71-тарау Радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым
72-тарау Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым
73-тарау Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым
73-1-тарау Кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттік тiркеу үшін алым
74-тарау Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым
75-тарау Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттіктіркегені үшін алым
75-1-тарау Туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылар мен
сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тiркеу үшiн алым
76-тарау Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүргені үшін алым
76-1-тарау Бұқаралық ақпарат құралын есепке қойғаны үшiн алым
77-тарау Аукциондардан алынатын алым
79-тарау Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым
80-тарау Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым
81-тарау Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы
82-тарау Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы
83-тарау Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы
84-тарау Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы
85-тарау Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы
86-тарау Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы
87-тарау Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы
87-1-тарау Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы
88-тарау Кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы
89-тарау Сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы
90-тарау Мемлекеттік баж
§ 1 Мемлекеттік баж
§ 2 Консулдық алым
91-тарау Кеден төлемдері
САЛЫҚ ӘКІМШІЛІГІН ЖҮРГІЗУ
17-бөлім Жалпы ережелер
92-тарау Негізгі ережелер
93-тарау Салық төлеушілерді тіркеу
94-тарау Салық тексерулері
95-тарау Салық тексерулерін жүргізу тәртібі
96-тарау Камералдық бақылау
97-тарау Мониторинг
98-тарау Фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану
99-тарау Акцизделетін тауарларға, мемлекеттің меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу,
сақтау, бағалау және өткізу тәртібін сақтауға бақылау жасау, уәкілетті және
жергiлiктi атқарушы органдарға бақылау жасау
18-бөлім Салық тексеруі нәтижелеріне және салық қызметі органдары лауазымды
адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау
100-тарау Салық тексеруі нәтижелеріне шағым жасау тәртібі
100-1-тарау Салық төлеушінің шағымын қараудың нәтижелерi бойынша шешiмдi қайта қараудың тәртібі
101-тарау Салық қызметі органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлім
Жалпы ережелер
1-тарау
Негізгі ережелер
1-бап. Осы Кодекспен реттелетiн қатынастар
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.
2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңдары
1. Қазақстан Республикасының салық заңдары осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі осы Кодексте көзделмеген мiндет ешкiмге жүктелуге тиiс емес.
3. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер осы Кодексте белгiленген тәртiппен және жағдайларда белгіленедi, енгiзiледi, өзгертiледi немесе күшiн жояды.
4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерiнiң арасында қайшылықтар болған кезде, салық салу мақсатында осы Кодекстiң нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық қатынастарын реттейтiн нормаларды салықтық емес заңдарға енгізуге тыйым салынады.
5. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзге ережелер белгiленсе, аталған шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Салық заңдарының қолданылуы
1. Салық заңдары Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында қолданылады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлiмшелерiне қолданылады.
2. Осы Кодекске жаңа салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер белгiлеу, қолданыстағы салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер ставкалары мен салық базасын өзгерту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгiзетін Қазақстан Республикасының заң актілері ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізiлуi мүмкін.
3-бап Қазақстан Республикасының 2006жылғы 31 қаңтардағы № 125-ІІІ Заңымен енгізілген өзгеріспен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
4-бап. Қазақстан Республикасындағы салық салу принциптері
1. Қазақстан Республикасының салық заңдары салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңдарының жариялылығы принциптеріне негізделеді.
2. Қазақстан Республикасының салық заңдарының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі
Салық төлеуші салық заңдарына сәйкес салық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
6-бап. Салық салудың айқындығы принципі
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдерi айқын болуға тиіс. Салық салу айқындығы салық төлеушінің салық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңдарында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
7-бап. Салық салудың әдiлдiгi принципi
1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бiрдей және мiндеттi болып табылады.
2. Жеке сипаттағы салық жеңiлдiктерiн беруге тыйым салынады.
8-бап. Салық жүйесiнiң бiртұтастығы принципi
Қазақстан Республикасының салық жүйесi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында барлық салық төлеушiлерге қатысты бiртұтас болып табылады.
9-бап. Салық заңдарының жариялылығы принципi
Салық салу мәселелерiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер ресми басылымдарда мiндеттi түрде жариялануға тиiс.
10-бап. Осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар
1. Салық салу мақсатында осы Кодексте қолданылатын негiзгi ұғымдар:
1) қайырымдылық көмек - жеке тұлғаларға әлеуметтiк қолдау көрсету мақсатында, коммерциялық ұйымдарға, сондай-ақ қызметiн әлеуметтiк салада жүзеге асыратын ұйымдарға олардың жарғылық қызметiн қолдау мақсатында өтеусiз негiзде берiлетiн мүлiк;
2) сыйақы - кредиттер үшiн; қаржы лизингi бойынша Қазақстан Республикасының қаржы лизингiнiң мәселелерiн реттейтiн заң актілеріне сәйкес сыйақы түрiнде берiлген (алынған) мүлiк үшiн; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер - дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып);
3) ұтыстар - конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар бойынша, салымдар мен борыштық бағалы қағаздар бойынша ойындарды қоса, ұтыс ойындары бойынша салық төлеушiлер алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстардың кез келген түрлерi;
4) грант - мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттік ұйымдар, қызметi қайырымдылық және халықаралық сипатта болатын және Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтiн, мемлекеттік органдардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбеге енгiзiлген шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар - Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкіметіне, заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке адамдарға; шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар - Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) жету үшiн өтеусiз негiзде беретiн мүлiк;
5) iзгілік көмек - халықтың өмiрi мен тұрмыс жағдайларын жақсарту үшiн, сондай-ақ әскери, экологиялық, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшiн шет елдерден және халықаралық ұйымдардан жiберiлген азық-түлiк, халық тұтынатын тауарлар, техника, құрал-жарақтар, жабдықтар, медициналық құралдар және дәрi-дәрмектер, өзге де заттар түрiнде Қазақстан Республикасына өтеусiз берiлетiн, Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкiлеттi ұйымдар арқылы бөлетiн мүлiк;
6) дивидендтер - акциялар бойынша төленуге тиiстi табыс; қордың басқарушы компаниясы пайларды сатып алған кезде пайлар бойынша табыстарды қоспағанда, пайлық инвестициялық қордың пайлары бойынша төленуге тиiстi табыс; заңды тұлға өз құрылтайшылары, қатысушылары арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi; заңды тұлғаны тарату кезiнде, сондай-ақ құрылтайшының, қатысушының заңды тұлғаға қатысу үлесiн алып қойған кезде, құрылтайшының, қатысушының жарғылық капиталға салым ретiнде енгiзген мүлкiн қоспағанда, мүлiктi бөлуден түсетiн табыстар;
7) борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт - борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе оларды сатып алу (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма;
8) борыштық бағалы қағаздар - заем қатынастарын куәландыратын қаржы құралдары. Борыштық бағалы қағаздарға мемлекеттік бағалы қағаздар, облигациялар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борыштық бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады;
9) қатысу үлесi - жеке және заңды тұлғалардың бiрлесiп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды және инвестициялық пай қорларын қоспағанда, мүлкiмен қатысу үлесi;
10) басқа да мiндеттi төлемдер - бюджетке белгiлi бiр мөлшерде жүргiзiлетiн мiндеттi ақша аударымдары (алымдар, баждар, төлемақылар мен төлемдер);
11) жеке кәсiпкер - заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметiн жүзеге асыратын резидент немесе резидент емес жеке тұлға;
11-1) инжинирингтiк қызметтер көрсету - инженерлiк-консультациялық қызметтер көрсету, зерттеу, жобалау-конструкторлық, есептеу-талдау сипатындағы жұмыстар, жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн даярлау, өндiрiстi ұйымдастыру және басқару, өнімдердi сату саласындағы ұсынымдарды әзiрлеу;
12) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен алынып тасталды;
13) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 89-ІІІ Заңымен алынып тасталды;
14) борыштық бағалы қағаздар бойынша купон (бұдан әрі - купон) - эмитенттiң шығарылым шарттарына сәйкес борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнынан тыс төлейтiн (төлеуге тиiс) сомасы;
15) тұлға - жеке тұлға және заңды тұлға; жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам; заңды тұлға - Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған ұйым (шетелдiк заңды тұлға). Шет мемлекеттің заңдарына сәйкес құрылған компания, ұйым немесе басқа да корпорациялық құралым осы Кодекстiң мақсаттары үшiн олар құрылған шет мемлекеттің заңды тұлғасы мәртебесiне ие ме, жоқ па - оған қарамастан дербес заңды тұлғалар ретiнде қарастырылады;
16) есептеу әдiсi - салық есебiнің әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткізу және мүлікті кірiске алу мақсатымен тиеп жiберу кезiнен бастап есептеледi;
17) салықтар - мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер;
18) салық берешегi - бересi сомасы, сондай-ақ өсiмпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары;
19) салық төлеушi - салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеушi болып табылатын тұлға;
20) салық агентi - осы Кодекске сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі мiндет жүктелген жеке кәсiпкер, жеке нотариус, адвокат, заңды тұлға, оның iшiнде Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме, филиал, өкiлдiк арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға;
21) салық режимi - осы Кодексте белгiленген салықтарды және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу жөніндегі барлық салық мiндеттемелерiн есептеу кезiнде салық төлеушi қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы;
22) бересi - есептелген және мерзiмiнде төленбеген салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары;
22-1) жер қойнауын пайдаланушылар - Қазақстан Республикасының аумағында, мұнай операцияларын қоса алғанда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
23) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен алынып тасталды;
24) борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы - шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетiн борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастыру (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алу (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма;
25) туынды бағалы қағаздар - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активiне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлiк қолхаттар, варранттар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкiн;
25-1) қызметкер - жұмыс берушiмен еңбек қатынастарында тұратын және жеке еңбек (ұжымдық) шарты бойынша тiкелей жұмыс атқаратын жеке адам; мемлекеттік қызметшiлердi қоспағанда, акционерлік қоғамның директорлар кеңесiнiң мүшесi;
26) өткізу - сату, айырбастау, өтеусiз беру мақсатында тауарларды тиеп жiберу, жұмыстарды орындау және қызметтер ұсыну, сондай-ақ кепiлге берiлген тауарларды кепiл ұстаушыға беру;
27) роялти - мыналар үшiн:
пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін;
авторлық құқықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етудi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; "ноу-хауды" пайдаланғаны үшiн; кинофильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазу немесе өзге де жазу құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн төленетiн төлем. Бербоут-чартер немесе димайз-чартер шарттары бойынша жалға алынатын теңiз және әуе кемелерi өнеркәсiптiк жабдыққа жатады;
27-1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы - қазақстандық қор биржасының негiзгі сессиясында қалыптасқан және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлеген тәртiппен анықталған теңгенiң шетел валютасына орташа салыстырылған биржалық бағамы;
теңгенiң қазақстандық қор биржасында сауда-саттық жүргiзiлмейтiн шетел валютасына бағамы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен кросс-бағамдар пайдаланыла отырып есептеледi;
28) арнаулы салық режимi - салық төлеушiлердің жекелеген санаттары үшiн белгiленетiн және жекелеген салық түрлерiн есептеу мен төлеудiң және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігiн берудiң оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтiн бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі;
28-1) демеушiлiк көмек - осы көмектi көрсететiн тұлға туралы ақпаратты тарату мақсатында өтeуciз негiзде:
жеке тұлғаларға жарыстарға, конкурстарға, көрмелерге, байқауларға қатысу үшiн және шығармашылық, ғылыми, ғылыми-техникалық, өнертабыс қызметтерiн дамыту, білім және спорт шеберлiгi деңгейiн арттыру үшiн қаржылық (әлеуметтiктен басқа) қолдау түрiнде;
коммерциялық емес ұйымдарға өздерiнiң жарғылық мақсаттарын iске асыру үшiн берiлетiн мүлiк;
29) заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi - филиал, өкiлдiк;
30) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы - тауар сыныптамасының тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгiлеудiң үйлестiрiлген жүйесiне негiзделген кодтары жүйесi;
31) уәкiлеттi мемлекеттік орган - мемлекет алдындағы салық мiндеттемелерiнiң орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы;
32) уәкiлеттi органдар - бюджетке төленетiн мiндеттi төлемдердi есептеудi және (немесе) жинауды жүзеге асыруға Қазақстан Республикасының Yкіметі уәкiлеттiк берген салық органдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;
32-1) ақпараттарды өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету - ақпараттық массивтердi жинау мен қорытуды, жүйеге келтiрудi жүзеге асыру және осы ақпаратты өңдеу нәтижелерін пайдаланушының иеленуiне беру жөніндегі қызметтер;
33) салық төлеушiнiң электрондық құжаты - белгiленген электрондық форматта берiлген, ол қабылданып және бiрдейлiгi расталғаннан кейiн салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат;
34) салық төлеушiнiң электрондық цифрлық қолтаңбасы - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарынан жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның салық төлеушiге тиесiлiгiн және мазмұнының өзгермейтiнiн растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігi;
35) бағалы қағаздар - акциялар, борыштық бағалы қағаздар, туынды бағалы қағаздар және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар деп танылған мүлiктiк құқықтың өзге де объектiлерi.
2. Салық заңдарының басқа арнаулы ұғымдары мен терминдерi осы Кодекстiң тиiстi баптарында айқындалатын мағынада пайдаланылады.
3. Осы Кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының азаматтық және басқа да заңдары салаларындағы ұғымдар, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, заңдардың сол салаларында пайдаланылатын мағынада қолданылады.
10-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ, 2003 жылғы 4 шiлдедегi № 475-ІІ, 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2006 жылєы 7 шілдедегі № 177-ІІІ Заңымен енгiзiлген өзгерістермен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
2-тарау
Салық төлеушінің және салық агентінің құқықтары мен міндеттері.
Салық қатынастарындағы өкілдік
11-бап. Салық төлеушiнiң құқықтары
1. Салық төлеушi:
1) қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы, салық заңдарындағы өзгерістер туралы салық қызметi органдарынан ақпарат алуға;
2) салық қатынастары мәселелерi бойынша өз мүдделерiн жеке өзi не өз өкiлi арқылы немесе салық консультантының қатысуымен бiлдiруге;
3) салық бақылауы нәтижелерiн алуға;
4) салық бақылауы нәтижелерi бойынша салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеу мен төлеу жөнiнде салық қызметi органдарына түсiндiрме табыс етуге;
5) жеке шотынан салық мiндеттемелерiнiң орындалуы бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi туралы көшiрме алуға;
6) осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгiленген тәртiппен салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаға және салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға;
7) салық құпиясының сақталуын талап етуге;
8) салық салуға қатысы жоқ ақпарат пен құжаттар табыс етпеуге құқылы.
2. Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген өзге де құқықтары бар.
11-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгізілген толықтырумен.
12-бап. Салық төлеушiнiң мiндеттерi
1. Салық төлеушi:
1) осы Кодекске сәйкес салық мiндеттемелерiн дер кезiнде және толық көлемiнде орындауға;
2) салық қызметi органдарының анықталған салық заңдарын бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ қызметтiк мiндеттерiн атқаруы кезіндегі заңды қызметiне кедергi жасамауға;
3) нұсқама негiзiнде салық қызметi органдары лауазымды адамдарының салық салу объектiсi және салық салумен байланысты объект болып табылатын мүлiктi тексеруiне жол беруге;
4) салық есептілігi мен құжаттарды осы Кодексте көзделген тәртiппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының трансферттiк бағаларды қолдану кезiнде мемлекеттік бақылау мәселелерiн реттейтiн заңдарында көзделген ақпарат пен құжаттарды табыс етуге;
5) осы Кодекске сәйкес қолма-қол ақшамен, төлемдiк банк карточкаларымен, чектермен сауда операцияларын жасаған немесе қызметтер көрсеткен кезде тұтынушылармен ақшалай есеп айырысуды фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде пайдалана және тұтынушының қолына бақылау чегiн бере отырып жүргiзуге;
6) заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуына (осы Кодекстiң 69-бабы 7-тармағының бесiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда) және (немесе) таратылуына, жеке кәсiпкердiң кәсiпкерлiк қызметiнің тоқтатылуына байланысты құжаттық тексерудi жүргiзу туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.
2. Салық төлеушi осы Кодексте көзделген өзге де мiндеттердi орындайды.
12-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қарашадағы № 358-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырулармен; Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2004 жылєы 13 желтоқсандағы № 11-ІІІ Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
13-бап. Салық агентiнiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Салық агентiнiң, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, салық төлеушi сияқты құқықтары бар және сондай мiндеттерi болады.
2. Салық агентi сондай-ақ:
1) осы Кодекстiң ерекше бөлiмiне сәйкес төлем көзiнен ұсталатын салықтарды дұрыс және дер кезiнде есептеуге;
2) салық төлеушiден тиiстi салықтарды ұстап қалуға және осы Кодексте көзделген тәртiппен және мерзiмде оларды бюджетке аударуға;
3) салық төлеушiлерге төленген табыстардың, сондай-ақ ұсталған және бюджетке аударылған салықтар сомасының есебiн, соның iшiнде әрбiр салық төлеушi бойынша жеке-жеке жүргiзуге;
4) тiркеу есебiнде тұрған жерi бойынша салық органына осы Кодекстiң ерекше бөлiмiнде белгiленген тәртiппен салық есептілігiн табыс етуге;
5) осы Кодекстiң 177-бабының 6-1-тармағының ережелерiн қолдануға мiндеттi.
13-бап Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 29 қарашадағы № 500-ІІ Заңымен енгiзiлген өзгерiс және толықтырумен.
14-бап. Осы Кодекспен реттелетiн салық қатынастарындағы өкiлдiк
1. Салық төлеушi салық заңдарымен реттелетiн қатынастарға заңды немесе уәкiлеттi өкiлi арқылы қатысуға құқылы.
2. Салық төлеушiнiң атынан заң негiзiнде уәкiлеттi болатын тұлға салық төлеушiнiң заңды өкiлi болып танылады.
3. Салық төлеушi салық қызметi органдарымен қатынастарда өз мүдделерiн бiлдiруге уәкiлеттi болатын жеке немесе заңды тұлға салық төлеушiнің уәкiлеттi өкiлi болып танылады. Салық төлеушiнiң уәкiлеттi өкілi салық төлеушi беретiн сенімхат (құрылтай құжаттары) негiзiнде әрекет етедi, сенімхатта оның өкiлеттiктерiнің нақты тiзбесi көрсетiледi.