ҚР ББС-ның әрбiр бағдарламасы, кiшi бағдарламасы және ерекшелiгі бойынша мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың барлық дербес жоспарларының жоспарлы мақсаттары сомасының сәйкес келуi талаптарының орындалуына тексеру жүргiзедi.
Белгіленген талаптар орындалмаған кезде дербес қаржыландыру жоспарлары түзету үшiн бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсiне қайтарылады.
Мемлекеттік мекеме қаржыландырудың жиынтық жоспарлары бекітілгеннен кейiн он бiр жұмыс күнi iшінде аумақтық қазынашылық органына бекітілген дербес қаржыландыру жоспарларын қағаз тасығыштармен бередi.
39. Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттердi нақтылау кезiнде мемлекеттік мекемелер дербес қаржыландыру жоспарларын, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi - бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын, бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi орган - қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын осы Ереженiң 3-тарауында белгiленген тәртiппен оларға өзгерістер енгізу арқылы нақтылайды.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi жылдық қаржыландыру жоспарын бекiткеннен кейiн бес жұмыс күнi ішінде қосымша және өзгертiлген бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттi атқару жөнiндегі уәкілеттi органға жылдық жоспарлы сома өзгертілген бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтiнiм ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi қосымша бюджеттік бағдарламалар (кiшi бағдарламалар) бойынша бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы Ереженiң 8-20-тармақтарына сәйкес мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларының жобаларын тапсырады.
40. Қазақстан Республикасының Парламентiнде немесе мәслихатта нақтыланбаған тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысына немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте iске асыру туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджеттердi түзету кезiнде түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерiс пен толықтыру осы Ереженiң 3-тарауында белгiленген тәртiппен бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастыратын түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама арқылы жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаттарының еркiн қалдықтарын ағымдағы қаржы жылында өткен жылғы бюджетте оның бекiтілген жылдық көлемiнен он пайыздан аспайтын сомаға бекітілген бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруды аяқтауға және алынған қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге жiберу кезiнде түсiмдердiң жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу осы Ереженiң 3-тарауында белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаулысының негiзiнде қалыптастырылған Төлемдер мен мiндеттемелер бойынша түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалармен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысымен жоғары тұрған бюджеттiң резервiнен қаражат бөлу кезiнде төмен тұрған бюджетті түзету осы Ереженiң 3-тарауында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиiстi қаулысының негiзiнде қалыптастырылған анықтамалармен түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу арқылы мәслихатта бюджеттi нақтыламастан жергілiкті атқарушы орган жүзеге асырады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерiнiң бюджеттердi атқару жөнiндегі уәкілетті органдарға мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтiнiм беруi тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттi iске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергіліктi атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізудi бюджетті атқару жөнiндегі уәкілеттi орган Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергiлiктi атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысын қабылдағаннан кейiн екi апта iшiнде жүзеге асырады.
41. Бюджет кодексiнiң 79 және 80-баптарының 3-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi немесе жергілікті атқарушы орган алдағы қаржы жылының бiрiншi тоқсанына арналған республикалық немесе жергiлiктi қаржы жоспары туралы жарлық немесе шешiм шығарған кезде бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлетті орган осы Ереженiң 9-39-тармақтарында белгіленген тәртіппен және мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған бюджеттiң жобасының төрттен бiр бөлiгi көлемiнде тиiстi қаржы жылының бiрiншi тоқсанына түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды.
3-тарау. Жылдық соманы қоса алғанда түсімдер мен
қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер
бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
42. Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнің 114 және 117-баптарында анықталған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен немесе бюджеттік бағдарламаларды бөлетiн жергiлiктi атқарушы органның нормативтік құқықтық актiсiмен бөлген кезде, бюджеттiң ай сайынғы түсiмдерi мен шығыстарын түзетуді және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi арасында сомаларды түзетудi талап ететiн факторлар пайда болған кезiнде түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерін қаржыландыру жоспарларына, дербес қаржыландыру жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жүргiзіледi.
43. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiнен алынған есепке және өзгерістер негiздемесiне қоса берілетiн бюджетке түсетiн түсiмдер жоспарларын, төлемдер мен мiндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтiнiш негізінде бюджеттi атқару жөніндегi уәкiлеттi орган қалыптастыратын түсiмдердiң жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу анықтамалары арқылы жүзеге асырылады.
Өтінiмдер мен анықтамаларда өзгерістер сомасы мың теңгемен, бөлшек қалдықты, бiрақ үтiрден кейiн бiр белгiден аспайтын санмен көрсетiледi. Өтінiмдер мен анықтамалар осы Ережелерге 16-24-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша жасалады.
Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізудi бюджетте атқару жөніндегі уәкілетті орган жүргізедi.
Өзгертiлген заңнама актілерiн, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң қаулыларын iске асыруға қажетті өзгерістердi қоспағанда, өткен айларға (өткен есептi кезеңге) бекiтілген түсiмдердiң жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болмайды.
44. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органға ұсынылған өзгерістердiң негiздемесi мен есептерi бар түсiмдердiң жоспарларын өзгертуге өтiнiм бередi. Ұсынылған өзгерістердiң құқыққа сәйкестігі және негiздiлiгi кезiнде есептi кезең аяқталғанға дейiн кем дегенде бес жұмыс күнде бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi орган бюджеттік түсiмдер мәселелерiне жетекшілік ететін басшы бекiтетiн және оның негiзiнде Түсiмдердiң жиынтық жоспарына өзгерістер енгізiлетін кiрiстер бойынша түсiмдер жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы қалыптастырады .
45. Түсiмдердiң жиынтық жоспарына және кредиттер, қарыздар түсiмдерiнің, мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан түскен түсiмдердiң жоспарларына өзгерістер енгізудi бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган кредит шарттарына, қарыздардың шарттарына, борышты қайта құрылымдау туралы келісімдерге өзгерістер негізінде және осы Ереженің 43-тармағында белгiленген тәртiппен мемлекеттің қаржылық активтерiн сату жоспарының өзгерістерi негізінде аталған түсiмдердiң тiзбесi бойынша оларға өзара қатынасы бар органдардың өтiнiмдерi бойынша жүзеге асырады.
46. Кiрiстердiң түсiмдерi, кредиттердi өтеу, мемлекеттiң қаржылық активтерiн сатудан түскен кiрiстер, қарыздарды өтеу жоспарларын өзгертуге өтінiмдер қабылданбаған кезде бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi орган бас тарту себептерi мен негiздемесiн көрсете отырып, өтінiм берген мемлекеттік органды жоспарларды өзгертуден бас тартатыны туралы хабарландырады.
47. Жергілiкті бюджеттің кiрiс түсiмдерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу кезiнде аудан (облыстық мәнi бар қала) бюджетiн атқару жөніндегі уәкілетті орган есептi кезең аяқталғанға дейiн кем дегенде жетi күнде облыстық бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті органға өзгертiлген кiрiстер түсiмдерiнiң жиынтық жоспарын бередi, ал облыстық бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті орган есептi кезең аяқталғанға дейiн кем дегенде бес күнде республикалық бюджетті атқару жөніндегі уәкiлетті органға өзгертілген облыс бойынша кiрiстер түсiмдерiнiң жоспарын бередi.
48. Қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізуге байланысты жұмыс мемлекеттік мекеме дербес қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтiнiм (бұдан әрi - мемлекеттік мекеменiң өтiнiмi) қалыптастырғаннан басталады. Мемлекеттік мекеменiң өтiнiмi негізінде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi төлемдер мен мiндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiн қаржыландырудың жоспарларын өзгертуге өтiнiм (бұдан әрi - бюджеттік бағдарламалар әкiмшісiнiң өтiнiмi) қалыптастырады. Түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізуге өтінiм қалыптастырғанға дейiн немесе түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын өзгертпестен дербес қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізуге мемлекеттік мекеменiң өтiнiмiн қарағанға дейiн бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісi өзi орналасқан орны бойынша аумақтық қазынашылық органына өтiнiш жасайды. 35-қосымшаға сәйкес 4-20 "Шығыстар бойынша жиынтық есеп" нысанын алу үшін аумақтық қазынашылық органы мемлекеттік мекеменiң өтiнiмiн қарау аяқталғанға дейiн жоспарлы мақсаттарды азайту жоспарланған бағдарламалар, Кiші бағдарламалар, ерекшелiктер бойынша мемлекеттік мекеменiң мiндеттемелерiн тiркеудi және оның төлемдерiн жүргізудi тоқтата тұрады.
Мемлекеттік мекеменiң өтiнiмi мыналар ескерiле отырып қалыптастырылады:
жоспарлы мақсаттар, рұқсаттар мен кассалық шығыстардың сомалары арасындағы сәйкестіктi сақтау;
мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары арасындағы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бөлiнiсiнде жылдық жоспарлы мақсаттардың сәйкестiгi, сондай-ақ төлемдер бойынша жоспарлардың сомасы жылдың басынан басталған кезеңде сол қаржы жылының кезеңiне мiндеттемелер бойынша жоспарлардың сомасынан асып кетпеуi қажет мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспары мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспары арасындағы ара салмақты сақтау;
қабылданған, бiрақ орындалмаған міндеттемелердi;
инкассалық өкiмдердің болуы;
жоспарлы соманы және шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша берiлген рұқсаттарды кемiту қабылданған мiндеттемелердi шегере отырып, жоспарлы мақсаттардың сомасына жүргiзiлуi мүмкін;
жоспарлы сомаларды бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының бiр-бiр ерекшелiктерi бойынша арттыру (кемiту) басқа ерекшелiктер бойынша жоспарлы соманы кемiту (арттыру) есебiнен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергілікті атқарушы органның қаулысымен қабылданған (Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және жергілікті атқарушы органның қаулысымен нақтыланған немесе түзетілген) бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық сома шегінде жүзеге асырылуы мүмкiн.
Мемлекеттік мекеменiң өтiнiмiне оның басшысы немесе уәкiлеттiк берiлген тұлға қол қояды және өзгерістерге есептер мен олардың негіздемесi қоса тиісті бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсiне беріледi.
49. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмiн бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша сома шегiнде мемлекеттік мекеменiң өтiнiмдерiне сәйкес бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi қалыптастырады.
Жоғары тұрған бюджеттен ресми трансферттер мен кредиттер алатын төлемдер мен мiндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қаржыландырудың жоспарларын өзгертуге өтiнiмдi төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының тиiстi әкiмшiсiне бередi, оның негiзiнде жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттік бағдарламаларының әкiмшісi Ереженiң осы бөлiмiмен белгiлеген тәртiппен жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға өтiнiм бередi.
Өтінім қалыптастыру кезiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi осы Ереженiң 48-тармағында айтылған шарттарды сақтайды.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң ағымдағы айда (кемiту) және алдағы айда (арттыру немесе кемiту) қаржыландыру жоспарларын өзгертуге өтiнiмi ұсынылған өзгерістердiң есептерi мен негіздемелерiн қоса бере отырып, ағымдағы айдың жиырмасы күнiне дейiнгi мерзiмде, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында-желтоқсанның он бесiне дейiнгі мерзiмде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға беріледi. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерi және мемлекеттік мекемелер тиiстi қаржыландыру жоспарларына айына бiр реттен артық емес өзгерістер енгiзе алады. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiр ерекшелігі бойынша алдағы айлардағы қаржыландыру жоспарының сомасын арттыра отырып, ағымдағы айдың сомасын кемiтуге болмайды. Қаржыландырудың жоспарларын өзгертуге бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтінiмi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның шешімi бойынша, сондай-ақ өкiлдiк шығындарға қаражат бөлуге немесе атқарушы парақтарды орындау үшiн - шектеусiз, ал соңғы айда - ағымдағы қаржы жылының отызыншы желтоқсанынан кешіктiрмей қабылданады.
Бюджеттік бағдарламаларды дамыту бойынша ағымдағы айдың жоспарында өзгерiс болмаған алдағы айдың жоспарын өзгертуге (арттыру) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң өтiнiмi алдағы ай басталғанға дейiн ағымдағы айдың жиырмасы күнiнен кейiн берiлуi мүмкiн.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органға бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісiн қаржыландырудың жоспарларына өзгерістер енгізуге өтiнiмдi қағаз түрiнде және магниттiк тасығыштармен бередi.
Қаржыландыру жоспарларын өзгертуге бюджеттік бағдарламалар әкiмшісiнің өтінiмiне қаржыландыру жоспарын жасауға жауапты бюджеттік бағдарламалар әкімшiсінің басшысы және бюджеттік бағдарламалар әкiмшісінiң құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы, ал олар болмаған кезеңде - тиiстi бұйрықтармен олардың мiндеттерiн орындау жүктелген тұлғалар қол қояды және ол бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң мөртабанымен расталады.
50. Мiндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу үшiн бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерiнiң өтiнiмдерiн қарайды және олар мақұлдаған жағдайда, төлемдер мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама қалыптастырады.
Анықтаманы қалыптастыру осы Ереженiң 48-49-тармақтарын ескере отырып, сондай-ақ мынадай шарттар ескеріле отырып жүргiзіледi:
осы Ереженiң 29-тармағына сәйкес жыл бойынша және ай бойынша түсiмдердің жиынтық жоспарының және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының теңгерiмділігін сақтау;
жиынтық жоспардың "Бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру (профицитiн пайдалану)" бөлiмiнде түсiмдер мен өтеудiң көлемдерiн өзгерту бюджеттiң тапшылығын қаржыландырудың (профицитін пайдаланудың) бекітілген (нақтыланған) көлемiн сақтау шартымен ғана жүзеге асырылады.
51. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінiң, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң атқарылуын бақылау жөнiндегі мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мемлекеттік органдардың өтінiмдерiн бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi орган ол түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қарайды.
Бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған өзгерістер бойынша негiздеменi және осы Ереженiң 48-49-тармақтарында белгiленген шарттардың сақталуын тексередi.
Егер бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері өтiнiмдерiнiң сомасы ағымдағы қаржы жылының басынан бастап түзетушi кезең бойынша бюджетке түсiмдерден жасалатын төлемдер бойынша шығыстарды арттыруға әкелсе, сондай-ақ бұл ретте осы Ереженiң 48-49-тармақтарында анықталатын басқа да шарттар бұзылса, онда бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiне өтiнімнiң қабылданбауы туралы хабарлайды.
52. Осы Ереженiң 48-50-тармақтарына сәйкес ресiмделген анықтаманы бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi және тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкiмшісiне екi жұмыс күнi ішінде жеткiзіледi. Соңында төлемдер мен мiндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменің дербес қаржыландыру жоспарларын өзгертуге анықтама бекітіледi, оны өзгертілген төлемдер мен мiндеттемелер бойынша дербес қаржыландыру жоспарларын iске асыруға аудару (шығыс) операцияларын жүргiзгенге дейiн аумақтық қазынашылық органына бередi және оны төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтама алғаннан кейiн екi жұмыс күнi iшiнде ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемеге жеткізеді.
Төлемдер мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын өзгертудi талап етпейтiн төлемдер мен мiндеттемелер бойынша мемлекеттік мекеменi дербес қаржыландыру жоспарларын өзгертуге анықтамаларды бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi ағымдағы айдың жиырма бесi күнiне дейiнгі мерзiмде, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - он бесiншi желтоқсанға дейiнгi мерзiмде аумақтық қазынашылық органына ұсынады.
Мемлекеттік мекемелер дербес қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бекiтілгеннен кейiнгі және аумақтық қазынашылық органына бергенге дейiнгi кезеңде мiндеттемелердi қабылдау немесе кассалық шығыстардың жүргiзу себебi бойынша жоспарлы мақсаттар жетiспеген кезде аумақтық қазынашылық органы орындамай анықтаманы бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсiне қайтарады.
53. Жоғары тұрған бюджеттен ресми трансферттер мен кредиттер алатын төлемдер мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгертулер енгізу туралы анықтаманы төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілеттi орган Ереженiң осы бөлiмiнде белгiленген тәртіппен және жоғары тұрған бюджеттiң тиiстi бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi ұсынған жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның анықтамасы негiзiнде қалыптастырады.
Борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуге байланысты шығыстар бойынша төмен тұрған бюджеттi қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi орган Ереженiң осы бөлiмiнде белгiленген тәртiппен және жоғары тұрған бюджеттiң уәкілеттi органы ұсынған жоғары тұрған бюджеттің түсiмдердiң жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама негiзiнде қалыптастырады.
54. Жоғары тұрған бюджеттің резервiнен ресми трансферттерге байланысты өзгерістер, төмен тұрған бюджеттiң түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамаларды соңында төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті органға берілетін (әрқайсысынан бiр данада) жоғары тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкілеттi органның төлемдер мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама негiзiнде төменгi деңгейлi бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қалыптастырады.
55. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган түсiмдердiң жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша жиынтық жоспарға және мiндеттемелер бойынша жиынтық жоспарға өзгерістер енгізу туралы бекітілген анықтама негiзiнде түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарының, мiндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарының электрондық дерекқорына анықтама бекiтілген күнi өзгерістер енгiзедi.
Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органнан алған төлемдер мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтама негiзiнде сол күнi дербес қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтiнiм негiзiнде бюджеттік бағдарламалардың әкiмшілерiн қаржыландыру жоспарларының электрондық дерекқорына өзгерістер енгiзедi және мемлекеттік мекемелердi, бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсiн дербес қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу туралы анықтаманы бекiтедi.
4-тарау. Мiндеттемелер қабылдауға рұқсаттар беру
56. Мемлекеттік мекемелердiң міндеттемелердi қабылдауына рұқсаттар берудi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 921 қаулысымен ереже 4-1 тарауымен толықтырылды
4-1-тарау. Сайлауларды мемлекеттік қаржыландыру
56-1. Президенттің, партиялық тiзiмдер негізiнде сайланатын Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын қоспағанда, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын, жергілiктi өзін-өзі басқару органдарының мүшелерiн сайлау осы мақсаттар үшін ашылатын жергілiктi атқарушы органдардың бюджеттік шоттары арқылы республикалық бюджет қаражатынан қаржыландырылады.
56-2. Сайлауларды мемлекеттік қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Қазынашылық комитеті мiндеттемелерi бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясының міндеттемелерін қабылдауға рұқсат беру жолымен екi данада жүзеге асырылады, рұқсат берудiң бір данасы Орталық сайлау комиссиясында қалады, екiншi данасын және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әрбiр аумақтық сайлау комиссиясы бойынша қаржыландыру жоспарларын Орталық сайлау комиссиясы Астана қаласының Қазынашылық департаментіне ұсынады.
Астана қаласының Қазынашылық департаменті міндеттемелердi қабылдауға рұқсат берулерді әрбiр облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бойынша үш данада қалыптастырады, бір данасы Астана қаласының Қазынашылық департаментінде қалады, екі данасын Орталық сайлау комиссиясына тапсырады, оның бiреуiн соңғысы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық сайлау комиссиясының қаржыландыру жоспарымен бiрге облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілiкті атқарушы органдарына тапсырады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары аудандардың, қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының қаржыландыру жоспарларын тиiсті облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық департаменттерiне ұсынады.
Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық департаменттерi мiндеттемелердi қабылдауға рұқсат берудi әрбiр аудан, қала бойынша үш данада қалыптастырады, мiндеттемелердi қабылдауға рұқсат берудiң бiр данасы облыстың, Астана және Алматы қалаларының Қазынашылық департаментiнде қалады, екi данасы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілiктi атқарушы органдарына тапсырылады, оның бiреуiн соңғысы аудандардың, қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының қаржыландыру жоспарымен бiрге аудандардың, қалалардың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарына тапсырады.
56-3. Бекiтілген қаржыландыру жоспарының шегiнде сайлау науқанын өткізу үшiн бөлiнетiн бюджет қаражатына билiк етушілер тиісті сайлау комиссияларының төрағалары болып табылады. Сайлауларды өткізуге бюджет қаражатын жұмсау республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылған жергілiктi атқарушы органдардың бюджеттік шоттарынан жүргiзіледi. Жергілiктi атқарушы органдар азаматтық-құқықтық мәмілелердi жасау мен төлемдердi жүзеге асыру үшiн берiлген рұқсаттарды тиiстi сайлау комиссияларының төрағаларына дейiн жеткізеді. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) беруге арналған шарттарды "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, тиiсті әкiмшілік-аумақтық бiрлiктiң жергiлiктi атқарушы органдарына берiлген рұқсаттар шегiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушілермен тиісті сайлау комиссияларының төрағалары жасайды.