«Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы
№ 145 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 606 Қаулысы
Темір жол көлігін одан әрі қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы № 145 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 6, 84-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында:
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» деген 5-бөлімде:
«Қамтамасыз ету қызметін қайта құрылымдау» деген 5.1-кіші бөлімде:
екінші абзацтағы «2005 жылдың екінші жарты жылдығына дейін» деген сөздер алынып тасталсын;
жетінші абзацтағы «жаңадан құрылатын «Теміржолэнерго» акционерлік қоғамына» деген сөздер «2006 жылдың соңына дейін ағымдағы жылға арналған айналым қаражатымен бірге жергілікті атқарушы органдарға» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы «және «Теміржолэнерго» деген сөздер алынып тасталсын;
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 жылдың соңына дейін «Теміржолсу» және «Теміржолжылу» акционерлік қоғамдарының сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау объектілері ағымдағы жылға арналған айналым қаражатымен бірге жергілікті атқарушы органдарға беріледі.»;
«Негізгі қызметті қайта құрылымдау» деген 5.2-кіші бөлімде:
төртінші абзацтағы «бірнеше жүк жөнелтушілер пайдаланатын кірме жолдарды беру жөніндегі қызметтерді қоса» және «Бұл үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ бірнеше жүк жөнелтушілер пайдаланатын және «Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамының меншігіндегі барлық кірме жолдарды сатып алатын болады.» деген сөздер алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«Көліктік сервис орталығы» АҚ бірнеше жүк жөнелтуші пайдаланатын кірме жолдарды беру жөніндегі қызметтерді тең жағдайда көрсете отырып, кірме жолдардың операторы функцияларын жүзеге асыратын болады. Ол үшін «Көліктік сервис орталығы» АҚ-қа магистральды темір жол желісінің негізгі қызметіне жатпайтын, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың «Магистральды желі дирекциясы» филиалының теңгеріміндегі кірме жолдар берілетін болады.»;
бесінші абзацтағы «осы тұтынушыға» деген сөздер алынып тасталсын;
алтыншы абзац алынып тасталсын;
он үшінші абзац алынып тасталсын;
он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазкөліксервис» АҚ-тың акциялары пакетінің 100%-ы темір жол көлігінің контейнерлік тасымалдарын, ішкі және транзиттік қатынастардағы мультимодальдық тасымалдарды дамыту үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың жарғылық капиталында сақталатын болады. Бұл ретте 2006 жылы «Қазкөліксервис» АҚ «Қазтеміржолкөлік» АҚ-тан фитингтік тұғырнамалардың бүкіл мүкәммал паркін қабылдайды»;
он бесінші абзацта:
бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Каскоркөліксервис» АҚ-тың акциялары пакетінің «Қазкөліксервис» АҚ-қа тиесілі 12,69%-ы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-тың меншігіне берілетін болады.»;
«2005» деген сандар «2006» деген сандармен ауыстырылсын;
«бірінші» деген сөз «үшінші» деген сөзбен ауыстырылсын;
он алтыншы абзац жаңа редакцияда жазылсын:
«Нарық секторын қалыптастырғаннан кейінгі темір жол саласының
Құрылымы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі | | _______________|_____________ | Бәсекелес | "ҚТЖ" ҰК" АҚ | "Лизингтік Бәсекелес нарық | (табиғи монополия) | жолаушылар нарық |_____________________________| вагон Магистралды желі Тасымалдау компаниясы" дирекциясы дирекциясы АҚ Жеке (МТЖ операторы) Локомотивтерді меншік жүк | жөндеу жөніндегі тасымалдау- _____|________ АҚ мен ЖШС шылар | "Қазтемір- | "Жолаушы- "Локомотив" | жолкөлік" АҚ| лар тасы- Жеке меншік АҚ (100%) __| (100%) | малын Вагондарды локомотив | | басқару- жөндеу жөніндегі компания- "Локомо- | "Қазкөлік- |__дың опе- ЖШС лары тив сер- | сервис" АҚ | ративтік Жеке меншік вистік __| (100%) | техноло- Жолаушылар вагондар мен орталығы" | | гиялық вагондарды контейнер- (100%) | | орталығы" жөндеу жөніндегі лер опера- | | ЖШС АҚ және ЖШС торлары | | |_ "Каскор- | "Кеденкөлік- "Әскери- | көлік- | "Жолаушы- сервис" АҚ "Көлік- лендірілген | сервис" АҚ | лар тасы- (100%) телеком" АҚ темір жол | (12,69 %) |__малы" (74%) күзеті" АҚ__|_ | АҚ Жол жөндеу (100%) | "Көліктік | (100%) жөніндегі АҚ | сервис | | орталығы" АҚ| "Багаж "Орманқорғау" "Жолаушылар | (100 %) | тасымалдары" ЖШС транс" | | АҚ компаниясы" | | (100%) ЖШС "Көлік- | "Вокзал- | (жекеменшік телеком" АҚ | сервис" |__"Вагон- "ЖБС" ЖШС жолаушылар (26%) __|_ сыныптан тыс| сервис" тасымалдаушы) станциялар АҚ| (100%) (Алматы-1, | 2, Астана, | "Қала маңы Ақтөбе, |__тасымалдары Қарағанды) АҚ" (100%) Бейінді емес сала Вагон-мейрамха- Вокзалдар Сумен жабдықтау Жылумен жабдықтау Энергиямен наларда қызмет (1-5 объектілері объектілері жабдықтау көрсету сынып) объектілері»; |
«Жолаушылар тасымалдарының қамтамасыз ету және сервистік қызметін қайта құрылымдау» деген 5.3.1-кіші бөлімде:
сегізінші абзацтағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
«Вокзалсервис» АҚ 2006 жылдың аяғына дейін 1, 2, 3, 4, және 5-сыныпты вокзалдарды жергілікті атқарушы органдарға беруді жүзеге асыратын болады.
Бұл ретте перрондар және платформалар берілмеуге тиіс.»;
тоғызыншы абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте вокзалдардың мүлкі жолаушылар мен тасымалдаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мақсатты тағайындалуы мен технологиялық процесін сақтауды ескере отырып, тиісті жағдайда ұсталуға тиіс.»;
«Жолаушылар тасымалдарының негізгі қызметін қайта құрылымдау» деген 5.3.2-кіші бөлімде:
алтыншы абзацтағы:
екінші сөйлем алынып тасталсын;
үшінші және төртінші сөйлемдер мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 жылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-қа тиесілі серіктестікке қатысу үлесінің 100%-ы қолданыстағы заңнамаға сәйкес ұйымдастыруды Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүзеге асыратын сауда-саттықтарда сатылатын болады.»;
жетінші абзацтағы:
бірінші сөйлемдегі «2005 жылғы 3-тоқсанда» деген сөздер «2006 жылғы екінші тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші сөйлемдегі «2005 жылы» деген сөздер «2006 жылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтың екінші сөйлеміндегі «2005 жылы» деген сөздер «2006 жылы» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасының темір жол көлігін қайта құрылымдаудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірлері 8, 12, 12-1, 17, 18-жолдар алынып тасталсын;
«Ic-шаралар» деген бағанда:
реттік нөмірі 9-жолдағы «Теміржолэнерго» АҚ» деген сөздер «энергиямен жабдықтау объектілері» деген сөздермен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 13, 23-жолдардағы «ААҚ» деген аббревиатура «АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 32-1-жолдағы «Жолсерік - Алматы» АҚ» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 32-2-жолдағы «Жолсерік - Алматы» АҚ акциялар пакетін» деген сөздер «ЖолаушыларТранс» компаниясы» ЖШС-ға қатысу үлестерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
«Орындауға (іске асыруға) жауаптылар» деген бағанда:
реттік нөмірі 9-жолдағы «Теміржолэнерго» АҚ» деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірлері 13, 24, 26, 31-жолдардағы «ААҚ» деген аббревиатура «АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«Орындау (іске асыру) мерзімі» деген бағанда:
реттік нөмірі 24-1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 жылғы 2-тоқсан»;
реттік нөмірлері 5, 6, 9, 9-1, 9-2, 9-4, 10, 10-1, 13, 19, 23, 25-2, 26, 32, 32-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«2006 жылғы 3-тоқсан»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 13-1-жолмен толықтырылсын:
«13-1 | Негізгі қызметке жатпайтын, «ҚТЖ» ҰК» АҚ- тың теңгеріміндегі кірме жолдарды «Көліктік сервис орталығы» АҚ-қа тапсыру» | Қабылдау - тапсыру актісі | «ҚТЖ «ҰК» АҚ, АҚ | 3-тоқ- сан 2006 жылғы | Мемле- - кеттік бюджеттен «КСО» қаржылан- дыруды талап етпейдi | Меншіктi қаражат |
». |
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | Д. Ахметов |