Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі № 723 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарларын әзiрлеудiң ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 190-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсiн:
тақырыбында және мәтiнiнде "индикативтiк" деген сөз "орта мерзiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта "Астана және Алматы қалаларының" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын әзiрлеудiң ережесінде:
тақырыбында және мәтiнiнде:
"индикативтiк" деген сөз "орта мерзiмдi" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Астана және Алматы қалаларының" деген сөздер "республикалық маңызы бар қалалардың, астананың" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары Қазақстан Республикасының Yкіметі немесе мәслихат бекiтетiн, республиканың немесе өңiрдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткiштерi мен бағыттарын және оларды iске асыру жөнiндегі шараларды айқындайтын құжат.";
2-тармақтың екiншi абзацында "негiздейтiн" деген сөзден кейiн "және индикативтi сипаты бар" деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) елдiң және оның өңiрлерiнiң экономикасын серпiндi дамыту үшiн шарттарды айқындайды;";
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"Ұлттық компанияны тиiмдi дамытуға бағытталған экономикалық және инвестициялық шаралардың бүкіл кешенiн қамтитын орта мерзiмдi даму жоспары Ұлттық компанияның даму жоспары деп аталады.
Ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзiрлеушiлер болып табылады.";
9-тармақта "және Облыстардың индикативтiк жоспарларын" деген сөздер "Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын және Ұлттық компаниялардың даму жоспарларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ алынып тасталсын;
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Республикалық орта мерзiмдi жоспар мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негізгi бағыттары (бұдан әрi - негiзгi бағыттар);
2) әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуiштерi табиғи монополиялардың өнімдерi мен көрсететiн қызметтерi тарифтерiнiң серпiнi; жалақының, зейнетақылардың, мемлекеттік жәрдемақылардың ең төменгi мөлшерлерi, күнкөрiстiң ең төмен деңгейi, тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер импортына кедендiк тарифтердiң өзгеруi; жұмыс күшiнiң импортына квоталар; өнiмдер (тауарлар, көрсетілетiн қызметтер) өндiрiсiнiң стандарттары;
3) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы;
4) қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбесi;
5) қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсіндегі басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi;
6) ұлттық компанияларды дамытудың негiзгi бағыттары мен негiзгi көрсеткiштерiнiң болжамы.
12. Облыстың орта мерзiмдi жоспары мынадай бөлiмдерден тұрады:
1) облыстың (қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары;
2) облыстың (қаланың) әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерінің болжамы;
3) қолданыстағы және әзiрленетiн аймақтық бағдарламалардың тiзбесi;
4) қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламалар бөлінісiнде басым жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi.";
4-бөлiм мынадай редакцияда жазылсын:
"4-бөлім. Орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеудiң және бекітудiң тәртібі
1-бөлiмше. Республикалық орта мерзiмдi жоспарды әзiрлеудiң және бекітудiң тәртібі
14. Республикалық орта мерзiмдi жоспарды әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
Бiрiншi кезеңде орта мерзiмдi фискалдық саясат жобасын, алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілiктi бюджеттердiң жобаларын қалыптастырудың негiзi болып табылатын Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасы әзiрленедi.
Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастыру бiрiншi кезеңде мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 қаңтарына дейiн Республикалық орта мерзiмдi жоспар бөлімдерінің нысандарын, көрсеткiштерiнiң тiзбесiн және құрылымын орталық және жергілiктi атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жiбередi;
2) Министрлiк орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың алдағы үш жылдық кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткiштерiнің болжамдарын (бұдан әрi - Аса маңызды көрсеткiштердiң болжамы) әзiрлейдi және Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрi - бюджет комиссиясы) қарауына енгiзедi.
Бюджет комиссиясы мақұлдаған Республикалық орта мерзiмдi жоспардың Аса маңызды көрсеткіштерiнің болжамын Министрлiк үш күндiк мерзiмде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жiбередi;
3) орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар Республикалық орта мерзiмдi жоспар бөлiмдерiнiң құрылымына және көрсеткiштерiнiң нысандарына сәйкес жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей, Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiне және басымдылық тәртібімен олардың бөлiнiсiнде қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi бойынша Министрлiкке ұсыныстар бередi;
4) Министрлiк жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 наурызына дейiн орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардан алынған материалдардың негізiнде Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жоспарланатын кезеңге арналған жобасын қалыптастырады және бюджет комиссиясына енгізедi. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың ұсыныстарында алшақтықтар туындаған жағдайда, келiспеушілiктер хаттамасы қоса беріледi;
5) жоспарланатынның алдындағы жылдың сәуiрiнде Министрлiк орталық және жергілiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрiнiң бұйрығымен бекiтілген кестеге сәйкес Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн пысықтауды жүргiзедi;
6) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар кезең-кезеңмен келiсудi және жергiлiктi атқарушы органдармен Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiн нақтылауды жүргізедi және бөлiмдер мен көрсеткiштердiң пысықталған нұсқасын жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 сәуiрiнен кешiктiрмей Министрлiкке ұсынады;
7) жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн Министрлiк Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастырады және оны мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарға келiсуге жiбередi;
8) жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 мамырына дейiн Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң болжамы және орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық дамудың мемлекеттік реттеуiштерi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізiледi.
Екiншi кезеңде қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тiзбелерiн, қолданыстағы әрi әзiрленетiн мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсіндегі басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды), ұлттық компанияларды дамытудың негiзгі бағыттары мен негізгі көрсеткiштерiнiң болжамын қалыптастыру және ел экономикасын дамытудың болжамды бағалауды нақтылау, Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн түзету жүргізіледi.
Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастыру екiншi кезеңде мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
1) жоспарланатынның алдындағы жылдың маусымында Министрлік орталық және жергілiкті атқарушы органдардың, сондай-aқ өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен Республикалық орта мерзiмдi жоспардың бөлiмдерiн пысықтауды жүргiзедi;
2) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар Республикалық орта мерзiмдi жоспардың тиiстi бөлiмдерi мен көрсеткiштерiн жергіліктi атқарушы органдармен кезең-кезеңiмен келiсудi және нақтылауды жүргiзедi және бөлiмдер мен көрсеткiштердiң пысықталған нұсқасын жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 шiлдесiнен кешiктiрмей Министрлiкке ұсынады;
3) жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 тамызына дейiн Министрлiк Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасын қалыптастырады және оны мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарға келiсуге жiбередi;
4) Республикалық орта мерзiмдi жоспар жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 тамызына дейiн алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бiр мезгілде Үкiметтің қарауына енгізiледi және жылдың 1 қыркүйегінен кешiктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi.
2-бөлiмше. Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеудiң және бекітудiң тәртібі
15. Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын әзiрлеу екi кезеңде жүзеге асырылады.
Бiріншi кезеңде жергілiкті уәкілетті органдар:
алынған материалдар мен экономикалық жоспарлау жөніндегі аудандық және қалалық бөлiмдердiң ұсыныстары негiзінде экономикалық қызмет түрлерi бөлiнiсiнде Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларының iрілендiрiлген параметрлерiн әзiрлейдi және жоспарланатынның алдындағы жылдың 20 ақпанына дейiн бюджет комиссиясына ұсынылатын Республикалық орта мерзiмдi жоспардың жобасына енгізу үшін Министрлiкке ұсынады;
жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 наурызына дейiн жергілiктi уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімді жоспарларының жобаларын тиiсті жергілiктi бюджет комиссиясының қарауына жiбередi;
жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырына дейiн жергілiктi уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімдi жоспарларының жобаларын Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрiнiң бұйрығымен бекiтілген кестеге сәйкес Министрлiкпен және басқа мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен келiсудi жүзеге асырады;
жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 маусымына дейiн облыстың (қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының негiзгi бағыттары және облыстың (қаланың) орта мерзiмдi кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерiнiң болжамы жергілiктi атқарушы органның бекітуiне енгізіледi.
Екiншi кезеңде қолданыстағы және әзiрленетiн өңiрлiк бағдарламалардың тiзбелерiн, басым жергілiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қалыптастыру және өңiрдi дамытудың болжамды бағалауды нақтылау, Облыстың орта мерзiмдi жоспарының бөлiмдерiн түзету жүргiзiледi:
1) жоспарланатынның алдындағы жылдың шiлдесiнде жергілiктi уәкілеттi органдар Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын пысықтауды жүзеге асырады және оларды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкiмдiктерiнiң қарауына енгiзедi;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкiмдiктерi 15 қазанға дейiн мүдделi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен келiсілген Облыстардың орта мерзiмдi жоспарларын алдағы қаржы жылына арналған тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң жобаларымен бiр мезгiлде тиiсті мәслихаттардың бекітуiне ұсынады.";
19-тармақта:
1) тармақшада "Акционерлік қоғамдар директорларының кеңестерi (республикалық мемлекеттік кәсiпорындар үшiн - уәкiлеттi органдар)" деген сөздер "ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерiн иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) тармақшада "жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей" деген сөздер "жылдың 1 мамырынан кешiктiрмей" деген сөздермен ауыстырылсын;
3) тармақшада "мамыр-шiлдесiнде" деген сөздер "мамыр-тамызында" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшада ", бәсекелестіктi қорғау және шағын бизнестi қолдау" деген сөздер "және бәсекелестіктi қорғау" деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жоспарланатынның алдындағы жылдың төртiншi тоқсанында ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленудi және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұлттық компаниялардың жоспарлары жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшiн енгізудi қамтамасыз етедi.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |