ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІ
АНЫҚТАМА ПАРАҚ
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң атауы:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi
2. Қол қойылған күнi:
1997 жылғы 13 желтоқсан
3. Жарияланған күнi:
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 23, 335-құжат
4. Қолданысқа енгiзiлген күнi:
1998 жылғы 1 қаңтар
5. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы:
- Бөлiктер: 2
- Бөлiмдер: 13
- Тараулар: 61
- Баптар: 559
6. Қабылданғанға дейiн қолданылған нормативтiк құқықтық акт:
1959 жылғы 22 шiлдедегi Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi
7. Нормативтiк құқықтық актiге енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеудi жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитетi және оның органдары туралы» заң күшi бар Жарлықтарының күшi жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 307-I Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 23, 416-құжат);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне банк құпиясы мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 наурыздағы № 42-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; «Егемен Қазақстан» 2000 жылғы 1 сәуiр, № 79);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қылмысқа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 6, 141-құжат; «Егемен Қазақстан» 2000 жылғы 11-12 мамыр, № 110-111);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы № 163-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 8, 53-құжат; «Егемен Қазақстан» 2001 жылғы 17 наурыз, № 56);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот iсiн жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 15-16, 239-құжат; «Егемен Қазақстан» 2001 жылғы 17 шiлде, № 148-149);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қылмыстық-атқару жүйесiн реформалау және осы жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесi мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 244-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 245-құжат; «Егемен Қазақстан» 2001 жылғы 22 тамыз, № 185);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот сараптамасын жүргiзу мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 қарашадағы № 251-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., № 21-22, 281-құжат; «Егемен Қазақстан» 2001 жылғы 9 қараша, № 252-253);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне терроризмге қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 19 ақпандағы № 295-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 4, 32-құжат; «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 22 ақпан, № 39-40);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне заңсыз көшi-қон мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 22 ақпандағы № 296-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 4, 33-құжат; «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 26 ақпан, № 42);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне прокурорлық қадағалау мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 9 тамыздағы № 346-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 17, 155-құжат; «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 1 тамыз, № 176-179);
- «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу және Қылмыстық-атқару кодекстерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж, № 23-24, 192-құжат; «Егемен Қазақстан» 2002 жылғы 28 желтоқсан № 303-306);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 қыркүйектегi № 484-II Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 18, 142-құжат; «Егемен Қазақстан» 2003 жылғы 27 қыркүйек, № 255);
- «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу және Қылмыстық-атқару кодекстерiне өлiм жазасын орындауға мораторий енгізуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы № 529-ІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 5, 22-құжат; «Егемен Қазақстан» 2004 жылғы 12 наурыз, № 57-58);
- «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу, Қылмыстық-атқару кодекстерiне және Қазақстан Республикасының өкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiне қылмыстық iстердi тергеу рәсiмдерiн жеңiлдету, қылмыстардың кейбір құрамдарын қылмыстық сипаттан арылту және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнаманы жетiлдiру мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 23, 139-құжат);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аралық соттар және төрелiк қызметiнiң мәселелерi бойынша толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 28 желтоқсандағы № 24-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 24, 153-құжат);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әдiлет органдары мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 29 желтоқсандағы № 25-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 24, 154-құжат);
- «Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 27-ІІІ Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2004 ж., № 24, 156-құжат);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 67-IІI Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 13 , 53-құжат);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлiк меншiк құқықтары мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы № 90-IІI Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; «Егемен Қазақстан» 2005 жылғы 1 желтоқсан № 269);
- «Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне соттылықтың аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-IІI Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 24, 23-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 17 қаңтар № 14);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 122-IІI Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 2, 19-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 21 қаңтар № 18, 24 қаңтар № 19);
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамды саудаға салуға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 2 наурыздағы № 131-IІI Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 5-6, 31-құжат; «Егемен Қазақстан» 2006 жылғы 10 наурыз № 56).
Ескерту:
70, 408 баптарға «Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу және Азаматтық iс жүргiзу кодекстерiне соттылықтықтың аражiгiн ажырату мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111 Заңымен енгізілген өзгерістер қажеттi жағдайдың жасалуына қарай, бiрақ 2009 жылғы бірінші қаңтардан кешiктiрiлмей қолданысқа енгiзiледі;
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне алқабилердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуді енгізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 122-ІІІ Заңымен енгізілген өзгерістер және толықтырулар 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ КОДЕКСІ
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлiм Негізгі ережелер
1-тарау Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдары
2-тарау Қылмыстық процестің міндеттері мен принциптері
3-тарау Қылмыстық ізге түсу
4-тарау Ақтау қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз іс-әрекетімен келтірілген зиянды өтеу
5-тарау Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу
6-тарау Iс жүргізу мерзімдері
2-бөлiм Қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен тұлғалар
7-тарау Сот
8-тарау Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар
9-тарау Өз құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғап
процеске қатысушылар
10-тарау Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар
11-тарау Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысудың мүмкіндігігін жоққа шығаратын жағдай. Қарсылық білдіру
12-тарау Қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету
13-тарау Өтініш жасау, қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен
лауазымды адамдардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану
14-тарау Қылмыстық процеске қатысушы адамдар туралы қорытынды ережелер
3-бөлiм Дәлелдемелер және дәлелдеу
15-тарау Дәлелдемелер
16-тарау Дәлелдеу
4-бөлiм Iс жүргізулік мәжбүрлеу шаралары
17-тарау Сезіктіні ұстау
18-тарау Бұлтартпау шаралары
19-тарау Iс жүргізушілік мәжбүрлеудің өзге де шаралары
5-бөлiм Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер
20-тарау Қылмыстық процестегі азаматтық талап
21-тарау Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысындағы еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеу
22-тарау Iс жүргізу шығындары
ЕРЕКШЕ БӨЛIМ
6-бөлiм Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу
23-тарау Қылмыстық іс қозғау
24-тарау Алдын ала тергеу жүргізудің жалпы шарттары
25-тарау Айыпталушы ретінде жауапқа тарту
26-тарау Жауап алу және беттестіру
27-тарау Тексеру, эксгумация және куәландыру
28-тарау Тану
29-тарау Тіннтү және алу
30-тарау Хат-хабарды тұтқындау. Хабарламарды жолдан ұстау. Сөйлесулерді тыңдау мен жазу
31-тарау Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау. Тергеу эксперименті
32-тарау Сот сараптамасы
33-тарау Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу
34-тарау Алдын ала тергеуді тоқтата тұру және қайта жалғастыру
35-тарау Алдын ала тергеу барысында істі қысқарту
36-тарау Айыптау қорытындысын жасау және қылмыстық істі сотқа жіберу
37-тарау Алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау
7-бөлiм Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу
38-тарау Қылмыстық істердің соттылығы
39-тарау Басты сот талқылауын тағайындау туралы мәселені шешу және соттың отырысына дайындық іс-әрекеттер
40-тарау Басты сот талқылауының жалпы шарттары
41-тарау Басты сот талқылауының дайындық бөлімі
42-тарау Сот тергеуі
43-тарау Сот жарыссөзі және сотталушының соңғы сөзі
44-тарау Үкім шығару
45-тарау Жеке айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
8-бөлiм Соттың заңды күшіне енбеген үкімдері мен қаулыларын қайта қарау
46-тарау Апелляциялық шағымдар мен заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне наразылық білдіру
47-тарау Апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау
9-бөлiм Сот шешімдерін орындау
49-тарау Сот үкімдері мен қаулыларын орындау
10-бөлiм Соттың заңды күшіне енген шешімдерін қайта қарау жөнінде іс жүргізу
50-тарау Қадағалау сатысындағы іс жүргізу
51-тарау Жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау
11-бөлiм Қылмыстық істердің жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері
52-тарау Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша іс жүргізу
53-тарау Артықшылықтары мен қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері
бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері
12-бөлiм Айрықша іс жүргізу
54-тарау Ессіз күйдегі адамдарға медициналық сапаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы істер бойынша сот ісін жүргізу
55-тарау Қылмыстық процесті жүргізуші органдардың шет мемлекеттердің қылмыстық істер бойынша құзыретті мекемелерімен және лауазымды адамдарымен өзара іс-қимылының тәртібі туралы негізгі ережелер
56-тарау Жазасын өзі азаматы болып табылатын мемлекетте өтеу үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамды беру
13-бөлiм Алқабилердiң қатысуымен iстер бойынша iс жүргiзу
57-тарау Жалпы ережелер
58-тарау Сот отырысын тағайындаудың ерекшелiктерi
59-тарау Сот талқылауына қатысу үшiн алқабиге кандидаттарды iрiктеу
60-тарау Алқабилердiң қатысуымен соттың iстi талқылауерекшелiктерi
61-тарау Апелляциялық сатыдағы сотта iс жүргізудiң ерекшелiктерi
62-тарау Қадағалау сатысындағы сотта iс жүргiзуерекшеліктерi
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-бөлiм
НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢДАРЫ
1-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін айқындайтын заңдар
1. Қазақстан Республикасы аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, конституциялық заңдарымен, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтық жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделген Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiмен айқындалады. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін реттейтiн өзге заңдардың ережелерi осы Кодекске енгiзiлуге тиiс.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібін реттейтiн нормативтiк қаулылары қылмыстық iс жүргiзу құқығының құрамдас бөлiгi болып табылады.
3. Егер қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысында азаматтық немесе әкiмшiлiк құқықтарға сәйкес шешiлуi тиiс мәселенi қарау қажеттiгi туындаса, ол азаматтық немесе әкiмшiлiк iс жүргiзу тәртібімен шешiледi.
2-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзуде басым күшi бар құқықтық нормаларды қолдану
1. Қазақстан РеспубликасыКонституциясының Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жоғары заң күшi болады және ол тiкелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының Конституциясы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда Конституцияның ережелерi қолданылады.
2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының конституциялық заңы ережелерiнiң арасында қайшылық болған жағдайда конституциялық заңның ережелерi қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдар ережелерi арасында қайшылық болған жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады.
3. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың осы Кодекстен басымдығы болады және халықаралық шартта оны қолдану үшiн заң шығару қажет екендiгi айтылған жағдайларды қоспағанда, тiкелей қолданылады.
3-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының кеңiстiкте қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қылмыс жасалған жерге қарамастан осы Кодекске сәйкес жүргiзiледi.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстiң кеңiстiкте қолданылуының өзгеше ережелерi белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығының қолданылуы
Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттiң тергеу органдары мен сотының немесе олардың тапсырмасы бойынша қылмыстық процестi жүргiзушi органның шет мемлекеттiң қылмыстық iс жүргiзу құқығын, егер ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта көзделсе, қолдануға болады.
5-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының уақыт тұрғысында қолданылуы
1. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу iс жүргiзу әрекетiн орындау, iс жүргiзу шешiмiн қабылдау кезiне дейiн күшiне енген қылмыстық iс жүргiзу заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Жаңа мiндеттер жүктейтiн, процеске қатысушыларға тиесiлi құқықтардың күшiн жоятын немесе оларды кемiтетiн, оның пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтiн қылмыстық iс жүргiзу заңының керi күшi болмайды.
3. Дәлелдердiң жарамдылығы олар алынған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес айқындалады.
6-бап. Қылмыстық iс жүргiзу заңының шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қолданылуы
1. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты қылмыстық сот iсiн жүргiзу осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген дипломатиялық немесе өзге де артықшылықтар мен иммунитеттерге ие адамдарға қатысты немесе олардың қатысуымен жүзеге асырылатын қылмыстық сот iсiн жүргiзудiң ерекшелiктерi осы Кодекстiң 53-тарауына сәйкес айқындалады.
7-бап. Осы Кодекстегi кейбір ұғымдардың түсiнiктемесi
Осы Кодексте қамтылған ұғымдардың, егер заңда ерекше нұсқаулар болмаса, мынадай мағынасы бар:
1) «сот» - сот билiгi органы, Қазақстан Республикасының сот жүйесiне кiретiн, iстi алқалық немесе жеке қарайтын кез келген заңды түрде құрылған сот;
2) «бiрiншi сатыдағы сот» - қылмыстық iстi мәнi бойынша қарайтын сот;
3) «апелляциялық саты» - бiрiншi сатыдағы соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне, қаулысына апелляциялық шағымдар (наразылықтар) бойынша iстi қарайтын екiншi сатыдағы сот;
4) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-II Заңымен алынып тасталды;
5) «қадағалау сатысы» - тараптардың осы сатының алдындағы сот сатыларының заңды күшiне енген сот шешiмдерiне шағым, наразылығы бойынша iстi қадағалау тәртібінде қарайтын сот;
6) «судья» - сот билiгiнiң иесi; осы лауазымға заңда белгiленген тәртiппен тағайындалған немесе сайланған кәсiпқой судья (соттың төрағасы, сот алқасының төрағасы, соттың мүшесi немесе тиiстi соттың басқа да судьясы);
7) «төрағалық етушi» - қылмыстық iстi алқалық немесе жеке қарау кезiнде төрағалық ететiн судья;
7-1) алқаби - соттың қылмыстық iсті осы Кодексте белгіленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматы;
8) «басты сот талқылауы» - бiрiншi сатыдағы соттың қылмыстық iстi мәнi бойынша қарауы;
9) «процеске қатысушылар» - қылмыстық iзге түсудi және сотта айыптауды қолдауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өздерiнiң немесе өздерi бiлдiретiн құқықтар мен мүдделердi қорғайтын адамдар: прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы, сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер, оның заңды өкiлi мен өкiлi, жәбiрленушi, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;
10) «қылмыстық процестi жүргiзушi орган» - сот, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша iстi сотқа дейiн жүргiзу кезiнде прокурор, тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;
11) «тараптар» - сот талқылауында бәсекелестiк пен тең құқықтылық негiзiнде айыптауды (қылмыстық iзге түсудi) және айыптаудан қорғауды жүзеге асыратын органдар мен адамдар;
12) «айыптау тарабы» - қылмыстық iзге түсу органдары, сондай-ақ жәбiрленушi (жеке айыптаушы), азаматтық талапкер, олардың заңды өкiлдерi мен өкiлдерi;
13) «қылмыстық iзге түсу (айыптау)» - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, соңғысының қылмыс жасаудағы кiнәлiлiгiн анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшiн айыптау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;
14) «қылмыстық iзге түсу органдары» - прокурор (мемлекеттік айыптаушы), тергеушi, анықтау органы, анықтаушы;
15) «анықтау» - анықтау органдарының осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;
16) «алдын ала тергеу» («алдын ала iздестiру») - уәкiлеттi органдардың осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiк шегiнде iстiң мән-жайының жиынтығын анықтау, белгiлеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейiнгi қызметiнiң iс жүргiзу нысаны;
17) «тергеуде болу» - осы Кодексте белгiленген, белгiлi бiр қылмысты тергеу белгiлi бiр алдын ала тергеу органының немесе анықтаудың құзыретiне жататын белгiлердiң жиынтығы;
18) «қорғану тарабы» - сезiктi, айыпталушы, олардың заңды өкiлдерi, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкiлi;
19) «қорғау» - қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамдардың құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету, айыптауды жоққа шығару немесе жеңiлдету, сондай-ақ заңсыз қылмыстық iзге түсуге ұшыраған адамдарды ақтау мақсатында қорғау тарабы жүзеге асыратын iс жүргiзу қызметi;
20) «мәлiмдеушi» - сотқа немесе қылмыстық iзге түсу органдарына қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртібімен өзiнiң (басқаның) нақты немесе жорамалды құқығын қорғау үшiн өтiнiш жасаған адам;
21) «өкiлдер» - заңның немесе келісімнiң күшiне орай жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң заңды мүдделерiн бiлдiруге уәкiлдiк берiлген адамдар;
22) «заңды өкiлдер» - сезiктiнiң, айыпталушының, жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердiң ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезiктiнi, айыпталушыны немесе жәбiрленушiнi қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкiлдерi;
23) «туыстар» - үлкен атасы мен үлкен әжесiне дейiн ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар;
24) «жақын туыстар» - ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынғандар, бiрге туған және бiрге тумаған туыс аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi;
25) «қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар» - сот отырысының хатшысы, аудармашы, куә, куәгер, сарапшы, маман, сот приставы;
26) «қылмыстық iс» - жасалды деп жорамалданған бiр немесе бiрнеше қылмыстар бойынша қылмыстық iзге түсу органы мен сот жүргiзетiн оқшауландырылған iс жүргiзу;
27) «iс бойынша iс жүргiзу» - қозғау, сотқа дейiнгi дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық iс бойынша жүзеге асырылатын iс жүргiзу әрекеттерi мен шешiмдерiнiң жиынтығы;
28) «қылмыстық iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу» - қылмыстық iс қозғалған кезден бастап оны мәнi бойынша қарау үшiн сотқа жолдағанға дейiн қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу (анықтау және алдын ала тергеу), сондай-ақ қылмыстық iс бойынша жеке айыптаушы мен қорғау тарабының материалдар дайындауы;
29) «iстiң материалдары» - iстiң құрамдас бөлiгi болып табылатын немесе оған қосу үшiн ұсынылған құжаттар мен заттар, хабарлаулар, сондай-ақ iс бойынша жағдайды белгiлеу үшiн маңызы болуы мүмкiн құжаттар мен заттар;
30) «iс жүргiзу әрекеттерi» - осы Кодекске сәйкес қылмыстық сот iсiн жүргiзу барысында жүргiзiлетiн iс-әрекеттер;