3) айыптау үкімінiң сипаттамалы-дәлелдi бөлiгiнде сотталушы жасағаны үшiн кiнәлi деп танылған қылмыстық әрекеттiң сипаттамасы, жасалған әрекеттiң дәрежеленуi, жаза тағайындау себептерi және азаматтық талапқа қатысты сот шешiмiнiң негiздемесi қамтылуға тиiс;
4) үкiмнiң қарар бөлiгiнде апелляциялық сатыға үкiмге шағым жасау және наразылық бiлдiру тәртібі туралы түсiнiк қамтылуға тиiс.
2. Yкiмге iс бойынша төрағалық етушi қол қояды.
572-бап. Сотталушының есi дұрыс емес екендігінің анықталуына байланысты
қылмыстық iстi қарауды тоқтату
1. Егер алқабилердiң қатысуымен соттың iстi талқылау барысында сотталушы өзiнiң психикалық жағдайы бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкiн емес не оны өз iс-әрекеттерiне есеп беру немесе оларды басшылыққа алып жүру мүмкiндiгiнен айыратын, сот-психиатриялық сараптаманың тиiстi қорытындысымен расталған, жан күйзелісі ауруына шалдықты деп есептеуге негiз болатын мән-жайлар анықталса, төрағалық етушi алқабилер қатысқан соттың қылмыстық iстi қарауды тоқтатуы туралы қаулы шығарады және оны осы Кодекстiң 12-бөлiмiнде көзделген тәртiппен соттың қарауына жiбередi.
2. Төрағалық етушiнiң алқабилер қатысқан соттың iстi қарауды тоқтатуы және оны осы Кодексте көзделген жалпы тәртiппен соттың қарауына жiберуi туралы қаулысы түпкiлiктi болып табылады және апелляциялық тәртiппен шағым жасауға, наразылық білдiруге жатпайды.
573-бап. Сот отырысының хаттамасын жүргізу ерекшелiктерi
1. Сот отырысының хаттамасы, осы Кодекстiң 328-бабының талаптарына сәйкес, осы бапта көзделген ерекшелiктермен жүргiзіледi.
2. Хаттамада сот отырысына шақырылған алқабиге кандидаттар құрамы және алқабилер алқасын құру барысы мiндеттi түрде көрсетіледi.
3. Төрағалық етушiнiң жүгiнуi сот отырысының хаттамасына жазылады немесе оның мәтiнi қылмыстық iс материалдарына тiркелiп, бұл туралы хаттамада көрсетiледi.
4. Сот отырысының хаттамасында соттың iс қарауының бүкiл барысы оның өтуiнiң дұрыстығын куәландыратындай етiп көрсетуге тиiс.
61-тарау
Апелляциялық сатыдағы сотта iс жүргізудiң ерекшелiктерi
574-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот шығарған, заңды күшiне енбеген үкiмдер
мен қаулыларға шағым жасау және наразылық бiлдiру
1. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына шағым жасау, наразылық білдiру тәртібі, осы тарауда белгіленген ерекшелiктермен, осы Кодекстiң 8-бөлiмiнде көзделген ережелермен айқындалады.
2. Алқабилер қатысқан соттың үкiмдерiне, төрағалық етушiнiң iстi тоқтату туралы қаулыларына, сондай-ақ төрағалық етушiнiң осы Кодекстiң 299-бабы екiншi бөлiгiнiң 2) және 5) тармақтарында көрсетiлген, алдын ала тыңдау нәтижелерi бойынша шығарылған қаулыларына апелляциялық тәртiппен шағым жасалуы және наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн. Төрағалық етуші шығарған басқа қаулылар шағым жасауға және наразылық бiлдiруге жатпайды.
575-бап. Алқабилердiң қатысуымен сот қараған iстердi апелляциялық сатыда жүргiзу ерекшелiктерi
1. Апелляциялық сатыда сот шешiмдерiнiң күшiн жоюға немесе оларды өзгертуге:
1) iстi аяқтау үшiн айтарлықтай маңызы болуы мүмкiн жол берiлетiн дәлелдемелердi талқылаудан негiзсiз алып тастау;
2) iстi аяқтау үшін айтарлықтай маңызы болуы мүмкiн дәлелдемелердi тараптың зерттеуiнен негiзсiз бас тарту;
3) iстің аяқталуына әсер еткен дәлелдемелер ретiнде пайдалануға жол беруге болмайтын iс жүзіндегі деректердi сот отырысында зерттеу;
4) осы Кодекстiң 415-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген қылмыстық iс жүргiзу заңын елеулi түрде бұзу негiз болып табылады.
2. Апелляциялық саты сотталған адамға онша ауыр емес қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға және жасалған әрекеттің дәрежеленуiнің өзгеруiне сәйкес жазаны жеңiлдетуге құқылы. Бұл ретте, апелляциялық саты неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдануға немесе тағайындалған жазаны ауырлатуға құқылы емес.
3. Қылмыстық iс жүргiзу заңының прокурордың, жәбiрленушiнің немесе оның өкiлінің дәлелдемелердi ұсыну құқығын шектеген бұзушылық жағдайларын қоспағанда, алқабилер қатысқан соттың ақтау үкімі апелляциялық сатыда күшін жоймауға тиiс.
62-тарау
Қадағалау сатысындағы сотта iс жүргiзуерекшеліктерi
576-бап. Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген үкiмдерi мен
қаулыларын қадағалау тәртібімен қайта қарау
Алқабилер қатысқан соттың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулылары туралы iстер бойынша қадағалау сатысында осы Кодекстің 459-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1), 3), 4), 6) тармақтарында және екiншi бөлiгiнде көзделген негiздер бойынша iс жүргiзiлуi мүмкiн.
577-бап. Алқабилер қатысқан соттың шешiмiн қадағалау тәртібімен қайта
қараған кезде сотталған адамның жағдайын нашарлатуға жол бермеу
Неғұрлым ауыр қылмыс туралы қылмыстық заңды қолдану қажеттiгiне байланысты айыптау үкімін, сондай-ақ сот қаулысын жазаның жеңiлдiгiне орай немесе сотталған адамның жағдайын нашарлатуға әкеп соқтыратын өзге де негiздер бойынша қадағалау тәртібімен қайта қарауға, сондай-ақ соттың ақтау үкімін не қылмыстық iстi қысқарту туралы қаулысын қайта қарауға жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. Назарбаев
Ақмола, 1997 жылғы 13 желтоқсан
№ 206-І ҚРЗ