345. Мемлекеттік кепiлдiктер беру процесi мынадай негізгi кезеңдердi бiлдiретiн:
1) инвестициялық жобаларды iрiктеудiң;
2) басым бюджеттік инвестициялық жобалар тiзбесiн ресiмдеудiң, қараудың және бекітудiң;
3) мемлекеттік кепiлдiктердi берудiң iс-шаралар кешенiн қамтиды.
346. Мемлекеттік (үкiметтік, тәуелсiз) (бұдан әрi - мемлекеттік кепiлдiктер) кепiлдiктер беру процесiнiң негiзгi қатысушылары қарыз алушылар, салалық уәкілеттi органдар, экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының әділет, қоршаған ортаны қорғау, еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiктерi, республикалық бюджеттік комиссия, "Қазақстан Даму Банкi" (бұдан әрi - Қазақстан Даму Банкi) болып табылады.
347. Қарыз алушылар:
1) техникалық-экономикалық негіздеменi (бұдан әрi - ТЭН) және инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын даярлауды жүзеге асырады;
2) осы Тәртiпке және мемлекеттік кепiлдiктер беру процесiнiң қатысушыларының талаптарына сәйкес инвестициялық жобаларды қарау үшiн талап етiлетiн құжаттамаларды ұсынуды қамтамасыз етедi.
348. Салалық уәкілетті органдар:
1) инвестициялық жобаларға салалық сараптама жүргiзедi;
2) салалық сараптаманың нәтижелерi бойынша тиiстi қорытындыларды ұсынады.
349. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган:
1) инвестициялық жобалардың қаржылық сараптамасын жүзеге асырады;
2) мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздарды беру шарттары бойынша ықтимал инвесторлармен келiссөздер жүргiзедi;
3) мемлекеттік кепiлдiктер беру туралы келісім жасасады;
4) мемлекеттік кепілдiктер бередi.
350. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі жоспарланған қызметтi iске асыруға, оларды iске асыру туралы шешiм қабылдау алдындағы кезеңдегi жоспарланған қызметтің экологиялық талаптарына сәйкестігін бағалауға байланысты ықтимал терiс салдарларын алдын алу мақсатында және өндiрiстік күштердi орналастыру және дамыту салдарынан экологиялық жағдайдың болжамданған өзгеруiн сараптамалық қамтамасыз ету инвестициялық жобаның мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүзеге асырады.
351. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық жобалар келісім-шарттарының сараптамаларын жүзеге асырады.
352. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
1) инвестициялық жобаларды қарау процесіне ұйымдық жетекшілік жасауды қамтамасыз етедi;
2) инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын жүзеге асырады;
3) мемлекет кепiлдiк берген қарызды тарту үшін қарыз капиталының рыногын (iшкi және сыртқы) анықтайды;
4) жоспарланып отырған кезеңге мемлекеттік кепiлдiктер беру лимитi бойынша ұсыныстарды, инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және республикалық бюджеттік комиссиясының қарауына енгізедi.
353. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі мемлекеттік кепiлдiктермен жасасатын қарыз шартының заңдық сараптамасын жүргізедi.
354. Қазақстан Даму Банкi:
1) банктiк сараптаманы жүзеге асырады;
2) инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлген инвестициялық жобаларға қызмет көрсету жөніндегі агенттің функциясын орындайды.
355. Республикалық бюджеттік комиссия:
1) жоспарланып отырған кезеңге мемлекеттік кепiлдiктер беру лимитiн анықтайды;
2) инвестициялық жобалардың тiзбесiн анықтайды;
3) жоспарланып отырған кезеңге мемлекеттік кепiлдiктер беру лимитi шегiнде әрбiр инвестициялық жоба үшiн мемлекеттік кепілдiктердiң мөлшерiн анықтайды.
356. Мемлекеттік кепiлдiктер беру үстiнде өз құзыретінiң бөлiгiнде инвестициялық жобаларды бағалауды (сараптаманы) жүргiзу үшiн заңға сәйкес уәкілеттi басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар қатысады
42-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
кепiлдiктерiмен мемлекеттік емес қарыз қаражаттарының есебiнен қаржыландыру үшiн инвестициялық жобаларды iрiктеу
357. Мемлекеттік кепiлдiктер алуға үмiткер заңды тұлғалар мынадай құжаттарды:
ТЭН-нi;
салалық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкінің банктік сараптамасын және заңға сәйкес қажетті басқа да оң қорытындыларды қоса берiп, тиiсті жылдың 1-наурызынан кешіктiрiлмейтiн мерзiмде экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлетті органға өтінімдi ұсынады.
358. Толық емес құрамдағы құжаттармен ұсынылған өтiнiмдердi жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қарамайды.
Жоғарыда көрсетілген мерзiмнен кейiн ұсынылған өтiнiмдер тиiстi жылға мемлекеттік кепілдiктер беру тұрғысынан қаралмайды.
359. Өтінiм ұсынылғаннан кейiн осы Ереженiң 357-тармағына сәйкес экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасын ұйымдастырады және 2 ай iшiнде экономикалық сараптаманың қорытындысын әзiрлейдi.
360. Инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасы - жоба TЭH әзiрлеу шеңберiнде, осы Ережеде көзделген сараптамалар бойынша жасалған негiзде жүргізiлген инвестициялық жобаға экономикалық талдаудың кешендi бағалау, ол мыналарды:
басым мемлекеттік инвестициялардың жоба мақсаттарына сәйкестігiн бағалауды;
экономикалық талдауды бағалауды;
инвестициялық жобалар iске асырылған жағдайда республикалық және жергiлiктi бюджеттерге салықтық түсiмдер тасқынын талдауды қамтиды.
361. Осы тарауда көрсетілген сараптаманы жүргiзу үшiн қажетті құжаттардың тiзбесiн тиiстi мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар анықтайды.
362. Осы тараудың 357-тармағында көрсетiлген сараптамаға оң қорытындының бары-жоғы мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобалардың тiзбесiне инвестициялық жобаларды енгізу үшiн мiндетті шарт болып табылады.
43-тарау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты
есебiнен қаржыландыруға арналған инвестициялық жобаларды
қалыптастыру, қарау және тiзбесiн бекіту
363. Республикалық бюджеттік комиссия жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың 1-мамырына дейiнгi мерзiмде үш жылдық кезеңге жоспарланатын мемлекеттік кепiлдiктердi беру лимитiн анықтайды.
364. Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкiлетті орган тиiстi жылдың 20-шiлдесiнен кешiктiрiлмейтiн мерзiмде инвестициялық жобалардың экономикалық сараптамасының қорытындысы негізiнде жобалар бойынша экономикалық сараптаманың қорытындысын қоса берiп мемлекеттік кепiлдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қалыптастырады және республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізедi.
365. Республикалық бюджеттік комиссия экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұсынған инвестициялық жобалар тiзбесiнiң жобасын қарау кезiнде тиiстi жылға арналған мемлекеттік кепiлдiктердi беру лимитiне енетiн, бiр жылға арналған инвестициялық жобалардың тiзбесiн анықтайды.
366. Республикалық бюджет жобасын қалыптастыру барысында экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті органмен бiрлесе отырып, республикалық бюджеттік комиссияның шешiмi бойынша инвестициялық жобалардың тiзбесiн пысықтайды және әрбiр инвестициялық жоба бойынша мемлекеттік кепiлдiктердiң сомасын қайта қарайды.
367. Республикалық бюджеттік комиссияның қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттік кепілдiктермен мемлекеттік емес қарыздардың қаражат есебiнен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі жеке шешiммен бекiтедi және жариялауға жатады.
44-тарау. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша
мемлекеттік кепiлдiктер беру рәсiмi
368. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдігімен мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебiнен қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiткеннен кейiн және бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органмен келiсілген қарыз шартының жобасы бар болған кезде бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган қарыз алушымен және Қазақстан Даму Банкiмен мемлекеттік кепiлдiктер беру туралы келісім жасасады.
369. Қарыз алушы ТЭН жобасын, салалық сараптаманың, экономикалық сараптаманың, Қазақстан Даму Банкінің банктiк сараптамасының және заңға сәйкес қажетті басқа да сараптамалардың оң қорытындыларын ұсынғаннан кейiн бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті орган инвестициялық жобаның сараптамасын жүргiзудi ұйымдастырады және екi ай iшiнде тиiстi қорытындыны әзiрлейдi.
370. Инвестициялық жобаның сараптамасы бойынша бюджетті атқару жөнiндегі уәкілетті органның қорытындысы мыналарды:
мемлекеттік кепiлдiктермен берiлген мемлекеттік емес қарыздардың қаржылық шарттарын;
мемлекеттік кепiлдiктердi алғаны туралы өтінiм бiлдiргенге дейiн үш жылдан кем емес кезең iшiндегі қарыз алушының қаржылық жай-күйiн және заңды мәртебесiн;
қарыз алушы берген мемлекеттік кепiлдiктер бойынша қамтамасыз етілуiн;
қаржылық және техникалық тәуекелдi;
мемлекеттік кепiлдiктердi алуға үмiткер тұлғаларға қойылатын Бюджеттік кодекс талаптарына қарыз алушының сәйкестігін бағалауды қамтиды.
371. Мемлекеттік кепiлдiк кредит берушiге қарыз шарттарын, мемлекеттік кепiлдiктер беру туралы келісімдер жасасқаннан, сондай-ақ бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органның оң қорытындысы бар болып, қарыз алушының мемлекеттік кепiлдiктердi бергенi үшін бiржолғы төлемдi (алымды) алдын ала төлегенiнен кейiн беріледi.
372. Мемлекеттік кепiлдiктердi ұсыну туралы келісім мыналарды:
1) қарыз алушыға қойылатын талаптарды:
а) қарыз бойынша ағымдағы мiндеттемелердi қамтамасыз ету үшiн қажеттi алдағы төлемдер мөлшерiнде шартты салымның (қызмет көрсету шотының) арнайы шотында ақша сомасын жинауды жүргiзудi;
ә) бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен Қазақстан Даму Банкiне банктiк шоттардағы, оның iшiнде ҚР ҰБ және екiншi деңгейдегi банктердегi мәлiметтердi заңда белгiленген тәртiппен ұсынуды;
б) қарыз толық өтелгенге дейінгі сенім бiлдiрiлген өкілге жыл сайынғы бизнес-жоспарды ұсынуды;
в) қаржылық есептіліктiң үлгілік нысанын (бухгалтерлiк балансты, қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi туралы есепте) және қаржылық жай-күйiн анықтайтын басқа да қажетті құжаттарды Қазақстан Даму Банкiне ай сайын ұсынуды;
2) шартты салымның арнайы шотындағы қаражаттың есебiн жүзеге асыруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi органнан талап етуге, сондай-ақ акт жасай отырып ұсынылатын құжаттамаларға кезең-кезеңде салыстыру жүргізудi;
3) жүзеге асыру бойынша Қазақстан Даму Банкіне қойылатын талаптарды:
а) қарыз алушының қаржы-экономикалық жай-күйiн талдауды және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға тиiстi талдау нәтижелерi туралы ақпаратты ұсынуды;
ә) шартты салымның арнайы шотында ақшаның кезең-кезеңде жиналуын;
4) қарыз алушымен және сенім бiлдiрілгенмен бiрлесе отырып бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi орган анықтаған шартты салымның арнайы шотына ақша аударудың нормасы мен кезеңділігін (кестесiн) қамтиды.
Ақшаны қарыз алушы шартты салымның арнайы шотына салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлегеннен кейiн келісімге сай тиiсті соманы тұрақты аудару арқылы аударады.
Жинау мерзiмi мен шартты салымның арнайы шотының (қызмет көрсету шотының) қаражатын қалпына келтiру мерзiмiн бұзған жағдайда қарыз алушы әрбiр жолсыздық жағдайы үшін алдағы төлемдер сомасынан мерзiмi өткен әрбiр күн үшін нөл бүтін оннан бiр пайыз мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
373. Мемлекеттік кепiлдiктер алуға үмiткер тұлға Қазақстан Республикасының заңдарында анықталған талаптарға сәйкес болуы тиiс.
374. Мемлекеттік кепiлдiктер әрбiр инвестициялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы негiзiнде беріледi.
375. Кепілдiк мiндеттемелер нысанында берiлген мемлекеттік кепiлдiктер бiр данада мемлекеттік кепiлдiктердiң арнайы бланкасында ресiмделедi.
Мемлекеттік кепiлдiктердiң бланкасы қатаң есептілік бланкасы болып табылады.
376. Кепiлдiктер туралы шарттар нысанындағы мемлекеттік кепiлдiктер екi данада ресiмделедi.
377. Банктік кепiлдiктердi ұсыну мерзiмi мен шарттарын мемлекеттік кепiлдiктермен берiлген мемлекеттік емес қарыздардың шарттарына байланысты бюджеттi атқару жөнiндегі уәкілетті орган белгiлейдi.
378. Банктік кепiлдiң нысаны мен мазмұнын бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлетті органның келісімi бойынша банк-кепіл анықтайды.
379. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган кредит берушiнің келісімi бойынша мемлекеттік кепiлдiктердiң мазмұны мен нысанын анықтайды.
380. Мемлекет кепiлдiк берген қарыз бойынша жарғылық қорына мемлекеттің қатысуы бар қарыз алушының мiндеттемелерiн қамтамасыз ету мәселелер Қазақстан Республикасының бюджет заңдарымен реттеледi.
381. Кредит берушiнiң талабы бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Қазақстан Республикасының кепiлдiктермен жасасқан қарыз шартының заңды қорытындысын (Legal opi№io№) ұсынады.
45-тарау. Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы
органдарымен қарыз алу тәртібі
382. Осы тарауда пайдаланылатын ұғымдар:
жергілiктi атқарушы орган - облыстардың, республикалық маңызды қалалардың, астананың, облыстық маңызды қалалардың, аудандық маңызды қалалардың, кенттердiң, ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық) округтардың жергілікті атқарушы органдары;
кредит берушi - Қазақстан Республикасының бюджет және азаматтық заңдарына сәйкес бюджеттік кредит берушi кредиттік шарттың тарабы.
383. Облыстардың, республикалық маңызды қалалардың, астананың жергілiкті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының Үкіметінен қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады, аудандардың (облыстық маңызды қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары қарыз алуды бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру мақсатында, сондай-ақ кассалық шығыстарды жабу үшiн облыстардың жергілiктi атқарушы органдарынан қарыз алу түрiнде жүзеге асырылады.
384. Жергілiкті атқарушы органдардың қарыз алуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай:
1) тиiсті қаржы жылына арналған борыш лимитiнің шегiнде қарыз алуды шектеудi белгілеу;
2) қарыз алудың басым инвестициялық бағыттарын анықтау;
3) басым (республикалық немесе жергiлiктi) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн қалыптастыру негізiнде жүзеге асырылады.
385. Тиiстi қаржы жылына арналып бекітілген борыш лимитi шегiнде жергілiктi атқарушы органдар мыналарды:
бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) iске асыру мақсатында бюджет тапшылығын;
тиiсті қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң арнайы резервiнiң шотынан кассалық алшақтықты жабуға қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Үкiметінен қарыз қаражатын тартуды жүзеге асырады.
386. Жергілікті атқарушы органдардан қарыз алу тек қарыз шарты нысанында ғана жүзеге асырылады.
387. Бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн және басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып жергiлiктi атқарушы органдардың жоспарланған бюджеттік тапшылығын, жоспарланып отырған жылға арналған жергілiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн қаржыландырудың болжамдық есептемелерiн жүзеге асырады және бұл ұсыныстарды Жергiлiктi атқарушы органдардың бюджет жобаларын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияға жiбередi.
388. Орта мерзiмдi жоспар негізiнде бюджеттік комиссия үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттік негізгі болжамдық көрсеткiштерiн анықтайды, сондай-ақ тиiстi қаржы жылының соңына арналған жергiлiктi атқарушы органдардың борыш лимитiн анықтайды.
389. Бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жергілікті атқарушы органдардың борыш лимитiн ескере отырып басым (республикалық немесе жергілiктi) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiн ескере отырып жергiлiктi атқарушы органдардың жоспарланған бюджеттік тапшылығын қаржыландырудың болжамдық есептемелерiн жүзеге асырады және оларды қарау үшiн тиiсті Бюджеттік комиссияға жiбередi.
390. Бюджеттік комиссияның шешiмi және бекітілген жергiлiктi бюджеттер тапшылығының параметрлерiнiң негiзiнде бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілеттi орган қарыз алудың көлемi мен шарттарын, сондай-ақ тиiсті қаржы жылына арналып жергiлiктi бюджеттерде бекітілген борышты жабу мен қызмет көрсетудiң мөлшерiн анықтайды.
391. Ресiмделген қарыз шартына қол қою Бюджет Кодексiнiң 180-бабына сай қабылданған кредиттiк шешiмге сәйкес жүзеге асырылады.
392. Қол қойылған қарыз шарты жабу кестесiмен, сыйақыларды (мүдделердi) төлеумен және басқа да ұсыныстармен бiрге бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілеттi органның тiркеуiне жатады. Бұл ретте, қарыз шарты тек ол тiркелгеннен кейiн ғана күшiне енедi.
46-тарау. Мемлекеттік кепiлдiктермен қарыз алған
қарыз алушының қаржылық жай-күйi мониторингiнiң тәртібі
393. Осы тарау мемлекеттік кепiлдiктермен қарыз алған заңды тұлғаның қаржылық жай-күйi мониторингiнiң рәсiмдерiн анықтайды, мемлекеттік кепілдiктермен қарыз алған заңды тұлғаның ақпараттық қамтамасыз ету мониторингiн және қаржылық жай-күйінің мониторингін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.
394. Қаржылық коэффициенттердi агент мемлекет кепілдігімен қарыз алған қарыз алушының қаржылық есебiнiң негiзiнде екi жылда бiр рет есептейдi. Мемлекет кепiлдiгiмен қарыз алған қарыз алушы Банкке/Агентке қаржылық есептілiктi, ал қажет болған кезде тиісті қосымшалар мен оның таратылып жазылуын ұсынады.
395. Мониторингке мемлекет кепiлдiгiмен қарыз алған және кредит берушiнiң не республикалық бюджеттің алдында борышы бар заңды тұлғалар жатады.
396. Мониторинг базалық талдаудан (заңды тұлғаның басшылығы, қызметiнiң, саласының түрлерi, бәсекелестерi мен рыноктары, нормативтiк құқықтық ортасы туралы ақпарат) және қаржылық ақпараттан (қаржылық есептіліктiң, бизнес-жоспардың талдамасы) тұратын талдауды қамтиды.
397. Мониторингтi жүзеге асыру кезiнде мынадай қаржылық коэффициенттер:
өтімдiлiк коэффициентi - ақша қаражаты мен қысқа мерзiмдi дебиторлық берешектердiң қысқа мерзiмдi мiндеттемелердiң мөлшерiне қатысы;
жабу коэффициентi - активтердiң ағымдағы қысқа мерзiмдi мiндеттемелерге қатысы;
қарыз және меншiк қаражатының ара қатынасы - ағымдағы мiндеттемелердiң меншiк капиталының мөлшерiне қатысы;
тарту коэффициентi - ағымдағы және ұзақ мерзiмдi активтерге қатысты мiндеттемелер;
пайда нормасы салық салғанға дейiнгi кiрістің - iске асыру мөлшерiне қатысы;
меншiк капиталының пайдалылық коэффициентi - салық салғанға дейiнгі жиынтық кiрiстiң меншiк капиталының мөлшерiне қатысы;
кредиттік берешектiң айналымдылық коэффициентi - iске асыру көлемiнiң кредиттік берешекке қатысы қолданылады.
Мониторингті жүргізу үшiн Банк/Агент сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздың және инвестициялық жобалар тәуекелiнiң шарттарына байланысты басқа да қаржылық коэффициенттер пайдаланылуы мүмкiн.
398. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi орган мониторингке жататын қарыз алушылардың тiзiмiн жыл сайын Банкке/Агентке жiбередi.
399. Қажет болған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті орган мемлекет кепiлдiк берген қарызды алған қарыз алушыдан оның қаржылық көрсеткiштерi туралы қосымша ақпаратты белгіленген тәртiппен сұрауы мүмкін.
400. Банк/Агент осы ұсынылған көрсеткіштер негізiнде анықталған қаржылық коэффициенттердi, заңды тұлғалардың өткен кезеңдегi ұқсас коэффициентiмен мемлекет кепiлдiк берген қарыз алған басқа қарыз алушылардың, ұқсас профилiн қызметімен және осы коэффициенттiң жалпы қабылданған нормаларымен салыстыру арқылы заңды тұлғаның қаржылық жай-күйiне мониторинг жүргiзедi.
401. Ықтимал төлем қабiлетi дәрменсiз қарыз алушы анықталған жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi орган осы туралы Қазақстан Республикасының Үкiметіне хабарлайды және мемлекет кепiлдiк берген қарызды өтеу үшiн көзделген республикалық бюджет қаражатын бөлудi алдын алу үшiн шаралар қабылдау туралы ұсыныс енгiзедi.
402. Мемлекет кепiлдiк берген қарызға қызмет көрсету жөніндегі Банк/Агент болмаған жағдайда қарыз алушының қаржылық жай-күйi туралы есептi қарыз алушының өзi жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 46-1-тараумен толықтырылды
46-1-тарау. Үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі
мәмілені жүзеге асыру тәртібі
402-1. Үкіметтік қарыздарды хеджирлеуді жүзеге асыру үшін контрагентті тарту туралы шешімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қабылдайды.
Контрагенттерді іріктеу контрагент ұсынатын үкіметтік қарыздарды хеджирлеу шарттарының қолайлылығын және олардың қаржылық (бюджеттік) шектеулерге сәйкестігін бағалау жолымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тендер негізінде жүзеге асырылады. Тендердің қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қолайлылық талаптарына жауап беретін контрагентпен үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөнінде мәміле жасасады.
402-2. Үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда олар белгілеген тәртіппен тіркеуге және есепке алуға жатады.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
47-тарау. ?кіметтік қарыздарды, жергiлiктi атқарушы
органдардың қарыздары мен мемлекеттік кепiлдiктермен
қамтамасыз етiлген мемлекеттік емес қарыздарды, сондай-ақ үкіметтік
қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді өтеу
және қызмет көрсету, бюджеттi атқару жөніндегі орталық
уәкiлетті орган шығарған бағалы қағаздардың
ұйымдастырылған рыногында мемлекеттік бағалы
қағаздарды сатып алу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 403-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
403. Осы тарау Қазақстан Республикасы Үкіметінiң (бұдан әрi - үкiметтік қарыздар), Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының қарыздарын (бұдан әрi - жергілiкті атқарушы органдардың қарыздары) мен республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік кепiлдiктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздарды (бұдан әрi - мемлекет кепiлдiк берген қарыздар), сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді өтеу және қызмет көрсету бойынша жоспарлау, төлемдердi жүзеге асыру рәсiмдерiн белгiлейдi.
404. Үкiметтік қарыздарды өтеу және қызмет көрсету бойынша жоспарлау, төлемдердi жүзеге асыру рәсiмдерi қарыз шарттарын жасасу нысанында қарыз капиталының сыртқы және iшкi рыноктарындағы қарыз алу не мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру арқылы тартылған қарыздар үшiн ортақ.
405. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногында шығарған бағалы қағаздарын сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тиісті қаржы жылына арналып республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджеттік қаражат есебiнен ҚР ҰБ-мен жасасқан шарт негізiнде ҚР ҰБ арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.23.12. № 1283 Қаулысымен 406-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
406. Үкiметтік қарыздардың үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдердің алдағы өтеу және қызмет көрсету көлемiн жоспарлауды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган үкіметтiк қарыздардың үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдердің алдағы өтеу және қызмет көрсету көлемінің болжамдық есептерi негiзiнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзiрлеу шеңберiнде жыл сайын жүргiзедi.
407. Жүргізiлген есептемелер тоқсанның алдағы есептемелердiң соңындағы жағдай бойынша үкiметтік борыш мониторингiнiң деректерiне, үкiметтiк қарыздардың қолданыстағы және ағымдағы жыл мен жоспарланған жылы тартуға көзделiп отырған қаражаттың игеру болжамына, макроэкономикалық көрсеткiштер болжамына негiзделедi.
408. Үкiметтiк қарыздардың қолданыстағы және ағымдағы жыл мен жоспарланған жылы тартуға көзделіп отырған қаражаттың игеру болжамын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттi орган инвестициялық жобаларды iске асыру кестесіне негiздей отырып, үкiметтiк сыртқы қарыздардың түсу болжамы жоспарланған жылы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемiн болжауға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган негiздей отырып анықталады.
409. Республикалық бюджет тапшылығының көлемi, негізгi макроэкономикалық көрсеткіштер, ұлттық валюта бағамы ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының Үкiметі бекітетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзiмдi жоспарының параметрлерімен анықталады.
410. Жоспарланып отырған жылы үкiметтік қарыздарды өтеу мен қызмет көрсету көлемiнiң есептемелерін бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкілеттi орган мынадай түрде жүргізедi:
1) әрбiр қолданыстағы үкiметтік қарыздар бойынша қарыз қаражатының игерілмеген көлемiнiң әр жылға болжамдық бөлiнуiн жүргiзедi;
2) қарыз шартының талаптары, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру негiзiнде үкіметтік қарыздар бойынша борышты өтеу мерзiмi мен көлемi анықталады;
3) үкіметтік қарыз бойынша борыш сомасының өзгеру динамикасының есептемесi жүргiзіледi;
4) қарыз шартының талаптары, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру негiзiнде сыйақыларды (мүдде), комиссиялық төлемдер мен өзге да төлемдердi төлеу бойынша төлемдердiң мерзiмдерi мен көлемiнiң есептемелері жүргiзіледi. Егер, қарыз шартында өзгеше белгіленбесе, осы тармақтың 1)-4)-тармақшаларында көрсетілген есептілiктер қарыз берiлген валютада жүзеге асырылады.