Ескерту. Азаматтың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы, ал ұйымның екi мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомадағы берешегi iрi мөлшердегi несиелiк берешек деп танылады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 196-бап өзгертілді
196-бап. Монополистiк iс-әрекеттер және бәсекенi шектеу
1. Монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгiлеу мен ұстап тұру, сол сияқты рынокты бөлiп алу, рынокқа кірудi шектеу, одан экономикалық қызметтiң басқа да субъектiлерiн ығыстыру, бiрыңғай баға белгiлеу немесе ұстап тұру арқылы бәсекенi шектеу, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiрсе -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет не адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған, не адамның қызмет бабын пайдалануымен жасалған нақ сол әрекеттер -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жойып немесе бүлдiрiп не оның мүлкiн жоямын немесе бүлдiремiн деп қорқытып жасалған, қорқытып алу белгiсi жоқ әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
197-бап. Көпшiлiк сауда-саттықтар мен аукциондарды
өткізудiң белгiленген тәртібін әдейi бұзу
Көпшiлiк сауда-саттықтар немесе аукциондар өткізу тәртібін өрескел бұзу мүлiк иесiне, сауда саттықты немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге шаруашылық жүргiзушi субъектiге iрi зиян келтiрсе -
бес жүзден екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 198-бап өзгертілді (бұрынғы ред. қара)
198-бап. Көрiнеу жалған жарнама беру
Жарнамада жарнама берушiнiң пайдакүнемдiк ниетпен жасаған және iрi зиян келтiрген тауарларға, жұмыстарға немесе қызмет көрсетуге, сондай-ақ оларды өндiрушiлерге, орындаушыларға немесе сатушыларға қатысты көрiнеу жалған ақпаратты пайдалануы -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
199-бап. Тауарлық белгiнi заңсыз пайдалану
1. Бөтеннiң тауарлық белгiсiн, қызмет көрсету белгiсiн, фирмалық атауын, тауардың шығатын орнының атауын немесе олармен бiртектес тауарларға немесе қызмет көрсетулерге арналған ұқсас таңбаларды заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бiрнеше рет жасалса немесе iрi зиян келтiрсе -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Қазақстан Республикасында тiркелген тауарлық белгiге немесе тауардың шыққан орнының атауына қатысты ескерту таңбаларын заңсыз пайдалану, егер бұл әрекет бiрнеше рет жасалса немесе iрi зиян келтiрсе -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
200-бап. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын
мәлiметтердi заңсыз алу мен жария ету
1. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi, құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктiк құпияны бiлетiн адамдарды немесе олардың туыстарын сатып алу немесе оларды қорқыту жолымен, байланыс құралдарында ұстап алу, компьютерлiк жүйеге немесе желiге заңсыз кіру, арнаулы техникалық құралдарды пайдалану арқылы, сол сияқты бұл мәлiметтердi жария ету не заңсыз пайдалану мақсатында өзге де заңсыз тәсiлдермен жинау -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Коммерциялық немесе банктiк құпияны құрайтын мәлiметтердi олардың иесiнiң келісімiнсiз, бұл құпия қызметiне немесе жұмысына байланысты сенiп тапсырылған адамның пайдакүнемдiк немесе өзге де жеке басының мүддесiнде заңсыз жария етуi немесе пайдалануы, бұл әрекет iрi зиян келтiрсе -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
201-бап. Кәсiптiк спорт жарыстарының және ойын-сауықтық
коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен
ұйымдастырушыларын сатып алу
1. Кәсiптiк спорт жарыстарының спортшыларын, спорт төрешiлерiн, жаттықтырушыларын, команда басшылары мен басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сондай-ақ ойын-сауықтың коммерциялық конкурстардың ұйымдастырушыларын немесе қазылар алқасы мүшелерi осы жарыстардың немесе конкурстардың қорытындысына ықпал ету мақсатында сатып алу -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Бiрнеше рет немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Спортшылардың өздерiне жарыс қорытындыларына ықпал ету мақсатында берiлген ақшаны, бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлiктi заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың осындай мақсатта өздерiне берiлген мүлiктiк сипаттағы қызмет көрсетулердi заңсыз пайдалануы -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген мақсатта кәсiптiк спорт жарыстары спорт төрешiлерiнiң, жаттықтырушыларының, команда басшылары мен басқа да қатысушыларының, немесе ұйымдастырушыларының, сондай-ақ ойын-сауықтық коммерциялық конкурстар ұйымдастырушыларының немесе қазылар алқасы мүшелерiнiң ақша, бағалы қағаздар немесе өзге де мүлiктi заңсыз алуы, мүлiктiк сипаттағы қызмет көрсетулердi заңсыз пайдалануы -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 202-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
202-бап. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзу
Көрiнеу сенімсiз ақпараты бар эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiн бекіту, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрiнеу сенімсiз есептi бекіту, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 202-1-баппен толықтырылды
202-1-бап. Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамының
ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi
Бағалы қағаздар эмитентi лауазымды адамдарының бағалы қағаздарды ұстаушыларға не эмитентке iрi зиян келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға ақпарат бермеуi не көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -
үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмде белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен шұғылдану құқығынан айыра отырып, не онсыз, бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
203-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне көрiнеу
жалған мәлiметтер енгізу
1. Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмiне осы бағалы қағаздарға деген құқықтың басқа адамға ауысуына әкеп соғатын көрiнеу жалған мәлiметтер енгізу -
үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Iрi зиян келтiрген дәл сол әрекет -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 204-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
204-бап. Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының
көрiнеу жалған мәлiметтер беруi
Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының iрi зиян келтiрген, мүлiктiк пайда табу мақсатында мемлекеттік органдарға және бағалы қағаздарды ұстаушыларға бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарындағы бағалы қағаздардың саны мен түрлерi туралы және бағалы қағаздармен жүргiзiлетiн операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер беруi, -
үш жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының не өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
205-бап. Бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн
бұзу
1. Iрi зиян келтiрген бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу ережелерiн бұзу -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет не адамдар тобы алдын ала сөз байласу бойынша немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет -
мыңнан екi мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның он айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу не белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2007.08.01. № 210-III ҚР Заңымен 206-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
206-бап. Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау
немесе сату
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалған банкноттары мен мәнеттерiн, мемлекеттік бағалы қағаздарды немесе Қазақстан Республикасының валютасындағы басқа бағалы қағаздарды не шетел валютасы мен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату мақсатында жасау немесе сақтау, сол сияқты сату -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бірнеше рет;
в) ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
207-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және
есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату
1. Жалған төлем карточкаларын, сол сияқты бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын сату мақсатында жасау немесе сату -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет жасалған немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
ҚР 16.07.99 ж. № 430-1 Заңына сәйкес 208-бап жаңа редакцияда; ҚР 2006.31.01. № 125-III Заңымен 208-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
208-бап. Акцизделетін тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану
1. Айтарлықтай зиян келтiруге әкеп соққан акцизделетiн тауарларды акциздік маркалармен және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзу, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталушының бестен жетi айға дейiнгi кезеңi iшіндегі жалақысы немесе өзге де кiрiсi мөлшерiнде айыппұл салуға, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiн айыра отырып, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiн қамауға алуға, не белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiн айыра отырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көрінеу жалған акциздік маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткізу мақсатында әзірлеу немесе сатып алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткізу, -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталушының бес айдан он айға дейiнгi кезеңi iшіндегі жалақысы немесе өзге де кiрiсi мөлшерiнде айыппұл салына отырып үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға және белгiлi бiр лауазымды иелену немесе белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыруға немесе онсыз жазаланады.
Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен жүз есе асатын сомада келтірілген залал едәуір залал деп танылады.
ҚР 25.09.03 ж. № 484-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 209-бап өзгертілді
209-бап. Экономикалық контрабанда
1. Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан кеден бақылауын жанай немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзге де заттарды, осы Кодекстiң 250-бабында көрсетiлгендерiн қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәндi декларациялаумен ұштасқан кедендiк шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген, кедендiк шекара арқылы өткізудiң арнайы ережелерi белгiленген тауарларды, заттар мен құндылықтарды iрi мөлшерде өткізу -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның мүлкi тәркiленiп не онсыз, екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалса -
мүлкi тәркiленiп бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi:
а) мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкiлеттi адам не оған теңестiрiлген адам, егер оларды өзiнiң қызмет бабын пайдаланумен қатар жасаса;
б) ұйымдасқан топ жасаса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айрылып, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге, ал а) тармағында көзделген жағдайда мүлкi тәркiленiп, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген әрекеттер, егер өткiзiлген тауарлардың құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, iрi мөлшерде жасалған әрекеттер деп танылады.
210-бап. ҚР 09.07.98 ж. № 277-1 Заңына сәйкес алынып тасталды
211-бап. ҚР 09.07.98 ж. № 277-1 Заңына сәйкес алынып тасталды
212-бап. ҚР 09.07.98 ж. № 277-1 Заңына сәйкес алынып тасталды
213-бап. Шетел валютасындағы қаражатты шетелден
қайтармау
Ұйым басшысының Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкiлеттi банкіндегі шоттарға мiндеттi түрде аударылуға жататын шетел валютасындағы қаражатты шетелден iрi мөлшерде қайтармауы -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көзделген әрекет, егер қайтарылмаған шетел валютасындағы қаражат сомасы бес мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
214-бап. Кеден төлемдерi мен алымдарын төлеуден жалтару
1. Кеден бажын, салықтарды, кеден алымдарын, лицензия бергенi үшiн алынатын алымдарды немесе басқа кедендiк төлемдерiн төлеуден жалтару әрекетi iрi мөлшерде жасалған болса, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдаланып;
в) ұйымдасқан топпен немесе қылмыстық сыбайластықпен (қылмыстық ұйыммен) жасалса -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiр жылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Егер төленбеген кеден төлемдерiнiң құны бiр мың айлық есептiк көрсеткiштен асса, кеден төлемдерiн төлеуден жалтару iрi мөлшерде жасалған деп танылады.
215-бап. Банкроттық жағдайындағы заңсыз iс-әрекеттер
1. Мүлiктi немесе мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның мөлшерi, тұрған жерi туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзгенiң иелiгiне беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызмет көрiнiс табатын бухгалтерлiк және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл әрекеттi банкроттық жағдайында немесе банкроттықты күнiлгерi бiле отырып, борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi, не жеке кәсiпкер жасап iрi зиян келтiрсе -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның жетi айдан бiржылға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айдан алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Өзiнiң шын мәнiнде дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның басшысы немесе меншiк иесi басқа несие берушілерге көпе-көрiнеу зиян келтiре отырып, жекелеген несие берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңсыз қанағаттандыруы, егер бұл әрекет iрi мөлшерде зиян келтiрген болса -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан жетi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
216-бап. Әдейi банкроттық
Әдейi банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң жеке мүддесi немесе өзге адамдардың мүддесi үшiн төлем қабiлетсiздiгiн қасақана жасауы немесе ұлғайтуы iрi зиянға немесе өзге да ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бес айдан сегiз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не бiр жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айдан екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерiнде айыппұл салына отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.