Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу
үшiн алым ставкаларын белгілеу туралы және Кеменiң немесе жасалып
жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 сәуірдегі № 368 қаулысы
(2005.23.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2007 ж. 25 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2005.23.10. № 1068 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2005.23.10. № 1068 қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы және "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 359 қаулысымен 1-тармақтың қолдануы 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
ҚР Үкіметінің 2005.23.10. № 1068 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қосымшаға сәйкес Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн алым ставкалары белгiленсiн.
ҚР Үкіметінің 2005.23.10. № 1068 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Қоса берiлiп отырған Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру ережесi бекітiлсiн.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 17 сәуірдегі
№ 368 қаулысымен
Бекiтiлген
ҚР Үкіметінің 2005.23.10. № 1068 қаулысымен мәтін өзгертілді (бұр.ред.қара)
Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу
туралы ақпарат беру ережесi
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.23.10. № 1068 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)
1. Осы Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру ережесi Қазақстан Республикасының "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы және "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шiлдедегi заңдарына сәйкес әзiрлендi және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат беру тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2005.23.10. № 1068 қаулысымен 2-тармақ жаңа редакция (бұр.ред.қара)
2. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеудi кемелердi мемлекеттік тiркеу органы (бұдан әрi - тiркеушi орган) осы кеме тiркелген Қазақстан Республикасының кемелер тiзiлiмiне тиiстi жазба енгізу жолымен жүзеге асырады.
2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу
туралы ақпарат беру тәртібі
3. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы мәлiметтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн ашық болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2005.23.10. № 1068 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi бойынша тiркеушi орган он күн мерзiмде кеме тiркелген Қазақстан Республикасының кемелер тiзiлiмiнен үзiндi көшiрме немесе көшiрме нысанында ақпарат беруге мiндеттi. Бұл ретте үзiндi көшiрме:
1) ипотека туралы мәлiметтер үзiндi көшiрме берiлген күннің алдындағы жұмыс күнiнiң аяғында берiлгенiне сiлтеменi қамтуы;
2) тiркеушi органның уәкілеттi лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және тiркеушi органның мөрiмен куәландырылуы тиiс.
5. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу туралы ақпарат өтеусiз берiледi.
6. Сол немесе өзге кемеге немесе жасалып жатқан кемеге қатысты ипотека туралы қандай да бiр жазбалар болмаған жағдайда үзiндi көшiрмеде осыған тиiстi сiлтеме болуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.23.10. № 1068 қаулысымен қасымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 17 сәуірдегі
№ 368 қаулысына
Қосымша
Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын
мемлекеттік тiркеу үшін алым ставкалары
Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшiн алым ставкасы мыналарды құрайды:
1) жеке тұлғалар үшiн - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген бiр айлық есептiк көрсеткiш;
2) заңды тұлғалар үшiн - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген бес еселенген айлық есептiк көрсеткiш.