Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 наурыздағы № 254 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары;
Саймасаева Гаухар Айтжанқызы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бастығы, хатшы;
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі;
Дүйсекеев Айдын Мали-Задеұлы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары;
Жандаева Дана Шайханқызы - Халықаралық еңбек ұйымының үйлестірушісі (келісім бойынша);
көрсетілген құрамнан Сыздықова Бақыт Ахметқызы, Әйтекенов Қайрат Медібайұлы, Ан София Павловна, Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы, Сәдібеков Бақытжан Мәлікұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |