Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006
жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 6 ақпандағы № 145 қаулысы
(2005.15.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 30 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының темір жол көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн.
2. "Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 4 маусымдағы № 756 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі жыл сайын 25 сәуiрге және 25 қазанға Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарлама iс-шараларының орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары С.М.Мыңбаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2004 жылғы 6 ақпандағы
№ 145 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының темір жол
көлiгiн қайта құрылымдаудың
2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы
Астана, 2004 жыл
1. Паспорты
Атауы: Қазақстан Республикасының темір жол
көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006
жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшiн "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан
негiздеме: Республикасының 2001 жылғы 8
желтоқсандағы Заңы
Әзiрлеушi: Қазақстан Республикасының Көлiк және
коммуникациялар министрлігі
Iске асыру мерзiмi: 2004-2006 жылдар
Бағдарламаның Темір жол көлiгінiң мемлекет пен қоғам үшiн
мақсаты: оңтайлы жұмыс iстеу жүйесiне қол жеткiзу
Бағдарламаның Темір жол көлiгiнiң нормативтiк құқықтық
мiндеттерi: базасын жетiлдiру;
қамтамасыз ету қызметiн негізгі қызметтен
бөлу;
магистральдық темір жол желісіне қол
жеткiзудiң тең құқығын беру арқылы
тасымалдаушылардың бәсекелес рыногын құру;
өндiрiстiк қуаттарды оңтайландыру, темір жол
көлiгінiң тиiмдiлiгiн арттыру;
жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселелерiн
шешу.
Қажетті ресурстар Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiн
мен қаржыландыру қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға
көздерi: арналған бағдарламасы "Қазақстан темір жолы"
ұлттық компаниясы" жабық акционерлік
қоғамының өз қаражаты және Қазақстан
Республикасының мемлекеттік бюджетi есебiнен
iске асырылады
Күтiлетiн нәтижелер: Қамтамасыз ету секторы кәсiпорындарының,
вагон және локомотив шаруашылықтарының
инвестициялық тартымдылығын арттыру;
жүк, контейнер және жолаушылар
тасымалдарының тиiмдiлiгі мен сапасын
арттыру;
қамтамасыз ету қызметiнде бәсекелес ортаны
құру;
темір жол көлiгi қызметтерi рыногын
қалыптастыру;
темір жол көлiгiндегі тарифтiк саясатты
жетiлдiру;
жеке меншiк кәсiпкерлiк пен капиталдың қызмет
ету аясын кеңейту;
тасымалдау қызметiне байланысты емес
объектiлердi жекешелендiрудi және
коммуналдық меншiкке берудi аяқтау;
тасымалдау қызметіндегі бәсекелестiктi
дамыту;
тасымалдаушылардың қызметтерiне бағаны
нарықтық негiзде қалыптастыру;
жеке меншiк вагон паркiнiң магистральдық
темір жол желісіне қол жеткiзудi кеңейту
және вагон паркiнiң жаңа иелерiнiң пайда
болуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
Еуропа мен Азия арасындағы транзиттiк әлуеттi
барынша пайдалану.
2. Кiрiспе
Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi Бағдарлама) "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес темір жол саласы ұйымдарының қызметiн Қазақстан Республикасының темір жол көлiгi туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтiру мақсатында әзiрленген.
Бағдарламаны қабылдау қажеттiлiгi темір жол саласын қайта құрылымдаудың аралық қорытындыларын шығарудан және осы Бағдарламаның шығуына байланысты күшiн жойған Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 4 маусымдағы № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасымен көзделген негiзгі iс-шаралардың аяқталуынан туындап отыр. Бағдарламамен нарықтық қатынастарды кеңейтуге, бәсекелес ортаны дамытуға, темір жол көлiгiне жеке меншiк инвестициялар мен кәсiпкерлiк бастамашылықты тартуға бағытталған саланы одан әрi қайта құрылымдау жөніндегі негізгi iс-шаралар белгіленедi.
Қазақстанда темір жол көлігін реформалау 1997 жылы үш қазақстандық темір жолды жаңадан құрылған "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының құрамына бірiктiру және сол мезетте оның құрамында алты жол басқармасын құру арқылы басталған болатын. Құрылған сәттен бастап осы уақытқа дейiн "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" ЖАҚ (бұдан әрi - "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ) кәсiпорынның қаржылық және өндiрiстiк жағдайын айтарлықтай жақсартқан iс-шаралар кешенiн жүргіздi. Алайда, кәсiпорын жұмысының тиiмдiлігін оңтайландыру және күшейту жөніндегі резервтер, негiзгі қорларды қайта өндiруге инвестициялық ресурстар тапшылығы, активтер мен жұмыс көлемiнiң үйлеспеуi сияқты саланың құрылымдық проблемаларын шешу үшiн жеткiлiксiз. Қазiргі кезеңде темір жол көлiгін басқару негіздерiне әсер ететiн, институционалдық өзгерістер жүргiзу, бірқатар нормативтiк құқықтық кесiмдерге өзгерістер енгізу, сондай-ақ реформалар процесiн мемлекеттік қолдау қажеттiлігіне алып келетiн бірқатар түбегейлi шараларды қабылдау қажет. Жолаушылар тасымалын субсидиялау проблемаларын шешу сияқты мiндеттер деңгейi және олардың әлеуметтiк мәнi мемлекеттiң тiкелей қатысуын талап етедi. Бұл проблемаларды одан әрi тек жалғыз "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың күш салуы есебiнен шешу Қазақстанның темір жол саласындағы инвестициялық ресурстардың тапшылығы проблемасын жоймайды. Осы инвестициялар негізгі құралдарды жаңартуға, босайтын өндiрiстiк қуаттар мен персонал, соның iшiнде күрделi-қалпына келтiрiп жөндеу, жаңа локомотивтер мен вагондарды жаңғырту және құрастыру жөніндегі зауыттар негiзiнде жаңа импорт алмастыратын өндiрiстердi құруға, жаңа жолдарды салуға тарту қажет.
Сонымен, құрылымдық реформаларды және тарифтiк саясаттың келісілген өзгерістерiн жүргізу қажеттiлiгi Қазақстан Республикасының темір жол көлiгі әрекет етiп отырған қазiргі экономикалық жағдайдан туындап отыр.
3. Проблеманың қазiргi жай-күйiн талдау
3.1. "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың магистральдық темір жол
желісінiң жай-күйі
Қазақстан экономикасының шикiзаттық бағытта болуына байланысты темір жол көлiгі Қазақстан Республикасының көлiк-коммуникация кешенiнде шешушi рөл атқарады. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттiгiнiң деректерiне сәйкес соңғы жылдары барлық көлiк түрлерiнiң жүк айналымындағы оның үлесi 70%-дан артығын, жолаушылар айналымында 50%-дан артығын құрайды.
Қазақстан Республикасында темір жол көлiгімен тасымалдауда "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ монополист болып табылады және оның бәсекелестерi жоқ.
Қазақстан темір жолдарының пайдалану ұзындығы 13,6 мың шақырымды құрайды, оның ішiнде қос жолды желiлер - 5,0 мың шақырымнан астам (37%), электрлендiрiлген желiлер - 3,7 мың шақырым (27%). Бас жолдардың жайма ұзындығы - 18,8 мың шақырым, станциялық және арнаулы жолдардың ұзындығы - 6,7 мың шақырым. "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ темір жол желісінiң негiзгі бөлiгi (97,5%) Қазақстанның аумағында орналасқан, ал қалған 2,5% Ресейдiң шекаралас аудандарының аумағында орналасқан. Республиканың солтүстiк және орталық облыстарының аумағы арқылы жолдың 5732 шақырымы өтедi, бұл "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ иелігіндегi жолдардың барлық пайдалану ұзындығының 42%-ын құрайды. Елiмiздiң оңтүстiк және шығыс аудандарында жолдардың 3992 шақырымы (29,3%), батыс аудандарында 3577 шақырымы (26,2%), ал орталық және солтүстiк аудандарда 6075 шақырымы (44,5%) орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағындағы темір жол желісінiң бір бөлiгi Ресей Федерациясы мен Қырғызстан темір жол әкiмшiлiктерiнiң басқаруында жүp.
Республиканың темір жол желісінде 751 бөлу пунктi орналасқан. 351 станцияда жүк операциялары жүргiзiледi. 21 станцияда автоматтандырылған басқару жүйесi бар, 38 станция сұрыптау құрылғыларымен (дөңестермен, жартылай дөңестермен және көлбеу созып қою жолдарымен) жабдықталған, 6 станция жүк және поезд құжаттарын жiберуге арналған пневматикалық почтамен жабдықталған. Темір жолдардың техникалық жарақтандырылуының (пайдалану ұзындығы, электрлендірiлген желiлердiң ұзындығы, жүк вагондарының жұмыс паркi) және тасымалдау жұмысының (жүк айналымы, жолаушылар айналымы, жүк тиеу) негiзгi көрсеткiштерi бойынша Қазақстан бұрынғы KCPO республикалары арасында Ресей мен Украинадан кейiн үшiншi орында тұр.
3.2. "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың локомотив шаруашылығының жай-күйi
2003 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың локомотив паркi 1834 локомотивтi құрады, оның iшiнде 615 электровоз, 723 магистральдық тепловоз бен 496 маневрлiк тепловоз.
Пайдаланылатын парк (1233 локомотив) мүкәммал парктiң 67%-ын құрады, тиiсiнше пайдаланылмайтын локомотив паркi (601 локомотив) мүкәммал парктiң 33%-ын құрады.
Қазіргі кезде "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ локомотивтерiне техникалық қызмет көрсету және жөндеу "Теміржолмашжөндеу" ААҚ-тың, "Локомотивжөндеу" ААҚ-тың жөндеу кәсiпорындарында жүргiзiледі, сондай-ақ шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi - өндiрiстiк кооперативтер мен жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiктep жүргiзедi.
"Теміржолмашжөндеу" ААҚ-тың жөндеу кәсiпорындарында (Шу Жамбыл, Қазалы, Құсмұрын, Орал, Шалқар, Павлодар, Ақадыр және Атбасар) КР-2, КР-1, TO-8, ТО-7, ТО-6, TO-3 циклдерiмен локомотивтердi жөндеудi жүргiзедi.
"Локомотивжөндеу" ААҚ-тың жөндеу кәсiпорындарында (Ақтөбе, Мақат, Астана, Қарағанды, Қостанай, Защита, Аягөз, Жамбыл, Арыс, Сексеуiл) КР-1, TO-8, TO-7, ТО-6, TO-3 циклдерiмен локомотивтердi жөндеудi жүргізедi.
Өндiрiстiк кооперативтер мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң негiзiнде (Атырау, Шұбарқұдық, Маңғыстау, Жем, Қызылорда, Новоишим, Бурабай курорты, Ерейментау, Жаңаарқа, Балқаш, Ақадыр, Екiбастұз, Семей, Шар, Ақтоғай, Алматы, Шу, Шымкент, Түркiстан) TO-8, ТО-7, TO-6, ТО-3 циклдерiмен жөндеулер жүргізiледi.
3.3. "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ вагон шаруашылығының жай-күйi
"ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ жүк вагондарының мүкәммал паркiнiң ағымдағы жай-күйi 76934 бірлiк, соның iшiнде жабық вагондар 13246 бірлiк, платформалар 10236 бірлiк, ашық вагондар 28327 бірлiк, цистерналар 10392 бірлiк, өзге вагондар 14733 бірлiк құрайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ пен "Вагонжөндеу" ашық акционерлік қоғамының мүлкiн иелiктен шығару жөнiндегі 2003 жылғы 27 қаңтардағы № 11-ө өкіміне сәйкес 2003 жылғы 28 ақпанда "ТрансКом" ЖШС-мен және "Богатырь Транс" ЖШС-мен жүк вагондарын сатып алу-сату туралы № 399-ЗAО және № 400-ЗAO шарттар жасалды. Аталған шарттарға сәйкес "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ "КөлiкКом" ЖШС-ға 2004 жылғы маусымға дейiн 3563 жүк вагонын (соның iшiнде 700 хоппер-цемент тасығыш, 691 хоппер-жентек тасығыш, 2172 ашық вагон), "Богатырь Транс" ЖШС-ға 3077 ашық вагонды беруге мiндеттi.
Жөндеудiң жоспарлы түрлерiмен қалпына келтiрiлген вагондарды және "ТрансКом" ЖШС және "Богатырь Транс" ЖШС компанияларына берiлген ұзақ тұрып қалған жүк вагондарын ескере отырып, ұзақ тұрып қалған вагондар паркi 2003 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 18868 бірлiктi құрайды.
3.4. "Жолаушылар тасымалы" ААҚ-тың жай-күйi
Жолаушылар тасымалын құрамында үш өңiрлiк: Алматы, Батыс және Ақмола жолаушылар филиалы; жетi өңiрлiк жолаушылар вагоны филиалы: ЛВЧД Астана, Алматы, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар; "АВЗ" Алматы жолаушылар вагондарын жөндеу жөнiндегі зауыт және Қала маңының тасымалдары, Багаждық тасымалдар, Вагрест мамандандырылған филиалдары бар "Жолаушылар тасымалы" ААҚ жүзеге асырады.
Жолаушы шаруашылығының 2003 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жылжымалы құрамы 2145 вагонды құрайды, оның iшiнде пайдалану паркi - 1504 вагон. Жолаушыларға 303 станция қызмет көрсетедi, олардың 269-ы билет сатуды жүзеге асырады.
Жолаушылар тасымалы кәсiпорны көрсететiн жүзеге асыратын тiзбесiне бүкiл республика аумағы бойынша багаж тасымалдарын жүзеге асыру кiредi. Багаж 68 станцияда қабылданады, оларда қойма және сұрыптау үй-жайлары бар. Жолаушылар поездарының құрамында "Қазпочта" ААҚ-тың почта вагондары да жүредi.
"Жолаушылар тасымалы" ААҚ жолаушылар вагондарын дербес жабдықтайды (төсек-орын бұйымдары, көмiр, су, шай, қант), кiр жуу қызметтерiн және вагон-мейрамханаларда жолаушыларға қызмет көрсетедi.
Өңiрлiк жолаушылар вагоны филиалдары жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетедi (жинау, жуу), тексередi және ағымдағы жөндеудi жүргiзедi. Олардың көпшiлiгi деполық жөндеудi жүзеге асырады. Күрделi және зауыттық жөндеулердi Алматы вагон жөндеу зауыты, Қызылорда жолаушылар вагоны филиалы, сондай-ақ "Ырысты-АЭВРЗ" ААҚ жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 Қаулысымен 3.5-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
3.5. 2001-2003 жылдары темір жол көлiгiн қайта құрылымдау
қорытындылары және одан әрi қайта құрылымдаудың қажеттігі
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 15 наурыздағы № 310 қаулысына сәйкес iске асырылған "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын "Қазақстан темір жолы" ҰК" ЖАҚ етiп қайта құрумен бірiншi кезеңнiң аяқталуы атап өтiлдi, бұл саланы реформалаудың кейбір қорытындыларын шығаруға мүмкiндiк бередi.
Оларды ұстау жөнiндегі шығындарды ұзақ жылдар бойына жүк жөнелтушiлер тариф арқылы өтеп келген әлеуметтiк сала объектiлерi мектептер, балабақшалар, медицина мекемелерi толық дерлiк жергiлiктi атқарушы органдарға берiлген және темір жол кәсiпорындары төлейтiн салықтар құрамдас бөлiгi болып табылатын мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылуда.
Қосалқы қамтамасыз ету қызметiмен айналысатын барлық еншiлес мемлекеттік кәсiпорындар ("Жол жөндеу", "Жол жөндеушi", "Темір жол жөндеу" - жол жөндеу бойынша, "Локомотивжөндеу" мен "Теміржолмашжөндеу" - локомотивтердi жөндеу бойынша, "Вагонжөндеу" - вагондарды жөндеу бойынша, "Теміржолсужылужабдықтау" - кәсiпорындарды сумен және жылумен қамтамасыз ету бойынша, "Көлiктелеком" - телефон және телеграф байланысы қызметтерiн қамтамасыз ету бойынша, "Әскерилендiрiлген темір жол күзетi" және басқалары) жеке заңды тұлғалар - акционерлік қоғамдар болып бөлiндi, бұл оларға өз қызметiнде акциялар пакеттерiн иеленушi "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың тарапынан жасалатын бақылау мен басқаруды сақтай отырып, икемдi, нарықтық тетiктердi қолдануға мүмкiндiк бердi.
Жылжымалы және тартымдық құрамдарды жөндеу аясындағы қызмет көрсетулердiң бәсекелес рыногын кеңейту үшiн "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ" және "Локомотив жөндеу", "Вагон жөндеу", "Теміржолмашжөндеу" және "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамдары филиалдарының мүлiктiк негізiнде өндiрiстiк кооперативтер мен жауапкершiлiгі шектеулi серiктестiктер құрылды.
Жылжымалы құрамды жөндеу саласында бәсекелестікті одан әрi дамыту үшiн жөндеу ұйымдарының мамандануы талданған соң 2003 жылдың соңында мыналар бойынша іс-шаралар жүргiзілдi;
"Теміржолмашжөндеу" акционерлік қоғамының Шалқар, Орал, Жамбыл, Ағадыр, Құсмұрын, Павлодар, Шу, Қазалы және Атбасар станцияларында орналасқан локомотив жөндеу деполарының мүлкi негiзiнде акционерлік қоғамдар мен жауапкершілiгi шектеулi серіктестіктер құруы;
"Локомотивжөндеу" акционерлік қоғамының Мақат, Защита, Жамбыл, Қостанай, Сексеуiл, Арыс, Астана, Аягөз, Ақтөбе және Қарағанды станцияларында орналасқан локомотив жөндеу деполарының мүлкi негiзiнде жауапкершілігі шектеулi серiктестiктер құруы;
"Вагонжөндеу" акционерлік қоғамының Ақжайық, Защита, Жамбыл, Павлодар, Қарағанды, Шымкент және Екiбастұз станцияларында орналасқан вагон жөндеу деполарының мүлкi негiзiнде жауапкершілігі шектеулi серiктестіктердi құруы.
Сол арқылы жөндеу саласындағы нарықтық қатынастарды дамыту үшiн жағдай жасалды, бұл ретте "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ барлық қызметтердi конкурстық негізде сатып алуды жүргізедi. Бұл қамтамасыз ету қызметi кәсiпорындары арасындағы бәсекелестiктi дамытуға мүмкiндiк бередi және тұтастай алғанда, олардың қызметтерiн сатып алу бойынша шығындарды азайтты.
Басы артық активтердi шағын, орта бизнес кәсiпорындарына (өндiрiстiк кооперативтерге) пайдалануға берiп, "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестi қолдаудың стратегиялық мемлекеттік мiндеттерiн шешуде айтарлықтай рөл ойнады.
Бiрiншi кезеңнiң маңызды шараларының бірi магистральдық темір жол желісінiң мүлiктiк кешенiн белгілеу және оны "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың меншігіне беру болды.
Қайта құрылымдаудың бірiншi кезеңiнiң соңы темір жол көлiгiнiң өндiрiстік және қаржы-экономикалық көрсеткiштерiнiң әрi қарай жақсаруымен атап өтiлдi.
2003 жылдың соңында локомотив тартымын беру қызметiнiң негiзгi түрi болып табылатын "Локомотив" акционерлік қоғамы және жүк тасымалдарын жүзеге асыратын және жүк вагондарын басқа тасымалдаушыларға беру жөніндегі қызметтердi көрсететiн "Қазтеміржолкөлiк" акционерлік қоғамы құрылды.
Сонымен бірге "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ құрамында құрылымдық бөлiмшелер: қызметi магистральдық темір жол желісін пайдалану және күтiп-ұстау болып табылатын Магистральдық желi дирекциясы және поездардың қозғалысын диспетчерлiк басқару, тасымалдарды жоспарлау, жүк және коммерциялық жұмысты ұйымдастыру функциясын орындайтын Тасымалдау дирекциясы құрылды. 90-шы жылдар кезеңiнде темір жол көлiк инфрақұрылымының басты элементi бола тұра, ТМД-ның барлық елдерiне тән экономикадағы дағдарыстық процестерге душар болды. Өндiрiс көлемдерiнiң құлдырауы және кәсiпорындар арасындағы экономикалық байланыстардың үзiлуi 1991 жылмен салыстырғанда 1997 жылы тасымалдау көлемдерiнiң үш еседен артық төмендеуiнен, төлем жасамау проблемасынан және тұтынылатын ресурстар құнының тоқтаусыз өсуiнен көрiндi.
Экономиканың жүйелiк дағдарысы саланы қаржылық және өндiрiстiк құлдырауға алып келдi. Сол кезеңдегi темір жол көлiгiне тән белгі аз пайдаланылатын желiлердiң, станциялардың, жылжымалы құрамның, пайдалану және жөндеу кәсiпорындарының, еңбек персоналының басы артық саны болды. Қор қайтарылымының және еңбек өнімдiлiгiнiң созылмалы түрде төмендеуi осының салдары болды.