«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп пен
100 аурухана салу» жобасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 мамырдағы № 356 Қаулысы
(2007.06.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу» жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Қазына» ОДҚ» АҚ) оның жарғылық капиталына «Қазына» ОДҚ» АҚ жүз пайыз қатысатын «Әлеуметтік-инновациялық технологиялар» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - қоғам) құруды;
2) «Қазына» ОДҚ» АҚ қоғамның жарғылық капиталын 100000000 (бір жүз миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;
3) қоғам қызметінің мынадай:
әлеуметтік саладағы инновациялық технологияларды енгізуді қоса алғанда, "Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана салу" жобасын (бұдан әрі - жоба) ұйымдастырушылық сүйемелдеу;
жобаны іске асыруды бақылауды, инжинирингтік қызметтерді, халықаралық аудитті ұйымдастыру және қаржы қаражатын тарту негізгі бағыттарын айқындауды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес 44 мектеп салуды жүзеге асыру үшін құрылыс алаңына үлгі жобаларды байланыстыруға 504300000 (бес жүз төрт миллион үш жүз мың) теңге;
ҚР Үкіметінің 2007.06.12. № 1195 Қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес үш мектеп салуды бастауға Оңтүстік Қазақстан облысының бюджетіне дамуға берілетін нысаналы трансферттер аудару үшін 1100000000 (бір миллиард бір жүз миллион) теңге бөлінсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Алматы қаласында 150 төсектік қалалық перинаталдық орталық пен 260 төсектік ауданаралық туберкулезге қарсы диспансер салуға 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 174163147 (бір жүз жетпіс төрт миллион бір жүз алпыс үш мың бір жүз қырық жеті) теңге бөлінсін.
4. Жобаны іске асырудың мынадай схемасы айқындалсын:
ҚР Үкіметінің 2007.31.10. № 1017 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау объектілерін салуда тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асырады, Оңтүстік Қазақстан облысының, Астана және Алматы қалаларының әкімдері мектептер салуда тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асырады, қоғам жобаны операциялық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Денсаулық сақтау министрліктері 2007 - 2009 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесіне жоба бойынша 2007 - 2012 жылдары іске асыру мерзімімен салуға жоспарланатын білім беру және денсаулық сақтау объектілерінің тізбелерін енгізуді қамтамасыз етеді.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
6. Қазақстан Республикасы Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктері осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
ҚР Үкіметінің 2007.06.12. № 1195 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е.Шөкеевке жүктелсін.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2007 жылғы 2 мамырдағы
№ 356 қаулысына
1-қосымша
Құрылыс алаңына үлгі жобаларды байланыстыруға арналған
мектептер тізбесі
Р/ с № | Жобаның атауы | жобалық қуаты (орын) | Байла- ныстыру құны (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
| Оңтүстік Қазақстан облысы | 26 440 | 332 300 |
1 | Мақтаарал ауданындағы «Мақта зауыты» тұрғын үй массивінде мектеп салу | 1200 | 14 400 |
2 | Мақтаарал ауданының Мырзакент ауылында Абылай хан атындағы орта мектеп салу | 1200 | 14 400 |
3 | Арыс қаласында «Стадион» шағын ауданында орта мектеп салу | 900 | 11 200 |
4 | Ордабасы ауданының Шұбарсу ауылында орта мектеп салу | 1200 | 14 400 |
5 | Кентау қаласында Бала Бөргем орта мектебін салу | 600 | 8 000 |
6 | Шымкент қаласының Қазығұрт шағын ауданында орта мектеп салу | 1 200 | 14 400 |
7 | Шымкент қаласының Сәуле шағын ауданында орта мектеп салу | 1200 | 14 400 |
8 | Шымкент қаласының Самал-3 шағын ауданында орта мектеп салу | 1200 | 14 400 |
9 | Шымкент қаласының Қайтпас-2 кентінде орта мектеп салу | 1200 | 14 400 |
10 | Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылында Фуркат атындағы орта мектеп салу | 1 200 | 14 400 |
11 | Түркістан қаласының Оралмандар ауылында мектеп салу | 600 | 8 000 |
12 | Түркістан қаласының Яссы ауылында мектеп салу | 600 | 8 000 |
13 | Қазығұрт ауданының Рабат ауылында Қызыл дала орта мектебін салу | 300 | 4 300 |
14 | Мақтаарал ауданының Еңбекші ауылында орта мектеп салу | 900 | 11 200 |
15 | Ордабасы ауданындағы Атамекен ауылында орта мектеп салу | 600 | 8 000 |
16 | Сайрам ауданының Қайнарбұлақ ауылында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп салу | 300 | 4 300 |
17 | Сайрам ауданы Тассай ауылдық округінің Достық ауылында орта мектеп салу | 600 | 8 000 |
18 | Созақ ауданының Жыныс ауылында орта мектеп салу | 300 | 4 300 |
19 | Шардара ауданының Жаушықұм ауылында орта мектеп салу | 600 | 8 000 |
20 | Сарыағаш ауданының Абай ауылында көп бейінді мектеп салу | 600 | 8 000 |
21 | Төле би ауданының Мәдени ауылында орта мектеп салу | 300 | 4 300 |
22 | Түлкібас ауданының Түлкібас ауылында 1 Мамыр көшесінде Б. Момышұлы атындағы орта мектеп салу | 1200 | 14 400 |
23 | Түлкібас ауданының Алғабас ауылында орта мектеп салу | 600 | 8 000 |
24 | Төле би ауданының Ленгер қаласында орта мектеп салу | 1 200 | 14 400 |
25 | Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында орта мектеп салу | 900 | 11200 |
26 | Отырар ауданының Отырар ауылында орта мектеп салу | 600 | 8 000 |
27 | Бәйдібек ауданының Қайнар ауылында орта мектеп салу | 320 | 4 450 |
28 | Сарыағаш ауданының Бозсу ауылында Құрманғазы атындағы орта мектеп салу | 900 | 11 200 |
29 | Созақ ауданының Қарағұр ауылында орта мектеп салу | 600 | 8 000 |
30 | Шымкент қаласында № 24 орта мектеп салу | 1200 | 14 400 |
31 | Шымкент қаласының Тұрлан кентінде орта мектеп салу | 1200 | 14 400 |
32 | Бәйдібек ауданының Жұлдыз ауылында Майбұлақ орта мектебін салу | 300 | 4 300 |
33 | Бәйдібек ауданының Қаратас ауылында Н. Арапов атындағы орта мектеп салу | 300 | 4 300 |
34 | Түлкібас ауданының Келтемашат ауылында орта мектеп салу | 320 | 4 450 |
| Астана қаласы | 7 200 | 103 200 |
35 | Ильинка кентінде орта мектеп салу | 1 200 | 17 200 |
36 | Оңтүстік-Шығыс шағын ауданында (Махтумкули көшесінің сол жақ жағы) орта мектеп салу | 1 200 | 17 200 |
37 | «Степной» гараж кооперативінің ауданында орта мектеп салу | 1 200 | 17 200 |
38 | Тілендиев даңғылының ауданында орта мектеп салу | 1 200 | 17 200 |
39 | Тілендиев даңғылынан оңтүстікке қарай ауданында орта мектеп салу | 1 200 | 17 200 |
40 | Әкімшілік қалашық ауданында орта мектеп салу | 1 200 | 17 200 |
| Алматы қаласы | 4 800 | 68 800 |
41 | «Әйгерім» шағын ауданында орта мектеп салу | 1 200 | 17 200 |
42 | »Ұлжан» шағын ауданында орта мектеп салу | 1 200 | 17 200 |
43 | »Қалқаман» шағын ауданында орта мектеп салу | 1 200 | 17 200 |
44 | Түрксібке бес жыл ауданында орта мектеп салу | 1 200 | 17 200 |
| БАРЛЫҒЫ: | 38 440 | 504 300 |
ҚР Үкіметінің 2007.06.12. № 1195 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 2 мамырдағы
№ 356 қаулысына
2-қосымша
Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің тізбесі және
2007 жылы оларды салуды бастауға облыстық бюджетке
нысаналы трансферттер ретінде Қазақстан Республикасы
Үкіметінің резервінен бөлінетін қаражат көлемі
Р/с № | Жобаның атауы | Жобалық қуаты (орын) | Салуды бастауға қаражаттар көлемі (мың теңге) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қаласының «Стадион» шағын ауданында 900 орындық орта мектеп салу | 900 | 456 707 |
2 | Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласында 900 орындық орта мектеп салу | 900 | 449 870 |
3 | Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының Қарағұр ауылында 600 орындық орта мектеп салу | 600 | 193 423 |
| БАРЛЫҒЫ: | 2 400 | 1 100 000 |