Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi
жоспарларын әзiрлеудiң ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 14 маусымдағы № 647 қаулысы
(2006.17.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2006 ж. 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен тақырыбына және мәтiнiне өзгерістер енгізілді (бұр.ред. қара)
Орта мерзімді және бюджеттік жоспарлау процестерiн үйлестiрудi, орталық, жергiлiктi атқарушы және өзге мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын қалыптастыру жөніндегі өзара iс-қимылын ұйымдастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң ережесi (бұдан әрi - Ереже) бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдерi Ережеге сәйкес облыстардың, Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының алдағы және кейiнгi кезеңдерге арналған орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудi қамтамасыз етсiн.
3. Ұлттық компаниялар:
1) үстiмiздегi жылдың 15 маусымына дейiн 2002 жылға арналған Даму жоспарларын Қазақстан Республикасының Yкіметіне бекітуге енгізудi;
2) бұрын бекітілген 2002 жылға арналған даму жоспарларын Ережеге сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.
4. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 21 наурыздағы № 432 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 жыл, № 17, 170-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | | | И. Тасмағамбетов |
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң
2002 жылғы 14 маусымдағы
№ 647 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен Ережеге өзгерістер енгізілді; ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен Ереженің тақырыбына және мәтiнiне өзгерістер енгізілді (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201 (бұр. ред. қара); 2005.20.07. № 748 (бұр. ред. қара) қаулыларымен ереженің мәтіні өзгертілді
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық
дамуының орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң
ЕРЕЖЕСI
1-бөлiм. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 (бұр.ред. қара); 15.11.04 ж. № 1201; 2005.20.07. № 748 (бұр. ред. қара); 2006.17.08. № 780 (бұр.ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарларын (бұдан әрi - орта мерзiмдi жоспарлар) акционері ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды (бұдан әрі - ұлттық компаниялар) қоспағанда, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзiрлеу ұғымын және әдiснамалық негiздерiн, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың оларды қалыптастыру жөніндегі өзара іс-қимылының тетiгiн белгiлейдi.
Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе мәслихат бекiтетiн, республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткiштерi мен бағыттарын және оларды iске асыру жөнiндегі шараларды айқындайтын құжат.
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
2. орта мерзiмдi жоспар:
ел экономикасының сыртқы және iшкi факторларға байланысты таяудағы үш жылдағы даму қарқынын негiздейтiн және индикативтi сипаты бар;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың экономиканың жеке меншiк және мемлекеттік секторларын дамыту және Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауына Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Бағдарламасына сәйкес жоспарланатын кезеңде Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуi үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі iс-қимылдарын айқындайтын;
әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуiштерiнiң көрсеткiштерi (индикаторлары) мен тiзбесiн қамтитын құжат болып табылады.
3. Орта мерзiмдi жоспардың мақсатты параметрлерi ретiнде экономиканың серпiнiн, құрылымын және тиiмдiлiгiн сипаттайтын әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерi (индикаторлары) пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісім бойынша уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрi Министрлiк) әлеуметтiк-экономикалық даму көрсеткiштерiнiң (индикаторларының) нақты тiзбесiн белгiлейдi.
4. Белгiленген мақсаттарға жету үшiн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң экономикалық қызметiне ықпал етудi реттейтiн негiзгi құралдар құқықтық регламенттеу және экономикалық тұтқалар жүйесi болып табылады.
Экономикалық реттеу тұтқаларының тiзбесi және iс-әрекетiнiң бағыттылығы, нақты сандық мәндер орта мерзiмдi жоспарлау процесiнде айқындалады.
5. Орта мерзiмдi жоспарлау - ?кімет пен облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, әкiмдiктерiнiң жоспарланатын кезеңде Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарларында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Бағдарламасында белгiленген мақсаттарға жетуге бағытталған шаралар кешенiн әзiрлеу процесi.
6. Орта мерзiмдi жоспарлау:
1) әлемдiк және отандық экономиканы, сыртқы, iшкi тауар және қаржы рыноктарын дамытуды экономикалық талдау мен болжауға негiзделедi;
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 2-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
2) елдiң және оның өңiрлерiнiң экономикасын серпiндi дамыту үшiн шарттарды айқындайды;
3) жоспарланатын кезеңде Қазақстан Республикасы дамуының әлеуметтiк-экономикалық проблемаларын шешу кезiнде кешендi көзқарасты қамтамасыз етедi;
4) аймақаралық ықпалдастықты дамытуға және халық кiрiстерiнiң артуына ықпал етедi;
5) нарықтық тетiктердiң iс-әрекетi негiзiнде экономиканың өздiгiнен реттелуiнiң жоғары деңгейiн қамтамасыз етуге ықпал етедi.
2-бөлiм. Орта мерзімді жоспарлау жүйесi
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
7. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығына қарай орта мерзiмдi жоспарлар республикалық және аймақтық деңгейлерде әзiрленедi.
Республикалық деңгейде әзiрленетiн, экономиканың аясы мен салаларындағы мемлекеттік реттеу шараларын қамтитын орта мерзiмдi жоспар Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Республикалық орта мерзiмдi жоспар) деп аталады.
Республикалық орта мерзiмдi жоспарды Министрлiк Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарының қатысуымен әзiрлейдi.
Аймақтық деңгейде әзiрленетiн, облыстарды, республикалық маңызы бар қалалардың тиiмдi дамытуға бағытталған экономикалық және әлеуметтiк шаралар кешенiн қамтитын орта мерзiмдi жоспар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспары (бұдан әрi - Облыстың орта мерзiмдi жоспары) деп аталады.
Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының әзiрлеушiлерi экономикалық жоспарлау жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органдар (бұдан әрi - жергiлiктi уәкiлеттi органдар) болып табылады.
Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдары Республикалық орта мерзiмдi жоспардың және Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының басты құралдары және құрамдас бөлiгi болып табылатын мемлекеттік, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламаларды әзiрлейдi. Мемлекеттік, салалық (секторалдық) және аймақтық бағдарламалардың жоспарлы кезеңде жүзеге асыруға белгiленген негiзгi iс-шаралары Республикалық орта мерзiмдi жоспардың және Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының тиiстi бөлiмдерiнде баяндалады.
Ұлттық компанияны тиiмдi дамытуға бағытталған экономикалық және инвестициялық шаралардың бүкіл кешенiн қамтитын орта мерзiмдi даму жоспары Ұлттық компанияның даму жоспары деп аталады.
Ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзiрлеушiлер болып табылады.
8. Орта мерзiмдi жоспарлар жыл сайын жоспарланатын кезеңнiң бiр жылға ұзартылуын көздейтiн жылжымалы негiзде үш жыл мерзiмге әзiрленедi.
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара)
9. Республикалық орта мерзiмдi жоспарды Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын және Ұлттық компаниялардың даму жоспарларын өздерiнiң құзыретi шегiнде орталық және жергiлiктi атқарушы, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдар iске асырады.
10. ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 10-тармақ алып тасталды (бұр.ред. қара)
3-бөлiм. Орта мерзiмдi жоспарлардың құрылымы
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
11. Республикалық орта мерзiмдi жоспар мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негізгi бағыттары (бұдан әрi - негiзгi бағыттар);
2) әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуiштерi табиғи монополиялардың өнімдерi мен көрсететiн қызметтерi тарифтерiнiң серпiнi; жалақының, зейнетақылардың, мемлекеттік жәрдемақылардың ең төменгi мөлшерлерi, күнкөрiстiң ең төмен деңгейi, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер импортына кедендiк тарифтердiң өзгеруi; жұмыс күшiнiң импортына квоталар; өнiмдер (тауарлар, көрсетілетiн қызметтер) өндiрiсiнiң стандарттары;
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы;
4) қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi;
5) қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсіндегі басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi;
ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 780 қаулысымен 6) тармақша өзгертілді
6) ұлттық компанияларды, оның ішінде акционері ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды дамытудың негiзгi бағыттары мен негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы.
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
12. Облыстың орта мерзiмдi жоспары мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) облыстың (қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары;
2) облыстың (қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерінің болжамы;
3) қолданыстағы және әзiрленетiн аймақтық бағдарламалардың тiзбесi;
4) қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламалар бөлінісiнде басым жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi.
13. Орта мерзiмдi жоспардың құрылымы, нысандары және көрсеткiштерiнiң тiзбесi Министрлiктiң бұйрығымен бекітіледi.
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 4-бөлім жаңа редакцияда (бұр.ред. қара)
4-бөлім. Орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеудiң және
бекітудiң тәртібі
1-бөлiмше. Республикалық орта мерзiмдi жоспарды әзiрлеудiң және
бекітудiң тәртібі
ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 780 қаулысымен 14-тармақ өзгертілді
14. Республикалық орта мерзiмдi жоспарды әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
Бiрiншi кезеңде орта мерзiмдi фискалдық саясат жобасын, алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын қалыптастырудың негiзi болып табылатын Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасы әзiрленедi.
Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастыру бiрiншi кезеңде мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 қаңтарына дейiн Республикалық орта мерзiмдi жоспар бөлімдерінің нысандарын, көрсеткiштерiнiң тiзбесiн және құрылымын орталық және жергілiктi атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жiбередi;
2) Министрлiк орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың алдағы үш жылдық кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткiштерiнің болжамдарын (бұдан әрi - Аса маңызды көрсеткiштердiң болжамы) әзiрлейдi және Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына енгiзедi.
Бюджет комиссиясы мақұлдаған Республикалық орта мерзiмдi жоспардың Аса маңызды көрсеткіштерiнің болжамын Министрлiк үш күндiк мерзiмде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жiбередi;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар Республикалық орта мерзiмдi жоспар бөлiмдерiнiң құрылымына және көрсеткiштерiнiң нысандарына сәйкес жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей, Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiне және басымдылық тәртібімен олардың бөлiнiсiнде қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi бойынша Министрлiкке ұсыныстар бередi;
4) Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 наурызына дейiн орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардан алынған материалдардың негізiнде Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жоспарланатын кезеңге арналған жобасын қалыптастырады және бюджет комиссиясына енгізедi. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың ұсыныстарында алшақтықтар туындаған жағдайда, келiспеушілiктер хаттамасы қоса беріледi;
5) жоспарланатынның алдындағы жылдың сәуiрiнде Министрлiк орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығымен бекiтілген кестеге сәйкес Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн пысықтауды жүргiзедi;
6) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар кезең-кезеңмен келiсудi және жергiлiктi атқарушы органдармен Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiн нақтылауды жүргізедi және бөлiмдер мен көрсеткiштердiң пысықталған нұсқасын жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей Министрлiкке ұсынады;
7) жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн Министрлiк Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастырады және оны мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарға келiсуге жiбередi;
ҚР Үкіметінің 2005.20.07. № 748 (бұр. ред. қара) қаулысымен 8)-тармақша өзгертілді
8) жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы және орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуiштерi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін енгізiледi.
Екiншi кезеңде қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбелерiн, қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсіндегі басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды), ұлттық компанияларды, оның ішінде акционері ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды дамытудың негiзгі бағыттары мен негізгі көрсеткiштерiнiң болжамын қалыптастыру және ел экономикасын дамытудың болжамды бағалауды нақтылау, Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн түзету жүргізіледi.
Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастыру екiншi кезеңде мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) жоспарланатынның алдындағы жылдың маусымында Министрлік орталық және жергілiкті атқарушы органдардың, сондай-aқ өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн пысықтауды жүргiзедi;
2) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiн жергіліктi атқарушы органдармен кезең-кезеңiмен келiсудi және нақтылауды жүргiзедi және бөлiмдер мен көрсеткiштердiң пысықталған нұсқасын жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 шiлдесiнен кешiктiрмей Министрлiкке ұсынады;
3) жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 тамызына дейiн Министрлiк Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастырады және оны мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарға келiсуге жiбередi;
4) Республикалық орта мерзiмдi жоспар жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 тамызына дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгілде Үкiметтің қарауына енгізiледi және жылдың 1 қыркүйегінен кешiктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
2-бөлiмше. Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң және
бекітудiң тәртібі
15. Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
Бiріншi кезеңде жергілiкті уәкілетті органдар:
алынған материалдар мен экономикалық жоспарлау жөніндегі аудандық және қалалық бөлiмдердiң ұсыныстары негiзінде экономикалық қызмет түрлерi бөлiнiсiнде Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының iрілендiрiлген параметрлерiн әзiрлейдi және жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 ақпанына дейiн бюджет комиссиясына ұсынылатын Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасына енгізу үшін Министрлiкке ұсынады;
жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 наурызына дейiн жергілiктi уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімді жоспарларының жобаларын тиiсті жергілiктi бюджет комиссиясының қарауына жiбередi;
жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн жергілiктi уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімдi жоспарларының жобаларын Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығымен бекiтілген кестеге сәйкес Министрлiкпен және басқа мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен келiсудi жүзеге асырады;
жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 маусымына дейiн облыстың (қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары және облыстың (қаланың) орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерiнiң болжамы жергілiктi атқарушы органның бекітуiне енгізіледi.
Екiншi кезеңде қолданыстағы және әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламалардың тiзбелерiн, басым жергілiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қалыптастыру және өңiрдi дамытудың болжамды бағалауды нақтылау, Облыстың орта мерзiмдi жоспарының бөлiмдерiн түзету жүргiзiледi:
1) жоспарланатынның алдындағы жылдың шiлдесiнде жергілiктi уәкілеттi органдар Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын пысықтауды жүзеге асырады және оларды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдiктерiнiң қарауына енгiзедi;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдiктерi 15 қазанға дейiн мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен келiсілген Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын алдағы қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң жобаларымен бiр мезгiлде тиiсті мәслихаттардың бекітуiне ұсынады.
5-бөлiм. Ұлттық компаниялардың Даму жоспарларын
әзiрлеудiң және бекітудiң құрылымы, тәртібі
ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201 (бұр. ред. қара); 2005.20.07. № 748 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 16-тармақ өзгертілді
16. Ұлттық компаниялар өздерінің Даму жоспарларын жылжымалы негiзде жыл сайын үш жыл мерзiмге әзiрлейдi (бұдан әрi - Ұлттық компаниялардың жоспарлары).
17. Ұлттық компаниялардың жоспарлары мынадай бөлiмдердi қамтиды:
1) ұлттық компанияны дамытудың жай-күйi және перспективалары туралы баяндама;
ҚР Үкіметінің 15.11.04 ж. № 1201 қаулысымен 17-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) ұлттық компанияның инвестициялық бағдарламасы;
3) дамудың аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы.
18. Ұлттық компаниялар жоспарлары бөлiмдерiнiң құрылымы, нысандары мен көрсеткiштерiнiң тiзбесi Министрлiктiң бұйрығымен бекітіледi.
ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1184 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
19. Ұлттық компаниялардың жоспарларын әзiрлеу және бекіту мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 1-тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
1) Министрлiк бекiткен Ұлттық компания жоспарының нысандары, көрсеткiштер тiзбесi және құрылымы негiзiнде жоспарланатынның алдындағы жылдың қаңтарында ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұлттық компания жоспары жобасының әзiрленуiн ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 2-тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
2) салалық мемлекеттік органда қаралғаннан кейiн Ұлттық компания жоспарының жобасы жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей Министрлiкке тапсырылады;
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 3-тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
3) ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 780 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред. қара)
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 4-тармақша өзгертілді (бұр.ред. қара)
4) жоспарланатынның алдындағы жылдың тамызында Ұлттық компаниялар жоспарларының жобалары заңнамада белгiленген тәртiппен мүдделi мемлекеттік органдармен, соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестіктi қорғау жөніндегі агенттiгiмен (табиғи монополиялардың субъектiлерi болып табылатын және Қазақстан рыногында басымдық жағдайға ие ұйымдар үшiн) келісіледi;
ҚР Үкіметінің 01.07.04 ж. № 723 қаулысымен 5-тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред. қара); 15.11.04 ж. № 1201 қаулысымен өзгертілді (бұр. ред. қара)
5) жоспарланатынның алдындағы жылдың төртiншi тоқсанында ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленудi және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұлттық компаниялардың жоспарлары жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен бекітуге ұсыну) үшiн енгізудi қамтамасыз етедi.
6-бөлiм. Орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеудi
әдiснамалық және ақпараттық қамтамасыз ету
20. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеу кезіндегі жұмыстарына әдiснамалық басшылықты және оларды үйлестiрудi Министрлiк жүзеге асырады.
21. Министрлiк өзiнiң шешiмдерiмен бағалар дамуының және тауарлар мен қызмет көрсетулер өндiрiсi серпiнiнiң болжамдық көрсеткiштерiн анықтауды қоса алғанда, орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерiн қалыптастыру жөнiнде әдiстемелiк ұсыныстар әзiрлейдi және бекiтедi.
22. Орта мерзiмдi жоспарлау Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң деректерiне, мемлекеттік органдар жүзеге асыратын мониторингтерге, халықаралық қаржы институттарының есептерiне және басқа да ресми ақпаратқа негiзделедi.
23. Министрлiк орталық және жергiлiктi атқарушы органдардағы, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардан орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеу және оларды осы Ережеде белгiленген мерзiмдерде iске асырудың барысын талдау үшiн қажеттi ақпараттық-статистикалық материалдар алуға құқылы.
24. Министрлiк және жергiлiктi уәкiлеттi органдар орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеу үшiн өздерiнiң құзыреті шегінде меншiк нысанына қарамастан ұйымдардан қажеттi ақпарат алуға құқылы.
Егер сұратылатын ақпарат ұйымның пiкiрi бойынша коммерциялық құпия болып табылатын және жариялауға жатпайтын жағдайда Министрлiкке бұл туралы хабарланады.
Коммерциялық құпияның бар екендiгi туралы мәлiметтер расталғаннан кейiн ақпаратты пайдалану және беру "қызмет бабында пайдалану үшiн" белгiсiмен жүзеге асырылады, бұл ретте Министрлiк және жергiлiктi уәкiлеттi органдар қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес оны пайдаланудың белгiленген режимiн сақтау үшiн жауапты болады.
7-бөлім. Орта мерзiмдi және бюджеттік жоспарлауды үйлестiру
25. Республикалық орта мерзiмдi жоспар және Облыстардың орта мерзiмдi жоспарлары тиiстi жылға арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде негiз болып табылады.
26. Орта мерзiмдi жоспардың аса маңызды макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң болжамы негiзiнде мемлекеттік бюджеттiң алдағы үшжылдық кезеңге арналған болжамдық көрсеткiштерi әзiрленедi.