Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368
қаулысының 1-тармағының қолданылуын тоқтату туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы № 359 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу үшін ақы белгілеу туралы және Кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын тіркеу туралы ақпарат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 сәуірдегі № 368 қаулысының 1-тармағын (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 17, 175-құжат) қолдану 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |