«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына
толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 1283 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы № 225 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 6, 58-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесінде:
315-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
"контрагент - үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мақсатында бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміле тарабы;
үкіметтік қарыздарды хеджирлеу - үкіметтік қарыз алу тәуекелдерін (валюталық, пайыздық және өзге де) басқару мақсатында бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мен контрагент арасында қаржы құралдарымен мәміле жасасу;
мынадай мазмұндағы 46-1-тараумен толықтырылсын:
"46-1-тарау. Үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілені жүзеге асыру тәртібі
402-1. Үкіметтік қарыздарды хеджирлеуді жүзеге асыру үшін контрагентті тарту туралы шешімді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қабылдайды.
Контрагенттерді іріктеу контрагент ұсынатын үкіметтік қарыздарды хеджирлеу шарттарының қолайлылығын және олардың қаржылық (бюджеттік) шектеулерге сәйкестігін бағалау жолымен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тендер негізінде жүзеге асырылады. Тендердің қорытындылары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган қолайлылық талаптарына жауап беретін контрагентпен үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөнінде мәміле жасасады.
402-2. Үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда олар белгілеген тәртіппен тіркеуге және есепке алуға жатады.";
47-тараудың тақырыбы "мемлекеттік емес қарыздарды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді" деген сөздермен толықтырылсын;
403-тармақ "қарыздарды (бұдан әрі - мемлекет кепілдік берген қарыздар)" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді" деген сөздермен толықтырылсын;
406-тармақ "үкіметтік қарыздың" деген сөздерден кейін "үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдердің" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 410-1-тармақпен толықтырылсын:
"410-1. Жоспарланған жылы үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдердің мерзімі мен көлемін есептеуді үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер шарттарының негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүргізеді.";
411-тармақ "Үкіметтік қарыздарды" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді" деген сөздермен толықтырылсын;
412-тармақ "үкіметтік қарыздарға" деген сөздерден кейін "және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерге" деген сөздермен толықтырылсын;
48-тараудың тақырыбы "бойынша" деген сөзден кейін ", сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
424-тармақ "қызмет көрсетуді" деген сөзден кейін ", сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеуді" деген сөздермен толықтырылсын;
425-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"425. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган 51-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша алдағы айға республикалық бюджет қаражатынан Қазақстан Республикасының үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борышына қызмет көрсетуге, оны өтеуге, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді жүзеге асыруға арналған өтінімді (бұдан әрі - өтінім) ай сайын ағымдағы айдың жиырма бесінші күніне дейін жасайды, осыған сәйкес республикалық бюджет ақшасын осыларға жұмсауға белгіленген тәртіппен рұқсат ашылады. Өтінім үкіметтік қарыздарды, үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерді өтеу және оларға қызмет көрсетудің нақтыланған мерзіміне және көлеміне негізделе отырып жасалады және төлем түрін, валютасын және төлемді алушыларды көрсете отырып, әр қарыз және үкіметтік қарыздарды хеджирлеу мәмілесі бойынша төлем болжамдарын қамтиды.";
426-тармақ "көрсету бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
427-тармақта:
"қызмет көрсету бойынша" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
"кредит берушілерден" деген сөздерден кейін ", контрагенттерден" деген сөзбен толықтырылсын;
428-тармақта:
"кредит беруші" деген сөздерден кейін ", контрагенттер" деген сөзбен толықтырылсын;
"қарыз шартының" деген сөздерден кейін ", үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелердің" деген сөздермен толықтырылсын;
429-тармақта:
"қарыз шартының" деген сөздерден кейін ", үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелердің" деген сөздермен толықтырылсын;
"кредит берушілермен" деген сөздерден кейін ", контрагенттермен" деген сөзбен толықтырылсын;
430-тармақта:
"шартында және" деген сөздерден кейін "үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелерде," деген сөздермен толықтырылсын;
"қызмет көрсету", "үкіметтік қарыздың" және "қарыз шартының" деген сөздерден кейін тиісінше "бойынша, сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдер", "үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміленің" және ", үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелердің" деген сөздермен толықтырылсын;
431-тармақ "кредит берушінің" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ контрагенттердің" деген сөздермен толықтырылсын;
432-тармақ "қызмет көрсету" деген сөздерден кейін ", үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер" деген сөздермен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесіне 51-қосымшада:
тақырыбы "өтеуге арналған" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәмілелер бойынша төлемдерге арналған" деген сөздермен толықтырылсын;
кестенің 8-бағаны "Заем" деген сөзден кейін ", үкіметтік қарыздарды хеджирлеу жөніндегі мәміле" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |