“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 және
2004 жылғы 15 қарашадағы № 1201 қаулыларына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 748 Қаулысы
(2009.27.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) "Мемлекеттік мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттырудың кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 15 қарашадағы № 1201 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 45, 568-құжат):
1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Акцияларының" деген сөз "Даму институттарын қоспағанда, акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Акцияларының бақылау пакеттерi (қатысу үлестерi) мемлекетке тиесiлi мемлекеттік кәсiпорындардың, акционерлік қоғамдардың (жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң) инвестициялық бағдарламаларын әзiрлеу ережесiнде:
тақырыбындағы ""Акцияларының" деген сөз "Даму институттарын қоспағанда, акцияларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ "(бұдан әрi - Ереже)" деген сөздерден кейiн "даму институттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |