Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер
жөніндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 ж. 1 наурыздағы N 311 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. N 397; 21.11.02 ж. N 1235;
31.10.03 ж. N 1083 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2004 ж. 30 шілдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса берiлiп отырған:
Комиссия туралы ереже;
Комиссия құрамы бекiтiлсiн.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар ескерткiштер мен монументтер орнату туралы шешімдерді Комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылдайды деп белгіленсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | | Қ. Тоқаев
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2001 ж. 1 наурыздағы N 311 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен
монументтер жөнiндегi мемлекеттiк комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2. Комиссияның негiзгі функциялары мен өкілеттіктерi
ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. N 1235 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Комиссия жергіліктi атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ескерткіштер мен монументтер орнату туралы ұсыныстарын қарайды және:
1) ескерткiштiң немесе монументтiң ең таңдаулы жобасына конкурстар өткiзу;
2) конкурсқа ұсынылған ескерткiштер мен монументтер жобаларының конкурс шарттарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
3) ең үздiк жобаларға сыйлықтар және көтермелеудің басқа да түрлерiн беру;
4) конкурс қорытындылары негiзiнде жобалық құжаттарды одан әрi әзiрлеу;
5) ескерткiш немесе монументтiң эскиздiк жобасын, мүсiннiң жұмыс моделiн, тұғырдың сызбаларын, жұмсақ материалда жасалған құрылыс мөлшерiндегi мүсiн моделiн, құрылыс материалында (қола, гранит және т.б.) жасалған мүсiндi, жасалған және төңiрегiндегi аумақтың көркейтiлуi аяқтала отырып орнатылған ескерткiш немесе монумент құрылысын қабылдау жөнiнде ұсынымдар бередi.
4. Комиссия белгiленген тәртiппен және өз құзыретiне енетiн мәселелер бойынша:
1) республикада ескерткiштер мен монументтер орнату мәселелерiн реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге;
2) Комиссия құрамына өзгерiс туралы ұсыныстар енгiзуге;
3) ескерткiштердi немесе монументтердi жобалау және құрылысы процесiнде авторлармен консультативтiк жұмыс жүргiзуге;
4) ескерткiштер мен монументтер жобаларын дайындау және iске асыру жөнiнде уақытша және тұрақты жұмыс істейтiн сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгiзуге;
5) ескерткiштер мен монументтер жобаларын бағалау, басым жобаларды таңдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен енгiзу үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының мамандарын және консультанттарды тартуға;
6) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға;
7) Комиссия мүшелерінің мәжiлiстерiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының жауапты өкiлдерiн, сараптама және жұмыс топтары жетекшiлерiн тыңдауға;
8) ескерткiш және монумент құрылысына арналған гранттар мен техникалық көмек түрінде қаржыландыру тарту туралы ұсыныстар енгiзуге;
9) Комиссия мүшелерiн ескерткіштер мен монументтер жобаланатын және орнатылатын жерлерге iссапарға жiберу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. N 1235 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді
5. Комиссияның мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай тоқсанына кемінде бір рет өткiзiледi және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы деп саналады.
ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. N 1235 қаулысымен 5-1, 5-2, 5-3 тармақтарымен толықтырылды
5-1. Комиссия құрамына жетекші сәулетшілер мен мүсіншілер, өнертанушылар, мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері кіреді.
5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін түсуіне қарай жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды.
5-3. Құрылысы аяқталған, эскиздері мен модельдері мәжілістерде алдын ала қаралмаған ескерткіштер мен монументтер жөніндегі ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды.
6. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшілігi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiрге құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы тиiс.
Комиссия мәжілістерінің нәтижелерi бойынша, оған қатысушы мүшелер қол қойған хаттама жасалады. Оған осы мәжiлiсте қаралған ескерткiш немесе монумент жобасының сол сатыдағы фотосуреттерi қосымша берiледi.
7. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнің
2001 ж. 1 наурыздағы N 311 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен
монументтер жөнiндегi мемлекеттік комиссия құрамы
ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. N 397;; 21.11.02 ж. N 1235 (бұр. ред. қара); 31.10.03 ж. N 1083 қаулыларымен комиссия құрамы өзгертілді
Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
Иманғали Нұрғалиұлы хатшысы, төраға (келiсiм бойынша);
Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Дүйсен Қорабайұлы министрi, төрағаның орынбасары;
Мұхаметжанов - Қазақстан РеспубликасыБауыржан Әлімұлы Премьер-Министрінің орынбасары,төраға
Құл-Мұхаммед - Қазақстан РеспубликасыныңМұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдықкелiсiм министрі, комиссия
төрағасының орынбасары
Аманшаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет
Ермек Әмiрханұлы вице-министрi, хатшы
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Тұрсынұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Әлеуметтік-мәдени даму
бөлімінің меңгерушісі
Ерғалиева - Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының
Райхан Әбдешқызы кафедра меңгерушісі, өнертану
докторы (келісім бойынша);
Алдажұманов - Қазақстан Республикасы Бiлiм
Қайдар Сейсенбайұлы және ғылым министрлiгiнiң Ш.
Уәлиханов атындағы Тарих және
этнология институты
директорының мiндетiн атқарушы
Есдәулет - "Қазақ әдебиеті" газетінің
Ұлықбек Оразбайұлы бас редакторы
Әбiшев Бақытжан Әлiмбайұлы - мүсiншi, Қазақстан Ленин
комсомолы сыйлығының лауреаты
(келiсiм бойынша)
Ақышев Кемел Ақышұлы - Л. Гумилев атындағы Еуразия
университетiнiң кафедра
меңгерушiсi, тарих ғылымдарының
докторы (келiсiм бойынша)
Байпақов Карл Молдахметұлы - Қазақстан Республикасының Бiлiм
және ғылым министрлiгi
Ә. Марғұлан атындағы Археология
институтының директоры
Кацев Владимир Зеликович - Қазақстан Республикасының еңбек
сiңiрген сәулетшiсi
(келiсiм бойынша)
Ли Камилла Витальевна - өнертанушы (келiсiм бойынша)
Мергенов Еркiн Тiлекұлы - мүсiншi, Қазақстан Суретшiлер
одағы басқармасының төрағасы
(келiсiм бойынша)
Нысанбаев - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Әбдiмәлiк Нысанбайұлы ғылым министрлiгi Философия және
саясаттану институтының директоры,
Қазақстан Республикасы академиясының
корреспондент-мүшесi;
Рүстембеков Ақмырза Исаұлы - Қазақстан Сәулетшiлер одағының
президентi (келiсiм бойынша)
Сергебаев Ескен Аманжолұлы - мүсiншi, Қазақстанның еңбек
сiңiрген өнер қайраткерi
(келiсiм бойынша)
Өмiрбеков Байтұрсын Есжанұлы - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттiк
өнер мұражайының директоры
(келiсiм бойынша)