2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 135-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: гидротехникалық ғимараттар мен шаруашылықаралық каналдарда болатын төтенше жағдайлардың алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауыл шаруашылығындағы су пайдалану жүйелері мен ирригациялық ғиммараттардың қызметін жақсарту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 054 | | Шаруашы- лықаралық арналар мен гид- ромелио- ративтік құрылыс- тардың апатты учас- келерін күрделi жөндеу және қалпына келтіру | Жобалау-сметалық құжатына сәйкес гидромелиоративтік ғимараттар мен шаруашылықаралық каналдарда жөндеу- қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Су ре- сурстары жөніндегі комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: гидромелиоративтік ғимараттар мен шаруашылықаралық каналдардың ерекше апатты аудандарындағы техникалық жағдайын жақсарту.
Түпкілікті нәтиже: шаруашылықаралық каналдар мен гидромелиоративтік ғимараттардағы ерекше апатты аудандарды қалпына келтіру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: арықтардың пайдалы әсер ету коэффициентін 80% дейін жоғарылату.
Уақтылығы: жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын 2006 жылғы желтоқсанда аяқтау.
Сапасы: орындалған жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын құрылыс нормаларының талаптары мен ережелеріне сәйкестендіру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
123-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Аграрлық ғылым саласындағы мемлекеттік сыйлықтар»
деген 055 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 600 мың теңге (алты жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ғылым саласындағы сыйлықтар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 мамырдағы № 685 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ашқан жаңалықтары, жаңа өнер табыстары, шығарған және шығарылған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттары мен мал тұқымдары, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, сақтау және қайта өндіру салаларындағы технологиялық және техникалық әзірлемелері үшін, сондай-ақ отандық ғылымның дамуына едәуір үлес қосқан республиканың аграрлық ғылым саласындағы ғалымдары мен мамандарын қолдау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ғалымдарға ғылыми жетістіктері үшін сыйақы төлеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 055 | | Аграрлық ғылым сала- сындағы мемле- кеттік сыйлықтар | Аграрлық ғылым саласындағы А.И. Бараев атындағы сыйлықтарға іздену конкурсын өткізу. Заңнамада белгіленген тәртіппен А.И. Бараев атындағы сыйлықтарды төлеу. Банк қызметтерін төлеу. Рамкаларды, дипломдарды, омырау белгілерін және басқа да қажетті тауарларды сатып алу. Газеттердегі конкурс өткізу туралы хабарландыруларды төлеу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: аграрлық ғылымның басымдық бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жаңа нәтижелерін алу.
Түпкілікті нәтижесі: ғылымға талантты жастарды тарту мақсатында ғылыми еңбекті ынталандыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: сыйлық мөлшері: бірінші - 200 айлық есептік көрсеткішті, екінші - 150 айлық есептік көрсеткішті,
үшінші - 100 айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Уақтылығы: бағдарламада көзделген іс-шараларды 2006 жылғы ІІІ-ІҮ тоқсандарда орындау.
Сапасы: аграрлық ғылымның дамуына маңызды үлес қосқан ғалымдарды, сондай-ақ жас талантты ғалымдарды қолдау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
124-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге
қабілетін арттыру»
деген 056 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 388857 мың теңге (үш жүз сексен сегіз миллион сегіз жүз елу жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекеге қабілеттігін арттыру жобасын қаржыландыру бойынша Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен қарыз тарту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 854 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту жолымен ауыл шаруашылығы саласының экономикалық жағдайының дамуын қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауыл шаруашылығы білімдеріне қолы жету мүмкіндігі бар азаматтардың пайызын барынша ұлғайту; аграрлық ғылыми зерттеулердің нәтижелігін арттыру арқылы ауыл шаруашылығы технологияларын пайдаланушы азаматтардың пайызын барынша ұлғайту; жаңарған және жаңғырған зертханаларға қолы жету мүмкіндігі бар фермерлердің пайызын барынша ұлғайту; халықаралық стандарттарға сай өнімдер шығаратын фермерлер пайызын барынша ұлғайту.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 056 | | Қазақс- танның ауыл шаруашы- лығы өнімде- рінің бәсекеге қабілетін арттыру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Конкурстық гранттар жүйесі бойынша грант үйлестіру. | Шілде-желтоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
3 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Алиментариус кодексі комиссиясының стандарттарын аудару. Графтарды үйлестіру жөнінде сенілген институттың қызмет көрсетуін төлеу. Ауыл шаруашылығы маркетингін дамыту компоненты шеңберінде Имидж жөніндегі науқан тұжырымдамасын әзірлеу үшін консалтингтік компанияны тарту, сондай-ақ ақпаратты-маркетингтік жүйесі бойынша білім беру модульдерін жасау үшін 1 халықаралық, төрт ұлттық консультанттың және маркетинг бойынша оқыту және білім тарату жүйесін ұйымдастыру, конкурстық гранттар жүйесі бойынша оқытуды ұйымдастыру жөнінде 2 консалтингтік компанияның және Оқыту модульдері мен бағдарламаларын әзірлеу бойынша екі халықаралық консультантты тарту. Қолданбалы ауыл шаруашылығы зерттеулер компоненті шеңберінде республикалық және облыстық үйлестіруші- лерге шетелде оқу курстарын, стажировка- ларды өткізу. Республикалық, облыстық және аудандық деңгейде 174 адамды тарта отырып білім тарату және беру жөніндегі жүйе құру және оның қызметін қамтамасыз ету. Білім тарату және беру жөніндегі жүйеге 144 комплект офистық құрал-жабдықтар мен жиһаз сатып алу. Жобаны іске асыру үшін 18 адамнан тұратын жергілікті консультанттардың қызмет көрсетуін, операциялық шығындарды қоса алғанда төлеу. Тәуелсіз эксперттердің қызмет көрсетуін сатып алу және жобаның бақылау кеңесінің операциялық шығындарын төлеу. Жобаның институциялды дамыту және саясат компоненты шеңберінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысшыларына семинарлар, халықара- лық стажировка және тренингтер өткізу. Тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсетудi сатып алу бойынша конкурстар өткізу туралы хабарландыру- ларды төлеу. Шетелден тартылған төрт ұлттық консультантты оқыту курстарын ұйымдастыру. 48 жиынтық компьютерлік жабдықты, жобаның консультанттары үшін және білім беру жүйесін құру жөніндегі консультациялық компания үшін кеңсе жиһазын сатып алу. Оқыту курстарын ұйымдастыру жөніндегі компанияны тарту. Дүниежүзілік Банктің қарыз сомасынан 0,5 % мөлшерінде біржолғы комиссиялық алым төлеу. Стратегияны талдау және дамыту жөніндегі консалтингтік компанияны тарту. | Шілде-желтоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: нормативтік-құқықтық кесімдерді үндестіру; облыстық және аудандық деңгейде білім тарату және беру жөніндегі жүйе құру; 13,3 млн. теңге көлемінде гранттар бөлу.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығы біліміне көп азаматтардың қол жеткізуі; халықаралық стандарттарға сай өнімдерге азаматтардың қол жеткізуі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: консультанттар тобын ұстау, халықаралық және жергілікті консультанттарды тарту бойынша шығындар инвестициялық жобалар бойынша бекітілген лимиттерден аспайды.
Уақтылығы: бағдарлама бойынша іс-шаралар бюджеттік бағдарламаның осы паспортында көзделген мерзімдерде жасалады.
Сапасы: көзделген іс-шаралардың 100% орындалуы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
125-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін және ауыл
тұрғындарын өтеусіз негізде ақпараттық қамтамасыз ету»
деген 057 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 110000 мың теңге (бір жүз он миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 8 шілдедегі 2005 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 6 және 15-баптары.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: АӨК субъектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру арқылы агробизнестің жұмыс істеу тиімділігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациямен қамтамасыз ету; жердегі бизнес өкілдерінің қатысушы лизингтік компаниялардың лизинг негізіндегі кредиттеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 086 | | Ауыл шаруа- шылығын жекеше- ленді- руден кейінгi қолдау жөніндегi жобаға кредит беру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына тікелей кредиттер және лизинг негізінде кредиттер беру. | Сәуір- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, қатысушы қаржылық ұйымдар |
3 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына тікелей кредиттер және лизинг негізінде кредиттер беру. | Сәуір- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, қатысушы қаржылық ұйымдар |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына 635000 теңге сомасына тікелей кредиттер және лизинг негізінде кредиттер беру.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығын коммерциялық кредиттеу жүйесін дамыту.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: соңғы қарыз алушының 1 жобасына кредит сомасы әдеттегі кредиттеуде 12700 мың теңгеден аспайды, құрылымдық қаржыландыруда - 127000 мың теңгеден аспайды.
Уақтылығы: соңғы қарыз алушылардың қосалқы жобаларын уақтылы қаржыландыру.
Сапасы: екінші деңгейдегі банктер мақұлдаған кредит алуға тапсырыстар толық көлемде қанағаттандырылды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
126-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығын жекешелендіруден кейінгі қолдау жөніндегi
жобаға кредит беру»
деген 086 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 150000 мың теңге (бір жүз елу миллион теңге).
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын екінші жекешелендіруден кейінгі қолдау жобасы) жасау туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2005 жылғы 19 наурыздағы № 255 қаулысы. Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Ауыл шаруашылығын қолдаудың жекешелендіруден кейінгі екінші жобасы) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Заңы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: фермерлердің, ауылдық шағын және орта кәсіпорындардың қаржылық қызметке қол жеткізуін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: екінші деңгейдегі банктер арқылы жеңілдік кредиттер алудағы ауыл аудандары тұрғындарының пайызын барынша ұлғайту; 2009 жылға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің қатысушы екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету; қатысушы лизингтік компаниялар арқылы лизинг негізінде жеңілдік кредиттер алудағы ауыл аудандары тұрғындарының пайызын барынша ұлғайту; 2009 жылға дейін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің, ауылдық жердегі бизнес өкілдерінің қатысушы лизингтік компаниялардың лизинг негізіндегі кредиттеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 086 | | Ауыл шаруа- шылығын жекеше- ленді- руден кейінгi қолдау жөніндегi жобаға кредит беру | | | |
2 | | 004 | Сыртқы қарыздар есебінен жобаны іске асыру | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына тікелей кредиттер және лизинг негізінде кредиттер беру. | Мамыр-желтоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, қатысушы қаржылық ұйымдар |
3 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына тікелей кредиттер және лизинг негізінде кредиттер беру. | Мамыр-желтоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі, қатысушы қаржылық ұйымдар |
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге және аграрлық сектордың басқа да қатысушыларына 150000 теңге сомасына тікелей кредиттер және лизинг негізінде кредиттер беру.
Түпкілікті нәтиже: ауыл шаруашылығын коммерциялық кредиттеу жүйесін дамыту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
127-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы
өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларға
берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»
деген 111 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 183929 мың теңге (бір жүз сексен үш миллион тоғыз жүз жиырма тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: жоқ.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: уәкілеттікті орталықсыздандыру бойынша әкімшілік реформаларды іске асыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жергілікті деңгейге өкілеттіктер мен штаттық санды беруді қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 111 | | Облыстық бюджет- терге, Астана және Алматы қалала- рының бюджет- теріне мемле- кеттік басқару дең- гейлерi арасын- дағы өкілет- тіктердің аражігін ажырату шең- берінде әкімшілік функ- цияларға берілетін ағымдағы нысаналы транс- ферттер | Саны 280 бірлік адамды жергілікті деңгейге беруді қамтамасыз ету. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелері: мемлекеттік органдар деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату шеңберінде әкімшілік функцияларды толық беру.
Түпкілікті нәтижелері: жергілікті органдарға берілген функцияларды жүзеге асыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: бір мемлекеттік қызметшіні ұстау шығыны орташа алғанда 692 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: іс-шараларды белгіленген мерзімдерде орындау.
Сапасы: іс-шараларды толық көлемде орындау.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 127-1-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
127-1-қосымша
212 - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшілігi
2006 жылға арналған
«Электрондық үкімет» құру» деген
112 республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 53700 мың теңге (елу үш миллион жеті жүз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативті-құқықтық негізі: 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 «Қазақстан Республикасындағы 2005-2007 жылдарға арналған «электрондық үкімет» құрудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы; 2005 жылдың 30 маусымындағы № 654 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамытудың тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар» Жоспарының 90 тармағы; 2006 жылдың 6 наурызындағы № 149 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының 4.40 тармағы.
3. Бюджеттік бағдарламаның қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қоры.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: аграрлық сектордың қызмет ету тиімділігін арттыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: аграрлық нарыққа қатысушылардың өзара қатынасының тиімділігін қамтамасыз ету, ақпарат, сапа және сенімділікке қол жеткізуді көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағдарлама коды | Кіші бағдарлама коды | Кіші бағдарламалардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындаушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 112 | | «Электрондық үкімет» құру | | | |
2 | | 100 | Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кәсіпкерлік белсенділігін арттыру | Экономиканың аграрлық секторындағы электрондық сауда жүйесін дамыту (2-ші кезек), жүйені жобалау және конструкторлық және эксплуатациялық құжаттаманы өңдеу | Тамыз - желтоқсан | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
7. Бюджеттік бағдарламаның орындалуынан күтілетін нәтижелер:
Тікелей нәтижелер:
1) аграрлық азық-түлік нарығын тиімді мемлекеттік реттеу;
2) аграрлық азық-түлік нарық туралы сапалы, қол жеткізерлік және сенімді ақпарат алу мүмкіндігі.
Соңғы нәтижелер:
1) 5 пайыздан кем емес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің ақпараттық ресурстарға қол жеткізуін қамтамасыз ету;
2) ауыл шаруашылығы өнімдер нарығының тұрақты мониторинг мүмкіншілігі.
Қаржы-экономикалық нәтижелері: аграрлық азық-түлік рыногы тауар айналымын кеңейту үшін 160 ауданда ауылдық ақпараттық-кеңестік орталықтар арқылы электронды сауда жүйесін енгізу.
Уақытылығы: бюджеттік бағдарламасының жүзеге асыруындағы іс-шаралар бағдарламасы белгіленген мерзімінде орындалуы.
Сапасы: электрондық сауда жүйесін тұтынушылардың 100 % қанағаттандыруы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
128-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Өсімдіктер мен жануарлардың гендік ресурстарының
ұлттық қоймасын салу»
деген 743 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 243612 мың теңге (екі жүз қырық үш миллион алты жүз он екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: өсімдіктер мен жануарлардың гендік қорын сақтаудың, өсімін молайтудың, кеңейтудің және пайдаланудың тиімді жүйесін құру, еліміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауыл шаруашылығы өсімдіктері мен жануарларының гендік қорын сақтауды қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 743 | | Өсім- діктер мен жануар- лардың гендік ресурс- тарының ұлттық қоймасын салу | Өсімдіктер мен жануарлардың Ұлттық генетикалық ресурстарын сақтау қоймасының лабораториялық корпусын салу үшін жобалау-смета құжаттамаға мемлекеттік және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да сараптаманы әзірлеу және жүргізу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: өсімдіктер мен жануарлардың Ұлттық генетикалық ресурстарын сақтау қоймасының лабораториялық корпусын салу жөніндегі мемлекеттік сараптамадан өткізіліп бекітілген жобалау-смета құжаттамасы.
Түпкілікті нәтижесі: өсімдіктер мен жануарлардың гендік қорын сақтау мен ұтымды пайдаланудың жүйесін құру үшін өсімдіктер мен жануарлардың Ұлттық генетикалық ресурстарын сақтау қоймасының кешенін пайдалануға беру.
Уақтылығы: жұмыстың жоспар-кестесіне және шарттарға сәйкес.
Сапасы: санитариялық нормаға және "Кәсіпорындарды, ғимараттарды және имараттарды салуға жобалау-смета құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы туралы нұсқаулық" Қазақстан Республикасының А 2.2-1-2001 (Ресми басылым) ережесіне сәйкес.