"Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының 2004-2007 жылдарға
арналған инвестициялық саясаты туралы меморандум туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы № 615 қаулысы
(2005.26.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 776 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен тақырыбы және мәтін өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының 2004-2007 жылдарға арналған инвестициялық саясаты туралы қоса берiлiп отырған меморандумды бекіту ұсынылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д.К. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 3 маусымдағы
№ 615 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен тақырыбы және мәтін өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың 2004-2007 жылдарға
арналған инвестициялық саясаты туралы меморандум
1. Жалпы ережелер
2. Инвестициялау бағыттары
3. Қор инвестицияларының көздерi
4. Инвестициялау туралы шешiм қабылдау тәртібі
5. Инвестициялық қоржын мониторингi
6. Инвестицияланған компаниялар мен венчурлiк
қорлардан шығу туралы шешiмдердi қабылдау
7. Тәуекелдердi басқару және
инвестициялық қоржынды әртараптандыру
8. Уақытша бос ақша қаражатын басқару
9. Инвестициялық қызметке шектеулер
10. Инновациялық қызмет субъектiлерiмен
өзара iс-қимыл
11. Мемлекеттік ұйымдармен және
даму институттарымен өзара iс-қимыл
12. Есептілік
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
1. Осы Меморандум "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың (бұдан әрi - Қор) 2004-2007 жылдарға арналған инвестициялық саясатының негiзгi басымдықтарын айқындайды, қаржыландырылатын жобаларды iске асырудың мониторингi мен талдауын, инвестицияланған компаниялар мен венчурлiк қорлардың қаржы жағдайын, Қордың инвестициялық компаниялар мен венчурлiк қорлардан шығу туралы шешiм қабылдауын, Қордың инвестициялық қызметiн жүзеге асыру жөніндегі рәсiмдерiн қамтиды, Қордың инвестициялық қызметiнiң сапалық және сандық параметрлерi мен шектеулерiн белгiлейдi.
2. Қордың осы Меморандум айқындаған инвестициялық саясаты Қор қызметiнiң нәтижелерiн және жаңа бағыттарын, сондай-ақ заңнамадағы өзгерiстердi ескере отырып түзетiлуi мүмкiн.
3. Қор қызметiнiң мақсаты елдегi жалпы инновациялық белсендiлiктi арттыру, оның iшiнде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамытуға ықпал ету болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қор мiндеттерi:
- отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп венчурлiк қорлар құру, инновациялық жобаларды венчурлiк қаржыландырудың тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;
- коммерциялық тиiмдiлiк тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердi (бұдан әрi - ҒЗТКӘ) қаржыландыру;
- инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгізуді қаржыландыру;
инновациялық қызметтiң мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) құруға қатысу;
- "инновациялық технологияларды көшіру, қарызға алу және өсіру", оларды коммерцияландыру және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Меморандумда қолданылатын терминдер мен ұғымдар:
технологиялық бизнес-инкубатор - инновациялар құру, қорғау құжаттарын алуға өтiнiмдi ресiмдеу және инновациялық жобаны дайындау үшiн заңды және жеке тұлғаларға құқықтық, ұйымдастырушылық, ақпараттық қызметтердi ұсыну жөніндегі қызметтi жүзеге асыру үшiн құрылатын заңды тұлға немесе технопарктiң құрылымдық бөлiмшесi;
венчурлiк инвестициялау - инновацияларды құруға және/немесе мынадай:
1) идеяларды жаңа өнімнің пилоттық үлгiлерiн құруға және оның коммерциялық әлеуетiн бағалауға дейiн жеткізумен байланысты қолданбалы зерттеулер;
2) өнiмнiң бастапқы жаппай өндiрiсi мен бiрiншi сату;
3) өндiрiстi ерте ұлғайту және өнiмнiң өткізудiң жаңа рыноктарына шығуы, кезеңдерiнде коммерцияландыруға бағытталған инвестициялау;
венчурлiк қор - венчурлiк инвестициялауды жүзеге асыру мақсатында заңды тұлға құрып та, құрмай да ресiмделген заңды және/немесе жеке тұлғалардың капиталын бiрiктiру.
шығу - инвестордың өзiне тиесiлi акциялардың пакетiн/қатысу үлесiн сатуда жасасатын венчурлiк қаржыландыру процесiнiң соңғы кезеңi;
инвестициялық қоржын - Қор қызметiнiң негiзгi бағыттарымен байланысты Қордың инвестициялары;
мониторинг - деректердi жинау және өтеу, Қор қаржыландыратын жобалардың нақты жай-күйi туралы есептердi құрастыру процесi;
венчурлiк қордың басқарушы компаниясы (басқарушысы) венчурлiк қорды басқаруға жауапты заңды (жеке) тұлға;
венчурлiк қорды басқару - инвестиция объектiлерiн таңдау және бағалау, инвестициялық меморандумдарды дайындау және инвестицияланатын кәсiпорындармен мәмiлелер жасасу, олардың қызметiн бақылау және одан шығуды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет.
Осы Меморандумда пайдаланылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында қалай пайдаланылса, сондай мағынада қолданылады.
2. Инвестициялау бағыттары
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Қаралып отырған кезеңде (2004 - 2007 жж.) Қор қызметi қаржы инфрақұрылымын құруды, ғылыми әлеуеттi дамытуға қатысуды, инновациялық инфрақұрылым құруды, жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстер саласына жеке капиталды тартуды қоса алғанда, инновациялық процестiң жүйе құрушы элементтерiн қалыптастыру мен құруға бағытталатын болады.
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Инвестициялау және Қазақстан Республикасының аумағында венчурлiк қорлар құруға, шетелдiк венчурлiк қорларға инвестициялау, инновациялық жобаларды iске асырушы компанияларға, ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтерiн (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) құруға инвестициялар тарту, сондай-ақ қолданбалы ҒЗТКӘ-нi қаржыландыру Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары болып табылады.
3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту кезiнде акцияларды/үлестiк қатысуды сатып алу жолымен жарғылық капиталға бақылаусыз қатысу инвестициялаудың негiзгi нысаны болып табылады. Сонымен қатар Қор инвестициялауды Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Меморандумда тыйым салынбаған басқа нысандарда да жүзеге асыра алады.
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Қазақстан Республикасының аумағында венчурлiк қорлар құрудағы инвестициялар, шетелдiк венчурлiк қорларға инвестициялау. Қордың қатысуымен Қазақстан Республикасының аумағында венчурлiк қорлар құру инновациялық қызметке жеке капиталды тартуға, олардың тәуекелдерiн кемiтуге, инновацияларды коммерцияландыру саласында мемлекет пен жеке кәсiпкерлiктiң өзара тиiмдi iс-қимыл тетiгiнiң қалыптасуына ықпал ететiн болады.
Қордың қатысуымен Қазақстан Республикасының аумағында құрылатын венчурлiк қорлар экономиканың белгiлi бiр секторындағыдай (мамандандырылған венчурлiк қорлар), экономиканың әр түрлi салаларында да (әмбебап венчурлiк қорлар) инновациялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыра алады.
Құрылатын венчурлiк қорлардағы инвестициялаудың негiзгi шарттары:
- венчурлiк қорлар қызметiнiң инновациялық бағыттылығы;
- құрылатын венчурлiк қордың қазақстандық кәсiпорындарды инвестициялауға бағытталуы;
- тәуекелдердi басқа инвесторлармен бөлiсу және жауапкершiлiктi шектеу;
- бақылаусыз қатысу (венчурлiк қордың жарғылық капиталының 49%-нан көп емес);
- венчурлiк қордың инвестициялау, Қор инвестицияландырған қаражатқа мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға және инновациялық жобаларды iске асыруға мүмкiндiк беретiн басқарушы компанияны таңдау бойынша шешiм қабылдауына Қордың қатысуы;
- венчурлiк қордың ұйымдастыру-құқықтық нысанының ашықтығы және кәсiби менеджментiнiң болуы;
- венчурлiк қаржыландыру саласындағы озық тәжiрибенi тарту;
- құрылатын венчурлiк қорларға Қор қатысуының белгiлi бiр уақытша шегi.
Шетелдiк венчурлiк қорларға инвестициялау шарттары жекелеген Шарттармен айқындалатын болады.
Қордың шетелдiк венчурлiк қорларға қатысуы Қазақстан аумағындағы венчурлiк қорларға шетелдiк инвестицияларды бұдан әрi тартуға мүмкiндiк бередi және шетелдiк венчурлiк қорлар қол жеткiзген озық тәжiрибеге ие болуды қамтамасыз етедi.
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
5. Инновациялық жобаларды iске асырушы компанияларға инвестициялар
Қор:
- инновацияны коммерцияландырудың бастапқы сатысында (бастапқы қаржыландыру сатысы) жаңа және жұмыс істейтiн компанияларға;
- инновациялық өнiм (жұмыстар, қызмет көрсетулер) көлемдерiн кеңейту, халықаралық рынокқа шығу үшiн (бастапқы және/немесе жедел кеңею сатылары) қосымша инвестицияларды қажет ететiн компанияларға инвестиция берудi жүзеге асырады.
Осы бағытты инвестициялаудың негiзгi шарттары:
- инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатының және технологиялық даму басымдықтарына сәйкес келедi;
- жоба ғылымды қажетсiнетiн өнiмнiң (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) жаңа түрiн құруға не оның техникалық деңгейiн арттыруға, жаңа технологияларды енгізу мен қолданыстағыларды жетiлдiруге бағытталған;
- жоба коммерциялық жағынан тартымды (оның iшiнде инновацияның рыноктық орнының жоғары әлеуеттi өсуi бар) болып табылады;
жобада әрекет ететiн, компанияның жарғылық капиталына өтiмдi материалдық активтермен қатысатын стратегиялық инвестордың болуы;
- Қордың бақылаусыз қатысуы (компанияның жарғылық капиталының 49%-нан көп емес);
- Қордың жобаны iске асырушы компаниялардың басқару органдарына қатысуы;
компаниядағы инвестициялардың нақты белгiленген уақытша шегi және сатып алудың басым құқығы әдетте патент иесiнiң иелiгiнде болатын одан шығу шарттары;
- жобаны кезең-кезеңiмен қаржыландыру.
зияткерлiк меншiк түріндегі компанияның жарғылық капиталына қатысу үлесi компанияның жарғылық капиталының 20%-ынан аспауға тиiс;
Бұл ретте зияткерлiк меншiк түріндегі компанияның жарғылық капиталына қатысу үлесi мынадай түрде:
патент иесiнiң компанияға қорғау құжаттарынан шегiну туралы шарт жасасқан кезде компанияның жарғылық капиталының 20-на дейiн;
патент иесiнiң компанияға зияткерлiк меншiк объектiсiн қолдану құқығына толық лицензиясын ұсынған кезде компанияның жарғылық капиталының 15%-на дейiн;
патент иесiнiң компанияға зияткерлік меншiк объектiсiн қолдану құқығына айрықша лицензия ұсынған кезде компанияның жарғылық капиталының 10%-на дейiн болып айқындалады.
Компанияның жарғылық капиталындағы үлес ретiнде енгiзiлетiн зияткерлiк меншiк құқығына патентпен куәландырылуы тиiс.
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Инновациялық қызметтің мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктердi, технологиялық бизнес-инкубаторларды) құруға қатысу.
Қордың ұлттық инновациялық жүйе элементтерiн құруға қатысуы инновациялық кезеңнiң кешендiлiгiн, инновацияларды коммерцияландыруды жеделдетудi қамтамасыз етуi тиiс.
Көрсетiлген мамандандырылған инновациялық институттар негiзiнен ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының, жоғары технологиялық өнеркәсiптiк кәсiпорындардың базасында құрылады.
Қордың технопарктер құруға қатысуы ғылыми-зерттеу ұйымдары мен өнеркәсiп арасындағы кооперацияны дамытуға, мiндеттi құрылымның мыналарды құратын:
- инновациялық өнiмдi әзiрлеу мен оны пайдалы үлгi мен өнертабысқа дейiн жеткізудi қамтамасыз ететiн зертханалық, тәжiрибелiк-конструкторлық, өндiрiстiк базаның;
- бизнес-инкубатордың;
- технопарк компанияларына ақпараттық, заңдық, патенттiк, лицензиялық, инжинирингтiк, маркетингтiк, қаржылық және технопарк қызметiнiң мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келмейтiн басқа да қызметтер көрсететiн сервистiк кәсiпорындар мен фирмалардың кешендiлiгiне қол жеткізуге бағытталған.
Технологиялық бизнес-инкубаторлар ұлттық және өңiрлiк технопарктер, ғылыми-зерттеу институттары, жоғарғы оқу орындары негiзiнде басымдықпен құрылатын болады.
Технологиялық бизнес-инкубаторлар мынадай функцияларды атқаратын болады:
жас технологиялық компанияларды құру;
инновациялық менеджмент негiздерiн оқыту;
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелерге гранттар беру
Қор гранттық бағдарламалар жүйесi арқылы индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарында мынадай қолданбалы ҒЗТКЖ-ны қаржыландырады:
"шағын гранттар";
құжаттардың (техникалық-экономикалық негiздеме, бизнес-жоспар және басқа құжаттар) толық жиынтығын дайындау үшiн "жоба алдындағы гранттар";
зерттеулердi аяқтау және пайдалы үлгiге немесе өнертабысқа және өндiрiске беруге дайындығына дейiн жеткізу үшiн "үлкен гранттар";
шетелде ҒЗТКЖ нәтижелерiне арналған патенттердi ресiмдеу үшiн қажеттi "патенттеуге арналған гранттар".
ҒЗТКӘ-лер:
- ғылымды қажетсiнетiн өнiмнiң жаңа түрлерiн құруға;
- өнiмнiң техникалық деңгейiн арттыруға;
- жаңа технологияларды әзiрлеу мен қолданыстағыларды жетiлдiруге бағытталуы тиiс.
Қолданбалы ҒЗТКӘ жобаларын iрiктеу кешендi ғылыми-техникалық және экономикалық сараптама, ҒЗТКӘ нәтижелерiнiң коммерцияланушылығын бағалау негiзiнде және конкурсты жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
Коммерциялық әлеуеттi бағалау өнiмнiң (технологияның), бәсекелiк артықшылықтары деңгейiн бағалауды, оларды ұзақ уақыт сақтау мүмкiндiгiн, әлеуеттi рыноктың (тұтынушылардың) болуын қамтиды.
Қаржыландыру заңды тұлғаларға Қордың ҒЗТКӘ нәтижелерiне мүлiктiк құқығын көздейтiн шарттарда берiледi.
3. Қор инвестицияларының көздерi
1. Инвестицияларды жүзеге асыру үшiн мынадай көздер:
- Қордың жарғылық капиталы;
- халықаралық қаржы ұйымдары, шетел мемлекеттерi мен қаржы институттары беретiн гранттар;
- Қор кiрiстерi пайдаланылуы мүмкiн.
2. Қордың инвестицияланатын компаниялар мен венчурлiк қорларға инвестицияларының бастапқы құны мен одан шыққан кездегi өткізу құнының арасындағы айырмашылықты бiлдiретiн, Қордың қаржыландырылатын жобалардан шығу кезіндегі кiрiстер Қордың пайда табуының негiзгi нысаны болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қордың уақытша бос ақша қаражатын басқарудан түскен кiрiсi, дивидендтер түріндегі кiрiстерi, консалтингтiк қызмет көрсетулерден түскен кiрiстерi, ҒЗТКӘ нәтижесіндегі мүлiктiк құқықтарды iске асырудан түскен кiрiстерi, Қор қаражатынан қаржыландырылған ҒЗТКЖ нәтижелерiн қолдана отырып, кейiннен өнiмдi коммерцияландырудан түскен кiрiстер басқа кiрiстердi бiлдiредi.
4. Инвестициялау туралы шешiм қабылдау тәртібі
1. Инвестициялау туралы шешiм қабылдау қағидаттары:
- мемлекеттiң индустриялық-инновациялық стратегиясы жобасының Қор мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келуi;
- жобаны ғылыми-техникалық және экономикалық сараптаудың кешендiлiгi;
- жобаны сараптаудың тәуелсiздiгi;
- Қордың инвестициялық қоржынын және тәуекелдерiн әртараптандыру;
- ашықтық.
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Инновациялық жобаларды және ҒЗТКӘ жобаларын қаржыландыру туралы шешiм өткізу тәртібін Қордың Директорлар кеңесi бекiтетiн кешендi ғылыми-техникалық және экономикалық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде қабылданады. Мұндай сараптама тәуелсiз сыртқы сарапшылардың (сараптама ұйымдарының) мiндеттi түрдегi сараптамасын, сондай-ақ Сараптама кеңесiнiң - Қордың тәуелсiз сыртқы органының қорытындысын қамтиды. Жобалардың сараптамасы (ҒЗТКЖ-дан басқа) келісiм-шарт негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Жобаларды қарау процесiнiң және инвестициялау туралы шешiм қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшiн Қордың Инвестициялық Комитетi және Қор жанындағы Сараптама кеңесi құрылады.
4. Қордың активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң 2,5%-нан аспайтын сомадағы активтердi беру жолымен оның ұйымдарды құруы және басқа да ұйымдардың қызметiне қатысуы туралы шешiмдi қабылдауды Қордың Директорлар Кеңесi жүзеге асырады.
5. Инвестициялық қоржын мониторингi
1. Қор жарғылық капиталына өзi қатысатын венчурлiк қорлар мен компанияларды басқарудың үздiксiз мониторингiн, сондай-ақ инновациялық жобалар мен ҒЗТКӘ жобаларын iске асыруды жүзеге асырады.
2. Мониторинг пен талдау мақсаты - Қор қаржыландыратын жобалардың iске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету, жобаларды басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау. Мониторинг пен талдау шеңберiнде:
- нақты жобаның iске асырылуы, инвестицияланған компаниялар мен венчурлiк қорлардың қаржылық жай-күйi, Қордың тұтастай инвестициялық қоржынының ағымдағы жай-күйi туралы шынайы ақпарат алу;
- олардың өзгеру үрдiстерi және жобаларды iске асыруға, инвестицияланған компаниялар мен венчурлiк қорлардың қаржы жағдайына, тұтастай Қордың инвестициялық қоржынына ықпал ететiн факторларды айқындау;
- нақты жобалар бойынша тәуекелдердi ең аз мөлшерге келтiру, инвестицияланған компаниялармен және венчурлiк қорлармен өзара iс-қимыл, Қор тәуекелдерiн әртараптандыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау қамтамасыз етiледi.
3. Мониторингтi жүзеге асыру үшiн қаржыландыруды Қор жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қорға инновациялық жобалардың, ҒЗТКӘ жобаларының iске асырылуы туралы есептi, сондай-ақ Қордың Директорлар Кеңесi бекiткен тәртiппен қаржылық есептiлiктi ұсынады.
6. Инвестицияланған компаниялар мен венчурлiк
қорлардан шығу туралы шешiмдердi қабылдау
1. Шығу шарттары мен мерзiмдерi Қор және жобалардың басқа да қатысушылары жасасқан ынтымақтастық туралы тиiстi келісімдерде көзделедi.
2. Жобалардың iске асуына қарай шығу шарттары мен мерзiмдерi тараптар келісімi бойынша түзетiлуi мүмкiн.
3. Қордың шығуы туралы шешiмдi Қор Басқармасы қабылдайды. Инвестициялардың бастапқы құны Қор активтерiнiң жалпы мөлшерi құнынан 2,5% асып кеткен жағдайда - Қордың Директорлар Кеңесi қабылдайды.
7. Тәуекелдердi басқару және
инвестициялық қоржынды әртараптандыру
1. Қаржылық тұрақтылықты және теңдестiрiлген инвестициялық қоржынды қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қор тәуекелдердi басқарудың мынадай негiзгi әдiстерiн қолданады: тәуекелдердi жеке капиталмен бөлiсу, әртараптандыру, лимиттеу, инвестицияланатын қорлар мен компанияларды басқаруға қатысу, iшкi рейтингтiк жүйенi қолдану.
2. Тәуекелдердi жеке капиталмен бөлiсу Қордың инновациялық жобаларды, венчурлiк қорлар мен инновациялық инфрақұрылым элементтерiн құру жобаларын қаржыландыруға бақылаусыз қатысуы жолымен жүзеге асырылады.
3. Қордың Инвестициялық қоржынын әртараптандыру:
- инвестициялау бағыттары бойынша әртараптандыруды (венчурлiк қорлар, инновациялық жүйенiң мамандандырылған институттарын құру, инновациялық жобаларды iске асыратын компаниялардың жарғылық капиталына қатысу, ҒЗТКӘ-нi қаржыландыру);
- салалық әртараптандыруды;
- инновациялық жобаларға инвестицияларды жобаның/компанияның тіршілік ету кезеңi сатылары және жобаның өзiн-өзi ақтауы мерзiмдерi бойынша бөлудi көздейдi.
4. Қор мынадай лимиттердi белгiлейдi:
1) инвестициялау бағыттары бойынша:
- венчурлiк қорларды құруға инвестициялар - Қордың өз капиталы көлемiнiң 50%-нан артық емес;
- ұлттық инновациялық жүйе (технопарктер, технополистер т.б.) элементтерiн құруға инвестициялар - 10%-дан артық емес;
- инновациялық жобаларды iске асырушы компаниялардың жарғылық капиталына қатысу - 35%-дан артық емес;
- қолданбалы ҒЗТКӘ-нi қаржыландыру - 5%-дан артық емес.
ҚР Үкіметінің 2005.26.07. № 776 Қаулысымен 2)-тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2) бiр жобаға инвестициялар бойынша лимиттер:
Қордың венчурлiк қорларды құруға қатысу үлесi - 1320 млн. теңгеден аспайды;
Қордың инновациялық жобаларды iске асыратын компаниялардың жарғылық капиталына қатысу үлесi - 658 млн. теңгеден аспайды;
Қордың инновациялық инфрақұрылымның мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктi, технологиялық бизнес-инкубаторды) құруға қатысу үлесi - 65,8 млн.теңгеден аспайды;
қолданбалы ҒЗТКЖ-ға гранттар сомасы: жоба алдындағы гранттар - 650 мың теңгеден аспайды, кiшi гранттар - 7,2 млн. теңгеден аспайды, патенттеуге арналған гранттар - 13,2 млн. теңгеден аспайды, үлкен гранттар - 33 млн. теңгеден аспайды.
Мемлекет үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар инновациялық жобаларды iске асыратын компаниялардың жарғылық капиталына Қордың қатысу үлесi Қор акционерлерiнiң жалпы жиналысының Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ұсынымы бойынша қабылданған тиiстi шешiмi болған кезде 658 млн.-нан астам теңгенi құрауы мүмкiн.
3) Қазiргi жағдайларда ғылыми-техникалық саладағы бәсекелестiктiң күшеюi нәтижесiнде ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң тiршiлiк ету кезеңiнiң қысқаруы байқалады, бұл Қор қаржыландыратын инновациялық жобалардың өзiн-өзi ақтауы мерзiмдерiн шектеуге қойылатын талаптарды ұсынады.
Қолданбалы ҒЗТКӘ-нiң орындалу мерзiмi 18 айдан аспауы тиiс.
8. Уақытша бос ақша қаражатын басқару
1. Уақытша бос ақша қаражатын басқару мақсатында Қор мемлекеттік және корпоративтiк бағалы қағаздарды қоса алғанда, өтiмдi активтерге бос ресурстарды орналастыруға құқылы.
2. Қордың уақытша бос қаражатын басқару стратегиясын Қордың Директорлар Кеңесi бекiтедi.
9. Инвестициялық қызметке шектеулер
1. Қордың:
1) акциялардан басқа бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға;
2) заемдар ұсынуға;
3) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiл және кепiлдiк берудi ұсынуға;
4) шарттары мен қабылдау тәртібі, сондай-ақ олардың мақсатын жүзеге асыруы Қордың жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн мiндеттемелердi өзiне алуға құқығы жоқ.
2. Қор алкоголдiк, темекi өнiмдерiн шығаруды, ойын бизнесiн инвестициялауды жүзеге асырмайды.
10. Инновациялық қызмет субъектiлерiмен
өзара iс-қимыл
1. Қор инновациялық қызметтiң барлық субъектiлерiмен белсендi ынтымақтасуға және ұлттық инновациялық жүйе элементтерiнiң барлық құрылымдарының ықпалдасуын қамтамасыз етудi көздейдi.
2. Қор әлемдiк тәжiрибенi және халықаралық ұйымдармен, шетел мемлекеттерiнiң үкiмет ұйымдарымен, шетелдiк қаржы институттарымен ынтымақтасу мүмкiндiгiн белсендi пайдаланатын болады. Бұл венчурлiк қорлардың және ұлттық инновациялық жүйе элементтерiнiң қалыптасуының және қызметiнiң тиiмдi тетiктерiн енгізуге, инвесторларды тартуға және венчурлiк қаржыландыру саласындағы озық менеджменттi енгізуге мүмкiндiк бередi.
11. Мемлекеттік ұйымдармен және
даму институттарымен өзара iс-қимыл
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың акционерi бола отырып, Қордың мемлекеттік акциялар пакетiн басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органды (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттік орган) белгiлейдi.
2. Уәкiлеттi мемлекеттік орган:
- мемлекеттік акциялар пакетiн басқару функцияларын жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердiң жалпы жиналысының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекет мүддесiн бiлдiредi;
- үлестiрудi жүзеге асырады және құқықтық, қаржылық және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қызметiн өзге де қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қордың мемлекеттік органдарымен өзара iс-қимыл процесiне қатысады.
3. Қор инвестициялық қызметтiң барлық кезеңдерiнде мемлекеттік даму институттарымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады.
12. Есептілік
1. Қордың қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебiн бухгалтерлiк есеп туралы заңнамасымен белгiленедi.