Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер
жөніндегi мемлекеттік комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 1 наурыздағы № 311 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397; 21.11.02 ж. № 1235;
31.10.03 ж. № 1083; 30.07.04 ж. № 807; 2005.28.02. № 173
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2006 ж. 27 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
Комиссия туралы ереже;
Комиссия құрамы бекітілсiн.
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 807 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Қазақстан Республикасының Yкіметі ескерткiштер мен монументтер орнату туралы шешімдерді Комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылдайды деп белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2001 ж. 1 наурыздағы № 311 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен
монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Комиссияның негiзгі функциялары мен өкілеттіктерi
ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1235 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Комиссия жергіліктi атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ескерткіштер мен монументтер орнату туралы ұсыныстарын қарайды және:
1) ескерткiштiң немесе монументтiң ең таңдаулы жобасына конкурстар өткізу;
2) конкурсқа ұсынылған ескерткiштер мен монументтер жобаларының конкурс шарттарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
3) ең үздiк жобаларға сыйлықтар және көтермелеудің басқа да түрлерiн беру;
4) конкурс қорытындылары негiзiнде жобалық құжаттарды одан әрi әзiрлеу;
5) ескерткiш немесе монументтiң эскиздiк жобасын, мүсiннiң жұмыс моделiн, тұғырдың сызбаларын, жұмсақ материалда жасалған құрылыс мөлшеріндегі мүсiн моделiн, құрылыс материалында (қола, гранит және т.б.) жасалған мүсiндi, жасалған және төңiрегіндегі аумақтың көркейтiлуi аяқтала отырып орнатылған ескерткiш немесе монумент құрылысын қабылдау жөнiнде ұсынымдар бередi.
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 807 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Комиссия белгiленген тәртiппен және өз құзыретiне енетiн мәселелер бойынша:
1) республикада ескерткiштер мен монументтер орнату мәселелерiн реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
2) Комиссия құрамына өзгерiс туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
3) ескерткiштердi немесе монументтердi жобалау және құрылысы процесiнде авторлармен консультативтiк жұмыс жүргiзуге;
4) ескерткiштер мен монументтер жобаларын дайындау және iске асыру жөнiнде уақытша және тұрақты жұмыс істейтiн сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
5) ескерткiштер мен монументтер жобаларын бағалау, басым жобаларды таңдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен енгізу үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мамандарын және консультанттарды тартуға;
6) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға;
7) Комиссия мүшелерінің мәжілістерiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жауапты өкiлдерiн, сараптама және жұмыс топтары жетекшiлерiн тыңдауға;
8) ескерткiш және монумент құрылысына арналған гранттар мен техникалық көмек түрінде қаржыландыру тарту туралы ұсыныстар енгізуге;
9) Комиссия мүшелерiн ескерткіштер мен монументтер жобаланатын және орнатылатын жерлерге iссапарға жiберу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1235 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Комиссияның мәжілісi қажеттiлiгiне қарай тоқсанына кемінде бір рет өткiзiледi және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы деп саналады.
ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1235 қаулысымен 5-1, 5-2, 5-3 тармақтарымен толықтырылды
5-1. Комиссия құрамына жетекші сәулетшілер мен мүсіншілер, өнертанушылар, мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері кіреді.
5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін түсуіне қарай жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды.
5-3. Құрылысы аяқталған, эскиздері мен модельдері мәжілістерде алдын ала қаралмаған ескерткіштер мен монументтер жөніндегі ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды.
6. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшілігi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiрге құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы тиiс.
Комиссия мәжілістерінің нәтижелерi бойынша, оған қатысушы мүшелер қол қойған хаттама жасалады. Оған осы мәжілісте қаралған ескерткiш немесе монумент жобасының сол сатыдағы фотосуреттерi қосымша берiледi.
ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173 қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді
7. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 ж. 1 наурыздағы № 311 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен
монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамы
ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397;; 21.11.02 ж. № 1235 (бұр. ред. қара); 31.10.03 ж. № 1083 30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара) қаулыларымен комиссия құрамы өзгертілді
Қосыбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Есетжан Мұратұлы ақпарат және спорт министрi, төраға
Шәймерден - Қазақстан Республикасы Мәдениет,
Ербол Шәймерденұлы ақпарат және спорт министрлігі Тарихи-
мәдени мұра департаментiнiң директоры,
хатшы
Қойгелдиев - Қазақстан Республикасының Білім
Мәмбет Құлжабайұлы және ғылым министрлiгі
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және
этнология институтының директоры;
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ермек Әмiрханұлы ақпарат және спорт вице-министрi,
төрағаның орынбасары
Ерғалиева - Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының
Райхан Әбдешқызы кафедра меңгерушісі, өнертану
докторы (келісім бойынша);
Есдәулет - "Қазақ әдебиеті" газетінің
Ұлықбек Оразбайұлы бас редакторы
Әбiшев Бақытжан Әлiмбайұлы - мүсiншi, Қазақстан Ленин
комсомолы сыйлығының лауреаты
(келісім бойынша)
Байпақов Карл Молдахметұлы - Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігі
Ә. Марғұлан атындағы Археология
институтының директоры
Кацев Владимир Зеликович - Қазақстан Республикасының еңбек
сiңiрген сәулетшiсi
(келісім бойынша)
Ли Камилла Витальевна - өнертанушы (келісім бойынша)
Мергенов Еркiн Тiлекұлы - мүсiншi, Қазақстан Суретшiлер
одағы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Нысанбаев - Қазақстан Республикасының Білім және
Әбдiмәлiк Нысанбайұлы ғылым министрлігі Философия және
саясаттану институтының директоры,
Қазақстан Республикасы академиясының
корреспондент-мүшесi;
Рүстембеков Ақмырза Исаұлы - Қазақстан Сәулетшiлер одағының
президентi (келісім бойынша)
Сергебаев Ескен Аманжолұлы - мүсiншi, Қазақстанның еңбек
сiңiрген өнер қайраткерi
(келісім бойынша)
Өмiрбеков Байтұрсын Есжанұлы - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік
өнер мұражайының директоры
(келісім бойынша)