56-4. Сайлаулар өткізу уақытында жергілiкті атқарушы органдар тиiстi аумақтық Қазынашылық бөлiмшелерiне қолдар мен мөрдiң үлгілерi бар уақытша құжат ұсынады. Бұл ретте бiрiншi қол қою құқығы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына беріледi. Екiншi қол қою құқығы тиiсті әкiм аппаратының бас бухгалтерiне (қаржы қызметінiң басшысына) берiледi.
Құжат жергілiктi атқарушы органның елтаңбалық мөрiнiң үлгісi, тиiсті мәслихаттың аумақтық сайлау комиссиясын сайлау туралы шешiмінің (аумақтық сайлау комиссиясының мүшесi - аумақтық сайлау комиссиясының төрағасын оны мәслихат сайлағанға дейiн бұрынғы төрағаның орнына тағайындағаны туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмi) нөмiрi мен күнi көрсетiле отырып ресiмделуi тиiс. Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының 001 "Сайлау өткізудi ұйымдастыру" бағдарламасының 100 "Сайлау өткізу" кiшi бағдарламасы бойынша жергілікті атқарушы органның бюджеттік шотынан қаражатты жұмсауға өкілеттілігі сайлаулар өткізу не қайта дауыс беру не қайта сайлаулар мерзiмiне және олар аяқталғаннан кейiн отыз күнтiзбелiк күнге дейiн ғана белгiленедi.
Аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының қаражатты жұмсауға өкiлеттiк мерзiмi қаржы жылының соңына келген жағдайда, сайлаулар бойынша төлемдер жүргiзу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi басқармасы қаулысымен Қазынашылық органына қаржы жылы аяқталған соң Қазақстан Республикасының төлем жүйесiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн белгiлеген мерзiмде жүзеге асырылады.
56-5. Аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары ақша қаражатына билiк етедi және қаржы мәселелерi бойынша сайлау комиссияларының шешiмдерiне қаржылық құжаттардың сәйкестігіне жауап береді.
56-6. Республикалық бюджет қаражатынан мыналарға арналған шығыстар жабылады:
ҚР Үкіметінің 2005.26.12. № 1286 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді
1) сайлау комиссияларын ұйымдастыру мен оның қызметi:
сайлау комиссияларының босатылған мүшелерiнiң жалақысы;
сайлау комиссиялары мүшелерiнiң қосымша еңбекақысы;
жалақыға есептеу;
техникалық қамтамасыз ету (компьютерлер, ұйымдастыру техникаларын сатып алу, жабдықтарды жалға алу және жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ дауыс беруге арналған мүкәммалды сатып алу және дайындау);
көліктік шығыстар;
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
байланыс қызметтерi, почта-телеграф шығыстары;
еңбек келісімдерi негізiнде штаттан тыс қызметкерлер орындайтын жұмыстар;
полиграфиялық шығыстар;
кеңсе және шаруашылық тауарларды, ұрандар, плакаттар, мемлекеттік рәмiздер үшін материалдар сатып алу;
компьютерлер мен ұйымдастыру техникасына шығыс материалдарын сатып алу;
теледидарда әлеуметтану сұраунама, сондай-ақ саяси пікірталастар өткізу;
сайлауды ұйымдастыру және еткізу жөнінде оқу мен семинарлар өткізу;
бейне және дыбыс роликтерді, оқу фильмдерін дайындау, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
2) үй-жайларды жалға алу;
3) iссапар шығыстары;
4) консультанттардың, сарапшылардың, лингвистикалық комиссия мүшелерiнiң еңбегiне ақы төлеу;
5) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 28-бабының 3-тармағына сәйкес партиялық тізiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлейтiн сөздерi;
6) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 28-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес кандидаттардың көпшілікке сайлау алдында iс-шаралар өткізу және партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың үгіт материалдарын шығару;
7) партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа, кандидаттардың Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген мөлшерде көлiк шығыстары.
56-7. Аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының төрағаларына тұрғын үй-жайды жалға алу бойынша iссапар шығыстарын өтеу мемлекеттік мекемелердiң басшылары және басшыларының орынбасарларына белгiленген мөлшерде, ал учаскелiк сайлау комиссияларының төрағалары мен сайлау комиссияларының мүшелерiне - мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне белгiленген мөлшерде Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік iссапарлары туралы ережемен жүзеге асырылады.
56-8. Жергілiктi атқарушы органның бюджеттік шотынан қаражатты жұмсау аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының шешiмi бойынша мынадай тәртiппен жүргізіледi:
аумақтық сайлау комиссияларын қаржыландыру жоспарларының шегiнде ақша аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары есеп беретіндей етіп берiледi, орындалған жұмыстар және сайлау учаскелерiне сатып алынған материалдық құндылықтар үшiн шоттар төленеді. Пайдаланылмаған есеп берілетiн сомалардың қалдығын сайлаулар аяқталғаннан кейiн үш күн мерзiмде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары шығыстардың экономикалық сыныптамасының тиiстi ерекшелiктерi бойынша жергілiкті атқарушы органның бюджеттік шотына есепке алу үшiн әкiм аппаратының кассасына тапсырады;
аумақтық сайлау комиссияларының шығыстары Орталық сайлау комиссиясы бекiткен олардың қаржыландыру жоспары шегінде аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары бекiткен шоттар ұсынылғаннан кейiн төленеді. Аумақтық сайлау комиссиясының шығыстарына арналған қолма-қол ақшаны беру осы комиссияның төрағасының өкімі бойынша жүргiзіледi. Аванстық есептi алғаннан кейiн әкiм аппаратының бас бухгалтерi (қаржы қызметiнiң басшысы) растайтын құжаттардың ресімделу дұрыстығын тексереді және оларды осы комиссия төрағасының бекітуiне бередi.
56-9. Сайлау науқандарына, оның iшiнде кандидаттарға бөлiнген республикалық бюджет қаражатын жұмсауды бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Сайлау комиссияларының төрағалары ақша қаражатына билiк етедi және қаржы құжаттарының сайлау комиссияларының қаржы мәселелерi бойынша шешiмдерiне сәйкес келуiне жауап бередi.
56-10. Кандидатурасын алып тастауға немесе кандидатты ұсыну туралы шешiмнiң күшін жоюға байланысты және сайлау комиссиясының республикалық бюджет қаражатынан сайлау науқанын өткізуге жұмсалған шығыстар бөлiгiн кандидаттың, оны ұсынған мәслихаттың немесе қоғамдық бiрлестiктiң шотына жатқызу туралы шешiмi болған кезде, егер республикалық бюджеттен шығыстар және қаражатты қалпына келтiру бiр қаржы жылында жүргізілсе, соңғысы жергілiктi атқарушы органдардың бюджеттік шоттарына сайлауларды өткізу жөніндегі кассалық шығыстарды қалпына келтіруге қаражат аударады. Республикалық бюджеттен шығыстарды бір, ал қаражатты қалпына келтіру келесi қаржы жылында жүзеге асырылған жағдайда, бұл қаражатты кандидат "Республикалық бюджетке түсетiн өзге салықтық емес түсiмдер" коды бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне аударады. Бұл ретте көрсетілген шешімдi: Президенттi сайлау кезiнде - Орталық сайлау комиссиясы, Сенат депутаттарын сайлау кезiнде - аумақтық сайлау комиссиялары, Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлау кезінде округтік сайлау комиссиялары қабылдайды.
56-11. Президентті, партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын қоспағанда, Парламент, мәслихаттар депутаттарын және жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын өткізуге бөлiнген бюджет қаражатын пайдалану жөнiндегі бухгалтерлік есептi жүргiзу және қаржылық есеп берудi жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
3-бөлiм. Түсiмдер бойынша бюджеттің атқарылуы
5-тарау. Ұлттық валютада түсiмдер бойынша бюджеттiң атқарылуы
57. Бюджет кодексіне, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексіне, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексіне (Салық кодексi), тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және жергілікті бюджеттерді бекіту туралы мәслихаттардың шешiмдерiне және Қазақстан Республикасының басқа да заңнама актілерiне сәйкес ұлттық валютада бюджетке түсетiн түсiмдер ҚР ББС кiрiстер сыныптамасының бекітілген кодтарына сәйкес Бiрыңғай қазынашылық шотқа есептеледi.
Түсiмдердiң жинақ шотына түсімдердi аудару бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган белгiлеген тәртiппен төлем құжатының негiзiнде жүргізіледі. Төлем құжатының "Бюджеттік сыныптама кодтары" тор көзiндегі деректемелердi бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттi орган одан әрi аумақтық салық органдарына, банктерге және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жеткізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне (бұдан әрi - ҚР ҰБ) жеткізеді. Төлем құжаты бенефециарының банктік деректемелері Түсімдердiң жинақ шотына есептеу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ҚР ҰБ арқылы одан әрі салық төлеушілердi хабарландыру үшін банктерге және банктік операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жеткізеді.
58. Түсiмдердiң жинақ шоты түсiмдердi шоғырландыру үшiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органда ашылатын қолма-қол ақшаның бақылау шоты болып табылады. Түсiмдердiң жинақ шотынан тиісті бюджеттер арасында сомаларды толық бөлу, қате (және/немесе) артық төленген соманы қайтару, кiрiстердiң бюджеттік сыныптамасының кодтары арасында немесе аумақтық салық органдарының арасында бюджетке түсетiн түсiмдердiң есептерi жүзеге асырылады.
59. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган күн сайын:
1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысулар орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнының (бұдан әрi - ҚБЕО) төлем жүйесi арқылы банктер мен банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан бюджетке түсетiн түсiмдер жөніндегі электрондық төлем құжаттарын заңнамада белгіленген тәртiппен қабылдайды;
2) электрондық төлем құжаттарының ресiмделу дұрыстығы мен толықтығын тексерудi жүзеге асырады;
3) электрондық төлем құжаттары негiзiнде Түсiмдердiң жинақ шотына түсуiн есептеудi жүргiзедi;
4) тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген кiрiстердi бөлудiң нормативтерi бойынша әртүрлi деңгейдегi бюджеттер арасындағы түсiмдердi бөлудi Түсiмдердiң жинақ шотына түсiмдердi есептеу күнi жүргiзедi;
5) тиiстi мәслихаттың шешiмiмен белгiленген кiрiстердi бөлудiң нормативтерi бойынша облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерi мен аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттер арасында түсiмдердi бөлудi Түсiмдердiң жинақ шотына түсiмдердi есептеу күнi жүргiзедi.
60. Мақсатын және/немесе төлемнiң аумақтық керек-жарағын анықтауға мүмкiндiк бермейтiн электрондық төлем құжаттарында деректемелер болмаған немесе қате көрсетiлген кезде түсiмдер сомасы электрондық төлем құжаттарын қабылдау күнi "Ұлттық валютада анықталғанға дейiн өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сома" шотына есептеледi. "Ұлттық валютада анықтағанға дейiн өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сома" шоты - бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органға және оның аумақтық органдарына ашылған қолма-қол ақшаның бақылау шоты.
Аумақтық қазынашылық органы үш жұмыс күнi ішінде "Ұлттық валютада анықталғанға дейiн өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сома" шотына түскен қаражаттарды төлеушiге қайтаруы қажет.
61. Артық төленген, бюджетке жаңылыс түскен соманы қайтару, бюджеттің кiрiстер сыныптамасының бiр кодынан екiншiсiне түсiмдердi есептеу (бұдан әрi - қайтару және/немесе есептеу) салық қызметі органдарының арасында салық қызметі органының қорытындысы мен төлем құжатының негiзiнде жүргiзiледi.
Қайтаруға және/немесе есептеуге арналған құжаттар аудан, облыстық маңызы бар қала бойынша ҚР ББС бюджет кiрiстерi сыныптамасының тиiстi кiшi сыныбы бойынша жыл басынан бастап iс жүзiнде түскен сома шегiнде қабылданады.
Егер бюджет кiрiстерi сыныптамасының тиiстi ерекшелігі (кiшi сыныбы) бойынша аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсiмдердiң iс жүзіндегі көлемi қайтаруды немесе көшiрудi жүзеге асыра алмаса, онда аумақтық қазынашылық органы облыс бойынша тұтастай бюджет кiрiстерi сыныптамасының тиісті ерекшелігі (кiшi сыныбы) бойынша жыл басынан бастап бюджетке iс жүзіндегі түсiмдердiң сомасы шегiнде қайтаруды және көшiрудi жүзеге асыруға жоғары тұрған салық органының рұқсатын тиiстi аумақтық қазынашылық органына бередi. Егер қайтару және/немесе есептеу сомасы облыс бойынша тұтастай бюджет кiрiстерi сыныптамасының тиісті ерекшелiгi (кiшi сыныбы) бойынша жыл басынан бастап бюджетке түскен iс жүзіндегі түсiмдердiң сомасынан асып кетсе, онда қайтару және/немесе есептеу республика бойынша тұтастай бюджет кiрiстерi сыныптамасының тиісті ерекшелiгiмен (кiшi сыныбымен) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады, бұл ретте облыс бойынша бюджет кiрiстерi сыныптамасының осы ерекшелiгi (кiшi сыныбы) бойынша дебет қалдықтар қамтамасыз етіледi.
Салық органдары әкiмшiлiк жүргiзбеген бюджетке түскен соманы қайтару және/немесе есептеу уәкiлеттi органның өтiнiшi мен қайтарудың және/немесе есептеудiң негiзділігі туралы растамасы негiзiнде жасалған салық қызметi органдарының қорытындысы және төлем құжаты бойынша жүргiзiледi.
62. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган және оның аумақтық органдары салық және кеден органдарына, бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкілеттi органдарға және басқа да мүдделi мемлекеттік мекемелерге күн сайынғы, айлық және жылдық есептердің нысандарын оларға белгiленген тәртiппен қалыптастырады.
6-тарау. Шетел валютасындағы түсiмдер
бойынша бюджеттің атқарылуы
63. Қазақстан Республикасының резидент еместерiнен шетел валютасында бюджетке түскен түсiмдер ҚР ҰБ-ға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ашылған шетел валютасында корреспонденттік шотқа есептеледi. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның корреспонденттік шоттары валютаның түрлерi бойынша ашылады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органның корреспонденттік шоттарына қызмет көрсетудi шетел валютасында корреспонденттік шоттарға қызмет көрсету туралы шарт пен өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезiнде жасасқан шартқа қосымша келiсімдер негізінде ҚР ҰҚ жүзеге асырады.
64. Шетел валютасында бюджетке түсетiн түсiмдер Түсiмдердiң жинақ шотына ұлттық валютада соманы кейiн аудара отырып, шетел валютасында корреспонденттік шотқа түсiмдердi есептеген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұлттық валютаға қайта ауыстыруға жатады.
Салық қызметі органдарының пайдасына ақша түскен кезінде бюджетті аудару жөніндегі орталық уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттарды салық органы бергенге дейiн жiберушіден алынған нұсқауларды қабылдайды және оны жүз сексен күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге сақтайды. Салық қызметiнің органы талап етілген құжаттарды көрсетiлген мерзiмде бермеген жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган ақшаны жiберушiге қайтарады.
65. Резидент еместерден алынған мақсатын және/немесе төлемнiң аумақтық керек-жарағын анықтауға мүмкiндiк бермейтiн электрондық төлем құжаттарында деректемелер болмаған немесе қате көрсетілген кезде түсiмдер сомасы "Шетел валютасында анықталғанға дейiн өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сома" шотына есептеледi.
"Шетел валютасында анықталғанға дейiн өзара есеп айырысулар бойынша аударылған сома" шоты - бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган ашатын шетел валютасындағы шот.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілеттi орган он бес жұмыс күнi iшiнде түскен қаражатты мақсатқа сай есептейдi не оларды төлеушiге қайтарады.
Артық төленген, жiберуші-резидент еместен қате түскен соманы қайтару кезiнде комиссия төлеуге байланысты шығыстарды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган жүргiзедi.
66. Салық төлеушілерден-резидент еместерден артық төленген, жаңылыс түскен соманы қайтару салық қызметiнiң органдары берген қорытынды, төлем құжаты, шетел валютасын сатып алуға және аударуға өтiнiш негiзiнде жүргiзiледi.
7-тарау. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң)
құны түрiнде бюджетке түсетiн түсiмдер бойынша
бюджеттiң атқарылуы
67. Бюджет кодексiнде көзделген жағдайларда, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нысанында бюджетке түсетiн түсiмдерге жол беріледi. Тауарлар (жұмыстар, қызметтер) нысанында бюджетке түсетiн түсiмдердi кiрiске алу мен оларды есепке алуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелер - халықаралық шарт бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) алушылар немесе гранттар алушылар жүзеге асырады.
68. Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны түрiнде бюджетке түсетін түсiмдердi бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган оларды өткiзген және ҚР ББС кiрiстер сыныптамасының тиісті коды бойынша Түсiмдердiң жинақ шотына өткізуден түскен ақша қаражаттарын есептеген жағдайда ескередi.
8-тарау. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары
тұрған бюджетке бюджеттік алуларды және жоғары
тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге бюджеттік
субвенцияларды аударудың тәртібі мен оның кезеңдiлігі
69. Бюджеттік алулар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекітілген сома шегiнде төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге беріледi.
Төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды аудару төмен тұрған бюджеттің түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сома шегінде күн сайын төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
70. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлетті орган және облыстың жергiлiктi атқарушы органы төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды айға бөлудi анықтайды, оны бекiтедi және жоғары тұрған бюджеттiң түсiмдер мен мiндеттемелердiң жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде жергiлiктi атқарушы органдарға жеткізеді.
Бюджеттік алуларды ай сайынғы аударулардың мөлшерi республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен көзделген төмен тұрған бюджеттік кiрiстер түсiмдерiнiң (салық, салықтан тыс түсiмдер және негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер) сомасына бюджеттік алулардың сомасының қатынасы ретінде пайызбен анықталады.
Осы мөлшердi анықтау үшiн бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеттi орган бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлетті органға, облыстың бюджеттi жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы - бюджетті атқару жөніндегі облыстың жергілiкті уәкілеттi органға Қазақстан Республикасы Үкiметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан кейiн бес жұмыс күнi iшiнде бюджеттік субвенциялар мен алулардың көлемдерiн анықтау кезiнде есеп айырысуда қабылданған кiрiстердiң болжамды көлемдерiн ұсынады.
71. Аумақтық қазынашылық органы күн сайын тиiстi бюджетке күн сайынғы түсiмдер туралы ақпарат негізінде 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік алулар туралы анықтама қалыптастырады және тиiстi бюджетте атқару жөніндегі жергілiкті уәкілетті органға жеткізеді.
72. Жоғары тұрған бюджетке аударуға жататын бюджеттік алулар сомасы бiр ай iшiнде төмен тұрған бюджеттiң төлемдер мен мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларымен анықталған бюджеттік алулар сомасынан асып кеткен жағдайда, төмен тұрған бюджеттiң түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларына өзгерістер осы Ережеде белгiленген тәртiппен енгізіледi.
Тиісті төмен тұрған жергілікті бюджеттің кiрiс бөлiгi атқарылмаған жағдайда, жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алулар тиісті төмен тұрған бюджеттің кiрiс жоспарын атқарудың бара-бар пайызымен жүргiзіледi.
73. Бюджеттік алулардың сомасы өткен жұмыс күнгі төмен тұрған бюджетке iс жүзіндегі түсiмдердi (салық түсiмдерi, салықтан тыс түсiмдер, негiзгi капиталды сатудан түскен түсiмдер) ескере отырып анықталады және төмен тұрған бюджетті атқару жөнiндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджет кiрiстерiнiң бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодына бюджеттік алулар аудару үшiн төлеуге берiлген шотты аумақтық қазынашылық органына беру арқылы басқа да төлемдердi жүзеге асырғанға дейiн бiрiншi кезектегi тәртiппен аударады.
Төмен тұрған бюджеттiң қолма-қол ақшаның бақылау шотында қаражат және төмен тұрған бюджеттің түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында анықталған бюджеттік алуларды аударуға байланысты шығыстар бойынша жоспарлы мақсаттар болған кезде, қаржы жылының ағымдағы айында жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды мерзiмiнен бұрын аударуға болады.
74. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Қазынашылық комитеті және оның аумақтық органдары ай сайын тиiсiнше республикалық бюджет пен облыстық бюджетке бюджеттік алулардың артық төленген немесе жете төленбеген сомасын анықтайды және оларды өткен ай аяқталғаннан кейiн үш жұмыс күнi iшiнде 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша: бiрiншi - облыстық, екiншi - аудандық қазынашылық органдарына жеткізеді.
Бюджетті атқару жөнiндегі жергiлiктi атқарушы орган өткен айларда бюджеттік алулар артық төленген кезде, оларды артық төленген сомаға аударуды жүргізбейдi, ал өткен айлардың соңындағы есеп айырысу бойынша бюджеттік алулар жете төленбеген кезде, оларды жете төлемеген мөлшер өтелгенге дейiн жете төлемеу қалыптасқан күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде өткен жұмыс күнгi қорытынды бойынша аударуға жататын сомадан тыс аударуды жүргiзедi.
Аумақтық қазынашылық органы есептелген бюджеттік алулар толық аударылғанға дейiн он бес жұмыс күннен артық бюджеттік алулар жете төленбеген жағдайда, тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларды тоқтата тұрады.
75. Аумақтық қазынашылық органы артық төленген немесе жете төленбеген сомалар туралы деректердi алғанға дейiн 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Анықтаманың 4 және 9-жолдарын толтырмайды, ал оларды осы деректердi алғаннан кейiнгi күнi толтырады.
76. Ағымдағы қаржы жылы үшiн бюджеттік алулар бойынша түпкi есептеме тиiсті жергiлiктi бюджетке iс жүзiнде түсетiн кiрiстердi ескере отырып, ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде жүргізіледi.
77. Бюджеттік алуларды аударудың толықтығын бақылауды бюджетті атқару жөнiндегі уәкілетті органдар жүзеге асырады. Бюджеттік алуларды аударудың уақытылылығын бақылауды аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.
78. Бюджеттік субвенциялар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiмен бекітілген шекте жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрған бюджетке беріледi.
Субвенцияларды жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге аударуды жоғары тұрған бюджетте атқару жөніндегі уәкілетті орган айдың бiрiншi онкүндiгi iшiнде жоғары тұрған бюджеттiң түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сома шегiнде жүзеге асырады.
79. Егер бекітілген (нақтыланған, түзетiлген) жергілікті бюджетте бюджеттік алулар мен субвенциялардың есептемесi кезiнде нақтыланған шығыстар көзделмесе, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе облыстың жергiлiктi атқарушы органы қаржы жылының iшiнде тиiстi шамаға бюджеттік субвенцияларды қысқарту немесе бюджеттік алуларды арттыру туралы шешiм шығарады.
4-бөлiм. Мемлекеттік мекемелер жасайтын азаматтық-құқықтық
мәмiлелердi мемлекеттік тiркеудi жүзеге асырудың тәртібі
9-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық
мәмiлелерiн тiркеудiң мақсаты мен оның жалпы тәртібі
80. Мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмілелерiн тiркеудi бюджеттік бағдарламалардың бекiтілген паспорттарына сәйкес бюджет қаражаттарының пайдаланылуын бақылау және бюджеттік бағдарламалардың (кiшi бағдарламалардың) және мемлекеттік мекемелерге берiлген рұқсаттардың бекітілген сомасынан тыс бюджет мiндеттемелерінің пайда болуын болдырмау мақсатында аумақтық қазынашылық органы жүзеге асырады.
81. Мемлекеттік мекеменiң тиiстi тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiмен немесе бюджет қаражаттарын алушылармен шарт жасасуы берілген рұқсаттардың қалдығы шегiндегі сомаға жүзеге асырылады.