- егіншілік дақылдарын және өндірілетін өнім сапасын арттыру;
- отандық тауарлардың сапасын және бәсекеге қабілеттілігін жақсарту есебінен ауыл шаруашылығы қайта өңдеу өнімдерінің импорт алмастыру деңгейін арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
- өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарын өндірудің және өнімділіктің көлемін арттыру;
- жоғары технологиялық техниканы қолдану есебінен өнімді жинау кезіндегі болатын шығындарды төмендету;
- ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу саласында жаңа технологияларды дамыту;
- жаңа жоғары өндіргіш ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды қолдану есебінен еңбек өнімділігін арттыру;
- аграрлық сектордың машина-трактор паркін ауқымды жаңарту және оған техникалық қызмет көрсету (кепілдік және кепілдіктен кейінгі) бойынша тұрақты қызмет ететін және тиімді инфрақұрылымды құру.
Уақыттылығы:
- ауыл шаруашылығы техникасы тиісті ауыл шаруашылық агротехнологиялық операцияларды іске асырудың басталуына жеткізіледі.
Сапасы:
- техниканы және жабдықтарды АӨК қаржылық тұрақты субъектілеріне ғана беру мүмкіндігінің болуы;
- техника және жабдықтар АӨК субъектілерінің қажеттіліктеріне сәйкес сұранымдар бойынша жеткізіледі;
- ауыл шаруашылығы техникасын және жабдықтарды сатып алу, негізінен, тікелей өндіруші зауыттарда нарықтық бағалардан төмен бағамен және кепілдік қызметпен сатып алынады.
Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы АҚ жарғылық қорын ұлғайту:
Тікелей нәтижелер: көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету, Баку портында қазіргі заманға сай астық қабылдау терминалын салу, "Ақ-Бидай-Терминал" АҚ мүліктік кешенін банк кепілдігінен сатып алуды жүзеге асыру, Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазіргі заманға сай мақтаны қайта өңдеу зауытын салуды бітіру.
Соңғы нәтижелер: Ақтау, Баку порттарындағы астық терминалдарының болуы теңіз жолымен каспий жағасы өңіріндегі елдерге және олар арқылы Грузияға, Молдаваға және европа елдеріне астық жеткізу кезінде астықты үздіксіз арту мүмкіндігін қамтамасыз етеді, қазақстандық астық экспортерларының мүмкіндіктерін кеңейтеді, Қазақстан Республикасы экономикасындағы бүкіл астық секторының тұрақтануына және дамуына мүмкіндік туғызады. Мақта зауытының құрылысы тоқыма және тамақ өнеркәсібін жоғары сапалы мақта талшығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл әлемдік рынокта бәсекеге қабілетті жоғары қосылған құнды экспорттық өнімді сату көлемінің өсуіне мүмкіндік туғызады.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
1. Ауыл шаруашылығы дақылдарына көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізуді 2,5 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 298,44 мың га жерге егін егуге және өнімділігі 10 ц/га болған жағдайда 298,44 мың тонна астық алуға мүмкіндік береді;
2005-2008 жылдар үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен алынған процент сомасын есепке ала отырып 2007, 2008 жылдар аралығында жыл сайын қаржыландыру сомасын 5000000 мың теңгеге өсіру, "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ (бұдан әрі - Корпорация) көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттары сомасын 12853063 мың теңгеге дейін, ал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 2008 жылы 1534,3 мың тонна астық дақылдарын жинауға мүмкіндік береді.
2. Баку портындағы астық қабылдау терминалының құрылысы мен жабдықталуын 0,4 млрд. теңге сомасында қаржыландыру әзірбайжан жағымен бірлескен кәсіпорынға Корпорацияның 50%-қатысуын қаржыландыруға мүмкіндік береді. Баку портындағы терминалды салуға қатысу Ақтау және Баку порттарындағы астық терминалдарын бір көлік жүйесіне келтіруге мүмкіндік береді, бұл Әзірбайжан, Грузия және Түркия рыноктарында қазақстан астығының позициясын орнықтыру мен күшейту үшін жағдай туғызады.
3. "Ақ-Бидай-Терминал" АҚ мүліктік кешенін банк кепілдігінен 1,1 млрд. теңгеге сатып алу Ақтау портындағы астық терминалының жыл сайынғы астық арту көлемін 475 мың тоннаға дейін өсіруге, ал 10 жыл ішінде шамамен 3610 мың тонна астық артып, шамамен 1183890 мың теңге сомасына дейін аккумулятивтік таза пайда алуға мүмкіндік береді.
4. Мақтаны қайта өңдеу зауытын құруға 1,0 млрд. теңгеге қаржыландыру. Осы жобаны іске асыру нәтижесінде жылдық қуаты 60 мың тонна шитті мақтаны қайта өңдейтін қазіргі заманғы мақта тазалау зауыты құрылады, ол болашағында мақтаны қайта өңдеу рыногының 13% алуы мүмкін.
Уақыттылығы:
1. Көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру.
Корпорацияның жарғысына республикалық бюджеттен түскен 2500000 мың теңге көлеміндегі ақша қаражаттары көктемгі дала және егін егу жұмыстарын жүргізу мақсатында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру үшін мынадай кестеде пайдаланылады:
жыл сайын 1 мамырға дейін - ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тізімін жасау және облыстық әкімдіктердің жұмыс топтарымен келісу;
жыл сайын 1 шілдеге дейін - қаржыландыруға және ағымдағы жылдың қыркүйек-қараша айларында астық жеткізуге келісім-шартқа отыру;
жыл сайын 1 тамызға дейін - екінші деңгейлі банктердің және Корпорациямен анықталған ұйымның кепілдеме міндеттемелерінің кепілдігімен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру.
Көктемгі дала жұмыстарына бөлінген бюджеттік қаражаттар игерілмеген жағдайда Корпорация қалған қаражаттарды 2006 жылдың егін жинау жұмыстарына кредит беруге бағыттайды.
2. Ақтау портындағы астық терминалының одан әрі дамуын қамтамасыз ету.
Корпорацияның жарғысына түскен 1100000 мың теңге мөлшеріндегі ақша қаражаттары, оны алынған күннен бастап бір тоқсан ішінде "Ақ-Бидай-Терминал" АҚ жарғылық капиталын көрсетілген сомаға ұлғайту жолымен Ақтау теңіз портындағы астық терминалының одан әрі дамуына, айналым құралдарын толықтыруға және жабдықтауға бағытталатын болады.
3. Баку портындағы терминал құрылысы.
Корпорацияның жарғысына түскен 400000 мың теңге мөлшеріндегі ақша қаражаттары теңіз портындағы астық қабылдау терминалының құрылысына және жабдықтауға құрылыс кестесіне сәйкес бағытталатын болады.
4. Мақтаны қайта өңдеу зауытын салуды қаржыландыру.
Ауыл шаруашылығы институтционалды дамуы:
Тікелей нәтижелер:
ауыл шаруашылық өндірушілеріне, ауыл тұрғындарына және өңдеу өнеркәсіптеріне, қызмет көрсетуді ұлғайту және жаппай өндіру кезеңінде мал өнімдерін дайындауды және өңдеуді төмен бағамен жүзеге асыру;
маусымаралық кезеңде терең өңделген өнімдерге нарық бағаларын тұрақтандыру және жанама түрде реттеу, тұрғындардан сатып алуды максималды түрде ұйымдастыру және ішкі нарыққа және экспортқа мал өнімдерін сату көлемін ұлғайту.
Соңғы нәтижелер:
аграрлы өнеркәсіп кешені малшаруашылық секторының, бәсекеге қабілеттігін тиімділігін дамыту және арттыру.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
осы бағдарлама бойынша бюджеттік қаржының бөлінуі мал өнімдерін сатып алуды екі есеге ұлғайтады және мал өнімдерінің экспорттық потенциалын көтереді;
импортты алмастыратын өңделген мал өнімдерін өндіруді өсіру.
Уақыттылығы: мал өнімдерін сатып алуды және өндірістік өңдеуді 2006 жылдың желтоқсан айына дейін ұйымдастыру;
мал өнімдерінің тапшылығы кезінде ішкі рынокта бағаны тұрақтандыру. Сапасы:
ауыл шаруашылық тауар өндірушілермен ауыл тұрғындары өңдеу кәсіпорындарына делдалсыз мал шикізатын және өнімдерді өткізу мүмкіндігін алады, сонымен қатар ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің табысын ұлғайтады;
ішкі рынокты сапалы арзан отандық терең қайта өңделген мал өнімдерімен толықтыру;
республикада мал өнімдерін дайындау, өңдеу, сақтау үшін дайындау инфрақұрылымын дамыту;
ішкі рыноктан ұқсас өнімдерді ығыстыру үшін бәсекелесе алатын импортты алмастыру өнімдерді өндіру ұйымдастыру;
импорттық мал өнімдерінің үлесін төмендету және экспорттың үлесін ұлғайту.
Астық қолхаттары бойынша:
Тікелей нәтижелер: Қордың қатысушылары - астық қабылдаушы кәсіпорындардың астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру квотасын көбейту.
Соңғы нәтижелер: астық қолхаттарын кепілге қою арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді өнім жинағаннан кейінгі несиелендіру көлемін ұлғайту. 2006 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген 800000,0 мың теңге көлеміндегі қаржы "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекітілген 2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аграрлық азық-түліктік бағдарламасын орындау мақсатында құрылған Қордың қаржылық капиталын көбейту үшін пайдаланылады. Бұл қаржыны Қор өз кезегінде астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік берудің көлемін арттыруға пайдаланады.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: Қорға қатысушылар - астық қабылдау кәсіпорындарындағы 2034,8 мың тонна мөлшеріндегі астықтың сақталуын қамтамасыз ету.
Уақытылығы: республикалық бюджеттен бөлінген бюджет қаражаттарын дер уақытында және толықтай игеру.
Сапасы: Қордың қатысушылары - астық қабылдау кәсіпорындарындағы астық сапасының төмендеу немесе оны жоғалту фактілеріне жол бермеу және астық қолхаттары бағдарламасы бойынша несиелендіру көлемін көбейту.
Ауыл халқына шағын кредит беруді ұйымдастыру:
Тікелей нәтиже:
шағын кредит алған ауыл халқының саны: 2006 ж. - 15756 адам, 2007 ж. - 83769 адам, 2008 ж. - 84615 адам.
кәсіпкерліктің негіздерін үйренген ауыл халқының саны: 2006 ж. - 31848 адам; 2007 ж. - 100000 адам; микрокредиттік ұйымдарды дамыту.
Түпкілікті нәтиже: 1 ауыл тұрғынының табысын көтеру (теңге): 2006 ж - 154; 2007 ж. - 769; 2008 ж. - 769.
Қаржылық-экономикалық нәтижесі: 1 қарыз алушыға шағын кредит беру бойынша шығындар: 2006 ж. - 12,5 мың теңге, 2007 ж. - 8,5 мың теңге, 2008 ж. - 8,5 мың теңге.
Уақттылығы: РББ қаражатын нақты игеру 100%
жоспарға сәйкес өткізілген семинарлардың саны: 2006 ж. - 1327, 2007 ж. - 3700.
Сапасы: үй шаруашылығын шағын кредитпен қамту: 2005 ж. - 0,7%, 2006 ж. - 1,3%, 2007 ж. - 7,0%, 2008 ж. - 7,1%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
119-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ормандарды сақтау және республиканың орманды аумақтарын көбейту»
деген 044 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 54246 мың теңге (елу төрт миллион екі жүз қырық алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Ормандарды сақтау және республика аумағының орманды жерлерін ұлғайту» жобасын әзірлеуге грант бөлу туралы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкінің арасындағы Келісімді бекіту туралы» 2004 жылғы 1 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; «2005-2007 жылдарға арналған «Жасыл ел» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 632 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республиканың орманды алқаптарын сақтау және қалпына келтіру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: үйлестіру тобын құру және жарақтандыру және оған жоба бойынша институционалдық зерде беру, орман шаруашылығындағы стратегиялық жоспарлау жөніндегі топ құру, жобаның қаржылық басқару жүйесін әзірлеу, жобалық аумақтарды картаға түсіру жұмыстарын жүргізу, бір жолғы банк комиссиясын төлеу, радиациялық талдау жөнінде жұмыстар жүргізу, орман тұқымы, өрт сөндіру станциясын және бақылау мұнараларын, жолдар мен инфрақұрылымды салу жөніндегі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, 2007 жылы ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын бастау үшін қажет зерттеу жұмыстарын жүргізу.
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 044 | | Орман- дарды сақтау және респуб- ликаның орманды аумақта- рын көбейту | | | |
2 | | 016 | Жобаны респуб- ликалық бюджеттен сыртқы қарыз- дарды бірлесіп қаржы- ландыру есебінен іске асыру | ХҚДБ қарызының бір жолғы комиссиясын төлеу. Радиациялық талдау өткізу жөніндегі консультациялық қызметтерді төлеу. Саны 7 адамнан тұратын жобаны үйлестіруші топтың жергілікті консультанттарының қызметтеріне ақы төлеу, операциялық шығыстарға ақы төлеу, жиһаз және кеңсе жабдықтарын сатып алуды, кеңсені жалға алуды және ұстауды қоса алғанда. Хабарландыруларға ақы төлеу. Операциялық шығыстарды қоса алғанда, Ертіс өңірі аймағында және Арал теңізінің суалған түбіндегі орманды қалпына келтіру бойынша жергілікті консультанттардың қызметтеріне ақы төлеу. Орман шаруашылығын бірлесіп басқару жүйесін әзірлеу жөніндегі консультациялық қызметтерге ақы төлеу. Жайылымдарды басқару бойынша жергілікті консультанттың қызметіне ақы төлеу. Радиокоммуникация құралдарын шолу жөніндегі жергілікті консультанттың қызметіне ақы төлеу. Орман тұқымы станциясы құрылысының ЖСҚ әзірлеу жөніндегі консультациялық қызметтерге ақы төлеу. Өрт станциялары/мұнараларының ЖСҚ әзірлеу жөніндегі консультациялық қызметтерге ақы төлеу. Жол және басқа инфрақұрылымдарды қалпына келтіру жоспарын әзірлеу. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
3 | | 018 | Жобаны грант есебінен іске асыру | Радиациялық талдау өткізу жөніндегі консультациялық қызметтерді төлеу. Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің қызметкерлерін жобаны үйлестіру, қаржылық басқару, сатып алу. PHRD гранты қаражатының аудиті. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігінің Орман және аңшылық шаруа- шылығы комитеті |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: 5 адамнан тұратын жобаны үйлестіру тобын және екі адамнан тұратын стратегиялық жоспарлау тобын құру және жарақтандыру, жобаның қаржылық басқару жүйесі 100% әзірленеді, жобалық аумақтарды толық картаға түсіру жұмыстары жүргізілді, орман шаруашылығын бірлесіп басқару жүйесі 100% әзірленеді, пилоттық аумақтардың радиациялық талдауы 100% өткізіледі, орман тұқымы, өрт сөндіру станцияларының және бақылау мұнараларының, жолдардың және инфрақұрылымның құрылысы бойынша жобалау-смета құжаттамасы әзірленеді, жайылымдарды басқару, радиокоммуникацияларды шолу жұмыстары жүргізілді.
Түпкі нәтиже: жобаны үйлестіру және оны қаржылық басқару шараларын күшейту, орман шаруашылығында стратегиялық жоспарлау жұмыстары басталды, жобалық аумақтардың карталары жасалды, орман шаруашылығын бірлесіп басқару жүйесі жасалды, жобаның қауіпті радиациялық аумақтары айқындалды, 2007 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін құжаттар дайындалды, ормандарды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін материалдар әзірленді.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Ертіс өңірі аймағында орманды жерлердің 1 гектарында ормандарды қалпына келтіру құны 70% дейін шығымдылық пайызымен 27 000 теңге, Қызылорда облысында - 55% дейін шығымдылық пайызымен 25 650 теңге.
Шаралардың дер кезінде жүргізілуі: іс-шараларды орындаудың белгіленген мерзімін ескере отырып, кесте бойынша жоспарланған жұмыстар 80% орындалды.
Сапасы: бағдарлама аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметтер тұтынушыларының қорытынды мөлшерін 100% деп алғанда, жобалық аумақтар халқының 30% 2006 жылы мемлекеттік қызметтердің сапасына қанағаттанатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
120-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Агроөнеркәсіп кешені салаларының дамуын
нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету»
деген 046 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 147527 мың теңге (бір жүз қырық жеті миллион бес жүз жиырма жеті мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Агроөнеркәсіп кешенін және ауыл аумақтарын дамуын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы; "Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аймақтарын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 Жарлығы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агробизнестің тиімді жүйесін және ауыл тұрғындарын оңтайлы қоныстандыруды қалыптастыратын нормативтік-әдістемелік базамен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: агроөнеркәсіптік кешені мен ауылдық аумақтарды реттеу кезіндегі шаралардың негіздемелік деңгейін арттыру үшін ұсыныстар, нормативтер, стандарттар және әдістемелерді әзірлеу, ауыл халқын оңтайлы қоныстандыру кестелерін модельдеу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 046 | | Агроөнер- кәсіп кешенi салала- рының дамуын норматив- тік-әдіс- темелік қамта- масыз ету | 45-50 тақырып тәртібі- мен нормативтік- әдістемелік тақырыптарын (ұсыныстар, ережелер, нұсқаулықтар, бағдарламалар, нормативтер, мемлекеттік стандарттар) әзірлеу қызметіне ақы төлеу: - балық шаруашылығы; - орман және аң шаруашылығы; - өсімдіктерді қорғау және карантин; - мал дәрігерлік; - ауыл шаруашылығы өндірісінің бәсекеге қабілеттігін арттыруға, ауыл шаруашылығы өндірісі- нің тиімді жүйесін және ауыл шаруашылығы саласын қолдаудың тетіктерін құруға бағытталған шаруашы- лығы және ауылдық аумақтардың экономика- лық дамуы; - ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді және жерді тиімдi пайдалануды жетілдіру; - ауыл шаруашылық су пайдаланудың жүйесін оңтайландыру; - ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және техникалық саясат; - өнімді өндіруге және қоршаған ортаны қорғауға шығындарды төмендетуді қамтамасыз ететін ауыл шаруашы- лығы өңірлерінің жағдайына бейімделген технология және механизация құралын құру; - ауыл шаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдейтін жаңа технологияны әзірлеу; - мамандандыру аймағы бойынша өндірістік және еңбектік ресурстарды оңтайлы орналастыру; - ауыл халқын оңтайлы орналастырудың моделi әзірлемесін әдістемелік қамтамасыз ету. | 2006 жылғы Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: агроөнеркәсіп кешенінің қолда бар нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етілуінің нарықтық жағдайға және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда Ұйымына кіру процесі шеңберіндегі қажетті халықаралық талаптарға жылдам бейімделуіне мүмкіндік беретін ұсынымдар, нормативтер, стандарттар және әдістемелер сатып алу; Ауыл шаруашылығы министрлігінің жабдықтаушылар әзірлеген 45-50-ге жуық нормативтік-әдістемелік тақырыптамаларын қабылдауы.
Соңғы нәтиже: осы бюджеттік бағдарламаны әзірлеу агробизнестің тиімді жүйесінің қалыптасуы және ауылдық аумақтардың дамуы үшін әдістемелік, нормативтік, құқықтық базасын қамтамасыз етеді.
Уақтылығы: белгіленген мерзімде іс-шаралар жоспарында көзделген қызмет көрсетуді орындау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір тақырыпты әзірлеуге орта есеппен 3 млн. теңге қажет.
Сапасы: нормативтік-әдістемелік тақырыптың қабылдануы қазіргі кездегі агротехнологияларды және ауыл шаруашылық өнімді қайта өңдеу технологияларын қолдануға, ауыл шаруашылығы тиімділігінің және ауылдық аумақтарға қызмет көрсетуші инфрақұрылымдарының өсуіне жәрдемдеседі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
121-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін
ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс
машиналары мен тетіктерін мемлекеттік есепке алу және тіркеу»
деген 047 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 63294 мың теңге (алпыс үш миллион екі жүз тоқсан төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық Кодексі) 410, 411, 412-баптары; "Агроөнеркәсіп кешенін және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: басқару құқығына емтихан қабылдау және тракторист-машинист куәліктерін беру, сондай-ақ тракторларға, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдеріне мемлекеттік тіркеу жүргізу жолымен жол жүрісіне қатысуға рұқсат беру жөніндегі заңнамаларда белгіленген мемлекеттік функцияларды қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелерін мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерімен, техникалық паспорттармен және тракторист-машинист куәліктерімен қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 047 | | Трактор- ларды, олардың тірке- мелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруа- шылығы, мелиора- тивтік және жол- құрылыс машина- лары мен тетік- терін мемле- кеттік есепке алу және тіркеу | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес 30 000 бірлік техникалық паспорттарды сатып алу. "Көлік құралдары және олардың тіркемелері үшін қаптамалы жарықшағылыстырғышты мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер" 1176-2003 ҚР СТ стандартына сәйкес 39267 бірлік мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін сатып алу. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен нысандардың үлгісіне сәйкес 20000 бірлік тракториот-машинист куәліктерін сатып алу. | Ағым- дағы жылда | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже:
Тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелері:
- 30 000 дана техникалық паспортпен;
- 39 267 дана мемлекеттік тіркеу белгісімен;
- 20 000 дана тракторист-машинист куәлігімен қамтамасыз етіледі.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасындағы тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін жол жүрісіне қатысуы қамтамасыз етіледі.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: мемлекеттік тіркеу жүргізу үшін тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелері мынадай арнайы өнімдермен төмендегідей бағада:
- техникалық паспорт - 300 теңгеден;
- мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісі - 1229,88 теңгеден;
- тракторист-машинист куәлігі - 300 теңгеден қамтамасыз етіледі.
Уақтылығы: тракторлардың, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерінің иелеріне техникалық паспорттар, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер, тракторист-машинист куәліктері өз уақытында беріледі.
Сапасы: Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарына сәйкес техникалық паспорттар, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілер, тракторист-машинист куәліктері сатып алынады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
122-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Шаруашылықаралық арналар мен гидромелиоративтік құрылыстардың
апатты учаскелерін күрделі жөндеу және қалпына келтіру»
деген 054 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 463431 мың теңге (төрт жүз алпыс үш миллион төрт жүз отыз бір мың теңге).