340-бап. Заңды тұлғалардың салықты есептеу тәртібі мен төлеу
мерзiмдерi
1. Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиiстi салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейдi.
2. Заңды тұлғалар салық кезеңi iшiнде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердi есептеуге және төлеуге мiндеттi.
3. Ағымдағы төлемдердің сомалары ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан, 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде тең үлестермен төленуге тиіс.
Жаңа құрылған салық төлеуші құрылған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілер ағымдағы салық кезеңі үшін салық сомасын осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
4. Ағымдағы төлемдер мөлшері салық кезеңінің басында болған салық төлеу объектілері бойынша салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану жолымен белгіленеді.
5. Жер салығын төлеу бойынша салық мiндеттемелерi туындаған күннен кейiнгi, осы баптың 3-тармағында белгiленген кезектi мерзiм салық мiндеттемелерi туындаған кезде салық кезеңінде салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
Осы Кодекстiң 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға берген кезде салық салу объектiлерiн пайдалануға немесе жалға беру күнiнен кейiнгi кезектi мерзiм салықтың ағымдағы сомаларын төлеудiң бiрiншi мерзiмi болып табылады.
6. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық міндеттемелері туындаған кезде түпкілікті есеп айырысу және салық сомасын төлеу осы баптың 9-тармағында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
Осы Кодекстің 324-бабының 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғаларға пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейінгі түпкілікті есеп айырысу мен салық сомасын төлеу осы баптың 9-бабында көзделген мерзімдерде жүргізіледі.
7. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша міндеттемелер өзгерген жағдайда, ағымдағы төлемдер салық міндеттемелерінің өзгеру сомасына жер салығын төлеудің алдағы мерзімдері бойынша тең үлестермен түзетіледі.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 8 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
8. Салық салу объектiлерiне құқықтар салық кезеңiнің iшiнде берiлген жағдайда салық сомасы жер учаскесiне құқықты iске асырудың нақты кезеңi үшiн есептеледi.
Осы құқықтарды беретін тұлғаның жер учаскесіне іс жүзінде иелік еткен кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы құқықтарды мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеген кезде бюджетке енгізілуге тиіс. Бұл ретте бастапқы төлеуші ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап өзі жер учаскесін беретін айдың басына дейін салық сомасын есептейді. Одан кейінгі төлеуші өзінің жер учаскесіне құқығы пайда болған айдың басынан басталатын кезең үшін салық сомасын есептейді.
Бұл ретте бастапқы төлеушiге ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жер учаскесiн берген айдың басына дейiн есептелген салық сомасы көрсетiледi. Одан кейiнгi төлеушiге салық органдары жiберетiн жер салығының есептелген сомасы туралы хабарламада оның жер учаскесiне құқығы пайда болған кезеңдегi ай басынан есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезде салықтың жылдық сомасын бюджетке тараптардың (келісім бойынша) бiрi енгізуi мүмкiн. Жер учаскесiне құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезiнде төленген салық сомасы кейiннен қайта төленбейдi.
9. Салық төлеушi салық кезеңiнде декларация табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн он жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрмей бiржолата есеп айырысуды жүргiзiп, жер салығын төлейдi.
10. Осы баптың ережелері бюджеттен есеп айырысуды ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.
ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 341-бап өзгертілді
341-бап. Жекелеген жағдайларда салық есептеудiң ерекшелiктерi
1. Бiрнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерiне жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.
2. Осы Кодекстiң 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң, құрылыстың және ғимараттың бiр бөлiгiн жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың жалпы алаңындағы жалға берiлген үй-жай алаңының үлес салмағына қарай есептелуге тиiс.
3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне салынатын салықтың осы Кодекстiң 332-бабында белгiленген базалық ставкалары бойынша есептелуге тиiс.
2006.05.07. № 158-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Қазақстан Республикасының мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен жария етілген жер учаскелеріне салық жер учаскесі жария етілді деп танылған кезден бастап есептеледі.
Бұл ретте жария еткен кезге дейін төленген жер салығы осы Кодекстің 325-бабының 2-тармағына сәйкес есептелген болып саналады.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 342-бап өзгертілді
342-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзiмдерi
1. Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық ставкалары мен салық базасын негiзге ала отырып, 1 тамыздан кешiктiрiлмейтiн мерзiмде жүргiзедi.
Салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерiне құқықты берген жағдайда салық сомасы осы Кодекстің 340-бабы 3-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.
2. Жеке тұлғалар (өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жекелеген кәсіпкерлерді, жеке нотариустар мен адвокаттарды қоспағанда) бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.
3. Жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын жер учаскелері бойынша жер салығын осы Кодекстің 340-бабында белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.
56-тарау. Салық кезеңі және салық есептілігі
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 56-тараудын тақырыбы өзгертілді
343-бап. Салық кезеңi
Жер салығын есептеу мен төлеу үшiн салық кезеңi осы Кодекстiң 136-бабына сәйкес белгiленедi.
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 344-бап жана редакцияда; ҚР 29.11.03 ж. № 500-II Заңымен 344-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
344-бап. Салық есептілігі
1. Заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар мен адвокаттар декларацияны салық салу объектiлерi орналасқан жердегі салық органдарына есептік салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдер есеп-қисабын осы бапта белгіленген мерзімде табыс етеді.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдер есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдер есеп-қисабын салық төлеуші мемлекеттік тіркеуден өткен айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етеді.
4. Осы Кодекстің 324-бабы 3-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалар пайдалануға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есебін осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.
2006.11.12 № 201-III ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде ағымдағы төлемдердің есебі салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірмей табыс етіледі.
6. Осы баптың ережелері бюджетпен есеп айырысуды ауылшаруа-шылық өнімдерін өндірушілерге арналған арнайы салық режимінде жүзеге асыратын заңды тұлғаларға, аталған арнайы салық режимі қолданылатын қызметке пайдаланылатын жер учаскелері бойынша қолданылмайды.
13-Бөлім. Көлік құралдары салығы
57-тарау. Жалпы ережелер
29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 345-бап өзгертілді
345-бап. Салық төлеушiлер
1. Егер осы бапта өзгеше көрсетiлмесе, меншiк құқығында салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар және меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектiлерi бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi - заңды тұлғалар) көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылады.
1-1. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралдары салығын төлеушi болып табылады.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;
1-1) меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер. Аталған мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестiрiлетiн адамдар;
4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер;
5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша - Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қа?арманы" атағын алған, үш дәрежелi Даңқ орденiмен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар;
6) ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдаланған мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды.
ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 346-бап өзгертілді
346-бап. Салық салу объектiлерi
1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары, тiркемелердi қоспағанда, салық салу объектiлерi болып табылады.
2. Мыналар:
1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылмайды.
58-тарау. Салық ставкалары
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II; 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара); 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 347-бап өзгертілді
347-бап. Салық ставкалары
1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
Салық салу объектiсi | Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1. Двигатель көлемi мынадай жеңiл автомобильдер (текше см.): 1100-ге дейiн қоса алғанда 1100-ден жоғары 1500-ді қоса 1500-ден жоғары 2000-ды қоса 2000-нан жоғары 2500-ді қоса 2500-ден жоғары 3000-ды қоса 3000-нан жоғары 4000-ды қоса 4000-нан жоғары 2. Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын арнаулы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде): 1 тоннаға дейiн қоса алғанда 1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса 1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса 5 тоннадан жоғары 3. Шынжыр табанды машиналар мен механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер 4. Автобустар: 12 отыратын орынға дейiн қоса алғанда 12-ден жоғары - 25 отыратын орынды қоса 25 отыратын орыннан жоғары 5. Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, көлемі шағын кемелер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан артық емес) Мотоциклдер (двигателінің қуаты 55 кВт-тан жоғары) 6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (двигательдiң қуаты мынадай ат күшiне тең): 160-қа дейiн қоса алғанда 160-тан жоғары 500-ді қоса 500-ден жоғары 1000-ды қоса 1000-нан жоғары 7. Ұшу аппараттары | 4,0 6,0 7,0 12,0 17,0 22,0 117,0 6,0 9,0 12,0 15,0 3,0 90, 14,0 20,0 1,0 10,0 6,0 18,0 32,0 55,0 әрбір киловатт қуатта айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi |
2. Жеңіл автомобильдердің жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрді қоса, он екi айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса, он жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса және жиырма екі айлық есептік көрсеткiш ставкасы бойынша салық салынатын двигателiнiң көлемi 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдiң аталған көлемiнен асқан әрбiр бiрлiк үшiн 7 теңгеге ұлғайтылады.
3. Егер осы тармақпен өзгеше белгіленбесе, салық төлеудің белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу мерзiмi алты жылдан асқан жеңiл автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
ТМД елдерiнде шығарылған автокөлiк құралдары үшiн:
6 жылдан - 15 жылға дейiн қоса алғанда - 0,3;
15 жылдан жоғары - 25 жылды қоса - 0,2;
25 жылдан жоғары - 0,1;
двигатель көлемi мынадай басқа автокөлiк құралдары үшiн:
3000 текше сантиметрге дейiн қоса алғанда - 0,5;
3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрдi қоса - 0,7;
4000-нан жоғары - 1,0.
Пайдаланылу мерзiмi жиырма жылдан асқан ТМД елдерi шығаратын жеңіл автомобильдер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету коэффициентi 0.
4. Белгiленген салық төлеу мерзiмi аяқталғанға дейiн пайдаланылу мерзiмi жетi жылдан асқан ТМД елдерiнде шығарылған жүк таситын, арнаулы автокөлiк құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
7 жылдан - 14 жылға дейiн қоса алғанда - 0,5;
14 жылдан жоғары - 20 жылды қоса - 0,3;
20 жылдан жоғары - 0,1.
5. Пайдаланылу мерзiмiне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзiмi 5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;
пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 2,0;
пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 3,0;
1999 жылғы 1 сәуiрге дейiн сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуiрден кейiн алынған және Қазақстан Республикасында 1999 жылғы 1 cәуipгe дейiн пайдалануда болған ұшу аппараттарына:
пайдаланылу мерзiмi 5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;
пайдаланылу мерзiмi 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса - 0,5;
пайдаланылу мерзiмi 15 жылдан жоғары - 0,3.
6. Көлiк құралының пайдаланылу мерзiмi көлiк құралдарының паспортында (әуе кемесiн ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетiлген көлiк құралы шығарылған жыл негiзге алына отырып есептеледi.
7. Осы баптың 1-тармағындағы кестенің 6-тармағында көрсетілген көлік құралдарының пайдаланылу мерзiмiне қарай салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттерi қолданылады:
5 жылға дейiн қоса алғанда - 1,0;
5 жылдан жоғары - 10 жылды қоса алғанда - 0,5;
10 жылдан жоғары - 20 жылды қоса алғанда - 0,3;
20 жылдан жоғары - 30 жылды қоса алғанда - 0,2;
30 жылдан жоғары - 0,1.
59-тарау. Салықты есептеу тәртібі және төлеу
Мерзімдері
ҚР 23.11.02 ж. № 358-II Заңымен 348-бап өзгертілді; ҚР 04.07.03 ж. № 475-II (бұр. ред. қара) Заңымен 348-бап жаңа редакцияда; ҚР 29.11.03 ж. № 500-II (бұр. ред. қара) Заңымен 348-бап өзгертілді
348-бап. Салықты есептеу тәртібі
1. Салық төлеушiлер салық салу объектiлерiн, әрбiр көлiк құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерiн негiзге ала отырып, салық кезеңi үшiн салық сомасын дербес есептейдi.
Көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңiнен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшiн салықтың жылдық сомасын 12-гe бөлiп, оны көлiк құралы меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында iс жүзiнде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.