«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаның
паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 38-54-қосымшалар)
(үзінді)
Осы редакция 2006 ж. 31 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48, 49, 50, 51, 52, 53, 54-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
38-қосымша
Қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
39-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Елдің қоғамдық тәртіп саласындағы саяси мүдделерін қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 5979 мың теңге (бес миллион тоғыз жүз жетпіс тоғыз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:
"Т.А. Төлеубаев туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 25 маусымдағы № 608 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: халықаралық және трансұлттық қылмысқа қарсы күрес.
5. Бюджеттік бағдарламаны міндеттерi: қылмысқа қарсы күресте ынтымақтастықты дамыту мақсатында Интерполмен байланыс ұстауда ақпараттық қамтамасыз ету және бір ақпараттық кеңістік құру, сондай-ақ барлық әлемдегі қылмыстық полицияның ұлттық органдары арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейіне байланысты болатын халықаралық қылмыспен ең тиімді күрес жүргізуді қамтамасыз ету үшін, әсіресе оның ұйымдастырылған түрлерімен, оның ішінде ылаңкестік және есірткі бизнесіне қарсы тиімді күрес жүргізу үшін ақпараттық қамтамасыз ету. Интерполдың басқа қатысушы -мемлекеттерінің өкілдерімен халықаралық қылмыс мәселелері бойынша жедел ынтымақтастық құру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Елдің қоғамдық тәртіп саласын- дағы саяси мүдделе- рін қам- тамасыз ету | Халықаралық қылмыспен тиімді күрес жүргізу мақсатында ақпараттық қамтамасыз ету үшін Лион қаласындағы (Франция) Интерполдың Бас Хатшылығындағы Қазақстан Республика- сының өкілі - байланыс офицерін ұстау жөнін- дегі шығыстар - 1 адам. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ішкі істер министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: Интерпол каналдары бойынша халықаралық іздеуге жар салған адамдар саны - жыл бойы 500 адамнан кем емес; Интерпол тарапы бойынша халықаралық іздеуде болған адамдардың ұсталған саны - жыл бойы 25 адамнан кем емес.
Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарын тергеу, жедел, ғылыми-практикалық және анықтама-аналитикалық ақпаратпен 100 % қамтамасыз ету; Интерполдың мүшелері болып табылатын шет ел мемлекеттерінің құқық қорғау органдарына жіберілген сұратулар мен ақпаратты 100% жеткізуді қамтамасыз ету; қылмыстық істер және экстрадициялар бойынша құқықтық көмек туралы келісім-шарт жасалмаған мемлекеттермен Қазақстан Республикасының мәселелерді шешуі.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Интерполдың Бас Хатшылығында Қазақстан Республикасының өкілін ұстау үшін шығындалатын шығыстардың бағасы - 5 979,0 мың теңге.
Уақтылығы: ақпаратпен уақытылы қамтамасыз етіп отыру, Интерполдың басқа қатысушы-мемлекеттерінің өкілдерімен халықаралық қылмыс мәселелері бойынша жедел ынтымақтастық құру.
Сапасы: жедел-іздестіру қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты 100% бекіту.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
40-қосымша
Берілген қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
41-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Арнайы және әскери тасымалдар"
деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 116582 мың теңге (бір жүз он алты миллион бес жүз сексен екі мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әскери және арнайы тасымалдарды теміржол көлігімен тасымалдауды тәуліктік бақылауға алуды, эшелондардың және басқа да есептегі бірліктердің тез жүруін қамтамасыз ету, министрліктің және әскери бөлімдердің жеке құрамының әскери және арнайы жүктері, арнайы контингенттерінің қозғалысы кезінде штаттан тыс жағдайларға жол бермеу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: министрліктің және әскери бөлімдердің жеке құрамының арнайы контингенті мен арнайы жүктерін тасымалдау бойынша жоспарланған іс-шараларды бұзуға жол бермеу, азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін теміржол көлігімен әскери және арнайы тасымалдауларды ұйымдастыру және жедел басқару; арнайы контингентті жазасын өтеу орындарына тасымалдау жөніндегі соттардың қаулыларын орындау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 004 | | Арнайы және әскери тасымал- дар | Арнайы контингентті, жүктерді және басқа да тасымалдарды тасымалдау бойынша көлік қызметтерін төлеу: арнайы вагон- дарды жалға алу. Арнайы әскери тасымал- дау қызметтері үшін үй-жайларды жалға алу; жүргіншілер поездарын- да орындарды брондеу бойынша қызметтерді төлеу. Қозғалмалы вагон-пунктке техника- лық қызмет көрсету; поезд жолдарын жөндеу. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ішкі істер министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: арнайы контингентті, жүктерді және басқа да тасымалдарды тасымалдау бойынша атқарылатын рейстер саны - 372; вагон саны - 12.
Соңғы нәтиже: арнайы контингенттік және арнайы жүктерді тасымалдауды 100 % қамтамасыз ету; қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес сотталған адамдардың жазаларын өтеу жөнінде сот қаулыларын орындау үшін арнайы вагондардың қозғалысының кестесін, сотталғандармен және тұтқындалғандармен жоспардағы және жедел шаралардың жүргізілуін 100% сақтау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бір арнайы вагонды бір тәулікке жалға алу бағасы - 25,4 мың теңге.
Уақтылығы: мемлекеттік әскери тасымалдаулар қозғалысы орындалуына қауіпсіздік графигін орындауды 100 % қамтамасыз ету, арнайы контингенттің қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес жеткізілуін қамтамасыз ету.
Сапасы: арнайы контингент пен жүктердің белгіленген орнына 100% жеткізілуі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
42-қосымша
Берілген қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
43-қосымша
Берілген қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
44-қосымша
Берілген қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
45-қосымша
Берілген қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
46-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау"
деген 011 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 111370 мың теңге (бір жүз он бір миллион үш жүз жетпіс мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының 19-бабы; "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметке алғаш рет түскен адамдары мен қызметкерлерін кәсіби даярлау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16 мамырдағы № 847 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы № 335/5/14 келісім-шарты.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі істер органдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттырумен және қайта даярлаумен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ішкі істер органдары қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілерінің теориялық білімдерінің деңгейлері мен практикалық біліктіліктерін барынша көтеру; Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметіне үміткерлерді алғашқы даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 011 | | Кадрлар- дың білікті- лігін арттыру және қайта даярлау | Қазақстан Республика- сы Ішкі істер минис- трлігінің училищесіне 94 бірлік штаттық сан шегінде ұстау, оқ-дәрі, қару-жарақ, арнайы крим техника, ұйымдастыру техника- сын, байланыс құрал- дарын, ас үй жарақта- рын, медициналық жарақ алу, компьютер сатып алу, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесіне күрделі жөндеу жүргізу, қызметкерлердің білім деңгейін максималды көтеру және ішкі істер органдары қызметіне үміткерлерді алғаш даярлықты жүргізу үшін Ресей Федерация- сының және алыс шетелдердің оқу орын- дарында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлер әскери қызметшілерінің біліктілігін арттыру. | Жыл сайын | Қазақстан Республи- касы Ішкі істер министр- лігі, Қазақстан Республи- касы Ішкі істер министр- лігінің училище- сі, Қазақстан Республи- касы Ішкі істер министр- лігінің ішкі әскерлер комитеті. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: біліктілік арттыру курстарын өткен қызметкерлер саны - 450 бірлік; қайта даярлау курстарын өткендер саны - 50 бірлік; ішкі істер органдары қызметіне үміткерлердің алғаш даярлықтан өткендер саны - 600 бірлік; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында курстардан өткен ішкі істер органдары қызметіне үміткерлер саны - 76 бірлік; Ресей Федерациясының оқу орындарында біліктілік арттыру курстарын өткен әскери қызметшілер саны - 84 бірлік; 2 атаулы оқ-дәрілері, 1 атаулы қару-жарақты, 13 атаулы 19 бірлік; арнайы кримтехниканы, 1 атаулы ұйымдастыру техникасын, 1 атаулы байланыс құралын, 4 атаулы ас үй жарақтарын, 4 атаулы медициналық жарақтарды; 4 бірлік компьютерлер сатып алу.
Соңғы нәтиже: ішкі істер органдарын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің училищесінде біліктілік арттыру, қайта даярлау және алғашқы даярлау курстарын өткен қызметкерлермен қамтамасыз ету - 1,3%; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында біліктілік арттыру курстарын өткен білікті қызметкерлермен қамтамасыз ету - 0,1%; ішкі істер органдарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында және орталықтарында біліктілік арттыру курстарын өткен білікті әскери қызметшілермен қамтамасыз ету - 0,4%; жаңа үлгідегі киім-кешек қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 55,5%; арнайы жабдықтар және материалдар қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 99,9%; активтер қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 52,4%.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жылына бір оқушыға кететін орташа шығындар - 74,6 мың теңге; Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында курстардан өтетін бір қызметкерге кететін орташа шығындар - 321,9 мың теңге; Ресей Федерациясының оқу орындарында курстардан өтетін бір әскери қызметшіге кететін орташа шығындар - 52,8 мың теңге; бір қызметкерге кететін орташа шығындар - 404,1 мың теңге.
Уақтылығы: ішкі істер органдарының қызметкерлері мен қызметіне үміткерлерді біліктілік арттыру курстарында, қайта даярлау және алғашқы даярлау курстарында өкімдемеге сәйкес өз уақытында оқыту.
Сапасы: алғашқы даярлау курстары түлектерінің біліктілік талаптарына сай болуы - 100%; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы - 100%; ішкі істер органдарының біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының және алыс шетелдердің оқу орындарында бітірген қызметкерлер білімімен қанағаттануы - 100%; ішкі әскерлердің біліктілік арттыру және қайта даярлау курстарын Ресей Федерациясының оқу орындарында бітірген әскери қызметшілер білімімен қанағаттануы - 100%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
47-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау"
деген 012 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1662106 мың теңге (бір миллиард алты жүз алпыс екі миллион бір жүз алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлері туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 23 маусымдағы Заңының 19-бабы; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 5-1-бабы; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің Жоғары әскери училищесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 наурыздағы № 349 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Академиясы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы № 675 қаулысы; "Құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлауды, құқық қорғау органдарының қызметін және үкіметтік байланыс әскерлері әскери қызметшілерін әлеуметтік қорғауды қаржыландыруға байланысты жекелеген мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі № 1427 қаулысы; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің әскери қызметшілерін Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында оқытуға және ұстауға арналған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен 2003 жылғы 6 маусымдағы келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Волгоград академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 8 қыркүйектегі № 270 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Омбы академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 1 қазандағы № 255 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Мәскеу университетімен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 4 қазандағы № 191 келісім-шарты; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ресей Федерациясы Ішкі істер министрлігінің Академиясымен Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлерін даярлау жөніндегі 2005 жылғы 5 қазандағы № 264 келісім-шарты.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: ішкі істер органдарының жүйесі үшін жоғары кәсіптік білімі бар мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: сапалы жоғары кәсіптік білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 012 | | Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау | | | |
2 | | 021 | 1997-1998 жылдарда- ғы әскери қызмет- шілерге үстемақы төлеу | 1997-1998 жылдар аралығына әскери қызметшілерге сыйақы төлеу | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ішкi істер министр- лігінің ішкi әскерлер Жоғары әскери училищесі |
3 | | 100 | Жоғары кәсіби білімді мамандар даярлау | Ішкі әскерлер Жоғары әскери училищесі мен заң институттарын ұстау, оның ішінде: Академияда - 678 бірлік; Қарағанды заң инсти- тут - 501 бірлік; Сапалы жоғары кәсіп- тік білім алу үшін оқ-дәрілер, қорғаныс және белсендi қорғаныс құралдарын, ас үй жарақтарын, бағдарламалық қамта- масыз етуді сатып алу. Есептеуіш техни- калар: жиынтықтығы компьютерлерді, прин- терлерді сатып алу, Қазақстан Республика- сы Ішкі істер минис- трлігінің Академиясы- на күрделі жөндеу жүргізу, Ресей Феде- рациясының әскери-оқу орындарында ішкі әс- керлер әскери қызмет- шілерін оқыту, жоғары кәсіби білім алып шығу үшін Ресей Феде- рациясының оқу орын- дарында ішкі істер органдары тыңдаушыла- рын оқыту (2005 жылғы қазан айынан 2006 жылғы желтоқсан айына дейін оқу үшін төлеу). | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ішкi істер министр- лігі, Қазақстан Республи- касы Ішкi істер министр- лігінің Ішкі әскерлер комитеті, Қазақстан Республи- касы Ішкi істер министр- лігінің ішкі әскерлер Жоғары әскери училище- сі, Қазақстан Республи- касы Ішкi істер министр- лігінің Акаде- миясы, Бәрімбек Бейсенов атындағы Қазақстан Республи- касы Ішкі істер министр- лігінің Қарағанды заң институты |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тура нәтиже: күндізгі оқу бөлімінде оқитындар саны - 2 744 бірлік; сырттай оқу бөлімінде оқитындар саны - 1 651 бірлік; Ресей Федерациясы оқу орындарында оқитын тыңдаушылар саны - 75 бірлік; Ресей Федерациясының әскери-оқу орындарында оқитын әскери қызметшілер саны - 40 бірлік күндізгі оқу бөлімі бойынша курсанттарды шығару - 607 бірлік, оның ішінде үздік - 78 бірлік; сыртқы оқу бөлімі бойынша курсанттарды шығару - 455 бірлік, оның ішінде үздік - 30 бірлік; күндізгі бөлім бойынша оқудан шығарылған курсанттар - 50 бірлік; 1997-1998 жылдар үшін сыйақы алған әскери қызметшілер саны - 354 адам; 1 атаулы оқ-дәрілерді, 3 атаулы қорғаныс және белсенді қорғаныс құралдарын, 3 атаулы, ас үй жарақтарын, 1 атаулы бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу; есептеуіш техника: 74 бірлік компьютерлер, 26 бірлік принтерлер сатып алу.
Соңғы нәтиже: ішкі істер органдарын жоғары білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету - 27,5%; ішкі әскерлерді жоғары білімі бар білікті мамандармен қамтамасыз ету - 14,0%; жаңа үлгілі киім-кешекпен қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 36,9%; арнайы жабдықтар мен материалдармен қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 53,3%; активтермен қамтамасыз етілуі жалпы қажеттіліктен - 36,6%.
Қаржы-экономикалық нәтиже: жылына 1 оқушыға кететін орташа шығын - 353,5 мың теңге; жылына Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын 1 тыңдаушыға кететін орташа шығын - 1131,4 мың теңге; жылына Ресей Федерациясының оқу орындарында оқитын 1 әскери қызметшіге кететін орташа шығын - 331,7 мың теңге; 1 қызметкерге кететін орташа шығын - 449,8 мың теңге.
Уақтылығы: өкімдемеге сәйкес күндізгі және сыртқы оқу бөлімдері бойынша ішкі істер органдарының тыңдаушылары мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілерін өз уақытында оқыту.
Сапасы: оқитындардың барлық санынан оқудан шығарылғандар yлесі - 1,8%; түлектердің жалпы санынан жоғары оқу орнын үздік бітіргендер саны - 15,3%.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
48-қосымша
Қосымша "Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісімен берілген. Деректер базасына енгізілмейді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
49-қосымша
201 - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының
қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу"
деген 014 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 915688 мың теңге (тоғыз жүз он бес миллион алты жүз сексен сегіз мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының 32-бабы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілеріне, зейнеткерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне білікті және уақытылы көмек көрсету жолымен олардың қызметтік міндеттерін атқаруды жақсарту.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: ауыру деңгейін төмендету, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, олардың отбасы мүшелеріне және ішкі істер органдарының, ішкі әскерлердің зейнеткерлеріне, сондай-ақ оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына кешенді, білікті, мамандандырылған, консультативтік-диагностикалық, профилактикалық және стационарлық көмек көрсету; ауруына байланысты өзінің қызметтік міндеттерін орындамайтын әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің % азайту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 014 | | Әскери қызметші- лерді, құқық қорғау органда- рының қызмет- керлерін және олардың отбасы мүшелерін емдеу | Құқық қорғау органда- рының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және олардың отбасы мүшелеріне медициналық көмек көрсету үшін ішкі істер органдары- ның Емханалы орталық госпиталін, аумақтық госпитальдері мен емханаларын 2014 бірлік штаттық саны шегінде ұстау. Емханалы госпиталь- дерінің қызметін азық-түліктермен, дәрі-дәрмектермен, өзге де медициналық мақсаттағы төсек- орынмен, арнайы киім- дермен, тауарлы- материалдық құндылық- тармен, жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз ету, ағымдық және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу. Емдеу, диагностика үшін, зертханалық зерттеулер жүргізу үшін медицина- лық жабдықтар мен кешендіктерді сатып алу. Құқық қорғау органдарының қызмет- керлері мен әскери қызметшілерге, олар- дың отбасы мүшелері мен ішкі әскер орган- дарының зейнеткерлері- не стационарлық медициналық қызмет көрсету. | Жыл бойы | Қазақстан Республи- касы Ішкi істер министр- лігі, Қазақстан Республи- касы Ішкi істер министр- лігінің Емханалы орталық госпита- лі, ішкі істер орган- дарының аумақтық госпи- тальдері мен емха- налары. |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: ішкі істер органдарының, әскер қызметкерлерінің кәсіби байқаудан өту саны - 65 205 адам; амбулаторлық байқаудан өткен және қабылданған аурулар саны - 1 405 000 ауру; стационарлық емдеуден өткен саны - 12 100 ауру; 91 бірліктен кем емес медициналық жарақтар сатып алу; Батыс Қазақстан облысы емханалы госпиталінің терапевтикалық бөлімшесінің 1 объектісіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу - 1034 шаршы метр.
Соңғы нәтиже: құқық қорғау органдарының әскери қызметшілерін және қызметкерлерінің, олардың отбасы мүшелері мен зейнеткерлерінің жалпы ауру процентін төмендету - 2-5%; жалпы қажеттіліктен 40% медициналық мекемелердің медициналық жарақтармен қамтамасыз етілу деңгейі; жалпы қажеттіліктен 30% күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.