Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 Қаулысы
(2020.30.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 29 сәуірдегі № 268 Қаулысымен күші жойылды
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2008.17.03. № 254 (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 597 (бұр.ред.қара); 2009.07.05 № 661 (бұр.ред.қара); 2010.07.06. № 518 (бұр.ред.қара); 2011.08.02. № 93 (бұр.ред.қара) қаулыларымен; 2012.29.12. № 1740 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.30.12. № 950 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша жаңа редакцияда
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 мамырдағы
№ 415 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз ету және құқықтық қорғау басқармасының басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Қазақстан Республикасы Адам құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық орталығының жетекшісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия хатшылығының консультанты (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаментінің директоры
«Әйелдердің шығармашылық бастама лигасы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы (келісу бойынша)
«Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы» басқармасының төрағасы (келісу бойынша).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 24 мамырдағы
№ 415 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың
ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия
туралы ереже
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 950 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 950 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Бала құқықтары туралы» заңдарын, осы ережені, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 950 Қаулысымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-тарау. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 950 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары:
1) кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау және қалпына келтiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, кәмелетке толмағандарды зорлық-зомбылықтан және қатыгездікпен қараудан, кәмелетке толмағандар арасындағы қоғамға жат әрекеттерден қорғау;
2) мемлекеттiк органдардың кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, жөніндегі қызметін жетілдіруге, сондай-ақ оларды әлеуметтік оңалтуға бағытталған бағдарламалар мен әдiстемелердi әзiрлеу;
3) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарда кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту, күтіп-бағу жағдайларын бақылауды қамтамасыз етуге қатысу;
4) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездікпен қараудың жай-күйін зерделеу және осы мәселелер бойынша әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру;
5) баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар желiсiн дамытуға жәрдем көрсету және олардың қызметiнiң мониторингiн қамтамасыз ету;
6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасымен айналысатын органдар мен ұйымдардың оң жұмыс тәжiрибесiн жинақтау және тарату, оларға әдiстемелiк және практикалық көмек көрсету;
7) мүдделi мемлекеттiк органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргiзген жұмыстары туралы есептерiн тыңдау және жетекшiлiк ететiн мәселелер бойынша олардың арасында ақпарат алмасуды ұйымдастыру;
8) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен босатылған не арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған кәмелетке толмағандарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруға мүдделі органдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ өмірде қиын жағдайда жүрген кәмелетке толмағандарды әлеуметтік оңалту жөніндегі өзге де функцияларды жүзеге асыру;
9) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы жөнінде жүргiзiлген жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды ұйымдастыру;
10) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметіне мониторингті жүзеге асыру;
11) кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі төмен тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіру.
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 950 Қаулысымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-тарау. Комиссияның құқықтары
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 950 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Комиссияның:
1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсынымдар, ұсыныстар тұжырымдауға;
2) мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
3) мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдауға және олардың арасында жетекшілік ететін мәселелер бойынша ақпарат алмасуды ұйымдастыруға;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар тұжырымдау үшін уақытша немесе тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтарын ұйымдастыруға;
5) мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларын белгіленген тәртіппен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгез қарым-қатынастың, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру бойынша жұмыстың жай-күйі мен кемшіліктері туралы хабардар етуге;
6) жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың және қатыгездікпен қараудың профилактикасы, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мен қалпына келтіруде өзара іс-қимыл жасауға құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 950 Қаулысымен 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссия төрағасы Комиссия қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатыса алады.
7. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктеледі.
8. Комиссияның жұмыс органы:
1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады;
2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.
9. Комиссия отырыстарында қарауға арналған мәселелердің тізбесі қажеттілігіне қарай жасалады, оны төраға бекітеді және Комиссия мүшелеріне тізім бойынша жөнелтіледі.
10. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады.
Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
11. Комиссия хатшысы отырысқа дейін үш күннен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жібереді.
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 950 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12. Комиссия отырысы Комиссия төрағасының не оның орынбасарының (төрағаның тапсырмасы бойынша) басшылығымен тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып есептеледі. Шұғыл шешім қабылдау және дағдарыстық жағдайларға ден қою қажет болған жағдайларда төрағаның шақыруы бойынша кезектен тыс отырыс өткізіледі.
13. Комиссияның шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады, отырысқа төрағалық етуші қол қоятын хаттамалармен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады.
14. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады.
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 950 Қаулысымен 14-1-тармақпен толықтырылды
14-1. Комиссияның шешімдері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың есептілігі Комиссия қызметіне мониторинг жүргізу үшін жарты жылда бір рет Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберіледі.
15. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалады және Комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
ҚР Үкіметінің 2020.30.12. № 950 Қаулысымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-тарау. Комиссияның қызметін тоқтату
16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссия қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.