Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 308 Қаулысы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 426-қосымшада:
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанында:
«Франциядан,» деген сөзден кейін «Америка Құрама Штаттарынан, Сингапурдан, Жаңа Зеландиядан, Австралиядан,» деген сөздермен толықтырылсын;
«Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер» деген 7-тармақта:
«Тікелей нәтижеде» «Халықаралық сарапшылар мен дәріскерлерді Франциядан - 3 адам,» деген сөздерден кейін «Америка Құрама Штаттарынан - 2 адам, Сингапурдан - 1 адам, Жаңа Зеландиядан - 1 адам, Австралиядан - 1 адам» деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |