Тиiсті ерекшелiктер бойынша жоспарлы сомалардың қалдығы жетiспеген немесе болмаған кезде салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмдерiн орындау үшін осы Ережеде белгіленген тәртiппен шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiсті ерекшелiктерi бойынша мiндеттемелер мен төлемдер жөніндегі қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгiзіледi.
Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес салық қызметi органдарының және кеден органдарының инкассалық өкiмдердi уақытылы орындауды қамтамасыз етедi. Қазынашылықтың аумақтық органы мемлекеттік мекеменің қаржыландырудың жеке жоспарын тиiстi өзгерткеннен және төлеуге берілетін шотты соңынан бергеннен кейiн салық қызметі органдарының және кеден органдарының инкассалық өкімін орындайды.
Салық қызметi органдарының және кеден органдарының орындаушы құжаттары бойынша инкассалық өкiм қазынашылықтың аумақтық органындағы инкассалық өкiмдердi тiркеу журналында тiркеледi.
ҚР Үкіметінің 2005.13.12. № 1241-1 қаулысымен 19-тарау жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
19-тарау. Есеп айырысулардың
аккредитивтік нысанын пайдалану
165. Аккредитив ұлттық валютада құжаттамалы есеп айырысулар кезінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізуге және Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен шетел валютасында құжаттамалы есеп айырысулар кезінде тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жеткізуге пайдаланылады.
166. Шетел валютасында аккредитив азаматтық-құқықтық мәмілені тіркегеннен кейін мемлекеттік мекеме ҚР ҰБ белгілеген деректемелерді қамтитын аккредитив ашуға арналған өтініш бергеннен кейін ашылады.
167. Шетел валютасында аккредитив ашу аккредитивтің түрі, бенефициар, орындаушы банк, олардың негізінде аккредитив орындалатын құжаттардың тізбесі және аккредитивтің қолданылу мерзімі туралы ақпаратты қамтитын шарт талаптарына сәйкес жүргізіледі. Аккредитивті ашуға арналған өтініштің мазмұны шарттың талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Ұлттық валютада аккредитив мемлекеттік мекеме шартының қолданылу мерзімін оны ағымдағы қаржы жылында орындау мерзімімен келесі қаржы жылына ұзартқан жағдайда, сондай-ақ бір қаржы жылынан астам мерзімге жасалған шарттар бойынша ғана ашылады.
168. Ұлттық валютада аккредитив ашуға мынадай:
республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындауға және іске асыруға байланысты;
республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) дайындауға және іске асыруға байланысты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен бөлінген қаражаттың есебінен;
Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдары үшін қару-жарақ, оқ-дәрі мен арнайы техниканы жеткізу жөніндегі шығыстар бойынша есеп айырысу кезінде жол беріледі.
169. Осы Ереженің 168-тармағында көрсетілген шығыстар бойынша шарттың орындалу мерзімін ұзарту және аккредитив ашу республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде жүргізіледі.
Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде республикалық бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне тиісті қаулы жобасын енгізеді.
170. Ұлттық валютада аккредитив ашу тегін негізде жүргізіледі.
Ұлттық валютада аккредитив Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ұзартылған шарттың қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге ашылады.
171. Мемлекеттік мекеме ұлттық валютада аккредитив ашу үшін аумақтық қазынашылық органына:
41-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт данадағы өтінішті,
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шарттың орындалу мерзімін ұзарту және аккредитив ашу туралы шешімінің көшірмесін;
онда аккредитив сомасын, есеп айырысулардың құжаттамалы нысанын пайдалана отырып тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін есеп айырысулар жүргізілгендігі туралы шартты, олардың негізінде аккредитив орындалатын құжаттардың тізбесін көрсете отырып, шартқа қосымша келісімді ұсынады.
Ұсынылған құжаттарды тексеру жүзеге асырылғаннан және аккредитив ашқаннан кейін өтініштің бір данасы аккредитивтің ашылғаны туралы белгімен мемлекеттік мекемеге қайтаруға жатады.
Мемлекеттік мекеме ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей аумақтық қазынашылық органына ашылған аккредитив сомасына төлеуге берілетін шот ұсынады.
Аккредитивті орындау мақсатында ұлттық валютада жүзеге асырылатын төлем осы Ереженің 5-бөлімінде белгіленген тәртіппен төлеуге берілетін шоттың негізінде жүргізіледі.
172. Ұлттық және шетелдік валюталардағы аккредитив шарттың мерзімінен бұрын орындалуына не аккредитивтің қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты жабылады.
Аккредитивті мерзімінен бұрын жапқан кезде мемлекеттік мекеме Қазынашылық комитетіне аккредитивтің орындалуына байланысты оны жабу туралы өтінішпен жүгінеді.
Аккредитивтің пайдаланылмаған сомаларын қайтару осы Ереженің 194-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Аккредитивтің жабылуы туралы хабарлама мемлекеттік мекемеге ол жабылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей беріледі.
173. Қазынашылық комитеті 43-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карточкаларда берушінің пайдасына ашылған әрбір аккредитивтің бөлінісінде мемлекеттік мекемелердің аккредитивтерін талдамалық есепке алуды жүргізеді.
Аккредитивтер бойынша есеп пен есептілік жүргізу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
20-тарау. Демеушiлiк және қайырымдылық көмектiң
шоттары бойынша төлемдер жүргізу
174. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде заңды және жеке тұлғалардан алатын ақшаны пайдалана алады. Демеушілiк және қайырымдылық көмек түріндегі қаражат ұлттық та және шетелдiк те валюта түрiнде де түсе алады. Демеушілiк және қайырымдылық көмектен түсетін ақша жөніндегі жоспарлар жасалмайды.
175. Демеушілiк және қайырымдылық көмектер үшiн шоттарды ашу, енгізу және жабу бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
176. Мемлекеттік мекеме демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаны нысаналы пайдалануды қамтамасыз етедi.
177. Демеушілiк және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның жұмсалуы мемлекеттік мекеменiң тиiстi шотында олардың қалдығы шегiнде жүзеге асырылады.
178. Кассаға мемлекеттік мекеменiң қолма-қол ақшаны қабылдауы оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрмей демеушілік және қайырымдылық көмектің шотына есептелуi тиiс. Осы ақшаны уәкілеттi банктің бөлiмшесiне алдын ала тапсырмай жұмсауға жол берiлмейдi.
179. Мемлекеттік мекеме демеушілiк және қайырымдылық көмектiң шотына түскен қолма-қол ақшаның мемлекеттік мекемеге уақытылы мен толықтық түсуін қамтамасыз етедi.
180. Демеушілiк және қайырымдылық көмектен қолма-қол ақшамен операциялар жөніндегі банктік қызметтердi төлеудi банкпен олардың шарт арасындағы негiзiнде демеушілік және қайырымдылық көмек есебiнен мемлекеттік мекеме жүргізедi.
181. Ағымдағы жылы демеушілік және қайырымдылық көмектi пайдаланбаған мемлекеттік мекеме нысаналы түрде келесi жылы оны нысаналы түрде пайдалана алады.
182. Демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшаны жете пайдаланбаған жағдайда осы ақшаны салушы оларды қайтаруға құқығы бар.
183. Мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртiппен, нысанда және мерзiмдерде демеушiлiк және қайырымдылық көмектен түскен ақшаның түсуi және жұмсалуы туралы есептi жасайды.
21-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң депозит
шоттары бойынша төлемдер жүргізуi
184. Мемлекеттік мекеменiң Қазақстан Республикасының Заң актілерiне және осы Ережеге сәйкес уақытша иелiк ету үшiн мемлекеттік мекемеге берілетiн депозит шоттарынан түсетiн ақшаны иелiк етедi. Депозит ақша жөнiнде жоспар жасалмайды.
185. Депозит шоттарын ашу, енгізу және жабу бюджетті атқару жөнiндегі орталық уәкiлетті орган белгілеген тәртiппен жүзеге асырылады.
186. Мемлекеттік мекеменiң уақытша пайдалану үшiн ұлттық және шетелдiк валютада түсетiн ақша оларды аударған тұлғаларға қайтару белгілi бiр шарттар пайда болған кезде өзге мақсаттарға жұмсау құқығынсыз Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес бюджетке немесе үшiншi тұлғаларға аударуға жатады.
187. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес тиісті алушыларға депозит шоттарынан ақшаны белгілі бiр талаптар пайда болған сәттен бастап аударудың дұрыстығын қамтамасыз етедi.
188. Тиiстi бюджетке аударуға жататын депозит шоттарындағы ақша Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес белгілi бір талаптар пайда болғаннан кейiн үш жұмыс күнiнiң iшiнде аударылуы тиiс.
189. Кассаға мемлекеттік мекеме қабылдаған қолма-қол ақша оларды қабылдаған үш жұмыс күнiнен кешікпей депозит шотына есептелуі тиiс. Уәкiлеттi банктің бөлiмшесiне осы ақшаны алдын ала тапсырмайынша жұмсауға жол берiлмейдi.
190. Мемлекеттік мекеменiң депозит шотына түскен қолма-қол ақшаның уақытылы және толық тапсырылуын мемлекеттік мекеме қамтамасыз етедi.
191. Қолма-қол депозит шотына есептеу жөніндегі және депозит шотынан қайтару жөнiндегі банктік қызметтердi төлеу: депозит сомасын салған тұлғаның шотына мемлекеттік мекеме мен банктің арасында жасалған шарттың негiзiнде жүргiзiледi, оған мынадай жағдайлар қосылмайды.
Депозит шотына заттай айғақ ретiнде алынған ақшаны және тәркіленген мүлiктi сатудан алынған ақшаны есептеу кезiнде, сондай-ақ оларды қайтару кезiнде банктік қызметтерге ақы төлеу прокуратура органдарының, алдын ала тергеудiң, тергеудiң, сондай-ақ салық қызметi органдарының және кеден органдарының мiндеттемелерi мен төлемдері бойынша бюджет бағдарламаларын (кiшi бағдарламаларын) қаржыландыру жоспарының есебiнен жүргiзiледi;
Орындаушы құжаттар, өндiрiп алушыға депозит шотынан ақша беру және борышқорға қалған соманы қайтару бойынша өндiрiп алушыға соманы өтеу үшiн борышқордан алынған ақшаны есептеу кезiнде банктiк қызметтерге ақы төлеу борышқордың есебiнен жүргiзіледi.
Сотталғандар, қылмыс жасауда күдiктi деп танылғандар мен айыпталушылар, психиатриялық ауруханаларда жатқан емделушілер, ақыл-ойы кемiс балаларға арналған интернат-үйлерінде, психикалық-жүйке интернаттарында, жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерiнде тұрып жатқан қамқорлыққа алынғандар үшін банктік қызметтерге төлеу депозиттік соманың есебінен жүргiзіледi.
192. Мемлекеттік мекеме, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi депозит түрiнде, бюджетте атқару жөнiндегі орталық уәкілеттi орган белгілеген тәртiппен, нысанды және мерзiмдерде мемлекеттік мекемелер алған депозит шоттарын пайдалану туралы есептi жасайды.
Аумақтық уәкілетті органдардың депозит шоттарынан төлем жүргiзу кезiнде олардың функциясына орындаушы өндiрiсті жүзеге асыру жататын төлеуге берiлетін шотқа аға сот орындаушысы қол қойған депозит шотынан ақшаны беруге анықтама және сот шешімiнiң көшiрмесiн қоса беру қажет.
22-тарау. Мемлекеттік мекемелердi қолма-қол
ақшамен қамтамасыз ету
193. Қызметкерлерге жалақы, шетелдiк валютада iссапар шығыстары мен басқа да ақшалай төлемдердi, сондай-ақ жеке мұқтаждарын төлеу үшiн мемлекеттік мекемелердi қолма-қол ақшамен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
23-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң жүргізiлген
төлемдерiн қайтару
194. Мемлекеттік мекемеге берушінің республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қолма-қол ақшасының бақылау шоттарына дұрыс жүргізілмеген төлемдердi, оған сатушы көрсеткен талаптарға сәйкес келмеген кезде саудаға (конкурстарға, аукциондарға) қатысу үшiн мемлекеттік мекеме енгізген кепілдік жарнасының сомасын қайтару және ағымдағы жылдың дебиторлық берешегiн өтеуі (бұдан әрі - қалпына келтіру) бір қаржы жылының шетелде ҚР ББС шығыстарының бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодтары бойынша орындалмаған міндеттемелердің сомаларын ұлғайту және кассалық шығыстарын азайту арқылы жүзеге асырылады.
Қазынашылықтың аумақтық органы төлемдердi қалпына келтiру бойынша төлем құжаты тиiсті мемлекеттік мекемеге беріледі.
Мемлекеттік мекеме қалпына келтiрудi жүзеге асыру үшiн қазынашылықтың аумақтық органына төлемдi қайтару бойынша төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнiнiң ішінде хат-негіздеменi бередi.
Өткен жылдардың дебиторлық берешегiн қайтару сомасы ақша қаражатын қайтаруға төлем құжатын алған күннен бастап үш жұмыс күнiнiң iшiнде мемлекеттік мекеме берген төлеуге берілетін шоттың негiзiнде кiрiстердiң бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодына арналған бюджетке есептеуге жатады.
6-бөлім. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
олардың иелігінде қалған ақшаны пайдалану тәртібі
24-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн олардың
иелiгiнде қалған ақша
195. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақша тиiстi бюджетке есептеуге жатады.
196. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде оның негізгі қызметiне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік мекемелердiң сату құқығы көзделсе, оған ақы төлеу мiндетті сипатқа ие болмаса және жеке немесе заңды тұлғалардың келісімi бойынша анықталады, онда тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша мемлекеттік мекеменiң иелiгінде қалады.
197. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн олардың иелiгiнде қалған ақша осы Ережеде белгіленген тәртiппен жоспарланады және пайдаланылады. Осы ақшаға билiк етушілер мемлекеттік мекеменiң басшылары болып табылады, олар олардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуi тиiс.
198. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн олардың иелігінде қалған ақша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін ақшаны есепке алу үшiн ашылған мемлекеттік мекеменiң шотына есептеледi.
199. Мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптаушысы, оларды сатудан түскен ақша Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес шығыстардың функционалдық сыныптамасының кодтарын, тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерiн, түсiмдердiң пайда болу көздерiн және пайда болу бағыттарын көрсете отырып олардың иелігінде қалады.
200. Функционалдық топтардың, Функционалдық кiшi топтардың, мемлекеттік мекемелердiң - бағдарламалар әкiмшілерiнің, бағдарламалардың, кiшi бағдарламалардың кодтары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен ҚР ББС құрамында шығыстардың бюджеттік сыныптамасына сәйкес анықталады.
25-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін олардың
иелiгiнде қалған түсiмдер мен ақша шығыстары
жоспарын қалыптастыру және бекіту
201. Мемлекеттік мекеме тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн өздерiнiң иелiгінде қалған ақша есебiнен операциялар жүргiзу үшiн жыл сайын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбiр түрi бойынша мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн олардың иелігінде қалған түсiмдер мен ақша шығыстары жоспарын (бұдан әрi - жоспар) жасайды.
202. Жоспар мынадай тәртiппен 44-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады:
кiрiс бөлігіне олардың бекітілген тiзбесiне сәйкес сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тиiстi түрлерi бойынша қаражаттың және қаржы жылының басындағы сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) осы түрi бойынша да қаражат қалдығының түсiмдерi енедi. Сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерiн сақтаған жағдайда есептi жылдың 31 желтоқсанында пайда болған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын ақшаның қалдықтары жаңа қаржы жылының сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тиісті түрi жоспарының кiрiс бөлігіне, сақталмаған жағдайда тиiстi бюджеттердiң кiрiс бөлiгiне ауыстырылады;
жоспардың шығыс бөлiгiне шығыстардың экономикалық сыныптамасы бойынша сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрлерi бойынша шығыстар енгiзіледi.
203. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеменiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгi бойынша кiрiстер мен шығыстар жөнiндегі түсiндiрме жазбаны және негiзделген есеп айырысуларды қоса бере отырып 3 данада жоспарлар бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне бекітуге беріледi.
204. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi:
жоспарлардың негізiнде 45-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 данада тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбiр түрi бойынша мемлекеттік мекемелердiң (бұдан әрi - мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен олардың иелiгінде қалған түсiмдер мен ақша шығындары жоспарын қалыптастырады және бекiтедi;
келесi қаржы жылының 15 қаңтарына дейiнгi мерзiмде бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілеттi органға тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерінің бөлiнiсiнде әрбiр мемлекеттік мекеме бойынша жоспарлармен бiрге мемлекеттік мекемелер бойынша жоспарды келiсуге бередi. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға бюджеттік бағдарламалар әкiмшісiнiң тиiстi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы қол қойған бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбiр ерекшелiгі бойынша түсiмдер мен шығыстардың әрбiр түрi бойынша түсiндiрме жазба мен негiзделген есептемелер қоса беріледi.
205. Жоспардың жалпы сомасы сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) әрбiр түрi бойынша және жоспардың әрбiр көрсеткiшi бойынша мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспардың сомасына тең болуы тиiс.
206. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспардың оған тiркелген есептемелердiң жасалуының дұрыстығына бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісi жауап бередi.
207. Бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті орган келiсуге берген мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын қаражаттың түсу көздерiнiң негіздiлігіне, кiрiстердi есептеудiң толықтығы мен дұрыстығына және қаражатты жұмсаудың нысаналы бағыттылығына тексерiледi, бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті органның басшысымен келісіледi және мөрмен куәландырылады.
208. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі келісілген жоспардың бiр данасы бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi органда қалады, екiншiсi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне беріледi.
209. Әрбiр мемлекеттік мекеменiң жоспарын 3 данада бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң басшысы бекiтедi.
210. Бекiтiлген жоспардың бiр данасы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiнде қалады.
211. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бекітілген жоспардың екi данасын мемлекеттік мекемеге бередi.
212. Әрбiр мемлекеттік мекеме бойынша бекітілген жоспар болмайынша мемлекеттік мекеменiң иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетін ақшаның түсiмдерi мен шығыстарының жоспарын бекітуге әкімші жол бермейді.
213. Мемлекеттік мекеме бекiтілген жоспардың бiр данасын өзiне қалдырады, екiншiсiн қазынашылықтың аумақтық органына бередi.
214. Қазынашылықтың аумақтық органы бекiтілген жоспарға сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаны есепке алу үшiн шоттың қолданылу мерзiмiн ашуды немесе ұзартуды жүзеге асырады.
215. Қаржы жылының 15 қаңтарына дейiн жоспар бекітілмеген жағдайда мемлекеттік мекеме өткен қаржы жылының 31 желтоқсанына тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түсетiн ақша қалдығының шегінде 1 ақпанға дейiнгi мерзiмде ағымдағы қаржы жылының жоспарына жүргізілген шығыстардың сомаларын мiндеттi түрде қоса отырып, шығыстар жүргізе алады.
216. Егер мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға 15 ақпанға дейiн келiсу үшiн берілмесе және 1 наурызға дейiн келісілмесе, онда қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап 1 наурызына дейiн түскен ақша және өткен қаржы жылының 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қалыптасқан және келесi қаржы жылының 1 ақпанына арналған жағдай бойынша пайдаланылмаған қаражат қалдығы үш жұмыс күнiнiң iшiнде тиiстi бюджеттің кiрiсiне 1 наурыздан кейiн аударуға жатады.
217. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу үшiн шоттар бойынша қолма-қол ақшамен операциялар жөнiнде банктiк қызметтерге ақы төлеу олар мен банк немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында жасалған шарттың негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан алынатын қаражат есебiнен мемлекеттік мекемелер жүргiзедi. Банктiк қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстар жоспардың шығыс бөлiгiнде көрсетiледi.
218. Бекiтiлген және келісілген жоспарлардың қолданылуы қаржы жылының 31 желтоқсанында тоқтатылады.
26-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды
(жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн олардың
иелігінде қалған түсiмдер мен ақша шығыстарының
жоспарларына өзгерістер енгізу
219. Бiр жылдың iшiнде жоспарда көзделген сомадан тыс түскен кiрiстер ағымдағы жылы оларға өзгерістер енгізу арқылы жоспарды және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарды нақтылау шартымен жұмсалуы мүмкiн.
220. Жоспарда көзделген сомадан тыс кiрiстер түскен кезде жоспарға және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер, ақылы қызметтердiң әрбiр түрi бойынша жылдық соманың шегiнде ерекшелiктер мен тоқсандар арасындағы өзгерістердi енгізу мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
мемлекеттік мекеме енгiзiлетiн өзгерістер бойынша негiздемелер мен есептемелердi бере отырып 46-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне бередi;
бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi енгiзiлген өзгерістер бойынша негiздеме мен есептемелердi тексередi, 47-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы жасайды және бекiтедi, және бюджеттiң атқарылуы жөніндегі уәкілетті органға келiсуге бередi.
221. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мекемелер жөнiндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы берiлген анықтаманы қарайды, енгізілген өзгерістер бойынша негiздеме мен есептемелердi тексередi.
222. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтама екi данада бекітіледi және келісіледi.
223. Бiр данасы бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органда қалады, екiншi данасы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісiне беріледi.
224. Мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген және келісілген анықтаманың негізiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi үш данада жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекiтедi.
225. Әрбiр мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген және келісілген анықтама болмайынша мемлекеттік мекеменiң иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түсетiн ақшаның түсiмдерi мен шығыстарының жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекітуге әкiмшi жол бермейдi.
226. Бекiтілген анықтаманың бiр данасы бюджеттік бағдарламаның әкiмшісiнде қалады, екi данасы мемлекеттік мекемеге беріледi.
227. Мемлекеттік мекеме жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекiтілген анықтаманың бiр данасын өзiне қалдырады, екiншiсiн қазынашылықтың аумақтық органына бередi.
228. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бекiткен және бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органмен келiсілген мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарды және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтаманы тiркеудi бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi орган жүзеге асырады, ал бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бекiткен жоспарға өзгерістер енгізу туралы жоспар мен анықтаманы тiркеудi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi жүзеге асырады. Тiркеу жоспарларға және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға, жоспарға және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарға өзгерістер енгізу туралы анықтамаларға хронологиялық тәртiппен нөмiрлер бере отырып, журналда еркiн нысанда жүргiзiледi.
229. Сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) түрiн және кiрiстер мен шығыстардың жылдық сомасын сақтау кезiнде ҚР ББС бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасының кодтары өзгерген жағдайда жоспарлар мен мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспарлар ҚР ББС белгiленген тәртiппен өзгерістер енгiзгеннен кейiн бiр айдың iшiнде осы Ережеде белгіленген тәртiппен бекітіледi және келісіледi.
230. Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) жаңа түрiнiң тiзiлiмiне өзгерістер енген және жоспардың кiрiс және шығысының жылдық сомасын ұлғайту қажет болған жағдайда осы Ережеде белгiленген тәртіппен жаңа жоспар және мемлекеттік мекемелер жөніндегі жоспар жасалады, келісіледi және бекітіледi.
27-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң иелiгiнде
қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан
түскен ақшаны есепке алу және бақылау
231. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан олардың иелiгiнде қалған ақшаның есебiнен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
232. Мемлекеттік мекемелердiң иелiгiнде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаны есепке алу және есептілiк бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органның нормативтiк құқықтық актілерiне сәйкес жүзеге асырылады.