«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысына өзгерістер
мен толықтыру енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 қарашадағы № 1080 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 17, 190-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесінде:
«Жалпы ережелер» деген 1-бөлімде:
3-тармақтың екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісім бойынша» деген сөздер «Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп,» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орта мерзімді жоспарларды әзірлеудің және бекітудің тәртібі» деген 4-бөлімде:
«Республикалық орта мерзімді жоспарды әзірлеудің және бекітудің тәртібі» деген 1-бөлімшеде:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Республикалық орта мерзімді жоспарды әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.
Республикалық орта мерзімді жоспардың жобасы орта мерзімді фискалдық саясат жобасын, алдағы қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастырудың негізі болып табылады.
Республикалық орта мерзімді жоспардың жобасын қалыптастыру бірінші кезеңде мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Министрлік жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 наурызына дейін Республикалық орта мерзімді жоспар бөлімдерінің нысандарын, көрсеткіштерінің тізбесін және құрылымын орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жібереді;
2) Министрлік орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырына дейін Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың алдағы үш жылдық кезеңге арналған макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамдарын (бұдан әрі - аса маңызды көрсеткіштердің болжамы) әзірлейді және Республикалық бюджет комиссиясының (бұдан әрі - бюджет комиссиясы) қарауына енгізеді.
Бюджет комиссиясы мақұлдаған Республикалық орта мерзімді жоспардың аса маңызды көрсеткіштерінің болжамын Министрлік үш күн мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдарға, өзге де мемлекеттік органдарға, сондай-ақ ұлттық компанияларға жібереді;
3) орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдар Республикалық орта мерзімді жоспар бөлімдерінің құрылымына және көрсеткіштерінің нысандарына сәйкес жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 мамырынан кешіктірмей, Республикалық орта мерзімді жоспардың тиісті бөлімдері мен көрсеткіштеріне және басымдылық тәртібімен олардың бөлінісінде қолданыстағы әрі әзірленетін мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі бойынша Министрлікке ұсыныстар береді;
4) Министрлік жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 маусымына дейін орталық және жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардан алынған материалдардың негізінде Республикалық орта мерзімді жоспардың жоспарланатын кезеңге арналған жобасын қалыптастырады және бюджет комиссиясына енгізеді. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың ұсыныстарында алшақтықтар туындаған жағдайда, келіспеушіліктер хаттамасы қоса беріледі.
Екінші кезеңде қолданыстағы әрі әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалардың тізбелерін, қолданыстағы әрі әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі басым бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды), ұлттық компанияларды, оның ішінде акционері ұлттық холдинг болып табылатын ұлттық компанияларды дамытудың негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамын қалыптастыру және ел экономикасын дамытудың болжамды бағалауды нақтылау, Республикалық орта мерзімді жоспардың бөлімдерін түзету жүргізіледі;
1) жоспарланатынның алдындағы жылдың маусымында Министрлік орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың қатысуымен Республикалық орта мерзімді жоспардың бөлімдерін пысықтауды жүргізеді;
2) орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар Республикалық орта мерзімді жоспардың тиісті бөлімдері мен көрсеткіштерін жергілікті атқарушы органдармен кезең-кезеңімен келісуді және нақтылауды жүргізеді және бөлімдер мен көрсеткіштердің пысықталған нұсқасын жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 шілдесінен кешіктірмей Министрлікке ұсынады;
3) жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 тамызына дейін Министрлік Республикалық орта мерзімді жоспардың жобасын қалыптастырады және оны мүдделі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарға келісуге жібереді;
4) Республикалық орта мерзімді жоспар жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 тамызына дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі және жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.»;
«Облыстардың орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің және бекітудің тәртібі» деген 2-бөлімшеде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Облыстардың орта мерзімді жоспарларын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде жергілікті уәкілетті органдар:
1) алынған материалдар мен экономикалық жоспарлау жөніндегі аудандық және қалалық бөлімдердің ұсыныстары негізінде экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде облыстардың орта мерзімді жоспарларының ірілендірілген параметрлерін әзірлейді және жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 мамырына дейін бюджет комиссиясына ұсынылатын Республикалық орта мерзімді жоспардың жобасына енгізу үшін Министрлікке ұсынады;
2) жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 маусымына дейін жергілікті уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімді жоспарларының жобаларын тиісті жергілікті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;
3) жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 шілдесіне дейін жергілікті уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімді жоспарларының жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес Министрлікпен және басқа мүдделі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады.
Екінші кезеңде қолданыстағы және әзірленетін өңірлік бағдарламалардың тізбелерін, басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қалыптастыру және өңірдің дамуын болжамды бағалауды нақтылау, облыстардың орта мерзімді жоспарларының бөлімдерін түзету жүргізіледі:
1) жоспарланатынның алдындағы жылдың қыркүйегінде жергілікті уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімді жоспарларын пысықтауды жүзеге асырады және оларды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің қарауына енгізеді;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктері жылдың 15 қазанына дейін мүдделі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен келісілген облыстардың орта мерзімді жоспарларын алдағы қаржы жылына арналған тиісті жергілікті бюджеттердің жобаларымен бір мезгілде тиісті мәслихаттардың бекітуіне ұсынады»;
«Ұлттық компаниялардың Даму жоспарларын әзірлеудің және бекітудің құрылымы, тәртібі» деген 5-бөлімде:
19-тармақта:
1) тармақшадағы «қаңтарында» деген сөз «наурызында» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшадағы «1 мамырынан» деген сөздер «1 маусымынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) тармақшадағы «Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігімен (табиғи монополиялардың субъектілері болып табылатын және Қазақстан рыногында басымдық жағдайға ие ұйымдар үшін)» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен (табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын ұйымдар үшін) және Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен (тиісті тауар нарығында үстем жағдайға ие ұйымдар үшін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орта мерзімді жоспарларды іске асыруды бақылау» деген 8-бөлімде:
29-тармақтағы «және Үкімет Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы», «және жекелеген іс-шараларға түзету жасау жөнінде белгіленген тәртіппен ұсыныстар енгізеді» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 31-тармақпен толықтырылсын:
«31. Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары макроэкономикалық көрсеткіштер болжамы нақтылау кезінде түзетіледі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |