Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 мамырдағы № 661 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Құлназаров Анатолий Қожекенұлы - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің төрағасы;
Майлыбаев Бағлан Асаубайұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
Сембинов Болат Қаскенұлы - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант;
Вощенкова Тамара Анатольевна - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
Федоров Олег Анатольевич - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі;
Тұңғышбеков Санат Тұңғышбекұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ауылдық аумақтар істері комитетінің төрағасы;
Сейітбатталов Бағдат Жұмабекұлы - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті директорының міндетін атқарушы;
көрсетілген құрамнан Өскенбаев Қайырбек Айтбайұлы, Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы, Жанасаев Болат Бақытжанұлы, Омаров Қадыр Тоқтамысұлы, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |