Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоксандағы № 1220 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 7 қарашадағы № 1059 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 406-қосымшада:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен кірігуін қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту»;
«Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанындағы «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның жарғылық капиталын қалыптастыру» деген сөздерден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын: «1) қор биржасының акцияларын сатып алу; 2) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының рейтингтік агенттігі» АҚ Ұлттық рейтинг агенттігін құру; 3) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының академиясы» АҚ қор нарығы институтын құру; 4) «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар; 5) ғимарат (офистік үй-жай) сатып алу.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Биржаны коммерциализациялау жөніндегі іс шараларды жүзеге асырғаннан кейін «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның акцияларын сатып алу, ағымдағы қор нарығы инфрақұрылымын жетілдіру арқылы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту үшін базалық алғышарт жасау,»«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ-ның тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Соңғы нәтиже: Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығын одан әрі дамыту, халықаралық капитал нарықтарымен кірігуі, Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тарту.
Қаржылық-экономикалық нәтиже: биржаны басқару мен дамытуға қатысу; коммерциялық негізде сапалы бәсекеге қабілетті рейтинг қызметтерін ұсыну; коммерциялық негізде қор нарығының халықаралық деңгейге сай жоғары білікті мамандар даярлау жөнінде қызметтер көрсету.
Уақтылылық: іс-шараларды белгіленген кестелерге сәйкес уақтылы орындау.
Сапа: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының инфрақұрылымын құру мен дамыту, жаңа қаржы құралдарының айналымы үшін негіз жасау.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |