Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу үшін ақы
белгілеу туралы және Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң
ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 17 сәуірдегі № 368 қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 23 қазандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 359 қаулысымен 1-тармақтың қолдануы 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
1. Қосымшаға сәйкес Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тіркеу үшiн ақы белгiленсiн.
2. Қоса берiлiп отырған Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесi бекітiлсiн.
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 17 сәуірдегі
№ 368 қаулысымен
бекітілген
Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу
туралы ақпарат беру ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңына сәйкес әзiрлендi және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тiркеу туралы ақпарат беру және кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тіркеу үшін ақы алу тәртібін белгiлейдi.
2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеудi Қазақстан Республикасы портының теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - тiркеушi орган) Мемлекеттік кеме тiзiлiмiне, кеме кiтабына немесе жасалып жатқан кемелер тізiлiмiне тиiстi жазба енгізу жолымен жүзеге асырады.
2. Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу
туралы ақпарат беру тәртібі
3. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тiркеу туралы мәлiметтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн ашық болып табылады.
4. Заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi бойынша тiркеушi орган он күн мерзiмде кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тiркеу тiзiлiмiнен үзiндi көшiрме немесе көшiрме нысанында ақпарат беруге мiндеттi. Бұл ретте үзiндi көшiрме:
1) ипотека туралы мәлiметтер үзiндi көшiрме берiлген күннің алдындағы жұмыс күнiнiң аяғында берiлгенiне сiлтеменi қамтуы;
2) тiркеушi органның уәкілеттi лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және тiркеушi органның мөрiмен куәландырылуы тиiс.
5. Кеменің немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу туралы ақпарат өтеусiз берiледi.
6. Сол немесе өзге кемеге немесе жасалып жатқан кемеге қатысты ипотека туралы қандай да бiр жазбалар болмаған жағдайда үзiндi көшiрмеде осыған тиiстi сiлтеме болуы тиiс.
Қазақстан Республикасы
?кіметінің
2003 жылғы 17 сәуірдегі
№ 368 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 20.03.04 ж. № 359 қаулысымен қолдануы 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу үшiн
ақының мөлшерi
Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын тiркеу үшiн ақы Қазақстан Республикасында ақы төлеу күнi қолданылған бiр айлық есептiк көрсеткiштiң негiзiнде, мынадай мөлшерлерде есептеледi:
жеке тұлғалардан - бiр айлық есептiк көрсеткіш мөлшерінде;
заңды тұлғалардан - бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде.