233. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан мемлекеттік мекемелер алатын ақша сақталатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу үшін шоттардың ашылу, жүргiзiлу және жабылу тәртібі бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлетті органның тиiсті нормативтік құқықтық актiлермен реттеледi.
234. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша төлеушілерден, тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын ақша сақталатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін ақшаны есепке алу үшін шотқа немесе мемлекеттік мекеменiң кассасына тiкелей қолма-қол ақшамен аудару арқылы түсуі мүмкін. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын қаражат бойынша қолма-қол ақшаны белгiленген үлгiде түбiртектер немесе кіру кассалық ордерлерiнiң түбiртектерiн бере отырып мемлекеттік мекеменiң уәкілеттi лауазымдық тұлғасы қабылдайды.
235. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан олардың иелiгiнде қалған ақша есебiнен төлемдер тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу үшiн ашылған мемлекеттік мекеменiң шотында iс-жүзiнде қолма-қол ақшаның болу шегінде жүзеге асырылады.
236. Түскен және бекітілген жоспарда көзделмеген ақша он жұмыс күнiнiң iшiнде тиiстi бюджеттің кiрiсiне мемлекеттік мекеменiң аударуына жатады.
237. Жоспарда көзделген сомадан тыс бюджетке түскен ақшаның және түскен және бекітілген жоспарда көзделмеген ақшаның уақытылы есептелуiн бақылауды қазынашылықтың аумақтық органы жүзеге асырады.
238. Кассаға мемлекеттік мекеме қабылдаған қолма-қол ақша оларды қабылдаған үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу үшiн шотқа есептеледi. Осы ақшаны уәкілеттi органның бөлiмшесiне алдын ала өткiзбей тұрып жұмсауға жол берiлмейдi.
239. Мемлекеттік мекеме басқа мемлекеттік мекемелерге тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуды жүзеге асырады.
240. Мемлекеттік мекемеге бюджет қаражатын немесе заңнамаға сәйкес оған ашылатын шоттардан қаражат аударуға тиым салынады, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiн қоспағанда тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін ақшаны есепке алу үшiн өз шотына депозит шотынан қаражатты тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаны есепке алу үшін шотқа аударуға рұқсат етіледi.
241. Депозит шотынан Қылмыстық-түзету жүйесi мекемесiнің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаны есепке алуға шотқа қаражат аудару үшiн депозит шотынан ақша аударуға сотталғандардың өтініштерiнiң негiзiнде төлем тізiмдемесi жасалады және оларды қазынашылықтың аумақтық органдарына бередi.
242. Мемлекеттік мекемелер және бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен, нысанда және мерзiмдерде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн түсiмдер мен ақша шығыстары жоспарының орындалуы туралы есептi жасайды.
7-бөлiм. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының
активтерi мен есептілігі
28-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына
активтердi есептеу және Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын пайдалану тәртібі
243. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрi - Қор) Бюджет кодексiнде белгіленген түсiмдер есебiнен қалыптастырылады.
244. Шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетiн республикалық бюджетте жоспарланған түсiмдердiң сомасының он пайыз мөлшерiнде есептелген ресми трансферттер ай сайын түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес Үкiметтiң шотына бюджеттiң атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган аударады.
245. Республикалық меншiктегі және кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетін жоспарлы түсiмдердiң есебiнен айқындалатын республикалық бюджеттен берiлетін ресми трансферттер және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түскен түсiмдер есебiнен айқындалатын жергілiкті бюджеттің ресми трансферттерi Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына өткен айдағы осы түсiмдердiң қорытындысына тең сомада және түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес ақпаннан бастап әрбiр айдың бiрiншi он күндiгінде тиiстi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган аударады.
246. Тиiсті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекiтілген олардың жылдық көлемдерiне шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке нақты түсiмдердi арттыру және республикалық меншiктегі және кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден түсетін жоспардан тыс түсiмдердiң сомасы өткен айдың түсiмдерiнiң қорытындысы бойынша олар жөнiнде жылдық жоспарын жүз процент орындау сәтiнен бастап ай сайын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган анықтайды. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Yкіметі қаулысының тиісті жобасын заңнамада белгiленген тәртiппен әзiрлейдi. Үкiмет қабылдаған қаулының негiзiнде бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган осы Ережеде белгіленген тәртiппен Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиiстi өзгерістер мен толықтырулар енгізедi және Үкiметтің шотына ресми трансферттер ретiнде қаулының жобасын бекiткеннен кейiн он бес жұмыс күнiнiң iшінде шикiзат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке нақты түсiмдердi арттыру және республикалық меншіктегі және кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiкті жекешелендiруден түсетiн жоспардан тыс түсiмдердiң сомасы аударылады.
247. Жергілiктi бюджетке ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн жоспардан тыс түсiмдердiң сомасы өткен айдың түсiмдерiнiң қорытындысы бойынша олар жөнiнде жылдық жоспарын жүз процент орындау сәтiнен бастап ай сайын жергілiктi бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi орган анықтайды. Жергілiктi бюджетті атқару жөніндегі уәкiлеттi орган тиісті қаржы жылына арналған жергілiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiн iске асыру туралы жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілiкті атқарушы органның қаулысының тиісті жобасын заңнамада белгіленген тәртiппен әзiрлейдi. Жергілiктi атқарушы орган қабылдаған қаулының негiзiнде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган осы Ережеде белгіленген тәртiппен Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізедi және Үкiметтің шотына ресми трансферттер ретiнде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан түсетiн жоспардан тыс түсiмдердiң сомасы аударылады.
248. ҚР ҰБ кастодиандардан түсетiн ақпараттың негiзiнде есептеу әдiсiмен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн инвестициялық кiрiстерге есеп жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетiн алынған инвестициялық кiрiстердiң сомасы оның жинақтау функцияларын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеледi.
249. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де түсiмдер мен кiрiстер Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жинақтау функцияларын орындау үшiн Үкiметтің шотына заңды және жеке тұлғалар аударады.
250. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану Бюджет кодексiнде көзделген мақсаттарда ғана жүзеге асырылады.
251. Есептi жылдың қорытындысы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган тұтастай алғанда республикалық бюджетке ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымынан алынатын түсiмдердiң бекітілген және нақты көлемдерi арасындағы айырма ретiнде республикалық бюджет шығындары өтемақысының көлемiн белгілейдi.
Республикалық бюджет шығындарының өтемақысы шикiзат секторы ұйымдарынан алынатын түсiмдер және тұтастай алғандағы түсiмдер бойынша республикалық бюджет орындалмаған жағдайда жүргiзiледi.
Өтемақының мөлшерi түсiмдер бойынша республикалық бюджеттің жете орындалмауының жалпы сомасын арттыра алмайды.
Қазақстан Республикасының Президентi белгілеген мақсаттарға республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін мақсатты трансферттер ретiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жұмсалуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекiтілген көлемдер шегiнде жүзеге асырылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы жылдың 25 желтоқсанында шикiзат секторы ұйымдарынан күтілетiн түсiмдердiң болжамын ескере отырып алдын ала республикалық бюджет шығындарының өтемақы көлемдерін белгілейді. Содан кейін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚҰ ҰБ Қордың шығындарын өтемақы төлеуге жұмсауы туралы хабарламаны жiбередi.
Ағымдағы жыл үшiн шикiзат секторы ұйымдарынан бұрын алынған өтемақы сомасы мен iс жүзіндегі түсiмдердi ескере отырып, республикалық бюджет шығындарының өтемақысының түпкiлiктi есеп айырысуларын ағымдағы жылдың соңғы жұмыс күнi уәкілетті орган жүргізедi.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттiң шығындарының өтемақысын жүзеге асыру үшін ҚР ҰБ жiбередi:
48-қосымшаға сәйкес 2-37-нысан бойынша республикалық бюджеттің шығындарға өтемақы төлеуге арналған хабарлама;
төлем құжаттарының көлемдерi мен деректемелерiн көрсете отырып 2-37-нысан бойынша республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан мақсатты трансферттер бөлу туралы хабарлама, ол бойынша ҚР ҰБ республикалық бюджетке мақсатты трансферттердi аударуды жүзеге асырады.
Хабарлама бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілеттi орган басшысының қолымен бекітіледi және оның мөрiмен куәландырылады. Бюджетті атқару жөніндегi орталық уәкілетті органның басшысы болмаған жағдайда хабарламаны бұйрыққа сәйкес оның мiндетiн атқарушы тұлға бекiтедi.
252. ҚР ҰБ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органның хабарламасының негiзiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан мақсатты трансферттердi бөлу туралы және республикалық бюджеттің шығындарына өтемақы төлеуге хабарлама алған сәттен бастап он жұмыс күнiнiң iшiнде, ал төртiншi тоқсан үшiн - хабарламаны алған күннен бастап ҚР ҰБ мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында жасалған сенімдi басқару туралы (бұдан әрi - Сенімдi басқару туралы шарт) шартқа сәйкес республикалық бюджетке қаражат аударуды жүзеге асырады.
253. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы аудиттi жүргiзуге байланысты шығыстарды жүзеге асыру үшiн ҚР ҰБ бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға төлем үшiн шот-фактураларды жiбередi.
254. Сенімдi басқару туралы шартта белгiленген мерзiмдерде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган ҚР ҰБ 49-қосымшаға сәйкес 2-36-нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығыстарын бекіту туралы хабарлама жiбередi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының шығыстарын бекіту туралы хабарламаның негiзiнде және сенімдi басқару туралы шартқа сәйкес ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудиті жүргiзуге байланысты шығыстарды жабу үшін ?кіметтің шотынан соманы есептен шығарады.
255. Республикалық меншiктегi және кен өндiру және өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлiктi жекешелендiруден, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн сатудан және шикiзат секторы ұйымдарының салығынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына дұрыс емес немесе артығымен түскен сомаларды қайтару бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен тиiстi бюджеттен жүргiзіледi.
29-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын
қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi
жасаудың тәртібі мен нысандары
256. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есептілік Бюджет кодексiне сәйкес жүргiзіледi.
257. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы есеп есептен кейiн тоқсанның бiрi күнi және бiр жыл үшiн тоқсан сайын бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган жасайды.
258. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есептi бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры аудитiнiң нәтижелерiн енгiзе отырып есептiден кейiнгi жылдың 1 сәуiрiне дейiн жыл сайын ҚР ҰБ бiрлесiп жасайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы жылдық есеп мыналарды қамтиды:
1) 50-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының түсiмдерi мен пайдаланылуы туралы жылдық есептi;
2) ҚР ҰБ Басқармасының қаулысымен бекітілген нысандар бойынша теңгерiм мен есептердi:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ теңгерiмi;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ кiрiстерi мен шығыстары туралы есеп;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ ақша қозғалысы туралы есептер;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының активтерiн сенімдi басқару жөніндегі ҚР ҰБ таза активтеріндегі өзгерістер туралы есептер.
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өзге деректерді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ағымдағы жылдың 1 сәуiрiнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес мақұлдаған сыртқы аудиттi жүргiзудiң нәтижелерiмен бiрге жылдық есептi Қазақстан Республикасының Президентіне бекітуге енгізедi.
259. ҚР ҰБ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімдi басқару туралы шартта көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі өз мiндеттемелерiн орындамағаны үшін жауап бередi.
8-бөлiм. Бюджеттік кредит беру тәртібі
30-тарау. Бюджеттік кредит беру бойынша қаржылық рәсiмдер
260. Осы бөлiмде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
банк-қарыз алушы - банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын банктер мен ұйымдар болып табылады;
бюджеттік кредит - қайтарымдылық шұғыл және төлем негiздерiнде тиісті бюджеттерден бөлiнетiн ақша;
қарыз алушы-банктер - қарыз алушы, жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының азаматтары, жергілiктi атқарушы органдар, шет мемлекеттер;
түпкiлiкті қарыз алушы - Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, кредит берушi немесе қаржы агентi анықтаған шарттармен оған банк-қарыз алушы беретін бюджеттік кредиттi түпкілiктi алушы заңды және жеке тұлғалар;
кредит беруші - Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілiкті атқарушы органдар;
сенім бiлдiрiлген өкіл (агент) - банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, кредит берушiнiң (сенім бiлдiрушiнiң) атынан және есебiнен, бюджеттік кредит беруге байланысты оның нұсқауларымен анықталған тапсырмаларға сәйкес тапсырма шарты негізiнде жүзеге асыратын банктер немесе ұйымдар болып табылады.
Бюджеттік кредит беру Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілiкті атқарушы органдардың тиiсiнше республикалық және жергілікті бюджеттердi атқарудың құрамдас бөлiгi болып табылады және түпкiлiктi қарыз алушыларға одан әрi кредит беру үшiн қарыз алушыларға тиісті бюджеттерден бюджеттік кредит беру арқылы жүзеге асырылады.
261. Бюджеттік кредит беру шарттары мыналардың:
1) республикалық бюджет қаражаты есебiнен - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен - жергілiкті атқарушы органдар анықтайды.
262. Бюджеттік кредит берудiң мiндетті шарты кредит берушiнiң мүддесiн қамтамасыз ету, кредиттік тәуекелдiң туындауын барынша азайту болып табылады.
263. Бюджеттік кредит беру:
республикалық бюджетте тиісті қаржы жылына арналып Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген;
жергілiкті бюджеттерде тиiстi қаржы жылына арналып мәслихаттардың шешiмдерiмен бекітілген тиiсті бюджеттік бағдарламаларда анықталған мақсаттар мен сома шегiнде беріледi.
264. Кредиттiк шарт (келісім) заңмен ұсынылған шарттарды мiндетті түрде қамтуы тиiс. Сондай-ақ, кредиттік шарт (келісім) бюджеттік кредитті беруге, пайдалануға, қызмет көрсетуге және өтеуге байланысты өзге де ережелердi қамтуы мүмкiн.
Кредиттiк шартқа (келісімге) қол қойылған күннен бастап үш ай iшiнде қарыз алушының бюджеттік кредит жөніндегі мiндеттемелердi атқаруын қамтамасыз ететiн тиiстi шартқа (келісімге) қарыз алушы қол қоюы тиiс.
265. Кредиттік шарт ұлттық валютада да және шетелдiк валютада да жасалады. Бюджеттік кредиттер сыйақының өзгермелi және тiркелген ставкасы түрiнде де берiлуi мүмкiн.
266. Бюджеттік кредиттің мерзiмi қарыз алушының есебiне бюджеттік кредит аударылған күннен бастап есептеледi.
ҚР Үкіметінің 2006.03.08. № 733 Қаулысымен 267-тармақ өзгертілді
267. Бюджеттік кредиттің негiзгi борышын төлеу бойынша жеңiлдiк кезеңiнiң ұзақтығы қарыз алушы мен бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң тиісті есептемелерiмен расталады. Қаржы агенттіктері үшін бюджеттік кредиттің негізгі борышын төлеу жөніндегі жеңілдік кезеңінің ұзақтығы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен белгіленеді. Бұл ретте, жеңiлдiк кезеңiнiң ұзақтығы кредит мерзiмi ұзақтығының үштен бiрiнен аспауы тиiс.
268. Облыстардың (республикалық маңызды қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының бюджеттік кредиттерi, қаржы агенттерi, мемлекеттік білiм беру және студенттік кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын қоспағанда бюджеттік кредит бойынша сыйақылар ставкасы бюджеттік кредит мерзiмi өтеуге дейiнгі мерзiммен тең бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялардың нәтижелерi бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан тиiстi мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстің орташа өлшемдiк ставкасымен тең болып белгіленедi. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кiрiстiң орташа өлшемдiк ставкасын анықтау тәртібі осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
269. Бюджеттік кредитті пайдаланғаны үшiн сыйақы есептеу бюджеттік кредит қаражатын кредит берушiнiң шотынан қарыз алушының шотына аударылған күннен бастап, бюджеттік кредит қайта құрылымдау кезiнде тиiстi шартқа (келісімге) қол қойылған күнiнен бастап жүзеге асырылады. Бюджеттік кредит бойынша сыйақы төлеу бiрiншi күнтізбелiк жылдан кешiктiрiлмей басталады.
270. Сыйақыны есептеу үшiн жылдың 360 күнi және айдың 30 күнi есепке алынады.
271. Түпкiлiктi қарыз алушыға арналған ставканың мөлшерi осы Ереженiң 268-тармағына сәйкес анықталған, банк-қарыз алушы белгiленген банк-қарыз алушы үшiн тағайындалған екi еселенген сыйақы ставкасынан аспайды.
272. Егер, бюджеттi атқару жөнiндегі орталық уәкілетті орган эмитенттеген, бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама рыногындағы операциялар ағымдағы кезеңде жүргiзiлмесе, сыйақы ставкасы өткен кезеңнiң тиісті валютасымен сыйақы ставкасына тең болып белгiленедi.
273. Жасасқан кредиттік шарттар қол қойылған күннен бастап үш күн iшiнде:
республикалық бюджеттің қаражаты есебiнен бюджеттік кредит бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi органда;
жергілікті бюджеттердiң қаражаты есебiнен бюджеттік кредит бойынша жергiлiктi атқарушы органдарда тiркеуге жатады.
274. Жергiлiктi атқарушы органдарға бюджеттік кредит беру тиісті мәслихаттардың шешiмдерi бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Кредиттiк шарт (келісім) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен жергiлiктi атқарушы органдар арасында жасалады.
275. Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит беру кезiнде кредиттiк шарт (келісім) кредит берушiнiң және жеке тұлғаның тапсыруы бойынша сенім бiлдiрілген өкiл (агент) арасында жасалады.
276. Шет мемлекеттерге бюджеттік кредит беру Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес және бюджеттік кредит беру туралы халықаралық шартқа мiндеттi түрде күшiне енгізуге қажеттi шет мемлекеттермен мемлекетішілік ресiмдер жүргiзiлгеннен кейiн республикалық бюджет қаражаты есебiнен берiледi.
277. Негiзгi борышты, сыйақыны және тиесілі өзге де төлемдердi өтеу кредиттiк шартқа (келісімге) сәйкес жүргiзiледi. Бұл ретте, төлемдердiң мынадай:
1) тұрақсыздық (айыппұлдар мен өсiмдер) есептеу;
2) сыйақы есептеу;
3) негiзгi борышты өтеу белгіленедi.
278. Республикалық және жергілiкті бюджеттердiң ақшасы есебiнен берiлген бюджеттік кредит қарыз алушы негiзгi борыш сомасын қайтару және сыйақылар мен бюджеттік кредитке байланысты басқа да ілеспе төлемдердi толық көлемде төлеген кезiнде өтелген болып саналады.
279. Қарыз алушы бюджеттік кpeдитті пайдалану мен өтеу шарттарын бұзған жағдайда кредит берушi кредиттiк шартты (келісімдi) мерзiмiнен бұрын бұза алады және бюджеттік кредиттiң iс жүзiнде ұсынылған сомасын, есептелген сыйақыны және өзге де тиесілі соманы қайтара алады.
280. Бюджеттік кредиттің мақсатқа сай жұмсалмаған фактiсi ашылған кезде кредит берушi қарыз алушыдан мақсатқа сай жұмсалмаған қаражаттың сомасын және мақсатқа сай жұмсалмаған сомадан жиырма бес пайыз мөлшерде айыппұл өндiрiп алады.
Мақсатқа сай жұмсалмаған кредит сомасына сондай-ақ қарыз алушының кредиттiк шартта (келісімде) анықталған бюджеттік кредиттi игеру кезеңiнен кейiн пайдаланған сомасы да жатады.
281. Қарыз алушының бюджеттік кредит және кредиттік шарттың талаптарымен анықталған мерзiм iшiнде оның өтелмеуi бойынша берешектерi пайда болған кезде кредит берушi мерзiмi өткен әр күн үшiн қайтаруға жататын сомадан нөл бүтiн оннан бiр пайыз мөлшерiнде айыппұл пайыздарын есептейдi.
282. Бюджеттік кредиттердi қайта құрылымдау тиiсiнше Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе әкiмдiктiң шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.
283. Республикалық бюджет есебiнен берiлген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешiмдi "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекеттік кепілдiк берген қарыздардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына сәйкес құрылған Ведомствоаралық комиссияның оң қорытындысы негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
284. Жергілiкті бюджет есебiнен берiлген бюджеттік кредитті қайта құрылымдау туралы шешiмдi жергіліктi атқарушы органның жанындағы консультативтiк-кеңес органының оң қорытындысы негiзiнде жергілiктi атқарушы орган қабылдайды.
285. Кредит берушілер арасындағы бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кезiнде кредит беруші, бағдарламалар әкiмшiсi және қарыз алушы арасында қайта құрылымдау туралы кредиттік шартқа қосымша келісім жасалады.
286. Бюджеттік кредитті қайта құрылымдау кезiнде сыйақы ставкасын есептеу жүргізiледi. Бұл ретте бюджеттік кpeдитті өтеу немесе кезекті төлем мерзiмiн, кредит валютасын, сондай-ақ сыйақы ставкасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiмен бекітілген бюджеттің кiрiс бөлігiнiң мөлшерiне әсер eтпеуi тиiс.
31-тарау. Қарыз алушының кредитті төлеу қабiлетiнiң өлшемдерi
287. Банк-қарыз алушының кредитті төлеу қабiлетiне қойылатын негiзгi өлшемдерi мыналар:
1) республикалық және/немесе жергілiктi бюджеттердiң ақшасы есебiнен бұрын алынған кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектердің болмауы;
2) қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілеттi орган пруденциялық нормативтерін конкурс өткізілген күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде сақтауы;
3) меншiктi капиталы бюджеттік кредиттің сомасынан кемi екі есе артуы тиiс;
4) бюджеттік кредиттерді уақытылы қайтару бойынша қамтамасыз етілуiнiң бары-жоғы;
5) қажет болған кезде филиалдық желiлер және/немесе хат-хабар желілерiнің бары-жоғы болып табылады.
288. Жергіліктi атқарушы органдардың кредитті төлеу қабiлетiне қойылатын негiзгi өлшемдер бұрын алынған кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектердiң болмауы болып табылады.
289. Жеке тұлғаларға бюджеттік кредит беру кезiнде кредитті төлеу қабілетiн сенім бiлдiрілген өкiл (агент) анықтайды.
290. Бюджеттік кредит алуға үмiткер шет мемлекеттерiнің кредитті төлеу қабiлетi жетекшi халықаралық рейтингтік агенттiктердiң берген рейтингіне сәйкес анықталады.
291. Сондай-ақ, кредит берушi қарыз алушының кредиттi төлеу қабiлетiн анықтау үшiн қосымша өлшемдердi белгiлеуi мүмкiн.
32-тарау. Банк-қарыз алушыларды iрiктеу тәртібі
292. Бағдарламалар әкiмшілерiнiң тиiстi бюджеттердi қабылдағанынан кейiн бiр айдан аспайтын мерзiм iшiнде банк-қарыз алушыларды анықтау үшiн үмiткерлерге (бұдан әрi - үмiткерлер) қойылатын талаптар анықталады.
293. Осы Ереженiң 292-тармағын орындағаннан кейiн бағдарламалар әкiмшілерi үш жұмыс күні iшiнде кредит берушілермен келiсу үшiн конкурстық құжаттамаларды жiбередi.