2004 жылы "Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың вокзал шаруашылығының негiзiнде "Вокзалсервис" АҚ құрылатын болады, "Жолаушылар тасымалы" АҚ оның жалғыз акционерi болып табылады.
"Вокзалсервис" АҚ 2004 жылдың iшiнде 1, 2, 3, 4, және 5 класты вокзалдарды жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау мәселелерiнiң шешiлуiне орай жергiлiктi атқарушы органдарға берудi жүзеге асыратын болады. "Вокзалсервис" АҚ-тың теңгерiмiнде кластан тыс Астана, Алматы - I, Алматы - II, Ақтөбе және Қарағанды вокзалдары қалады, оның акциялар пакетi "ҚТЖ" ҰК" АҚ меншiгiне берiледi.
Вокзалдарды "Вокзалсервис" АҚ-қа және жергiлiктi атқарушы органдарға беру сауда алаңын жалға берудi ғана емес, жолаушылар мен жергiлiктi тұрғындарға қосымша сервис ұйымдастыруға, атап айтқанда, авиа және авто көлiкке билет сату үшiн алаңды жалға беруге, сұранысы бар өзге де қызметтер көрсетуге мүмкiндiк бередi, бұл олардың күтiп ұстауға жұмсалатын шығындарын өтейдi.
Жолаушылар вагондарын жөндеу қызметiнде бәсекелестiктi енгізу мақсатында "Жолаушылар тасымалы" ААҚ-тың барлық филиалдары - жолаушылар вагон деполарын (ЛВЧД) бірден бір акционерi "Жолаушылар тасымалы" АҚ болып табылатын дербес "Вагонсервис" АҚ-қа бөлу көзделедi.
Құрылған "Вагонсервис" АҚ-қа барлық жөндеу базалары берiледi және тиiсiнше ол шарттық негiзде барлық жолаушылар тасымалдаушыларға вагондарды жөндеу мен техникалық қызмет көрсету жөнiнде қызмет көрсететiн болады. 2005 жылы "Вагонсервис" АҚ акциялар пакетiнiң 100 %-ы заңнамада белгіленген тәртiппен "ҚТЖ" ҰК" АҚ меншігiне берілетiн болады.
Қызылорда және Ақтөбе станцияларында орналасқан жолаушы вагондарын жөндеу жөнiндегі мүлiктің негізiнде кейiннен қатысу үлестерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетінің және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатып, жауапкершілігi шектеулi серiктестiк құру ұсынылып отыр.
ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 Қаулысымен 5.3.2-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.3.2. Жолаушылар тасымалдарының негiзгi қызметiн қайта
құрылымдау
Негiзгi қызметтi қайта құрылымдау мына iс-шаралардан тұрады:
"Қала маңындағы тасымалдар" филиалы мүлкiнiң базасында, оларға филиалдың өзiнiң және "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ-тың активтерiн (электр- және дизель поездар) берiп, өңiрлiк деңгейде бірқатар акционерлік қоғамдар құру ұсынылады.
Қала маңындағы тасымалдар "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергiлiктi бюджеттен субсидиялануы тиiс, сондықтан құрылған АҚ-тардың әрқайсысы субсидия беру мәселесi бойынша өз өңiрiнде жергiлiктi органдармен өзара iс-қимыл жасайтын болады.
Бұл қадам қала маңындағы тасымалдар жөніндегі бір жалпыреспубликалық компания құруға қарағанда, екi жақты қатынастарды неғұрлым тиiмдi түрде құруға мүмкiндiк бередi.
Қала маңындағы жолаушылар тасымалын жергілiкті бюджеттерден субсидиялау туралы мәселелер шешілгеннен кейiн өңiрлерде құрылған заңды тұлғалардың акциялар пакеттepi (қатысу үлестepi) тиісті атқарушы органдардың коммуналдық меншiгiне берілетiн немесе қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықтарда сатылатын болады. Қала маңындағы жолаушылар тасымалын толыққанды субсидиялау мәселелерiн шешкенге дейін "Қала маңындағы тасымал" АҚ акциялар пакетінiң 100%-ы заңнамада белгіленген тәртiппен "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың меншігіне берілетiн болады.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың тасымалдау қызметiне бәсекелестiк енгізу мақсатында уәкілеттi орган өткiзетiн әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды анықтау жөнінде ашық конкурсқа қатысатын облысаралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшiн өңiрлiк филиалдарымен "Жолсерiк-Алматы" жауапкершілігі шектеулi серiктестігін құру. Кейiннен аталған жауапкершілiгi шектеулi серiктестік акционерлік қоғам болып қайта құрылады.
2005 жылы "Жолсерiк-Алматы" АҚ акциялар пакетiнiң 100%-ы заңнамада белгiленген тәртiппен "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың меншiгiне берілетін болады. 2006 жылы акциялар пакетінің 100 %-ы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендiру комитетiнiң және басқа да мүдделi мемлекеттік органдардың қатысуымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ ұйымдастыруды жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатылатын болады.
Рынокта жеке тасымалдаушылардың пайда болуына байланысты "Экспресс" автоматтандырылған басқару жүйесiнiң автоматтандырылған жұмыс орындарына және бірлескен жол бюросы жүзеге асыратын жолаушылар тасымалы процесiн үйлестiру қызметтерiне қол жеткiзудi қамтамасыз ету үшін 2005 жылғы 3-тоқсанда құрылтайшысы "Жолаушылар тасымалы" АҚ болатын "Жолаушылар тасымалын басқару жедел-технологиялық орталығы" жауапкершілiгi шектеулi серiктестiгi құрылатын болады. 2005 жылы оның қызметiне барлық тасымалдаушылардың тең қол жеткiзуiн қамтамасыз ету үшiн құрылған жауапкершілiгi шектеулi серiктестiктің қатысу үлесiнiң 100 %-ы заңнамада белгiленген тәртіппен "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың меншiгiне берілетiн болады.
Халыққа багажды тасымалдау, қабылдау және жөнелту жөніндегі қызметтер кешенiн көрсету үшiн багажды қабылдау және жөнелту жөнiндегі агенттiк пункттер желісінiң базасында, бірден бір акционерi "Жолаушылар тасымалы" АҚ болып табылатын, дербес "Багаж тасымалдары" АҚ құру ұсынылады.
Құрылған "Багаж тасымалы" АҚ шарттық негiзде багаж вагондарын жалға алатын, оларды поездар құрамына тiркеу жөніндегі қызметтердi сатып алатын және клиенттерге "есiктен есiкке дейiн" сияқты талап етілетiн нысандағы қызметтердi көрсететiн болады. 2005 жылы "Багаж тасымалы" АҚ акциялар пакетінің 100 %-ы заңнамада белгіленген тәртiппен "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың меншiгiне берiлетiн болады.
Халықаралық тасымалдарға қатысатын және бұрын тартылған кредиттiк қаражат есебiнен сатып алынғандардан басқа, барлық жолаушылар вагондарының базасында жолаушылар және багаждық вагондарды барлық жолаушылар тасымалдаушыларға жалға (лизингке) беру үшiн дербес "Жолаушылар лизингтiк вагон компаниясы" АҚ-ын құру ұсынылады. "Жолаушылар лизингтік вагон компаниясы" АҚ-тың жаңа жылжымалы құрамды сатып алуы коммерциялық негiзде жүзеге асырылатын болады. "Жолаушылар лизингтiк вагон компаниясы" АҚ-тың мүлiктiк кешенiн толық қалыптастырғаннан кейiн, оның акциялар пакетiнiң 100%-ы кейiннен акциялар пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігіне беру арқылы мемлекеттік меншiкке берiледi.
"Талго" испан фирмасының кредиттік қаражат есебiнен сатып алынған вагондар паркi "Жолаушылар тасымалы" АҚ-тың меншiгiнде қалады. "Жолаушылар тасымалы" АҚ сервистiк деңгейi жоғарылатылған халықаралық және фирмалық республикаiшiлiк тасымалды жүзеге асыратын болады. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау басталған сәттен соң басқа маршруттар мен жолаушылар вагондары конкурстық негiзде жеке меншiк тасымалдаушыларға берiлетiн болады. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кепiлдiгiмен жолаушылар вагондарын сатып алуға бөлiнген германдық және испандық кредиттiк желiлерi бойынша "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың кредиттiк мiндеттемелерiн тасымалдаушыларға конкурстық негiзде берiлетiн франшиз құнына енгізу ұсынылып отыр.
Тиiстi маршруттарға франшиз тендерiнiң жеңiмпаздары мемлекеттік субсидиялардың ең аз көлемiн ұсынатын біліктi тасымалдаушы компаниялар болып танылады.
Жолаушылар тасымалдарының негiзгi қызметiне бәсекелестiктi енгізу оларды республикалық бюджеттен субсидиялау мәселесiн шешкеннен кейiн ғана мүмкiн болады. Субсидиялау тетiгiн әзiрлегенде мына принциптердi басшылыққа алу ұсынылады:
халықтың әл-аухаты деңгейiнiң төмендігін және темір жол көлігінiң көптеген бағыттар бойынша баламасыздығын ескере отырып, темір жол желісі бойында орналасқан республиканың барлық елдi мекендерiн (қалаларын) бір-бірiмен және көршiлес мемлекеттердiң негізгі iрi қалаларымен қосатын нақты маршруттардың тiзiмiн белгілеу керек;
әр маршруттағы қызметтiң сапалық және сандық стандартын белгілеу керек (багаждық вагондардың және вагон-мейрамханалардың болуы, сервиске талап, сондай-ақ маршруттағы жолаушылар вагондарының саны);
"франшизды" кезеңдегi плацкарт пен жалпы вагондарда жол жүрудiң шектi құнын уәкiлетті мемлекеттік орган реттеуi тиiс, мұның өзiнде жайлы вагондарда жол жүрудiң құны мемлекет тарапынан реттеуге жатпайды;
жолаушылар тасымалдарына қызмет көрсетумен және жолаушы тасымалдарының тиiмдi қызмет етуiне қажеттi кiрiстер деңгейiн қамтамасыз етпейтiн шығыстар заң жобасына сәйкес мемлекеттік бюджеттен аталған қызметтердi көрсететiн жолаушылар тасымалдаушысына тiкелей субсидияланады.
Барлық қатысты министрлiктермен және ведомстволармен жолаушылар тасымалдарын субсидиялау тетігін әзiрлеудi ұйымдастыру керек.
Оң шешiлген жағдайда жолаушылар тасымалдарына бәсекелестiктi енгізудiң мынадай тетiгі ұсынылады:
Жолаушылар поездарының маршруттары базасында жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету жөнiндегі конкурстың лоттары қалыптастырылады. Конкурсты ұйымдастырушы уәкiлеттi мемлекеттік орган болып табылады.
Конкурсқа лицензиялау рәсiмiнен өткен жеке компаниялар тасымалдаушылар жiберiледi.
Компаниялар арасындағы бәсекелестiк маршруттарда жолаушылар тасымалдары бойынша қызметтер көрсету құқығын иелену үшiн жүзеге асырылады.
Бұл ретте "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның және франшиздерге ие өзге тасымалдаушылардың маршруттарын субсидиялау республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылатын болады.
5.4. Темір жол көлiгiн мемлекеттік реттеудi күшейту
ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 Қаулысымен 5.4.1-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
5.4.1. Уәкiлеттi органның рөлiн күшейту
Көлiк саясаты саланың күрделенген iшкi ұйымдастырылуына және темір жол көлiгiнiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң және мемлекеттiң функциялары мен жауапкершiлiктерiн айқын шектеуге барабар жаңа сапалы деңгейге көтерiлуi тиiс.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына қатысы бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі болып табылады, бұдан басқа мемлекеттік басқарудың қолданыстағы жүйесiне орай уәкiлеттi орган функцияларының бір бөлiгiн тарифтiк реттеу саласында Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі агенттiгі және мемлекеттік мүлiкке иелiк ету бөлiгiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi атқарады.
Темір жол көлiгiнде тереңдетiлген реформаларды жүзеге асыру уәкiлеттi мемлекеттік органның саланы мемлекеттік реттеудi күшейтудi табанды түрде талап етедi. Тек сол орган темір жол көлiгi саласындағы мемлекетаралық келісімдер мен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру, көлiк саясатын iске асыру және қауiпсiздiктi, лицензиялауды инспекциялау және бақылау, техникалық стандарттарды, нормативтер мен талаптарды әзiрлеу мен бекіту мәселелерiмен қоса, темір жол саласындағы мемлекеттiң құзыреттi реттеушi органының функцияларын жүзеге асыру үшiн жауапты болуы тиiс.
Уәкiлеттi орган Темір жол көлiгiнiң орталық кеңесiнде (TКОК) және Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымында (ТЖЫҰ) Қазақстан Республикасының темір жол көлігін танытатын, лицензиялауды және қауiпсiздiктi бақылауды, локомотив пен вагон жасаудың жоғары технологиялық салаларындағы импорт алмастыруды дамытуды жүзеге асыратын болады.
5.4.2. Тарифтiк реттеудi өзгерту
Тасымалдауға арналған тарифтi мемлекеттік реттеудi өзгерту қажеттiлiгi пiсiп-жетiлдi.
Магистральдық темір жол желісінiң қызметтерiн пайдаланғаны үшiн тасымалдаушылар енгізетiн төлем бағалық мемлекеттік реттеуге жатады. Оны табиғи монополия аясында бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттік орган анықтайтын болады.
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес локомотивтiк тартым мен темір жол тасымалдарын ұсыну жөнiндегі қызметтерi табиғи-монополиялық қызмет түрлерiне жатпайды. Локомотивтiк тартым мен темір жол тасымалдарын ұсыну жөнiндегі қызметтерiне арналған бағалар қажет болған жағдайда монополияға қарсы заңнамаға сәйкес реттелетiн болады.
Осылайша, темір жол көлігінде бірнеше тасымалдаушылардың тең құқықты қызмет етуiн қамтамасыз ету үшiн қолданыстағы жүрген 10-01 баға көрсеткiшiнiң орнына тәжiрибеге магистральдық темір жол желісінiң қызметiне ғана тариф белгiлейтiн жаңа тарифтiк басшылықты қабылдау және енгізу қажет етiледi.
5.5. Құқықтық қамтамасыз ету
5.5.1. Заңнамалық базаны реформалау қажеттiлiгi
1994-2003 жылдар аралығында темір жол саласының қызметiнде 50-ден астам нормативтiк құқықтық кесiм қабылданған.
Қолданыстағы заңнамада жүргiзiлiп жатқан темір жол саласын қайта құрылымдау, атап айтқанда темір жол көлiгi субъектiлерiн және табиғи монополия субъектiлерiн реттеу, ескерiлген.
Темір жол көлiгiн қайта құрылымдау процесiн көрсететiн мынадай нормативтiк құқықтық актiлердi атап өту қажет:
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексi (Жалпы бөлiм);
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шiлдедегі Азаматтық кодексi (Айрықша бөлiм);
"Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Заңы;
"Темір жол көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы;
"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шiлдедегi Заңы;
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы.
5.5.2. "Темір жол көлiгi туралы"
Қазақстан Республикасының Заңы
Бүгiнгi күнi темір жол көлiгi саласындағы қолданыстағы заңнамада кездесетiн елеулi кемшiлiктердi толтыруға арналған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне темір жол көлiгi мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы әзiрленген. Заң жобасы темір жол көлiгiн қайта құрылымдауды ескеретiн қолданыстағы "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" және "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарына өзгерістер енгізудi көздейдi.
Осы Заң жобасын қабылдау:
бәсекелестiктiң дамуын, көлiк нарығының барлық субъектiлерiнiң темір жол көлiгiнiң қызметтерiн алуға еркiн және ұтымды қол жеткiзудi;
магистральдық темір жол желісінiң бірыңғай мүлiктiк кешенiн сақтауды;
ұлттық нарық субъектiлерiнiң экономикалық мүдделерiн қорғауды;
Ұлттық темір жол компаниясы мен Ұлттық темір жол тасымалдаушысының мәртебесiн анықтауды қамтамасыз етедi.
Қолданыстағы Заңда жолаушы тасымалдарын республикалық бюджеттен субсидиялау тетiгi көзделмеген. Осыған орай Заңға заң жобасымен тиiстi толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлiп отыр.
Сонымен қатар, "Темір жол көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізумен қатар темір жол көлiгіндегі нарықтық қатынастардың дамуын қамтамасыз ететiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрленуi және қабылдануы тиiс.
5.5.3. Халықаралық темір жол жүк (ХТЖҚ) және жолаушылар (ХТЖТ)
қатынастары туралы келісімдер және ТЖЫҚ TКOК шеңберіндегі басқа
келісімдер
Қазiргi уақытта Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымына (ТЖЫҰ) қатысушы мемлекеттер қол қойған ХТЖҚ және ХТЖТ-ға және ТМД-ға қатысушы елдер темір жолдарының ынтымақтастығы ТЖЫҰ шеңберiнде қол қойылған вагон паркi, поездарды құрастыру жоспары, өзара есеп айырысулар тәртібі және т.б. жөніндегі бірқатар келісімдерге өзгерістер енгізу қажет етiледi.
ХТЖҚ және ХТЖТ-ға негiзгi өзгерістер:
келісімдерде тасымалдауды жүзеге асыратын және тiкелей халықаралық қатынаста басқа елдер аумағы бойынша тасымалдауды жүзеге асыратын темір жол көлiгiнiң клиенттерiмен және темір жол көлiгi субъектiлерiмен құқықтық қатынасқа түсетiн темір жол көлігінің субъектiсiнiң анықтамасы ретiнде қолданылатын "темір жол" терминiн қайта қарау;
тасымалдауды жүзеге асыратын темір жол көлiгі субъектiлерiнiң жауапкершiлiгі тiкелей халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асырушы клиентпен және темір жол көлiгiнiң басқа субъектiлерiмен есеп айырысу;
қазақстандық жүк және жолаушы тасымалдаушылардың тiкелей халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыру кезiндегі есеп айырысу мәселелерiн қамтиды.
ТЖЫҰ шеңберiндегі келісімдер бойынша жалпы вагондар паркiн, Поездарды құрастыру жоспарының негіздерiн, тасымалдаушылардың магистральдық темір жол желісін пайдаланғаны үшiн төлемдерiн, вагондарды жөндеудi сертификаттауды, темір жол көлiгі субъектiлерi арасындағы есеп айырысуларды және т.б. пайдалану қағидаттары қайта қаралатын болады.
ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 Қаулысымен 6-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiн қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында көзделген iс-шаралар "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың өз қаражаты және мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен iске асырылады. Бұл ретте мемлекеттік бюджет қаражаттары жолаушы тасымалдарын субсидиялауға бағытталатын болады.
ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 Қаулысымен 7-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер
Темір жол көлiгiн қайта құрылымдау мынадай оңтайлы қорытындыларға жеткізеді:
қамтамасыз етушi сектор кәсiпорындарының, вагон және локоматив шаруашылықтарының инвестициялық тартымдылығын арттыру;
жүк, контейнерлiк және жолаушылар тасымалдарының тиiмдiлiгi мен сапасын арттыру;
қамтамасыз етушi қызметте бәсекелестiк ортаны қалыптастыру;
темір жол көлiгі қызметтері рыногын қалыптастыру;
темір жол көлігіндегі тарифтiк саясатты жетілдiру;
жеке кәсiпкерлiк қызмет пен капиталдың аясын кеңейту;
тасымалдау қызметімен байланысты емес объектілерді жекешелендіруді және коммуналдық меншікке беруді аяқтау;
тасымалдау қызметіндегі бәсекелестiктi дамыту;
тасымалдаушылар қызметiнiң бағасын нарықтық негiзде қалыптастыру;
жеке вагон паркiнiң магистральдық темір жол желісіне қол жеткiзуiн кеңейту және вагон паркiнiң жаңа меншiк иелерiнiң пайда болуы үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
Еуропа мен Азия арасындағы транзиттiк әлеуеттi барынша пайдалану.
Бағдарламаны енгізуден бағалау бойынша бәсекелес секторға бөлiп шығарылған вагон және локомотив паркiне 10 жыл бойы 200-300 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде жеке инвестициялар ағыны, сондай-ақ шығындарды қысқарту және жолаушылар тасымалдарына демеу қаржыны азайту есебiнен экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткiзiледi, бұл "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың қаржылық нәтижелерiн жыл сайын 100 млн. АҚШ долларына жақсартады. Бұл жүк тасымалдарына тариф белгiлеудi жақсартуға айтарлықтай әсер етедi және республикалық бюджетке темір жол көлiгi қызметтерiн пайдаланушылардан қаржылай қаражаттың түсуiн арттырады.
Бұдан басқа, темір жол көлiгiнiң барлық субъектiлерi қызмет қаржылық тұрғыдан айқын болуына қол жеткiзiледi.
Қайта құрылымдаудың ұсынылып отырған жолы темір жол көлiгi кәсiпорындарына табыстарын молайтуға және сонымен Қазақстанның дамуы мен гүлденуiне лайықты үлес қосуына мүмкiндiк бередi.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ бойынша 2004-2006 жылға болжанып отырған негiзгi көрсеткiштер:
Көрсеткiштер | Өлшем бірлiгi | 2004 жылға | 2005 жылға | 2006 жылға |
Жүк айналымы Экспорт Импорт Жолаушы айналымы Табыстар Шығыстар, оның iшiнде: "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың шығыстары "Қазтеміржолкөлiк" АҚ-тың шығыстары "Локомотив" АҚ-тың шығыстары Сатылған өнiмнiң тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өзiндiк құны | млн. Т-км млн. Т-км млн. Т-км млн. жолаушы-км млн. теңге млн. теңге млн. теңге млн. теңге млн. теңге млн. теңге | 152 754 61 620 9 570 10 384 208 361 195 346 106 659 23 637 65 050 177 010 | 156 075 62 138 10 126 11 380 234 270 214 625 117 185 25 970 71 470 196 373 | 160 300 62 660 10 715 14 400 259 442 238 026 129 962 28 801 79 263 217 907 |
ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 Қаулысымен 8-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Қазақстан Республикасының темір жол көлiгiн қайта
құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын
iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары
Р/с N | Iс-шаралар | Аяқталу нысаны | Орындауға (iске асыруға) жауаптылар | Орындалу мерзiмi (iске асыру) | Болжанып отырған шығыстар | Қаржы- ландыру көзi |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) |
2 | ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) |
3 | ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) |
4 | Локомотив және вагон жөндеу деполарының негізінде құрылған заңды тұлғалардың қатысу үлестерiн және акциялар пакеттерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықта сату | Сатып алу- сату шарт- тары | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | меншікті қаражат |
5 | Жол жөндеуде маманданатын "Жолжөндеу" АҚ, "Жолжөндеушi" АҚ және "Теміржол- жөндеу" АҚ акциялар пакеттерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықта сату | Сатып алу- сату шарт- тары | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Мемле- кеттік бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | меншікті қаражат |
6 | ЖШС-тар мен ӨК-терге жалға берiлген "ҚТЖ" ҰК" АҚ мүлiктiк кешендерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықта сату | Сатып алу- сату шарт- тары | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
7 | "Теміржолсужылу- жабдықтау" ААҚ-ты бөлу арқылы қайта ұйымдастыру, жаңа сумен жабдықтауда маманданатын "Теміржолсу" АҚ және жылумен жабдықтауда маманданатын "Теміржолжылу" АҚ-ты құру | Тiркеу туралы куәлiк | "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "ТЖСЖЖ" AAҚ | 2004 жылғы 1-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
8 | "Теміржолэнерго" АҚ құру және "ҚТЖ" ҰК" АҚ меншігін- дегi поездардың электр тартымымен байланысты емес энергия мен жабдықтау объектілерін "Теміржолэнерго" АҚ-тың меншігіне беру | Тiркеу туралы куәлiк қабыл- дау- тапсыру актiсi | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
9 | "Теміржолжылу" АҚ, "Теміржолсу" АҚ және "Теміржол- энерго" АҚ объектілерін жергiлiктi атқарушы органдарға | Қабыл- дау- тапсыру актiсi | "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Теміржол- жылу" ААҚ, "Темір- жолсу" АҚ, "Теміржол- энерго" АҚ | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
9-1 | “ҚТЖ” ҰК” АҚ филиалдары-Ақжайық, Павлодар және Қазы- құрт жуу-булау станцияларының тең- герімінде тұрған мүлік негізінде заңды тұлғалар құру | Тіркеу туралы куәлік | “ҚТЖ” ҰК” АҚ | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттік бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейді | Меншікті қаражат |
9-2 | “ҚТЖ” ҰК” АҚ филиалдары-Ақжайық, Павлодар және Қазы- құрт жуу-булау станцияларының мүл- кі негізінде құрыл- ған заңды тұлғалар- дағы қатысу үлес- терін қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықтарда сату | Сатып алу- сату шарты | “ҚТЖ” ҰК” АҚ | 2006 жылғы 1-тоқсан | Мемле- кеттік бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейді | Меншікті қаражат |
9-3 | “ҚТЖ” ҰК” АҚ филиалдары-қорғағыш екпе ағаштар дис- танцияларының тең- герімінде тұрған мүлік негізінде “Орман-қорғау” жауапкершілігі шектеулі серіктес- тігін құру | Тіркеу туралы куәлік | “ҚТЖ” ҰК” АҚ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Мемле- кеттік бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейді | Меншікті қаражат |
9-4 | Құрылған "Орман- қорғау" жауапкер- шілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесiн қол- даныстағы заңнамаға сәйкес сауда-сат- тықтарда сату | Сатып алу- сату шарты | “ҚТЖ” ҰК” АҚ | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттік бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейді | Меншікті қаражат |
10 | "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың технологиялық емес байланысын беруге жұмылдырылған барлық жабдықты "Көлiктелеком" АҚ меншігіне беру және байланыстың магистральдық кабелiнiң жекелеген тiндерiн пайдалануды жалға алу шартын жасасу | Қабыл- дау- тапсыру актiсi, жалға алу шарты | "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Көлiк- телеком" АҚ | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
10-1 | “Көліктелеком” АҚ- тың “ҚТЖ” ҰК” АҚ-қа тиесілі акциялар пакетінің 74%-ын қолданыстағы заң- намаға сәйкес сау- да-саттықтарда сату | Сатып алу- сату шарты | “ҚТЖ” ҰК” АҚ | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттік бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейді | Меншікті қаражат |
11 | ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) |
12 | "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың бірнеше жүк жөнелтушiлер пайдаланатын және "Көлiктiк сервис орталығы" АҚ-тың меншігіндегi барлық кiрме жолдарды сатып алуы | Сатып алу- сату шарты | "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "КCO" АҚ | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiктi қаражат |
12-1 | Оңтайлы паркке кір- меген вагон паркін "Көлiктiк сервис орталығы" АҚ менші- гіне сату | Сатып алу- сату шарты | "КCO" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiктi қаражат |
13 | Заңнамада белгiленген тәртiппен "Көлiктiк сервис орталығы" ААҚ-қа тиесiлi және бір жүк жөнелтушi пайдаланатын кiрме жолдарды осы тұтынушыға сату | Сатып алу- сату шарты | "КCO" ААҚ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
14 | Локомотивтерге техникалық қызмет көрсету және локомотивтiк бригадалардың демалыс үйлерi мен жабдықтау пункттерiнiң негiзiнде бірден бір акционерi "ҚТЖ" ҰК" АҚ болатын "Локомотивтiк сервистiк орталық" акционерлік қоғамын құру | Тiркеу туралы куәлiк | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2004 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
15 | ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) |
16 | "ҚТЖ" ҰК" АҚ фили- алдарының теңгері- мінде тұрған жөндеу базаларының, Арыс, Балқаш, Құсмұрын және Орал станция- ларындағы пайдалану деполарының мүлкін "Қазтеміржолкөлiк" АҚ-тың меншігіне беру | Қабыл- дау- тапсыру актiсi | "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Қазтемір- жолкөлiк" АҚ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiктi қаражат |
17 | "Көлiктік сервис орталығы" АҚ-тың акциялар пакетiнiң "ҚТЖ" ҰК" АҚ-қа тиесілі 100%-ын қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықтарда сату | Сатып алу- сату шарты | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiктi қаражат |
17-1 | "ҚТЖ" ҰК" АҚ-тың "Каскоркөллік- сервис" АҚ-тың акциялар пакетiнiң 25,5%-ын сатып алуы | Сатып алу- сату шарты | "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Қазкөлiк- сервис" АҚ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiктi қаражат |
18 | "Қазкөлiксервис" АҚ акциялар пакеті- нiң "ҚТЖ" ҰК" АҚ-қа тиесілі 74%-ын қолданыстағы заңна- маға сәйкес сауда- саттықтарда сату | Сатып алу- сату шарты | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiктi қаражат |
19 | "Кеденкөлiксервис" АҚ-тың акциялар пакетiнiң "ҚТЖ" ҰК" АҚ-қа тиесілi 33%-ын қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықтарда сату | Сатып алу- сату шарты | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2006 жылғы 1-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiктi қаражат |
20 | Магистральдық темір жол желісінiң қызметтерiн пайдаланғаны үшiн арналған тариф енгізу | Норма- тивтiк құқық- тық кесім | ТМРжБҚА (келісім бойынша) | 2004 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiкті қаражат |
21 | Оның құрылтайшылары "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Жолаушылар тасымалы" ААҚ болатын "Алматы вагон жөндеу зауыты" АҚ-ты құру | Тiркеу туралы куәлiк | "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Жолау- шылар тасымалы" ААҚ | 2004 жылғы 1-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiкті қаражат |
22 | "Алматы вагон жөндеу зауыты" АҚ акциялар пакеті- нің 100 %-ын қолда- ныстағы заңнамаға сәйкес сауда- саттықтарда сату | Сатып алу- сату шарты | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2006 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiкті қаражат |
23 | "Жолаушылар тасымалы" ААҚ-тың кiр жуу комбинаттарын қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықта сату | Сатып алу- сату шарты | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiкті қаражат |
24 | Жолаушыларға вагон-ресторандарда қызмет көрсету құқығын жеке кәсiпкерлерге конкурстық негізде жалға беру | Жалға алу шарты | "Жолаушы- лар тасы- малы" ААҚ | 2004 жылғы 1-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiкті қаражат |
24-1 | "Жолаушылар тасыма- лын басқару жедел- технологиялық орта- лығы" жауапкершілi- гі шектеулi серік- тестігін құру | Тiркеу туралы куәлiк | "Жолаушы- лар тасы- малы" АҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiкті қаражат |
25 | Акционерi бір ғана "Жолаушылар тасымалы" ААҚ болатын "Вокзалсервис" АҚ-ты құру | Тiркеу туралы куәлiк | "Жолаушы- лар тасы- малы" ААҚ | 2004 жылғы 1-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Меншiкті қаражат |
25-1 | Қызылорда және Ақ- төбе станцияларында орналасқан жолаушы вагондарын жөндеу жөніндегі мүліктің негізінде жауапкер- шілігі шектеулі cepiкcтeстік құру | Тiркеу туралы куәлiк | "Жолаушы- лар тасы- малы" АҚ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiкті қаражат |
25-2 | Қызылорда және Ақ- төбе станцияларын- дағы жолаушы вагон- дарын жөндеу жөнін- дегі мүліктің негі- зінде құрылған жауапкершілiгi шек- теулі серіктестік- тердегі қатысу үлестерінің 100%-ын қолданыстағы заңна- маға сәйкес сауда- саттықтарда сату | Сатып алу- сату шарты | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2005 жылғы 3-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiкті қаражат |
26 | 1, 2, 3, 4 және 5 сыныпты вокзалдарды, "Қала маңындағы тасымалдар" АҚ-ты жергілiктi атқарушы органдарға беру | Қабыл- дау- тапсыру актiсi | "Жолаушы- лар тасы- малы" ААҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ, жер- гiлiктi атқарушы органдар | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiкті қаражат |
27 | Барлық жолаушылар вагондары деполарын (ЛВЧД) берiп "Вагонсервис" АҚ-ты құру | Тiркеу туралы куәлiк | "Жолаушы- лар тасы- малы" ААҚ | 2004 жылғы 2-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
28 | "Қала маңындағы тасымалдар" және "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ (электр және дизель поездары) филиалдарының мүлкi негiзiнде "Қала маңындағы тасымалдар" AҚ-ты құру | Тiркеу туралы куәлiк | "Жолаушы- лар тасы- малы" ААҚ | 2004 жылғы 1-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
29 | "Жолаушылар тасымалы" ААҚ-тың багажды қабылдау мен жөнелту агенттiк пункттерi желісінiң негiзiнде "Багаж тасымалдары" АҚ-ты құру | Тiркеу туралы куәлiк | "Жолаушы- лар тасы- малы" ААҚ | 2004 жылғы 2-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
30 | Халықаралық тасымалда пайдаланылатын және бұрын тартылған кредиттiк қаражат есебiнен сатып алынған вагондардан басқа, жолаушылар және багаж вагондарын берiп "Жолаушы лизингтік вагон компаниясы" АҚ-ты құру | Тiркеу туралы куәлiк | "Жолаушы- лар тасы- малы" ААҚ | 2004 жылғы 2-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
31 | Жолаушылар тасымалы бойынша қызметтер көрсетуге франшиздарды қолданыстағы заңнамаға сәйкес сауда-саттықта сату | Конкурс | ККM, "Жо- лаушылар тасымалы" ААҚ | 2004 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейді | Мен- шiктi қаражат |
32 | Акциялар пакетiн иелену және пайда- лану құқықтарын Көлiк және комму- никация министірлі- гіне кейiннен беру арқылы "Жолаушы лизингілік вагон компаниясы" АҚ-тың акциялар пакетiнiң 100%-ын мемлекеттік меншiкке беру | Қабыл- дау- тапсыру актiсi | "Жолаушы- лар тасы- малы" AҚ, Қаржы минінiң ММЖК, ККМ | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiктi қаражат |
32-1 | "Вокзалсервис" АҚ, "Вагонсервис" АҚ, "Қала маңындағы та- сымал" АҚ; "Багаж тасымалы" АҚ, "Жол- серік-Алматы" АҚ акциялар пакеттері- нің 100 %-ын сон- дай-ақ "Жолаушы- лар тасымалын бас- қару жедел-техноло- гиялық орталығы" ЖШС қатысу үлесiнiң 100 %-ын "ҚTЖ" ҰК" АҚ-тың меншiгiне беру | Қабыл- дау- тапсыру актiсi | "Жолаушы- лар тасы- малы" AҚ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiктi қаражат |
32-2 | "Жолсерiк-Алматы" АҚ акциялар пакеті- нің 100 %-ын қолда- ныстағы заңнамаға сәйкес сауда- саттықтарда сату | Сатып алу- сату шарты | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2006 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюджет- тен қар- жыланды- руды талап етпейдi | Меншiктi қаражат |
33 | ҚР Үкіметінің 2005.15.09. № 920 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) |
34 | Жолаушылар тасымалын субсидиялау | "Рес- публи- калық бюджет туралы" Қазақ- стан Респу- бликасы Заңының жобасы | ЭБЖМ, ККM | 2004 жылғы 4-тоқсан | РБК ше- шiмiмен анық- талады | Респу- бли- калық бюд- жеттен |
35 | Қала маңындағы тасымалдарды субсидиялау | Жергі- лiктi атқа- рушы орган- дардың шешiмi | Жергi- лiктi органдар | 2004 жылғы 4-тоқсан | Жергі- лiкті атқарушы орган- дардың шешi- мiмен анық- талады | Жергі- лiкті бюджет- терден |
36 | Жолаушылар тасымалын субсидиялау | "Рес- публи- калық бюджет туралы" Қазақ- стан Респу- бликасы Заңының жобасы | ЭБЖМ, ККM | 2005 жылғы 4-тоқсан | РБК ше- шiмiмен анық- талады | Респу- бли- калық бюд- жеттен |
37 | Қала маңындағы тасымалдарды субсидиялау | Жергі- лiктi атқа- рушы орган- дардың шешiмi | Жергi- лiктi органдар | 2005 жылғы 4-тоқсан | Жергі- лiкті атқарушы орган- дардың шешi- мiмен анық- талады | Жергі- лiкті бюджет- терден |
38 | "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне темір жол көлiгiнiң мәселелерi бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Заңын әзiрлеу | Қазақ- стан Респу- бликасы Заңының жобасы | ККМ, "ҚТЖ" ҰК" ЖАҚ | 2004 жылғы 1-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |
39 | Темір жол көлiгi кәсiпорындарында импортты алмастырушы өндiрiстердi дамыту | Үкi- метке есеп | ККM, "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2005 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi және қарызға алынған қаражат |
40 | Темір жол көлiгi саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру | Норма- тивтiк құқық- тық ке- сiмдер | ККM, "ҚТЖ" ҰК" АҚ | 2006 жылғы 4-тоқсан | Мемле- кеттiк бюд- жеттен қаржы- ланды- руды талап етпейдi | Мен- шiктi қаражат |