9. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 209-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 250-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтауды қылмыстық iстi қозғаған iшкi iстер, қаржы полициясының органы немесе кеден органы жүргiзедi.
10. Осы бапта көрсетiлген қылмыстар туралы iстер бойынша анықтау қылмысты жасады деген сезiктi адам белгiлi болған кезде жүргiзiледi.
11. Анықтау осы тараудың баптарында көзделген алуларға орай осы Кодексте алдын ала тергеу үшiн белгiленген ережелер бойынша жүргiзiледi.
12. Қылмыс жасады деп анықтау нысанында сотқа дейiнгi iс жүргiзу жүзеге асырылатын сезiктi адамды осы Кодекстiң 132-138-баптарында белгiленген ережелер бойынша анықтау органы ұстауы мүмкiн. Аталған адамға осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес бұлтартпау шарасы қолданылуы мүмкiн.
13. Анықтау қылмыстық iс қозғау туралы қаулы шығарылған сәттен бастап он күн мерзiм iшiнде қылмыстық iстi сотқа жiберу үшiн прокурорға бергенге дейiн жүргiзiледi. Бұл мерзiмдi анықтау органының бастығы отыз тәулiкке дейiн ұзартуы мүмкiн. Анықтау мерзiмiн ұзарту туралы қаулының көшiрмесi жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жiберiледi.
285-бап Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы № 307-I, 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II, 2001 жылғы 16 наурыздағы № 163-II, 2001 жылғы 16 шiлдедегi № 244-II, 2002 жылғы 22 ақпандағы № 296-II, 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II, 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 10-ІІ, 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 27-ІІІ, 2006 жылғы 2 наурыздағы № 131-ІІІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістер және толықтырулармен.
286-бап. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар
1. Анықтау барысында осы Кодекстiң 117-бабына сәйкес қылмыстың оқиғасы, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекеттi жасаған адам, адамның кiнәлiлiгi, залалдың сипаты мен мөлшерi және iс бойынша мәнi бар өзге де мән-жайлар дәлелденуге жатады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған мән-жайларды анықтау үшiн осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделгендердi қоспағанда, тергеу iс-әрекеттерi жүргiзiлуi; қылмыс жасады деп сезiк келтiрiлген адамның сотталғандығы бар немесе жоқ екендiгi туралы анықтамалар, оның жұмыс немесе оқу орнынан мiнездемелер, iс үшiн мәнi бар өзге де материалдар талап етiлуi; жәбiрленушiден, куәгерден сұрау салу жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Жәбiрленушi (куәгер) ауызша нысанда сұралынуы мүмкiн. Сұраудың нәтижелерi анықтамамен ресiмделедi, онда жәбiрленушiнiң (куәгердiң) тегi, аты, әкесiнiң аты, тұратын жерi немесе жұмыс орны, оның хабардар болу дәрежесi мен сипаты көрсетiледi. Сұрау салу барысында осы Кодекстiң 219-бабында көзделген тәртiппен дыбыс, бейне жазу және кинотүсiру қолданылуы мүмкiн. Сұрау салу кезiнде жәбiрленушiнiң (куәгердiң) осы Кодекстiң 100-бабында көзделген қауiпсiздiк шараларын қылмыстық iс жүргiзу барысында оған қолданудың орындылығы туралы пiкiрi анықталады.
4. Анықтаушы жәбiрленушiге (куәгерге) осы Кодекстiң 75 және 82-баптарында көзделген оның құқықтарын және анықтаушының тергеушiнiң немесе соттың шақыртуы бойынша жауап алу үшiн келуге мiндеттілігiн түсiндiредi және айғақтар беруден бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн жауаптылығы туралы қолхат алып ескертедi.
5. Жәбiрленушiге (куәгерге) сұрау салу туралы анықтама iстiң материалдарына қоса берiледi және анықтау, алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде не сот талқылауы барысында одан жауап алу үшiн негiз болып табылады.
6. Жәбiрленушi (куәгер) ретiнде адамнан жауап алу, әдетте, белгiлi бiр жерден жол жүрiп кетуiне, мекен-жайын ауыстыруына байланысты, денсаулық жағдайы бойынша не өзге себептер бойынша ол қылмыстық iстi соттың талқылауына қатыса алмайды деп пайымдауға негiздер болған жағдайларда жүргiзiледi. Жеке айыптаушы болып табылатын жәбiрленушiден барлық жағдайда жауап алынуға тиiс.
7. Өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған адамнан сезiктi ретiнде жауап алынады.
286-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 21 желтоқсандағы № 363-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен.
287-бап. Айыптау хаттамасын жасау және iстi сотқа жiберу үшiн прокурорға беру
1. Анықтаушы анықтау аяқталған соң айыптау хаттамасын жасайды, онда: оның жасалған уақыты мен орны; хаттаманы кiмнiң жасағаны; қылмысты жасаудың мән-жайлары; оны жасады деп айыпталған адам туралы деректер; iс үшiн мәнi бар басқа да мән-жайлар, сондай-ақ қылмыстың Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi бойынша (бап, бөлiк, тармақ) дәрежеленуi көрсетiледi. Хаттамаға анықтау барысында алынған барлық материалдар, сондай-ақ сотқа шақыртуға жататын адамдардың тiзiмi қоса берiледi.
2. Осы бапта белгiленген тәртiппен өзiне айыптау хаттамасы жасалған адам айыпталушы болып танылады.
3. Анықтау органының бастығы айыптау хаттамасы мен оған қоса берiлген материалдарды зерделеп, мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:
1) хаттаманы бекіту және материалдарды сотқа жiберу үшiн прокурорға беру туралы;
2) хаттаманы бекітуден бас тарту туралы.
4. Айыптау хаттамасы бекітілген соң iстiң барлық материалдары осы Кодекстiң 275-бабында көзделген тәртiппен айыпталушыға және оның қорғаушысына, ал тиiстi өтiнiш болған кезде жәбiрленушi мен оның өкiлiне де танысу үшiн ұсынылады. Аталған адамдардың iстiң материалдарымен танысқаны туралы, сондай-ақ олар берген өтiнiштер мен оларды қараудың нәтижелерi туралы айыптау хаттамасына тиiстi жазбалар жасалады.
5. Анықтау органының бастығы бекiткен айыптау хаттамасы iстiң материалдарымен бiрге сотқа жiберу үшiн прокурорға берiледi. Айыптау хаттамасының көшiрмесiн анықтау органы айыпталушыға табыс етедi.
6. Егер iс азаматтардың, лауазымды адамдардың немесе ұйымдардың өтiнiшi немесе хабарлауы бойынша қозғалған болса, олар анықтаудың аяқталғаны және iстiң сотқа жiберу үшiн прокурорға берiлгенi туралы хабарландырылады.
7. Айыпталушыға қатысты iстi сотқа жiберу кезiнде осы Кодекстiң 18 және 19-тарауларының ережелерi бойынша бұлтартпау шарасы немесе мәжбүрлi iс жүргiзудiң басқа шарасы таңдап алынуы мүмкiн.
288-бап. Алдын ала тергеу жүргiзу
1. Осы Кодекстiң 285-бабының екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, жетiншi-бiр, сегiзiншi және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген қылмыстар туралы iстер бойынша, егер оларды жасады деп сезiк келтiрiлген адам белгiсiз болса немесе егер оларды кәмелетке толмағандар немесе өздерiнiң дене не психикалық кемшiлiктерiне байланысты өзiн қорғау құқығын өзi жүзеге асыра алмайтын адамдар жасаған болса, алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi болады.
2. Анықтау органының бастығы осы Кодекстiң 285-бабының үшiншi бөлiгiнде белгiленген мерзiмде iстiң мән-жайларының жан-жақты және толық зерттелуiн қамтамасыз ету мүмкiн болмаған жағдайда да алдын ала тергеу жүргiзудi тағайындауға құқылы.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда алдын ала тергеудi осы Кодекстiң 65-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 4-тармағымен белгiленген өз құзыретiне сәйкес анықтау органдары жүргiзедi.
4. Осы Кодекстiң 196-бабында белгiленген алдын ала тергеу мерзiмi осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда қылмыстық iс қозғалған кезден бастап есептеледi.
288-бап Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 22 ақпандағы № 296-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен.
289-бап. Прокурордың анықтауды қадағалау жөніндегі өкiлеттiктерi
Алдын ала тергеу жүргiзу мiндеттi емес iстер бойынша анықтау жүргiзу кезiнде заңдардың атқарылуына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор осы Кодекспен белгiленген өкiлеттiктерге ие болады, бұдан басқа ол:
1) айыпталушыны сотқа беруге және қылмыстық iстi сотқа жiберуге;
2) анықтау жүргiзiлетiн қылмыстық iстi алдын ала тергеу жүргiзуге жiберуге;
3) анықтау органының бастығы бекiткен айыптау хаттамасының күшiн жоюға және осы Кодексте көзделген негiздер бойынша анықтауды қысқартуға құқылы.
7-бөлiм
БІРІНШІ САТЫДАFЫ СОТТА ІС ЖҮРГІЗУ
38-тарау
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕРДІҢ СОТТЫЛЫFЫ
290-бап. Аудандық және оған теңестiрiлген соттың соттауына жататын қылмыстық iстер
1. Аудандық және оған теңестiрiлген сот бiрiншi сатыдағы соттар ретiнде iс-қимыл жасайды.
2. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың соттауына жатқызылған iстердi қоспағанда, барлық қылмыстық iстер аудандық және оған теңестiрiлген соттың соттауына жатады.
3. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен алынып тасталды.
290-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-IIІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
291-бап. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың қарауына жататын қылмыстық iстер
1. Облыстық және оған теңестiрiлген соттар бiрiншi, апелляциялық қадағалау сатысы ретiнде әрекет жасайды.
2. Жасалғаны үшiн қылмыстық заңмен өлiм жазасы көзделген қылмыстар туралы қылмыстық iстер (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнiң 96-бабы (екiншi бөлiгi), 156-бабы (екiншi бөлiгі), 159-бабы (екiншi бөлiгi), 160-бабы, 162-бабы (төртiншi бөлiгi), 165, 167, 171, 340-баптары, 367-бабы (үшiншi бөлiгi), 368-бабы (үшiншi бөлiгi), 369-бабы (үшiншi бөлiгi), 373-бабы (үшiншi бөлiгi), 374-бабы (үшiншi бөлiгi), 375-бабы (үшiншi бөлiгi), 380-бабы (үшiншi бөлiгi), 383-бабы), сондай-ақ жоғарыда аталған әрекеттердi есi кiресiлi-шығасылы күйiнде жасаған не оларды жасағаннан кейiн жүйке ауруымен ауырған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы iстер бiрiншi саты бойынша облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың соттауына жатқызылады.
3. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттардың қылмыстық iстер жөніндегі алқасы аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енбеген үкiмдерi мен қаулыларына апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша iстердi апелляциялық тәртiппен қарайды.
4. Облыстық және оған теңестiрiлген соттың қадағалау алқасы аудандық және оларға теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енген үкiмдерiне, қаулыларына, сондай-ақ нақ сол соттың қылмыстық iстер жөніндегі алқасының апелляциялық қаулыларына қадағалау шағымдары, наразылықтары бойынша iстердi қарайды.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда облыстық және оған теңестiрiлген соттар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстердi қарайды.
291-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-II, 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-IIІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен; Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 16 қантардағы № 122-ІІІ Заңымен енгізілген толықтырумен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
292-бап. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының соттауына жататын қылмыстық iстер
1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты апелляциялық және қадағалау сатысындағы сот ретiнде әрекет жасайды.
2. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегі алқасы облыстық және оларға теңестiрiлген соттың заңды күшiне енбеген үкiмдерiне апелляциялық шағымдар, прокурордың наразылықтары бойынша iстердi, сондай-ақ осы соттардың заңды күшiне енбеген қаулыларына жеке шағымдарды, прокурордың наразылықтарын апелляциялық тәртiппен қарайды.
3. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасы:
1) аудандық және оған теңестiрiлген соттардың заңды күшiне енген үкiмдерi мен қаулыларына;
2) облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қылмыстық iстер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртiппен шығарған қаулыларына;
3) облыстық және оған теңестiрiлген соттардың iстердi бiрiншi сатыда қарау кезiнде шығарған, заңды күшіне енген үкiмдерi мен қаулыларына;
4) облыстық және оған теңестiрiлген соттардың қадағалау алқаларының қаулыларына;
5) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық iстер жөніндегі алқасының апелляциялық тәртiппен шығарған қаулыларына қадағалау шағымдары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылықтары бойынша iстердi қарайды.
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы осы Кодекстiң 458-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген негiздер бойынша Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қадағалау алқасының қаулысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынысы немесе Қазақстан Республикасы Бас прокурорының наразылығы бойынша iстердi қарайды.
5. Осы Кодексте көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты тиiстi сот сатысында жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстердi қарайды.
292-бап Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-IIІ Заңының редакциясында.
293-бап. Қылмыстық iстердiң әскери соттардың қаралуына жатуы
Қазақстан Республикасы әскери соттарының (судьяларының) қарауына осы тараудың ережелерiне сәйкес мынадай қылмыстық iстер жатады:
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 16-тарауында көзделген әскери қылмыстар туралы;
2) шақыру немесе келісім-шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерiнде және әскери құрамаларында әскери қызметiн өтеп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуi кезiнде запастағы азаматтар өздерi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң азаматтық қызметкер адамдары жасаған немесе осы бөлiмдер, құрамалар мен мекемелер тұрған жерлерде жасалған барлық қылмыстар туралы;
3) шпионаж туралы.
294-бап. Қылмыстық iстердiң аумақтық сот қарауына жатуы
1. Қылмыстық iс қылмыс жасалған жердегi сотта қаралуға тиiс.
2. Егер қылмыс бiр соттың қызмет жасайтын жерiнде басталып, басқа соттың қызмет жасайтын жерiнде аяқталса, iс тергеу аяқталған жердегi сотта қаралады.
3. Егер қылмыс Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жасалса немесе қылмыс жасалған жердi анықтау мүмкiн болмаса, немесе қылмыстар әртүрлi жерде жасалса, iстi тергеу аяқталған жердегi сот қарайды.
295-бап. Қылмыстық iстердi бiрiктiру кезiнде соттың қаралуына жатуын белгiлеу
1. Бiр адамды немесе адамдар тобын iстерi әртүрлi деңгейдегi соттарда қаралатын бiрнеше қылмыс жасағаны үшiн айыптау кезiнде iс жоғары тұрған сот сатысында қаралады.
2. Егер әскери қызметшiлер немесе осы Кодекстiң 293-бабында аталған, басқа адамдар болып табылмайтын адамдарға қатысты iстi жеке iс жүргiзу етiп бөлуге болмаса, әскери қызметшiлер немесе осы Кодекстiң 293-бабында аталған басқа адамдар болып табылмайтын адамдарға қатысты әскери соттарда қылмыстық iстердi қарауға, олар iсi әскери соттарда қаралатын әскери қызметшiлермен немесе басқа адамдармен бiрге қылмыс жасалғаннан басқа жағдайларда жол берiлмейдi.
296-бап. Iстi iс жүргiзуге қабылдаған соттың қылмыстық iстi соттың қарауына жатқызылуы
бойынша беруi
1. Егер сот келiп түскен iстiң өзiнiң қарауына жатпайтынын анықтаса, онда iстi соттың қаралуына жатқызылуы бойынша жiбередi.
2. Егер осы Кодекстiң 294-бабында көзделген iстiң аумақтық сот қаралуына жатқызылуы, ережелерiн бұзушылық басты сот отырысында анықталса, онда процестiң барлық қатысушыларының келісімiмен сот iстi өзiнiң iс жүргiзуiнде қалдыруға құқылы.
3. Егер iстiң жоғары тұрған немесе әскери соттың қарауына жататыны анықталса, ол барлық жағдайларда сот қаралуына жатқызылуы бойынша жiберiлуге тиiс.
297-бап. Қарауына жататын соттан қылмыстық iстi басқа сотқа беру
1. Жекелеген жағдайларда, iстi мейлiнше тез, жан-жақты және объективтi қарау мақсатында ол тараптардың өтiнiшi немесе келісімi бойынша бiр соттан сол деңгейдегi басқа соттың қарауына берiлуi мүмкiн. Бұл ретте iстi беруге оның сот отырысында қаралуына дейiн ғана жол берiледi.
2. Тараптың өтiнiшi, судьяның немесе сот төрағасының ұсынуы бойынша iс, сондай-ақ егер белгiлi бiр соттың барлық судьяларына бөгет болып отырған жағдайларға байланысты iстi қарауға мүмкiндiгi болмаса, бiр соттан сол деңгейдегi басқа соттың қарауына берiлуi мүмкiн.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көрсетiлген негiздер бойынша iстi бiр соттан екiншi сотқа беру туралы мәселенi жоғары тұрған сот шешедi, бұл туралы қаулы шығарылады.
298-бап. Сот қаралуына жататындығы туралы дауларды шешу
1. Соттардың арасындағы сот қаралуына жататындығы туралы дауларды жоғары тұрған сот шешедi, оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады және ол шағымдануға жатпайды.
2. Тараптардың бұл сотта iстiң қаралуға жатпайтындығы туралы арыздарын сол сот шешедi. Тарап (тараптар) iстiң сот қарауына жатпайтындығы туралы арыздарын қанағаттандырмай тастау туралы сот қаулысына жоғары тұрған сотқа шағымдануы мүмкiн, ал оның шешiмi түпкiлiктi болып табылады және оған шағым жасауға, наразылық бiлдiруге болмайды.
39-тарау
БАСТЫ СОТ ТАЛҚЫЛАУЫН ТАFАЙЫНДАУ ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕНІ ШЕШУ
ЖӘНЕ СОТТЫҢ ОТЫРЫСЫНА ДАЙЫНДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕР
299-бап. Соттың келiп түскен қылмыстық iс бойынша iс-әрекетi
1. Қылмыстық iс сотқа түскен кезде соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья iстi сотта iс жүргiзуге қабылдау туралы мәселенi шешедi.
2. Судья келiп түскен iс бойынша:
1) басты сот талқылауын тағайындау;
2) iстi алдын ала тыңдауды жүргiзу туралы шешiмдердiң бiрiн қабылдайды. 3. Судья iс бойынша шешiмдi қаулы нысанында қабылдайды, онда:
1) қаулының шығарылған уақыты мен жерi;
2) қаулы шығарған судьяның лауазымы мен тегi;
3) қабылданған шешiмдердiң негiздерi мен мәнi көрсетiлуге тиiс.
4. Шешiм iс сотқа келiп түскен сәттен бастап бес тәулiктен кешiктiрiлмей қабылдануға тиiс.
5. Судья қаулы шығарумен бiр уақытта айыпталушыға бұлтартпау шарасын қолданудың немесе қолданбаудың негiздiлiгi туралы және егер бұлтартпау шарасы таңдалса, оның түрiнiң негiздiлiгi немесе негiзсiздiгi туралы мәселенi қарауға мiндеттi.
299-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II, 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-IIІ Заңдарымен енгiзiлген өзгерістермен.
300-бап. Сотқа келiп түскен iс бойынша анықтауға жататын мәселелер
Судья сот отырысын тағайындаудың мүмкiндiгi туралы мәселенi шешу кезiнде сотталушылардың әрқайсысына қатысты мыналарды:
1) iстiң аталған соттың қарауына жататындығын;
2) iс бойынша iс жүргiзудi тоқтатуға не уақытша тоқтатуға әкеп соқтыратын жағдайдың болу-болмауын;
3) анықтау және алдын ала тергеу жүргiзу кезiнде сот мәжілісiн тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын бұзуға жол берiлген-берiлмегендiгiн;
4) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-II Заңымен алынып тасталды;
5) айыптау қорытындысының немесе айыптау хаттамасының көшiрмесi берiлген-берiлмегендiгiн;
6) айыпталушыға таңдап алынған бұлтартпау шарасының өзгертуге немесе тоқтатуға жататын-жатпайтындығын;
7) қылмыспен келтiрiлген залалды өтеудi және мүлкiн ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету шаралары қабылданған-қабылданбағанын;
8) арыздар мен өтiнiштердiң қанағаттандыруға жататын-жатпайтындығын анықтауға тиiс.
301-бап. Алдын ала тыңдауды өткізу
1. Судья iстi қосымша тергеуге қайтару, iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру, iстi соттылығы бойынша жiберу, iстi қысқарту, қылмыстық iстердi бiрiктiру туралы шешiмдердi қабылдау үшiн, сондай-ақ тараптардың өтiнiштерiн қарау және сот талқылауын қысқартылған тәртiппен өткізу туралы мәселенi шешу үшiн тараптардың қатысуымен iстi алдын ала тыңдауды өткiзедi.
2. Iстi алдын ала тыңдауды судья соттың жабық отырысында жеке-дара өткiзедi. Iстi алдын ала тыңдау өткiзiлетiн уақыт пен орын тараптарға хабарланады. Iстi алдын ала тыңдау барысында хаттама жүргiзiледi.
3. Сот отырысына сотталушының, оның қорғаушысы мен мемлекеттік айыптаушының қатысуы мiндеттi. Алдын ала тыңдау сотталушы бұл жөнiнде өтiнген кезде оның қатысуынсыз жүргiзiледi. Қорғаушы дәлелдi себептерсiз келмей қалған жағдайда, сондай-ақ оның алдын ала тыңдауға қатысуға мүмкiндiгi болмаған кезде, судья сот отырысына жаңадан тағайындалған қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге шаралар қолданады. Сот отырысына жәбiрленушi мен оның өкiлiнiң, азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң немесе олардың өкiлдерiнiң келмеуi iстi алдын ала тыңдауға кедергi болмайды.
4. Iстi алдын ала тыңдаудың нәтижелерi туралы судья қаулы шығарады, онда қаралған мәселелер бойынша шешiмдi баяндайды. Iс бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұру үшiн, iстi қысқарту үшiн немесе iстi қосымша тергеуге қайтару үшiн негiздер болмаған жағдайда сот басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы шығарады.
5. Егер алдын ала тыңдау барысында прокурор айыптауды өзгертсе, судья мұны қаулыда көрсетедi. Егер прокурордың айыптауды өзгертуi соттауға жатқызудың өзгеруiне әкеп соқса, судья iстi айыптау қорытындысын, айыптау хаттамасын қайта жасау және iстi соттауға жатқызу бойынша жiберу үшiн прокурорға қайтарады.
301-бап Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 11 шiлдедегi № 238-ІІ Заңының редакциясында; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-IIІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
302-бап. Басты сот талқылауын тағайындау
1. Анықтау немесе алдын ала тергеу процесiнде осы Кодекстiң процеске қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі барлық талаптары сақталған және iстi сотта қарауға кедергi келтiретiн өзге негiздер жоқ деген пiкiрге келген судья басты сот талқылауын тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
2. Басты сот талқылауын тағайындау туралы қаулы:
1) сотталушы болып табылатын адамды көрсетудi;
2) оны бұзу сотталушыға есептелетiн қылмыстық заңды дәл көрсетудi;
3) бұлтартпау шарасы мен келтiрiлген залалдарды қамтамасыз ету шараларын сақтау, тоқтату, өзгерту немесе таңдау туралы шешiмдi;
4) процеске қатысушылардың қарсылық бiлдiру, өтiнiштер және өзге де мәлiмдемелерi бойынша шешiмдердi;
5) қорғаушы ретiнде айыпталушы таңдаған немесе соңғысына тағайындалған қорғаушыға рұқсат ету туралы шешiмдi;
6) басты сот отырысына шақыруға жататын адамдардың тiзбесiн;
7) заң оның iсiн сырттай қарауға жол беретiн жағдайда iстi айыпталушының қатысуынсыз тыңдау туралы шешiмдi;
8) басты сот талқылауының орны мен уақыты туралы мәлiметтi;
9) осы Кодексте көзделген жағдайларда iстi соттың жабық отырысында қарау туралы шешiмдi;
10) сот iсi қай тiлде жүргiзiлетiнi туралы шешiмдi;
11) запастағы судья туралы шешiмдi қамтуы тиiс.
3. Егер iс бойынша алдын ала тыңдау жүргiзiлсе, басты сот отырысын тағайындау туралы қаулыда талқылауға қойылған мәселелер жөніндегі шешiмдер баяндалуы қажет.
4. Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемiнде үш тәулiктен кейiн және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәулiктен кешiктiрiлмей басталуға тиiс. Ерекше жағдайларда бұл мерзiм судьяның қаулысымен ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол отыз тәулiктен аспауға тиiс.
5. Басты сот талқылауы бiр ай мерзiмде аяқталуға тиiс, ерекше жағдайларда бұл мерзiм судьяның дәлелдi қаулысымен ұзартылуы мүмкiн.
302-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңымен енгiзiлген өзгерiспен; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 наурыздағы № 163-II Заңымен енгiзiлген толықтырумен; Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 111-IIІ Заңымен енгізілген өзгеріспен.
303-бап. Қылмыстық iстi қосымша тергеу үшiн қайтару
1. Судья iстi тараптың өтiнiшi бойынша:
1) егер ол қаралып отырған iспен байланысты болып, iсте айыпталушыға басқа айып тағуға негiздердiң болуы немесе егер олардың әрекетi қаралып отырған iспен байланысты болып, басқа адамдарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға негiздер болса және жаңа адамдарға қатысты iстi жеке қарау мүмкiн болмаса;
2) айыптау актiсiнде көрсетiлген айыптауды бастапқы тағылған айыптаудан неғұрлым ауыр немесе елеулi түрде өзгеше айыптауға өзгерту қажеттiгi болған жағдайларда қосымша тергеуге жiберуге құқылы.
2. Судья iстi алдын ала тыңдауды өткізу нәтижелерi бойынша тараптың өтiнiшi бойынша да, өз бастамашылығы бойынша да iс дұрыс бiрiктiрiлмеген немесе бөлiнбеген, не басты сот талқылауын тағайындауға кедергi келтiретiн қылмыстық iс жүргiзу заңын басқа да елеулi бұзушылық анықталған жағдайларда, басты сот талқылауын тағайындамай-ақ iстi қосымша тергеуге жiберуге құқылы.
3. Іс қосымша тергеуге прокурор арқылы жiберiледi. Бұл ретте судья қаулыда iстiң қандай негiз бойынша қайтарылып отырғанын көрсетуге, сондай-ақ айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселенi шешуге мiндеттi.
303-бап Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 мамырдағы № 47-II Заңының редакциясында.
304-бап. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзудi уақытша тоқтату
1. Судья iс бойынша iс жүргiзудi уақытша тоқтату туралы қаулыны осы Кодекстiң 50-бабының бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша шығаруы мүмкiн.
2. Iс бойынша iс жүргiзу бiрнеше айыпталушылардың бiреуiне қатысты қорғануға арналған оның құқығына немесе басқа да айыпталушылардың құқығына нұқсан келтiрмеуi шартымен уақытша тоқтатылуы мүмкiн. Оларға қатысты iс жүргiзу тоқтатылмаған айыпталушылар қамауда болған және судья оларға бұлтартпау шарасын өзгертудi мүмкiн деп таппаған жағдайда iс жүргiзу отыз тәулiктен аспайтын мерзiмге тоқтатылуы мүмкiн. Егер осы уақыт iшiнде айыпталушылардың бiреуiне қатысты iс жүргiзудi уақытша тоқтатуға негiздер жойылмаса, онда басқа айыпталушыларға қатысты iс жүргiзу жаңартылуы және басты сот талқылауының күнi белгiленуi тиiс.