«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 776 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 17 тамыздағы
№ 776 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесi
1. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының кредит саясаты меморандумы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 289 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 12, 159-құжат).
2. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамының 2004 - 2007 жылдарға арналған инвестициялық саясаты туралы меморандум туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы № 615 қаулысы.
3. «Қазақстанның инвестициялық қоры» акционерлік қоғамының инвестициялық декларациясын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1383 қаулысы.
4. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының таяу шетел рыноктарына шығу тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 ақпандағы № 147 қаулысының 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 9, 79-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1383 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 28 наурыздағы № 270 қаулысы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 наурыздағы № 289 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 шілдедегі № 688 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 28, 351-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 мамырдағы № 502 және 2004 жылғы 3 маусымдағы № 615 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 шілдедегі № 776 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., № 31, 411-құжат).