2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
қызмет істері агенттігі)
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 423-429-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2007 ж. 18 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
423, 424, 425, 426, 427, 428, 429-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
423-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 419926 мың теңге (төрт жүз он тоғыз миллион тоғыз жүз жиырма алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі мәселелері» № 280 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестациядан өткізу ережелерін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 қарашадағы № 327 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызмет өткеру туралы ережелерін бекіту туралы» 2000 жылғы 10 наурыздағы № 357 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы тәртіптік кеңестері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 1598 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 қарашадағы «Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері» № 1156 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік қызметтің деңгейін және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дәрежесін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексін сақтау, мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу сапасын арттыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет заңнамасын жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің оқуын және кәсіби қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру, мемлекеттік органдар ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізу, мемлекеттік қызмет жүйесінің ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз ету, кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дәрежесін арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуына тексеру жүргізу. Мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеу, оларды әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу. Мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу. Мемлекеттік органдардың орталық аппараттары мемлекеттік қызмет персоналдары және әкімшілік мемлекеттік қызметші лауазымдарын атқару үшін мемлекеттік органдардың орталық аппараттары кадрлар резерві бойынша республикалық деректер базасын қалыптастыру. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларға кеңес беру. Мемлекеттік қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бағдарламалар әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі алқасын өткізу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
3 | | 002 | Аумақтық органдардың аппараттары | Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуына тексеру жүргізу. Орталық мемлекеттік органдардың жергілікті атқарушы және аумақтық бөлімшелерінде мемлекеттік қызмет кадрларының жай-күйіне мониторинг жүргізу (бұдан әрі - жергілікті мемлекеттік органдар). Жергілікті мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызмет персоналдары және мемлекеттік қызметтің кадрлар резерві бойынша деректер базасын қалыптастыру. Жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіру. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайларда оларға кеңес беру. Мемлекеттік қызметті жетілдіру және оның тиімділігін арттыру саласында мемлекеттік бағдарламалар әзірлеуге және оны іске асыруға қатысу. Тәртіптілік істері бойынша отырыстар өткізу. Көшпелі семинарлар өткізу мен азаматтарды қабылдау. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
4 | | 007 | Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру | "Әкімшілік реформа" тақырыбы бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мемлекеттік қызмет қызметтерін сатып алу. Мемлекеттік тілді оқыту. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
5 | | 009 | Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру | Жұмыстың сапалылығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органды материалды-техникалық қамтамасыз ету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
6 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Техникалық, технологиялық, бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді қолдау: - 1С Бухгалтерия; - Республикалық бюджетті қалыптастыру; - Қаржыландыру жоспары; - Бюджеттік процесс мониторингі; - Лотус-Нотус. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларының орындалуы бойынша мемлекеттік органдарда тексеру өткізу. 42 адамнан кем емес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарлату, 54 адамнан кем емес мемлекеттік тілге оқыту.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын көтеру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: орталық аппараттың 1 мемлекеттік қызметшінің біліктілігін жоғарлатуға орташа шығындар - 19,5 мың теңге, мемлекеттік тілді оқыту - 45,6 мың теңге.
Уақтылығы: іске асыру мерзімдеріне сәйкес шараларды мерзімінде орындау.
Сапасы: мемлекеттік стандарттар негізінде мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту, қазіргі заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік деңгейін арттыру. Оқыту курсынан өткеннен кейін мемлекеттік тілде іс жүргізугe көшкен мемлекеттік қызметшілердің үлесі - 9,6%, кәсіби білім деңгейін көтергендердің үлесі - 23,1%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
424-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Республиканың мемлекеттік қызмет кадрларын ақпараттандыру
және тестілеу жүйесінің жұмыс істеуі»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 74089 мың теңге (жетпіс төрт миллион сексен тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Ақпарат және тестілеу мемлекеттік мекемесінің мәселелері» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 қаңтардағы № 50 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік қызметкерлердің кадрлық резерві және олардың мәліметтерінің уақытылы, сапалы толықтыруы және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлері кадрлық ақпаратты бақылау жүйесінің әрдайым жұмыс істеу үшін.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ақпараттандыру жүйесі және тестілеуді сапалы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Республиканың мемлекеттік қызмет кадрларын ақпараттандыру және тестілеу жүйесінің жұмыс істеуi | Есептеу техника құралдарын техникалық қамтамасыздандыру. Уақытылы тестен өткізу үшін 16 аймақтық орталықтарды материалды-техникалық қамтамассыздандыру . WEB-сайты әкімшілеу | Қаңтар-желтоқсан Ақпан-наурыз Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, Ақпарат және тестілеу орталығы. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Түпкі нәтиже: бос әкімшілік қызмет орнына кез келген облыс орталығынан тестілеу арқылы конкурсқа қатысуына дер кезінде мүмкіндік. Республикалық бюджет қаражатын тиімді пайдалану.
Сапасы: мемлекеттік қызметке түсу және аттестациядан өту кезінде барлық қалаушыларды 100%-ға қанағаттандыру және орталықтың ақпараттандыру жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
425-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы
қолданбалы ғылыми зерттеулер»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6000 мың теңге (алты миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі «Ғылым туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 23 ақпанындағы «Республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалатын қолданбалы-ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен іске асырудың кейбір мәселелері» № 145 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекеттік органдар жұмыстарының сапасы мен әсерін зерттеу және бағалау жүргізу арқылы мемлекеттік қызметті тұтынушылардың қанағаттану деңгейін және мемлекеттік қызметшілер жұмыстарының тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, мемлекеттік қызмет саласында қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізу, мемлекеттік органдар көрсететін қызметтің қазіргі жағдайын талдау, мемлекеттік қызметтің сапасын жоғарылату бойынша ұсыныстар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызмет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер | Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді анықтау бойынша зерттеу жүргізу тақырыбында мемлекеттік қызмет саласында қолданбалы зерттеулер өткізу. Ғылыми-техникалық сараптама жүргізу бойынша көрсетілген қызметтерге ақы төлеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Халыққа қызмет көрсету жүйесінің және ол жүйеге кірмейтін Қазақстанның барлық облыстарындағы қызметтерін тұтынушылар зерттеумен қамтылады. Таңдалып алынған мемлекеттік органдарда қызметтің 4 түрі бойынша мониторинг жүйесін енгізу.
Түпкі нәтиже: қызмет көрсету орталықтарымен қамтылған және қамтылмаған мемлекеттік органдарда тұтынушылар қажеттілігін салыстырмалы зерттеу. Мемлекеттік органдардың персоналдарын басқару үшін теңгерілген көрсеткіштер жүйесін әзірлеу. Персоналдар жұмысы тиімділігін 5 пайызға арттыру.
Уақтылығы: жасалынатын келісім-шарттарға сәйкес.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: тақырыпты зерттеу бойынша шығындар 6000 мың теңге.
Сапасы: қызмет сапасымен қанағаттанған тұтынушылар үлесі 50 пайызға құрайды. Жұмысымен қанағаттанған мемлекеттік қызметшілер үлесі 65 пайызға құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
426-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және
біліктілігін арттыру» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 730836 мың теңге (жеті жүз отыз миллион сегіз жүз отыз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызметшілерді даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру туралы» 1998 жылғы 18 қыркүйектегі № 4075 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2005 жылғы 31 мамырдағы № 1583 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мәселелері» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 1611 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және біліктілігін арттырудың жекелеген мәселелері» 1998 жылғы 11 қарашадағы № 1156 Қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасын мемлекеттік қызметтің жоғары кәсіби мамандары, дипломатиялық қызмет персоналы, судьялар, сот жүйесі және прокуратура органдарының қызметкерлері қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қазіргі заманғы талаптарға сай мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және кадрларды қайта даярлау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметке мамандар даярлау, мемлекеттік қызметшілерді даярлау мен біліктілігін арттыруды іске асыратын оқу орындары мен облыстардағы өңірлік орталықтарының қызметін үйлестіру және әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілерді үш бағыт бойынша: - мемлекеттік қызмет; - дипломатиялық қызмет; - судьялар және сот жүйесінің қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру. Халықаралық стандарттарға барынша жақындатылған оқу жоспары бойынша кредиттік және желілік жүйелерінің талдауы негізінде магистрлерді даярлау. Басшылық лауазымға ауыстырылған, және мемлекеттік қызметке жаңадан қабылданған азаматтар үшін 6-апталық және 2 апталық кәсіби қайта даярлау курстарын жүргізу. Мемлекеттік басқару, сот және дипломатиялық саланың өзекті мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша 1-2 апталық семинарлар өткізу. Дамыған шетелдердің мемлекеттік басқару жүйесінің жұмыс тәжірибесімен, Қазақстан Республикасының шетелдік өкілдіктері мекемелерінің тыныс- тіршілігімен танысу мақсатында тыңдаушылар үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру. Жүзеге асыру мерзімі: маусым-қазан. Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында ғылыми конференциялармен семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру және өткізу. Франциядан, Германиядан, Ұлыбританиядан, Ресейден, Белорусиядан шетелдік дәріскерлер мен сарапшыларды Академияның біліктілікті арттыру халықаралық семинарларына шақыру. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекіткен тізімі бойынша негізгі құралдарды және материалды емес активтерді сатып алу. "NISPAsee" халықаралық ассоциациясына мүшелік жарналарды төлеу. | Қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: магистратураға «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша қабылдау 70 адамды, «Юриспруденция» мамандығы бойынша қабылдау 60 адамды, «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша қабылдау 30 адамды, «Іскерлік әкімгершілік» мамандығы бойынша қабылдау 25 адамды, «Экономика» мамандығы бойынша қабылдау 15 адамды құрайды.
Аспирантураға 30 адамды қабылдау. Бағдарламалар бойынша оқитын мемлекеттік қызметшілердің орташа жылдық контингенті: қайта даярлау - 700 адам, біліктілікті арттыру - 2000 адам. Магистратура бағдарламасының 135 тыңдаушылары үшін 30 күндік халықаралық стажировкаларды ұйымдастыру, Индиана университетінде (АҚШ) - 30 адам, Джорджия университетінде (АҚШ) - 30 адам, Ұлттық әкімгерлік мектебінде (Франция) - 25 адам, Ресей мемлекеттік қызмет академиясында - 10 адам, Орленанның басқару академиясында (АҚШ - 20 адам, Ольстер универститетінде (Ұлыбритания) - 20 адам.
Халықаралық сарапшылар мен дәріскерлерді Франциядан - 3 адам, Ұлыбританиядан -1 адам, Германиядан - 4 адам шақыру, Ресейден - 11 адам, Белорусиядан - 2 адам. Ғылыми монография басып шығару - 3, ғылыми мақалалар жинағы - 3, ғылыми-талдау журналы - 6. 773 данадан кем емес активтер және материалды емес активтерді сатып алу.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, дипломатиялық қызмет персоналы, судьялар, сот жүйесінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жалпы қажеттіліктің 50-70 пайызға құрайды. Мемлекеттік қызметшілерді магистратура және аспирантура бағдарламалары бойынша даярлау жалпы қажеттіліктің 65-75 пайызға құрайды.
Қаржы-экономикалық нәтиже: 2007-2009 жылдарға жинақталған бір магистрант пен аспиранттың орташа айлық стипендиясы 46,7 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: оқуды бітірген мемлекеттік қызметшілердің саны - 113 магистрант.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілерге жүктелген қызметтерді сапалы орындауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына жүктелген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін белгіленген мерзімдерді ескере отырып, іс-шараларды толық мөлшерде 100 пайыз сапалы орындау.
Академияны бітірушілердің сапалы дайындығын жақсарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
427-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Республикалық бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік
органдарының орталық аппараты қызметкерлеріне пәтер сатып алу»
деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1108200 мың теңге (бір миллиард бір жүз сегіз миллион екі жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын, мемлекеттік органдардың орталық аппараттары қызметшілерін әлеуметтік қолдау, және де республика аймақтарынан кадрларды ротациялау жөніндегі мемлекет Басшысының тапсырмасын жүзеге асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын, мемлекеттік органдардың орталық аппараттары қызметшілерін, және де орталық мемлекеттік органдарға аймақтардан ротация жолымен ауысып келген мемлекеттік қызметшілерді қызметтік баспанамен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 005 | | Республикалық бюджет есебінен ұсталынатын мемлекеттік органдарының орталық аппараты қызметкерлеріне пәтер сатып алу | 35 екі және 35 үш бөлмелі қызметтік пәтерлерді сатып алу. | қаңтар-желтоқсан | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 70 қызметтік баспана сатып алу.
Түпкі нәтиже: мемлекеттік органдар орталық аппараттары мемлекеттік қызметшілерін қызметтік баспанамен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметке анағұрлым тыңғылықты мамандарды тарту, және де кадр ротациясы механизмін жүзеге асыру.
Қаржылық-экономикалық тиімділік: бір қаржы жылы ішінде баспана сатып алу бюджеттік қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді, себебі қызметтік баспанамен қамтамасыз етудің альтернативті жолы - құрылыс - 2 жылдан 3 жылға дейін созылады, ол баспананың соңғы құнына әсер етеді, нәтижесінде бюджет инфляциялық процестерге байланысты және де құрылыс материалдарының, қызметтердің, жұмыстардың қымбаттауына байланысты (8-ге дейін) қосымша шығындарды көтереді.
Сапасы: құрылыс нормалары мен тәртіптері талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
428-ҚОСЫМША
608 - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Мемлекеттік қызметшілердің шетелдерде біліктілігін арттыру»
деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 231161 мың теңге (екі жүз отыз бір миллион бір жүз алпыс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі ережені бекіту туралы» № 357 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» № 1457 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республиканың мемлекеттің қызметін жетілдіру мақсатында перспективалы кадрларды даярлауды ұйымдастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені зерделеу және қосымша кәсіби білім үшін таңдаулы шетелдік университеттер мен ғылыми орталықтарға мемлекеттік қызметшілерді жіберу. Әлемдік тәжірибені зерделеу және кәсіби дәрежесін арттыру үшін өз қызметкерлерін жіберуі үшін мемлекеттік органдарға жағдай жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 006 | | Мемлекеттік қызметшілердің шетелдерде біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметшілерді алдыңғы қатарлы шетелдік білім беру орталықтарында: AҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Германия, Сингапур, Ресей, Голландияда оқыту. Экономика, құқық, мемлекеттік әкімшілендіру салаларында білімдерін кеңейту, сонымен қатар еуропаның басқару органдарының қызметін ұйымдастырудың тәжірибесімен және мемлекеттік қызметтерді ұсынудың әдістерімен таныстыру. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: алдыңғы қатарлы шетелдік университеттер мен білім беру орталықтарында 180 мемлекеттік қызметшінің білім алуы.
Түпкі нәтиже: алдыңғы қатарлы шетелдік университеттер мен білім беру орталықтарында 180 білім алған мемлекеттік қызметшілер республиканың мемлекеттік қызметін жетілдіру үшін қызмет етеді.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір мемлекеттік қызметшіні оқытуға кеткен орташа шығындар 1284,2 мың теңге құрайды.
Уақтылығы: жасалынатын келісім-шарттар негізінде.
Сапасы: мемлекеттік қызметшілері оқудан өткен 90 пайызға мемлекеттік органдар мамандардың даярлану сапасына қанағаттанады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің