3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: агроөнеркәсіп кешені салаларының тұрақты дамуы; ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру, халықаралық талаптарға сәйкес бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру; агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі жағдайын талдау және дамуының перспективалық бағыттарын анықтау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың гендік ресурстарын қалыптастыру, зерттеу және сақтау; ауыл шаруашылық, жеміс-жидек, орманқұрастыратын және басқа дақылдардың сорттары мен гибридтерінің, жануарлардың, құстардың, аралардың, балықтардың тұқымдарының, түрлерінің, кросстарының қолда барларын жетілдіру және жаңа түрлерін шығару; ауыл шаруашылық дақылдардың сорттары мен гибридтерінің түпнұсқалық тұқым шаруашылығын ұйымдастыру; генетиканың, биотехнологияның қазіргі тәсілдерін жетілдіру және оларды селекциялық және биологиялық, химиялық және ветеринарлық препараттарды шығару кезінде пайдалану; ауыл шаруашылық және басқа дақылдарды өсірудің, орманқұру мен орманкөбейтудің технологияларын, су ресурстарын басқарудың тәсілдерінің экологиялық қауіпсіз және экономикалық орынды ресурстарды сақтаушы максималды бейімді әдістерін шығару және жетілдіру; мал шаруашылығы экологиялық таза өнімдері технологияларын жасау және енгіздіру; ауыл шаруашылық жануарлардың өнімді-асылтұқымды сапасын көтеру; жануарлардың ветеринарды жағдайын қамтамасыз ету; жануарлардың, құстардың және балықтардың жұқпалы және паразитті ауруларына қарсы препараттарды, жоғары иммуногендік вакциналарды жасау; экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сақтау үшін бәсекеге қабілетті технологияларды, техникаларды және машиналарды жасау; агроөнеркәсіптік кешенінің тиімді қызмет атқаруының және ауыл аумақтардың тиімді дамуының экономикалық механизмін жасау; Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми зерттеу ұйымдарының және С.Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің материалды-техникалық базасын модернизациялау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 042 | | Агро- өнеркәсіп кешенi саласын- дағы қолдан- балы ғылыми зерт- теулер | І. Егіншілік, өсімдік шаруашылығы, су және орман шаруашылықтары салаларында қолданба- лы ғылыми-зерттеу жұмыстарды келесі 11 негізгі бағыттарда жүргізу, оның ішінде: 5 жаңа бағытта: 1. Талшық және гендік инженерия, молекуляр- лық биология және тағы да басқа әдістер негізінде жаңа биотехнологияларды қолдана отырып әр түрлі дақылдардың жаңа жоғары өнімдi сорттарын шығару және олардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру; 2. Осы заманғы ақпараттық технология- ларды қолдана отырып, дақылдарды егіп өсірудің жаңа экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсізді ылғал- ресурстарды сақтаушы технологияларын жасау; 3. Биотехнологияның жаңа әдістері мен карантиндік түрлерін оқшаулау және жою бойынша шаралардың негізінде дақылдарды зиянкес ағзалардан қорғаудың биологиялық тәсілдерін жетілдіру; 4. Негізгі өзен бассейндерін және кіші өзендердің су ресурстарын кешендi пайдалану және қорғау кестесін, трансшекара- лық су ағынын оңтайлы басқарудың әдістемелік негіздерін жасау; 5. Республиканың орман экожүйелерінің қазіргі жағдайының орман шаруашылық - экологиялық бағалауын жүргізу; орман шаруашылығын жүргізу- дің экономикалық негіздерін жасау; 6 жалғасушы бағытта: 1. Ауыл шаруашылық және басқа дақылдардың генқорын сақтау, қалыптастыру, толықтыру, зерттеу, сақтауын ұйымдастыру және ақпараттық банкін құру; 2. Дәстүрлік селекция негізінде әр түрлi дақылдардың жаңа жоғары өнімділік сорттарын шығару және олардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру; 3. Өсімдік шаруашылы- ғын диверсификациялау- ды және жер құнарлылы- ғын қайта өндірудің теориялық негізін ескере отырып дақылдарды егіп өсірудің қолда бар технологияларын жетілдіру және жаңа экономикалық тиімдi және, экологиялық қауіпсізді ылғал- ресурстарды сақтаушы технологияларын әзірлеу; 4. Республиканың әрбір агроэкологиялық аумағында кездесетін зиянды ағзалардың түр құрамын, экологиялық өзгешіліктерін зерделеу және олардың зияндылығын анықтау; шаруашылықты жүргізу- дің жаңа түрлеріне өтуді ескере отырып агроэкожүйелердің фитосанитарлық тұрақтылығы теориялық негіздерін жетілдіру; 5. Су шаруашылығын оңтайлы басқару үшін методологиялық негіздерін, суландыру жүйесінде су көтеру, су тарату және суаруды, механизация- лау және автоматтан- дырудың технологиясын, техникалық құралдарын, машиналарын және құрылғыларын әзірлеу; 6. Ормандарды және қорғаныс орман өсіру, ормантану және орман шаруашылығы теориялық негіздерін жетілдіру, сондай-ақ оларды техникамен қамтамасыз ету. ІІ. Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және сақтау салаларын- да қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарды келесі 6 негізгі бағыттарда жүргізу, оның ішінде: 2 жаңа бағытта: 1. Экологиялық қауіпсіз ресурсты сақтандыру биотехноло- гиясын және қоршаған ортаны сақтауға арналған микроағзалар- дың генқорын қалыптас- тыру және сақтау; 2. Пайдалануға дайын жоғары дәрежелі азық өнімін және азық қосымшаларын құру. 4 жалғасушы бағытта: 1. Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі үшін микроағзалардың генқорын қалыптастыру және сақтау; 2. Өсімдік және малдан шыққан ауыл шаруашылық шикізатын қайта өңдеу және сақтау бойынша қолда бар технология- лар мен технологиялық жабдықтарды жетілдіру; 3. Әр түрлі ауылшаруа- шылық малдар, құстар және балықтар түрлеріне арналған құрама азық және азықты қосымшаларын өндіру үшін тиімді технологияларын әзірлеу; 4. Көпшіліктің пайдалануы және болашағы төмендеу халықтың тобы, оның ішінде балалар мен қолайсыз экологиялық аудандардың тұрғындары үшін құрамы емдеу-сақтандыруға бағытталған ұлттық өнімдерді және жаңа ұрпақтың денсаулық азықтарын құру. ІІІ. Мал шаруашылығы және ветеринарлық медицина саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстарын келесі 7 негізгі бағыттары бойынша жүргізу, оның ішінде: 5 жаңа бағытта: 1. Иммуногенетикалық мониторингті пайдалану негізінде ауылшаруа- шылық малдарының популяциясының және тұқымдарының генетика- лық құрылымын иммуногенетикалық талдау тәсілдерi арқылы зерттеу; 2. Ауылшаруашылық малдарының және құстардың аз және құрып бара жатқан түрлері, тұқымдарын, сүлелерін, желілерін және кросстарының биоматериалдарын (эмбриондар мен гаметалар) банктерін жасау және жоғары өнімді, аса құнды генотиптерін жедел- детіп шығарудың мал өсіру бағытындағы биотехнологиясын жетілдіру; 3. Иммунологиялық және эпизоотологиялық мониторинг әдістеме- лерін әзірлеу және емдеу-профилактикалық, диагностикалық вакциналарды жасау, ауылшаруашылық малдарының және құстардың инфекциялық ауруларының қоздырғыштарының генетикалық және иммунобиологиялық қасиеттерін зерттеу; 4. Тиімді терапевти- калық, емдеу-профилак- тикалық және дезинва- зия құралдарын жаңа дәрілердің формалары мен препараттарын жетілдіру арқылы, сонымен қатар жергі- лікті өсімдіктер мен минералдарды пайдалану негізінде әзірлеу; 5. Ауылшаруашылық малдарының және құстардың инфекциялық, жұқпалы және жұқпайтын ауруларының диагности- калық, профилактикалық және терапиялық биопрепараттарын алудың биотехнология- лық әдістемелерін әзірлеу. 2 жалғасушы бағытта: 1. Отандық және әлемдік гендік қорды пайдалану арқылы ауыл шаруашылық малдарының, құстардың және балықтардың жаңа тұқымдарын, сүлелерін, желілерін, кросстарын шығару және бар малдардың асыл тұқымдық және өнімділік қасиеттерін арттыруды жетілдіру; 2. Экологиялық таза сиыр, қой, жылқы және шошқа еттерін өндірудің прогрессив- тік технологиясын әзірлеу негізінде жергілікті аймақтарға қолайлы күтіп баптау және азықтандыруды ескере отырып оңтайлы технологиясын шығару. ІV. Ауыл шаруашылығын механизацияландыру саласында қолданбалы ғылыми және тәжірибе- конструкторлық зерттеулерді 3 негізгі бағыттары бойынша жүргізу, соның ішінде: 1 жаңа бағытта: 1. Ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу, ескірген тетіктерін қалпына келтіру және технологиялық қызмет көрсету үшін наноматериалдар пайдалану арқылы жаңа ресурс үнемдеу технологиялар мен құралдарды әзірлеу. 2 жалғасушы бағытта: 1. Егіншілік және мал шаруашылық салаларында баптау және малды ұстау жүйесінің аймақтық жағдайына қарап ресурс үнемдеу және бәсекелестікке төтеп бере алатын технологиялар және машиналар жүйесін әзірлеу, соның ішінде қайта қалпына келетін энергия көздерін пайдалану, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу; шалғайдағы фермерлік шаруашылықтарды энергия және сумен жабдықтау, еңбек және материалдық шығындарды үнемдейтін құралдарын әзірлеу. 2. Республикалық әр-қилы жер-климаттық жағдайына қарай отандық және шетелдік ауылшаруашылық техникаларын мемлекеттік сынау, сертификациялау және ұсыныстар әзірлеу. V. Ауыл шаруашылық экономикасы саласында қолданбалы ғылыми- зерттеулерді 5 негізгі бағыттар бойынша жүргізу, соның ішінде: 2 жаңа бағытта: 1. Агроөнеркәсіп кешенінің 2015 жылға дейін дамуының болжауын әзірлеу; 2. Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінде аумақтық- салалық кластерлердi ұйымдастыру- экономикалық негіздерін қалыптастыру. 3 жалғасушы бағытта: 1. Ауылшаруашылықтың дамуының стратегиялық бағыттарын, қайта өңдеу жүйесінің және оның салаларының материалдық-техникалық жабдықтау мен қызмет көрсетудің ғылыми негіздерін әзірлеу. 2. Ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіптік кешен құрылымдарын тиімді кооперапиялау мен ықпалдастырудың, ауыл шаруашылығы өндірісі субъектілерi классификаторлары жүйесінің экономикалық тетіктерін әзірлеу. 3. Ауыл тұрғындарының өмір сапасының индикаторларын қалыптастыру, ауылдық аумақтарды дамыту, еңбек қатынастарын, ауыл халқын оңтайлы орналастыру және жұмыспен қамтудың ғылыми негіздерін әзірлеу. VІ. Мемлекеттік ғылыми-зерттеу экспертизасын өткізу қызметін өтеу. VІІ. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрінің бұйрығымен бекітілген қаржыландыру ретіне және тізімге сәйкес, ғылыми жабдықтарды сатып алу үшін ғылыми-зерттеу ұйымдар мен С.Сейфуллин атындағы мемлекеттік агротехникалық университетінде капиталдық трансферттерді аудару. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: тікелей нәтиже:
өсімдіктер мен жануарлардың кеңейтілген, зерттелген және құжатталған гендік қоры;
ауыл шаруашылықтық, жеміс-жидектік және басқа дақылдардың, жануарлар, құстар, аралардың және балықтардың түрлері, бағыттары мен типтерінің жоғарыөнімді сорттарын және гибридтерін құру;
ауыл шаруашылықтық және басқа дақылдардың егіп өсірудің, орманды жасанды қалпына келтірудің экологиялық қауіпсіз және экономикалық орынды ресурстарды сақтаушы максималды технологияларын жасау және жетілдіру;
қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарды агроөнеркәсіп кешенінің 33 приоритеттік бағыттарында, соның ішінде: 15 жаңа және 18 жалғасушы бағыттарында жүргізу;
ғылыми-зерттеу ұйымдарының:
343-ке жуық ғылыми жабдықтарды, соның ішінде 33 жасуша және молекулалық деңгейде жүргізілетін зерттеулерге арналған жоғары дәлдік жабдықтар, 254 - лабораториялық жабдықтар, 17 - микроскоп, 39 - өлшеуіш жабдықтарды;
68-ге жуық оргтехника, соның ішінде 65 - компьютер, 3 - офистік жабдықтарды;
106-ға жуық ауыл шаруашылық техникаларды, соның ішінде 44 - жер өңдеу және егіс жұмыстарға, 4 - астық жинауға, 8 - ауыл шаруашылық көліктерді, 32 - технологиялық және станоктік жабдықтарды, 18 - су техникасын сатып алуы.
Соңғы нәтижесі:
1000 басқа жуық жануарлардың және 100 нұсқаға жуық өсімдіктердің гендік қоры кеңейтіледі, зерттеледі және құжатталады;
ауыл шаруашылық, жеміс-жидек және басқа дақылдарының жоғарыөнімдік жаңа 54-ке жуық сорттары мен гибридтері шығарылады және мемлекеттік сынаққа жіберіледі;
ауыл шаруашылық жануарлардың, құстардың, араның және балықтардың 2 типтері мен 3 аталы іздері шығарылады;
6 жуық ауыл шаруашылық және басқа дақылдарын өңдеу экологиялық қауіпсіз және экономикалық маңызды, ресурс сақтайтын, барынша бейімделген технологиялар әзірленеді және жетілдіріледі;
3 орман қалыптастыру және орман көбейтудің жасанды технологиялары және 2 су ресурстарын басқару әдістері әзірленеді және 3 жануарларды, құсты, араны және балықты ұстау технологиялары жетілдіріледі;
2 өсімдік шаруашылығы және 3 мал шаруашылығы салаларына арналған ресурс сақтайтын және бәсекеге қабілетті технологиялар және машиналар әзірленеді және жетілдіріледі;
6-дан кем емес тамақтың жаңа таза өнімдерін өндіру технологиясы, 5-тен кем емес ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтаудың және қайта өңдеу технологиялары әзірленеді;
қоршаған ортаны қорғау және ресурссақтайтын экологиялық қауіпсіздік технологияларда қолдану үшін микроағзалардың гендік қоры қалыптастырылады және 10 жуық жобалармен толықтырылады;
агроөнеркәсіптік кешені салаларында динамикалық дамуын қамтамасыз ететін 4-тен кем емес ғылыми әдістемелер, экономикалық және ұйымдастыру шаралары әзірленеді.
Қаржы-экономикалық нәтижесі: бір бағытта жүргізілетін қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстың орташа құны 45212 мың теңгені құрайды.
Уақтылығы: жыл ағымында жасалған шарттарға сәйкес.
Сапасы: аймақтың сәйкес табиғи-климаттық жағдайлары кезінде қолданбалы ғылыми зерттеулерді және ғылыми-конструкторлық жұмыстарды жүргізу:
ауыл шаруашылық жануарлардың, құстардың, балықтың және араның жоғары өнімді тұқымдары, типтері мен аталық іздерін шығару арқылы мал шаруашылық өнімінің көлемін орташа 5-7% дейін көтерілуіне;
ауыл шаруашылық, жеміс-жидек және басқа дақылдардың жоғары өнімді сорттары мен гибридтерін шығару арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің орташа 15-20% дейін көтерілуіне;
ауыл шаруашылық жануарларының, құстың, балықтың және араның ресурс және энергия сақтайтын баптау және көбейту технологияларын әзірлеу арқылы малшаруашылық өнімін өндіруінің тиімділігі 3-4% дейін көтерілуіне;
егін шығымдылығын өсуінің 5-10% дейін, еңбек шығынның 20% дейін, жағар-жанар май материалдарының шығынын 30% дейін төмендеуін қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық және басқа дақылдардың экологиялық қауіпсіз және экономикалық жөнділік, ресурс сақтайтын, барынша бейімделген өсіру технологияларды әзірлеу арқылы егіншілік және өсімдік шаруашылығы саласының өнімінің өндірудің тиімділігінің көтерілуіне;
су ресурстарын басқаруының әдістерін әзірлеу арқылы су және жер ресурстарын қолдану тиімділігін 15-20% дейін көтерілуі қамтамасыз етуіне;
агроөнеркәсіп кешенінің салаларына арналған ресурс сақтайтын жүйелерін, технологияларын және машиналарын шығару арқылы ауыл шаруашылық өнімін өндіретін және қайта өңдейтін кәсіпорындарының өнімділігін қамтамасыз етуіне себепші болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
118-ҚОСЫМША
212 - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Ауыл шаруашылығын институционалдық дамыту»
деген 043 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 25241571 мың теңге (жиырма бес миллиард екі жүз қырық бір миллион бес жүз жетпіс бір мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы "Астық туралы" заңының 4, 6, 10-баптары; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіп кешені және ауылдық аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 9 және 10-баптары; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегі № 1149 "2004-2010 жылдарға арналған Ауылдық аймақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 237 "Аграрлық секторды кредиттеу туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылдың 27 сәуіріндегі № 470 "Астық қолхаттарының міндеттемелерін орындауда кепілдеме жүйесіне байланысты кейбір сұрақтар туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 858 "Тоқыма өнеркәсібі" пилоттық кластерін дамытудың кейбір мәселелері туралы" қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 654 "АКК-ның 2006-2010 жылдарға тұрақты дамуының Концепциясын іске асырудың бекітілген жоспарлар шарасы туралы" қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Аграрлық азық-түліктік секторының тиімді жүйесін қалыптастыру, рыноктік тетіктерін пайдалану негізінде, агроөнеркәсіп кешенінің бюджеттік қаражаттарын инвестициялау.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауылдық кредиттік серіктестіктер желісін дамыту;
агроөнеркәсіп кешенінің экспорт және импорт өндірісінің бәсекелестігін кредиттеу жүйесін дамыту жолымен дамыту;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін лизинг негізінде қазіргі заманғы және жаңа ауыл шаруашылығы техникасымен, арнайы техникамен және технологиялық жабдықтармен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша жабдықтарды сатып алуды қаржыландыру;
Агротехникалық іс шараларды уақытында өткізу мақсатында көктемгі егіс және орақ жұмыстарын қаржыландыру;
Оңтүстік-Қазақстан облысында мақтаны қайта өңдейтін зауыт құру, Баку портында астық терминалын құру және жабдықтау;
Астық рыногын кеңейту;
Ақтау портында астық терминалын дамыту;
Мал шаруашылығы өнімін өндіру, қайта өңдеу, сатып алуды ұйымдастыру және оның қайта өңделген өнімін сату, олардың бәсекелестігін арттыру;
астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік берудің көлемін арттыру;
экономикалық белсенді ауыл халқына шағын кредиттің жүйесін ұйымдастыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдарла- малардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орындау- шылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 043 | | Ауылша- руашы- лығын институ- ционалдық дамыту | | | |
2 | | 100 | Ауыл шаруа- шылығы өнді- рісінің кредит беру жүйесін ұйым- дастыру | "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ жарғылық капиталын заңмен белгіленген тәртіпте ұлғайту жөніндегі шаралар: облыстардан өтініштер келіп түсуіне қарай қосымша 10 ауылдық кредит серіктестігін (АКС) құруға қатысу. Құрылатын ауылдық кредит серіктестіктер- дің жарғылық капиталындағы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қатысу үлесі бастапқы кезеңде жарғылық капиталдың жалпы көлемінен кемінде 35 пайызды құрауға тиіс; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін ауыл шаруашылығы өндірісi мен өнеркәсібіне ауылдық кредит серіктестіктер жүйесi арқылы кредит беру; ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу бойынша инфрақұрылымға кредит беру. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
3 | | 101 | Ауыл шаруа- шылығы өндірі- сіне техни- калық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұ- рылымды ұйымдас- тыру | "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамның жарғылық капиталын, кейіннен лизингке беру үшін ауыл шаруашылығы техникасын, технологиялық жабдықтарды, арнайы техниканы, сондай-ақ АӨК субъектілеріне арналған ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдейтін жабдықтарды сатып алуды қаржыландыру үшін ұлғайту. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
4 | | 102 | Өсімдік шаруа- шылығы өнімдерi рыногының өндірісін және оны дамытуды қолдау | "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
5 | | 103 | Мал шаруа- шылығы өнімін өндіруді, өңдеудi және іске асыруды қолдау | "Мал өнімдерi корпорациясы" жабық акционерлік қоғамының жарғылық капиталын заңнама белгіленген тәртіпте ұлғайту: - мал өнімдерін сатып алуды ұйымдастыру өткізу және импортты алмастыратын мал өнімдерін өндіру, өңдеу, тасымалдау, сақтау және ішкі және сыртқы рыноктарда мал өнімдерін, оның өңделген өнімдерін сату, қалыптастыру. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
6 | | 104 | Астық қолхат- тары бойынша міндетте- мелердің орын- далуын қамта- масыз ету | Астық қолхаттары бойынша міндеттеме- лерді орындауға кепілдік беру көлемін ұлғайту үшін "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелердi орындауға кепілдік беру қоры" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын көбейту. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7 | | 105 | Ауыл халқына шағын- кредит беру жүйесін ұйым- дастыру | "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ның (бұдан әрі - Қор) жарғылық капиталын: ауыл халқына шағын кредит беру; ауыл халқына кәсіпкерлік негіздерін оқытуды ұйымдастыру және Қордың кадрларын даярлау және қайта даярлау; қордың материалдық- техникалық базасын дамыту (кеңсе бөлмелерін, оргтех- никаны, кеңсе жиһазын, автокөлікті сатып алу, бағдарламалық өнімді сатып алу және қондыру) үшін заңнамада белгіленген тәртіппен ұлғайту. | Қаңтар- жел- тоқсан | Қазақстан Республи- касы Ауыл шаруашы- лығы министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Ауыл шаруашылығы өндірісіне кредит беру жүйесін ұйымдастыру:
Тікелей нәтижелер:
- ауыл аудандарын мейлінше толық қамту үшін ауылдық кредит серіктестіктері желісін 10 бірлікке ұлғайту;
- жеңілдігі бар кредит ресурстарымен қамтамасыз етілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша кәсіпорындарды 15%-ға ұлғайту.
Соңғы нәтижелер:
- ауылдық кредит серіктестіктері жүйесін әрі қарай дамыту үшін жағдай жасау және жеңілдігі бар кредит ресурстарымен қамтамасыз ету;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша кооперативтерге жеңілдікпен кредит беру арқылы инфрақұрылымды көтермелеу;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алу нарығында бәсекеге қабілетті орта құру және өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуге кепілдік үшін жағдай жасау;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу бойынша инфрақұрылым субъектілеріне кредит беру арқылы экономиканың аграрлық секторына оңтайлы мемлекеттік қолдау көрсету.
Қаржы-экономикалық нәтижесі:
- ауылдық кредит серіктестіктеріне және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірлестіктеріне берілетін кредит ресурстары бойынша сыйақы ставкасының пайызын азайту;
- келесі бағыттар бойынша бюджеттік қаражатты игеру жоспарын орындау:
- 10 ауылдық кредит серіктестіктерінің жарғылық капиталына қатысу - 52,5 млн. теңге;
- ауылдық кредит серіктестіктеріне кредит беру - 5347,5 млн. теңге;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу бойынша инфрақұрылымға кредит беру - 3541,571 млн. теңге.
Уақыттылығы:
- 2006 жылғы желтоқсанның соңына дейін қосымша 10 ауылдық кредит серіктестігін құру;
- 2006 жылғы қыркүйектің соңына дейін ауылдық кредит серіктестіктері жүйесі арқылы ауыл шаруашылығы өндірісіне және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін өнеркәсіпке кредит беру;
- 2006 жылғы қарашаның соңына дейін ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, қайта өңдеу және өткізу бойынша инфрақұрылымға кредит беру.
Сапасы:
- тиімді ауылдық кредит серіктестіктері желісін құру;
- импорттық ауыл шаруашылығы өнімдері үлесін азайту және экспорт үлесін ұлғайту.
Ауыл шаруашылығы өндірісіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі инфрақұрылымды ұйымдастыру:
Тікелей нәтижелер:
- машина-трактор паркін 4,9% жаңарту;
- ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу бойынша бәсекеге қабілетті өндірісті құру;
- қосымша жұмыс орындарын құру;
- нақты және моральдік тұрғыдан ескірген машина-трактор паркін 0,5% қысқарту.
Түпкілікті нәтижелер:
- қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;