«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі)»
(ҚР Үкіметінің 2006.15.12. № 1220 Қаулысына 405,406-қосымшалар)
(үзінді)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi:
1. Мыналардың:
405, 406-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
405-ҚОСЫМША
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын реттеу жөніндегі
уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Құны: 544 763 мың теңге (бес жүз қырық төрт миллион жеті жүз алпыс үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2198 Заңы; «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заңы; «Мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы № 370-II Заңы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы № 412-II Заңы; «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 55 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 тамыздағы № 166 Жарлығы; Республикалық бюджетте «Шетелдік іссапарлар» бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесі туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 410 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Бағалы қағаздар рыногын дамыту, оның халықаралық рынок капиталдарымен ықпалдасудың қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды тарту, қазақстандық капиталдың шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуы.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Қаржылық орталығын әрі қарай дамуы, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру.
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағ дар лама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын реттеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Қаржы орталығы қатысушылары - заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу); қаржы орталығы, қатысушыларына олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру; қаржы орталығы қатысушыларының Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылау; қаржы орталығы қатысушыларының мемлекеттік тізімін жүргізу; қаржы орталығында қызметін жүзеге асырып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларды есепке алу; қаржы орталығы қатысушыларына брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алуға жәрдемдесу. Елімізде және шет елдерде халықаралық семинарларға, конференцияларға, презентацияларға қатысу және оларды ұйымдастыру; Халықаралық Консультативтік Кеңестің қызметтерін өтеу; Өңірлік қаржы орталығының маркетингін жүргізу оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарнамалық және хабарламалық науқан жүргізу, қаржы орталықтың оң беделін арттыруға бағытталған беделді арттыру өнімін шығару. Кеңесшілердің және консалтинг компанияларының қызметтерін төлеу, соның ішінде шетелдіктер. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі |
3 | | 007 | Мемлекетті қызметшілердің біліктілігін арттыру | Мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру жөніндегі қызметтерді сатып алу: - электрондық Үкімет тақырыбы бойынша. Мемлекеттік және ағылшын тілдерін үйрету. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі |
4 | | 017 | Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету | Бағдарламалық өнімдерді және жергілікті міндеттерді сүйемелдеу. Есептеуші және телекоммуникациялық жабдықтарға, желілерге, сервер жүйелеріне техникалық және жүйелік қызмет көрсету және оларды жөндеу. Жасақтаушы қосалқы бөлшектер мен шығыс материалдарын сатып алу. Интернет желісіне қосылу қызметтерін сатып алу. Кредиторлық берешекті өтеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже:
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) көлігін, статистикалық карточка, салық төлеушінің көлігін беру; қаржы орталығымен өзара қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша шет ел мемлекеттерінің қор биржаларымен келісім жасау; аудиторлық тексерістердің шығынын өтеу. Өңірлік қаржы орталығының маркетингін өткізу. Халықаралық Консультативтік Кеңестің қызметіне ақы төлеу. Елімізде және шет елдерде халықаралық семинарлар, конференциялар, презентациялар өткізу және оларға қатысу. Кеңесшілердің және консалтинг компанияларының қызметіне ақы төлеу.
Алматы қаласының өңірлік қаржылық орталығы қызметін қамтамасыз ету, атап айтқанда, нормативтік-құқықтық негіздерді қалыптастыру. Қолданыстағы қор нарығының инфрақұрылымын жетілдіру, ақпараттық-жарнама науқандарын жүргізу және қор технологиялары саласына халықаралық тәжірибені енгізу арқылы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын әрі қарай дамыту ушін базалық алғышарттар құру.
Мемлекеттік тілді үйрету - 30 адам;
Ағылшын тілін үйрету - 6 адам;
Кәсіптік деңгейді көтеру - 6 адам.
Түпкі нәтиже: Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын одан әрі дамыту, халықаралық капитал рыноктарына ықпалдасу, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды барынша тарту; қазақстандық капиталдық шетелдік бағалы қағаздар рыногына шығуын қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Бір мемлекеттік қызметкердің біліктілігін арттыруға жұмсалатын орташа шығын - 30,0 мың теңге;
Бір мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік тілді оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 28,9 мың теңге;
Бір мемлекеттік қызметкердің ағылшын тілін оқытуға жұмсалатын орташа шығын - 18,2 мың теңге.
Уақытылығы: белгіленген графикке сәйкес шараларды дер кезінде атқару.
Сапасы: қор нарығының инфрақұрылымын жетілдіру және қор технологияларын қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар нарығы қатысушыларының талаптарына бейімдеу.
Мемлекеттік тілді оқыту нәтижесінде мемлекеттік тілде іс жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметкерлердің үлесі - 6%;
Ағылшын тілін оқыту нәтижесінде ағылшын тілінде іс жүргізуге көшкен мемлекеттік қызметкерлердің үлесі - 16%;
Біліктілігін арттырудан кейін жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттік қызметкерлердің үлесі - 16%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 1220 қаулысына
406-ҚОСЫМША
600 - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының қызметін реттеу агенттігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2007 жылға арналған
«Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның жарғылық
капиталын қалыптастыру»
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1500000 мың теңге (бір миллиард бес жүз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 маусымдағы Заңы; «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңы; «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы реттеу агенттігі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 55 Жарлығы, «Қазақстан Республикасы Алматы қаласындағы қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 166 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
ҚР Үкіметінің 2007.07.11. № 1059 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен кірігуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымен жетілдіру.
ҚР Үкіметінің 2007.07.11. № 1059 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ р/с | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Бағдарламаның (кіші бағдарламаның) атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | "Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру | "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы" АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру 1) қор биржасының акцияларын сатып алу; 2) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтингтік агенттігі» АҚ Ұлттық рейтинг агенттігін құру; 3) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының академиясы» АҚ қор нарығы институтын құру; 4) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар; 5) ғимарат (офистік үй-жай) сатып алу. | Жыл бойы | Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі |
ҚР Үкіметінің 2007.07.11. № 1059 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Биржаны коммерциализациялау жөніндегі іс шараларды жүзеге асырғаннан кейін «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның акцияларын сатып алу, ағымдағы қор нарығы инфрақұрылымын жетілдіру арқылы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін базалық алғышарт жасау,»«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту, халықаралық капитал нарықтарымен кірігуі, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: биржаны басқару мен дамытуға қатысу; коммерциялық негізде сапалы бәсекеге қабілетті рейтинг қызметтерін ұсыну; коммерциялық негізде қор нарығының халықаралық деңгейге сай жоғары білікті мамандар даярлау жөнінде қызметтер көрсету.
Уақтылылық: іс-шараларды белгіленген кестелерге сәйкес уақтылы орындау.
Сапа: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымын құру мен дамыту, жаңа қаржы құралдарының айналымы үшін негіз жасау.