“Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы
№1383 қаулысына өзгеріс енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 28 наурыздағы № 270 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 776 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық декларациясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1383 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстанның инвестициялық қоры" акционерлік қоғамының инвестициялық декларациясында:
13-тармақтың бірінші абзацындағы "кемінде 49 пайызды құрауы" деген сөздер "49 пайыздан аспауы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |