2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 26 наурыздағы
№ 67-ө Өкімі
2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру мақсатында:
1. Қоса беріліп отырған 2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
2. Орталық атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы:
1) Іс-шаралар жоспарының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
2) ай сайын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2007 жылғы 26 наурыздағы
№ 67-ө өкімімен
бекітілген
2007-2010 жылдарға арналған «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік
негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ Р/ с | Іс-шаралар | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушы | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» жобасын іске асыру шеңберінде бейіндi мектептер мен мектеп-интернаттар құру жөнінде ұсыныс енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныс | БҒМ (жинақ- тау), облыстар- дың, Астана және Алматы қалалары- ның әкімдерi | 2007 жылғы наурыз |
2 | Белгілі өлшемдердi ескере отырып, өңірлер бөлінісінде мектептердің тізбесін қалыптас- тыруды аяқтау | ЭБЖМ-ге ақпарат | БҒМ (жинақ- тау), облыстар- дың, Астана және Алматы қалалары- ның әкімдерi | 2007 жылғы наурыз |
3 | Белгілі өлшемдердi ескере отырып, өңірлер бөлінісінде денсаулық сақтау объектілерінің тізбесін қалыптас- тыруды аяқтау | ЭБЖМ-ге ақпарат | ДСМ (жинақ- тау), облыстар- дың, Астана және Алматы қалалары- ның әкімдерi | 2007 жылғы наурыз |
4 | 2007 жылдың республикалық бюджетін нақтылау кезінде мектептер мен денсаулық сақтау объектілері- нің үлгі жобаларын әзірлеуге арналған шығыстарды қаржы- ландыру жөнінде ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныс | ИСМ (жинақ- тау), БҒМ, ДСМ | 2007 жылғы наурыз |
5 | 2007 жылдың республикалық бюджетін нақтылау кезінде жобаны іске асыру шеңберінде қолда бар жобаларды бекітуге және жаңа мектептерді салуды бастауға арналған шығыстарды қаржыландыру жөнінде ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныс | БҒМ | 2007 жылғы наурыз |
6 | 2007 жылдың республикалық бюджетін нақтылау кезінде шығыстарды қаржыландыру мәселесін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу: а) үлгі жобаларды әзірлеуге және мектептерді салуды бастауға; б) денсаулық сақтау объектілерi бойынша үлгi жобаларды әзірлеуге | РБК шешімі | ЭБЖМ | 2007 жылғы сәуір |
7 | Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде үлгi мектептер мен денсаулық сақтау объектілерін салу туралы ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныс | БҒМ, ДСМ | 2007 жылғы сәуір |
8 | Тартылған қаражат есебінен мектептер мен денсаулық сақтау объектілерін салуды қаржыландыру схемасы жөнінде ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныс | ЭБЖМ (жинақ- тау), "Қа- зына" ОДҚ" АҚ, Қаржы- мині, БҒМ, ДСМ | 2007 жылғы 2 сәуір |
9 | Әлеуметтік объектілерді салу бойынша акционерлік қоғам құру жөнінде ұсыныс енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныс | ИСМ(жинақ- тау), "Қа- зына" ОДҚ" АҚ, ЭБЖМ, Қаржыминi | 2007 жылғы наурыз |
10 | Мектептер мен денсаулық сақтау объектілерін салу үшін жер учаскесі- нің және инженер- лік-коммуникациялық жүйелердің болуы туралы ақпарат ұсыну | ЭБЖМ-ге ақпарат | БҒМ (жинақ- тау), ДСМ, облыстар- дың, Астана және Алматы қалалары- ның әкімдерi | 2007 жылғы наурыз |
11 | Мектептердің түрлерін айқындау және мектептердің үлгі жобаларын дайындау жөнінде техникалық ерекшелігін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ақпарат | БҒМ (жинақ- тау), ИСМ | 2007 жылғы 30 наурыз |
12 | Денсаулық сақтау объектілерінің түрлерін айқындау және денсаулық сақтау объектілері- нің үлгі жобаларын дайындау жөнінде техникалық ерекшелігін әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ақпарат | ДСМ (жинақ- тау), ИСМ | 2007 жылғы 30 наурыз |
13 | Салу қолда бар жұмыс жобаларын қолданып жүзеге асырылатын мектептердің тізбесін айқындау | ЭБЖМ-ге ақпарат | БҒМ (жинақ- тау), ИСМ | 2007 жылғы 10 сәуір |
14 | Қолда бар жобаларды нақты жергіліктi жерлерге білім беру объектілерi бойынша бекітудi қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге ақпарат | БҒМ (жинақ- тау), облыстар- дың, Астана және Алматы қалалары- ның әкімдерi | 2007 жылғы сәуір |
15 | 2007 жылы мектептер салуды бастауға конкурс өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ақпарат | БҒМ (жинақ- тау), облыстар- дың, Астана және Алматы қалалары- ның әкімдерi | 2007 жылғы мамыр |
16 | Мектептер мен денсаулық сақтау объектілерінің үлгі жобаларын әзірлеуге халықара- лық конкурс өткізу жөнінде ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныс | ИСМ, БҒМ, ДСМ | 2007 жылғы мамыр |
17 | Қолда бар сметалық нормативтер негізінде құрылыс- тың құнын айқындай отырып, үлгi мектептер мен денсаулық сақтау объектілерін салу жөнінде 2008 жылға арналған бюджеттік өтінімді әзірлеу | ЭБЖМ-ге ақпарат | БҒМ, ДСМ, ИСМ | 2007 жылғы мамыр |
18 | Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына "Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу" жобасын іске асыруға байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде шаралар қабылдау | ЭБЖМ-ге ақпарат | ЭБЖМ, Әділетми- ні, БҒМ, ДСМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ | 2007 жылғы шілде |
19 | Заңнамада белгіленген тәртіппен мектептер мен денсаулық сақтау объектілері- нің үлгі жобаларын әзірлеуді қамта- масыз ету | Уәкілетті органның бұйрығы | ИСМ, БҒМ, ДСМ | 2008 жылғы сәуір |
20 | Yлгі жобаларды нақты жергіліктi жерге бекітудi қамтамасыз ету (жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу, жер учаскелерін бөлу және техника- лық шарттар беру) | ЭБЖМ-ге ақпарат | БҒМ, ДСМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, облыстар- дың, Астана және Алматы қалалары- ның әкімдерi | 2008 жылғы шілде |
21 | Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде үлгi мектептер мен денсаулық сақтау объектілерін салу жөнінде халықаралық конкурс өткізу | ЭБЖМ-ге ақпарат | БҒМ, ДСМ, ИСМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, облыстар- дың, Астана және Алматы қалалары- ның әкімдерi | 2008 жылғы шілде |
22 | Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде үлгi жобалар бойынша мектептер мен денсаулық сақтау объектілерін салуды қамтамасыз ету | ЭБЖМ-ге ақпарат | БҒМ, ДСМ, ИСМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, облыстар- дың, Астана және Алматы қалалары- ның әкімдерi | 2008-2010 жылдар |
23 | "Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу" жобасын іске асыру шеңберінде салу жоспарланған мектептер мен денсаулық сақтау объектілерін тиісті кадрлармен жасақтау және ұстау жөнінде шаралар қабылдау | ЭБЖМ-ге ақпарат | БҒМ, ДСМ | 2007 жылғы тамыз |
24 | Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салуды қаржыландыруға кәсіпкерлердi тарту мәселесін пысықтау | ЭБЖМ-ге ақпарат | ИСМ (жинақ- тау), "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Атамекен" Қазақстан кәсіпкер- лері мен жұмыс берушіле- рінің жалпыұлт- тық одағы (келісім бойынша) | 2007 жылғы сәуір |
25 | Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салуды қаржыландыруға жер қойнауын пайдалану- шыларды тарту мәселесін пысықтау | ЭБЖМ-ге ұсыныс | ЭМРМ (жинақ- тау), "Атамекен" Қазақстан- дық кәсіп- керлер және жұмыс берушілер- дің жалпы ұлттық одақ (келісім бойынша) | 2007 жылғы сәуір |
26 | Білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салу жоспарланған елдi мекендердегі білім беру және денсаулық сақтау қызметкер- леріне тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы тұрғын үй салу жөнінде ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныс | ИСМ (жинақ- тау), БҒМ, ДСМ, облыстар- дың, Астана және Алматы қалалары- ның әкімдерi | 2007 жылғы сәуір |
27 | Шағын орта бизнестi атап айтқанда, құрылыс индустриясы мен білім беру және денсаулық сақтау объектілерін салу жоспарланған елді мекендерде дамыту үшін жағдай жасау жөнінде ұсыныстар енгізу | ЭБЖМ-ге ұсыныс | ИСМ (жинақ- тау), облыстар- дың, Астана және Алматы қалалары- ның әкімдерi | 2007 жылғы сәуір |
Ескертпе:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігi
ЭМРМ - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігi
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігi
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігi
«Қазына» ОДҚ» АҚ - «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамы