасы Қаржы банкроттық рәсімдерде төлем
министрлігінің Дәрменсiз қабілеті жоқ борышкерлердiң
борышкерлермен жұмыс жөнiндегі мүлкiн және iстерiн
комитетi басқару жөнiндегі қызмет".
2. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттiк меншiк түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 41, 371-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген мемлекеттік үлестерi мен акцияларының пакеттерi мемлекеттiк республикалық меншiктегі шаруашылық серiктестiктерi мен акционерлiк қоғамдардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 109-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қаржылық берешектермен жұмыс жөнiндегі орталық" Мәуленов көшесi, 92-үй".
3. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 94-жолдағы "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөнiндегi агенттігі" ААҚ" деген сөздер "Қаржылық берешектермен жұмыс жөнiндегi орталық" ЖАҚ" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы бөлiммен және реттік нөмiрi 267-жолмен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiне"
"267. "Қаржылық берешектермен жұмыс жөнiндегі орталық" ЖАҚ".
5. "Банкроттық рәсiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегi қызметті лицензиялау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 сәуiрдегі N 581 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 15, 204-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Банкроттық ресiмдерде төлем жасауға қабiлетi жоқ борышкерлердiң мүлкін және iстерiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау ережесiнде:
2-тармақта:
"Мемлекеттік кiрiс министрлігі" деген сөздер "Қаржы министрлігінің Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
6. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2002 жылғы 26 шiлдедегi N 833 қаулысындағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 25, 260-құжат) 2-тармақта "Мемлекеттiк кiрiс" деген сөздер "Қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 28 қарашадағы
N 1268 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi
Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң
мемлекеттік мекемелерi - аумақтық органдарының тiзбесi
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Астана қаласы бойынша басқармасы.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Алматы қаласы бойынша басқармасы.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Ақмола облысы бойынша басқармасы.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Ақтөбе облысы бойынша басқармасы.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетінiң Алматы облысы бойынша басқармасы.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Атырау облысы бойынша басқармасы.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетінiң Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Жамбыл облысы бойынша басқармасы.
9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетінiң Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң Қарағанды облысы бойынша басқармасы.
11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетінiң Қызылорда облысы бойынша басқармасы.
12. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Қостанай облысы бойынша басқармасы.
13. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Маңғыстау облысы бойынша басқармасы.
14. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Павлодар облысы бойынша басқармасы.
15. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
16. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Дәрменсiз борышкерлермен жұмыс жөнiндегі комитетiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша басқармасы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2002 жылғы 28 қарашадағы N 1268 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 24.06.04 ж. N 695 қаулысымен қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Дәрменсiз
борышкерлермен жұмыс жөнiндегi комитетiнiң құрылымы
Басшылық
Дәрменсiз кәсiпорындарды талдау және мониторингі басқармасы
Банкроттық рәсiмдердiң жүргiзiлуiн бақылау жөнiндегi басқарма
Заң қызметi басқармасы
Ұйымдастыру-қаржы бөлiмi