Аумақтың экологиялық жай-күйінің өлшемі ретінде топырақтың тозуы (эрозиясы, дефляциясы, қайталап тұздануы, сортаңдануы, батпақтануы) салдарынан жер пайдаланудан шығарылған алқаптар алаңдарын пайдалану ұсынылады. Бірқатар келеңсіз процестер (пайдалы қазбаларды ашық өндіру, құрылыс жұмыстары кезінде топырақ жамылғысын механикалық жою; адам әрекеті салдарынан болатын су эрозиясы және дефляция) топырақ қабаттарының бүлінуіне әкеп соғады, оның дәрежесі де топырақтың тозу өлшемі ретінде пайдаланылады. Топырақ құрылымының бұзылуы мен қатаю процесінің дамуы топырақтың тығыздық деңгейінің артуымен сипатталады, ол топырақтың тозуының маңызды көрсеткіші болып табылады. Жер асты сулары деңгейінің көтерілуін топырақтың әрбір типі үшін әртүрлі болатын салыстырмалы ең шекті мән ретінде бағалау ұсынылады. Топырақты экоуыттылық бағалау үшін заттың әртүрлі қауіптілік сыныбына сараланған нақты ластағыш заттың шекті рұқсат етілген концентрациясынан (ШРК) асып кету еселігін пайдаланған жөн. Бірқатар ластағыш заттар үшін (мысалы кадмий үшін) ШРК-ның бекітілген мәні жоқ екеніне байланысты топырақтың сұйық фазасындағы (топырақ ерітіндісіндегі) ластағыш заттар құрамының табиғи сулар үшін тиісті ШРК шамасына қатынасын пайдалану ұсынылады.
Фитоуыттылық - ласталған топырақтың тұқымның шығуын, биік өсімдіктердің өсуі мен дамуын тежеу қасиеті (тестілік көрсеткіш), топырақтың ластануының кешенді көрсеткіші ретінде алынады. Топырақ микроорганизмдерінің тіршілік қабілетінің төмендеуі топырақтың биологиялық тозуының белгісі болып табылады, ол жөнінде белсенді микробтық биомасса деңгейінің азаюына, сондай-ақ неғұрлым таралған, бірақ соғұрлым нақты көрсеткіш - топырақтың тыныс алуына қарап айтуға болады. Топырақтың экологиялық жай-күйін өлшемдер мен параметрлер негізінде бағалау, мәні өңірлік ерекшеліктермен айқындалатын, қаралып отырған өлшемнің пайда болу алаңын ескере отырып жүргізіледі. Топырақтағы ластағыш заттардың шекті рұқсат етілген нормасынан асып кету еселігін ең алдымен осы заттардың жылжымалы нысандары бойынша бағалау қажет.
Нақты өнімділікті сипаттайтын ценоздың биологиялық өнімділігі топырақтың экологиялық жай-күйі көрсеткіштерінің бірі қызметін атқарады. Ауыл шаруашылығы аумақтары үшін орташа өнімділік осындай көрсеткіш болып табылады. Осы жергілікті жер мен дақыл үшін агротехникалық және агрохимиялық іс-шаралардың бүкіл кешені жүргізілген ретте, экологиялық апат аймақтары үшін өнімділіктік 75%-тен астам төмендеуін, төтенше экологиялық жағдайлар аумақтары үшін 50-75%-тен астам төмендеуін алу сарапшылық тұрғыдан ұсынылады. Өнімнің сапасына (пестицидтердің, уытты элементтердің, микотоксиндердің, нитраттардың, нитриттердің және т.б. қалдық саны) арналған нормативтік құқықтық құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтін өнім үлесі қаралып отырған аумақтың (топырақтың, ауаның, суаратын және жер асты суларының) ластану дәрежесінің индикаторы ретінде қызмет ететін қосымша көрсеткіш болып табылады.
Топырақтың жай-күйі туралы деректерді ластағыш заттардың негізгі көрсеткіштері және компоненттерінің құрамы бойынша ақпаратты қамтитын дәйекті тақырыптық картографиялық материалдар түрінде ұсыну керек.
8) Геологиялық ортаның деформациясы мен өзгеруінің экологиялық қауіптілігін бағалауға арналған көрсеткіштер
Геологиялық ортаның экологиялық салдарлары бар деформациясының геодинамикалық көрсеткіштері литосфераның жоғарғы қабаттарының қазіргі кернеулі-деформацияланған күйінің пайда болу қарқындылығы мен ауқымы түрінде ұсынылуы мүмкін. Бұл көрсеткіштер күтіліп отырған сейсмикалық әсердің деформациясы мен ауқымының ең шекті жылдамдығы параметрлерімен айқындалады. Егер кез келген қатты дененің бүлінуінің шамамен 0,0001 салыстырмалы бірліктегі бастапқы мәнін негізге алсақ, объектілердің барлық типтері үшін шекті геодинамикалық әсер деңгейі ретінде деформацияның 0,00001 салыстырмалы бірлік шамасын пайдалануға болады, ол аномальды техногендік деформацияларды бағалау кезінде қолданылады. Жарықшақтану аймақтарындағы қазіргі деформациялану процестерінің кеңістіктік-уақыттық өзгеруінің белгіленген фактілерін негізге алғанда, жергілікті аймақтарда деформацияның шекті (ең шекті) 0,00001 бірлік деңгейіне 15-30 жыл ішінде қол жеткізілуі мүмкін. Бұл мерзімдер ерекше жауаптылықтағы объектілер мен құрылыстарды пайдаланудың ең аз мерзімімен шамалас болады. Олардың жұмыс істеуінің бұзылуы орны толмас экологиялық зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкін. Деформацияның 0,00001 салыстырмалы бірлік деңгейі геологиялық ортаны экологиялық апат аймағына жатқызуға болатын бұзылуға алып келеді.
Экзогендік геологиялық процестердің пайда болуы адам қызметімен байланыссыз жүруі мүмкін. Алайда техногендік факторлар экзогендік геологиялық процестердің пайда болуын күшейтуі немесе әлсіретуі мүмкін. Экзогендік геологиялық процестердің табиғи даму барысына адамның санасыз араласуы олардың апатқа әкеп соғатын белсенділігін туғызып, табиғи ландшафттардың орны толмас өзгеруіне алып келуі мүмкін. Мұндай факторларға көшкін, сел жүру, карстер, жер бетінің отыруы және т.б. жатады.
| Р/с | Көрсеткіш | Параметр | Салыстырмалы түрде қанағаттанарлық жағдай |
| Экологиялық апат | Төтенше экологиялық жағдай |
| | таулы массивтің аномальды техногендік деформациясы (0,00001 салыстырмалы бірліктен астам) және аумақ алаңынан процент түрінде индуцияланған сейсмикалық | 40-50-ден астам | 40-20 | 20-ға дейін |
| | Жер қойнауын пайдалану кезіндегі таулы массивтің механикалық бұзылуы, ол геологиялық ортаның ластануына, тау жыныстарының аномальды деформациясына алып келеді, салыстырмалы бірлік | 0,0001 | 0,0001-0,00001 | 0,000001-ден кем |
| | Техногендік жүктемеге байланысты болған жер бетінің отыруы, көшкіндер, карстер, аумақтың %-і | 30-дан астам | 30-20 | 20-дан кем |
9) жер бетіндегі экожүйелердің тозуын бағалауға арналған көрсеткіштер
Экожүйелердің тозу дәрежесін бағалау экожүйелердің құрылымы мен жұмыс істеуіндегі теріс өзгерістерді айқындайтын өлшемдер бойынша жүргізіледі және олардың бұзылу дәрежесі бойынша кеңістіктік саралануын, сондай-ақ тозу процесінің өсу барысын ескереді.
Табиғи экожүйелер жай-күйіндегі құрылымдық-функционалдық өзгеріс олардың әртүрлі тұрақтылық дәрежесіне қарамастан, біртипті көрсеткіштермен сипатталады. Төтенше экологиялық жағдай аймағындағы экожүйелердің жай-күйі негізгі трофикалық топтардың бірінің үлестік массасының 20-50 % шегінде азаюы (ұлғаюы) кезінде олардың арақатынасындағы өзгеріспен сипатталады. Бұл ретте экожүйелердің ішіндегі өзара байланыстар бұзылады, бірақ тозу процестері әлі орны толмас сипат алмайды. Экологиялық апат аймағындағы экожүйелердің жай-күйі трофикалық буындардың бірінің үлестік массасының 50 %-тен астам азаюымен (ұлғаюымен) сипатталады. Экожүйелердің ішіндегі өзара байланыстар бұзылуы қайталанбас сипат алады, экожүйе орта жасаушы және ресурс жасаушы функциясын жоғалтады.
Аумақтардың экологиялық жай-күйін бағалау кезінде зерттелетін аумақтағы келеңсіз өзгерістердің пайда болу алаңы да (өйткені аумақ учаскелерінің тозу дәрежесі бірдей болған кезде қайта қалпына келу мүмкіндігі оның алаңына барабар), тозу дәрежесі әртүрлі учаскелерді бөлудің кеңістік бойынша біртекті еместігін де ескеру қажет.
Экожүйелердің тозу жылдамдығы 5-10 жылдық бақылау қатары бойынша есептеледі. Әсіресе, экологиялық жағдайдың нашарлауын болжау және оны тұрақтандыру мен жақсарту жөнінде іс-шаралар жүргізу үшін экожүйелердің тозу бағыты мен жылдамдығын шиеленісті экологиялық жағдай кезінде бағалаудың маңызы зор.
| № | Көрсеткіш | Параметр | Салыстырмалы түрде қанағаттанарлық жағдай |
| экологиялық апат | Төтенше экологиялық жағдай |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| Негізгі көрсеткіштер: |
| | Кеңістіктік белгілері | | | |
| 1. | Тозған аумақтардың көлемі, % | | | |
| 1.1. | Адамға тікелей қауіп туғызбайтын (уытты емес жыныстардың үйіндісі; карьерлер, тозған а/ш және орман алқаптары) | 75-тен астам | 75-5 | 5-тен кем |
| 1.2. | Ғимараттар мен құрылғылардың қауіп төндіретін бұзылуы (антропогенді үйінділер, көшкіндер, сынықтар, әскери полигондар, т.б.) | 50-ден астам | 50-1 | 1 -ден кем |
| 1.3. | Жер асты суларынан оқшауланған, жер беті су айдындарына және суағарларға ағу арқылы бөлшектері ауаға тарауы мүмкін уытты жыныстардың үйіндісі | 20-дан кем | 20-0,1 | 0,1-ден кем |
| 1.4. | Жер асты суларын ластау қаупі бар уытты жыныстардың карьер ойықтары мен үйінділері (жер асты сулары қорғалмаған) | 5-тен астам | 5-тен кем | жоқ |
| 2. | Аумақтың жыралармен бөлінуі, км/км2 | 2,5 | 2,5-0,7 | 0,7-ден кем |
| | Динамикалық белгілер | | | |
| 1. | Жер беті экожүйесінің тозу жылдамдығы; жылына алаңның %-і | 4-тен кем | 4-0,5 | 0,5-тен кем |
| 2. | Тапталған жайылым алаңының ұлғаю жылдамдығы, жылына алаңның %-і | 8-ден астам | 8-2 | 2-ден кем |
| 3. | Өсімдіктің жылдық өнімінің азаю жылдамдығы, жылына % | 7,5-тен астам | 7,5 - 3,5 | 3,5-тен кем |
| 4. | Топырақтың органикалық құрамының азаю жылдамдығы, жылына % | 7-ден астам | 7-0,5 | 0,5-тен кем |
| 5. | Шымтезектің түзілу жылдамдығы (минералдану), мм/жыл | 40-тан астам | 40-1 | 1-ден кем |
| 6. | Сортаңдалған топырақ алаңының ұлғаю жылдамдығы, жылына % | 5-тен астам | 5-1 | 1-ден кем |
| 7. | Эрозияға ұшыраған топырақ алаңының ұлғаю жылдамдығы, жылына % | 5-тен астам | 5-0,5 | 0,5-тен кем |
| 8. | Сусымалы құм алаңының ұлғаю жылдамдығы, жылына алаңның %-і | 4-тен кем | 4-0,5 | 0,5-тен кем |
| 9. | Қолайсыз агломерациялық жағдайдағы жер көлемінің ұлғаю жылдамдығы, жылына бағалы а/ш алқабы көлемінің %-і | 1-ден астам | 1-0,1 | 0,1-ден кем |
| Қосымша көрсеткіштер: |
| | Экожүйе жай-күйінің құрылымдық-функциялық сипаттамасы | Экожүйе ішіндегі өзара байланыс бұзылуының қайтымсыздығы | Экожүйелердегі қайтымсыз процестерсіз қоғамдастық құрылымының бұзылуы | Экожүйелердегі бірқатар құрамдас бөліктердің азып-тозуының жекелеген белгілері болуы мүмкін |
| | Трофикалық құрылым - меншікті массаның өзгеруі | Фитофагтардың меншікті массасының 50 %-ға артуы, зоофагтар мен сапрофагтардың меншікті массасының 50 %-ға кемуі | Фитофагтардың меншікті массасының 20%-ға артуы, зоофагтар мен сапрофагтардың меншікті массасының 20 %-ға кемуі | Тұрақты (тербелу норма шегінде) |
10) Аумақтың экологиялық жай-күйінің индикаторы ретіндегі өсімдіктің жай-күйін бағалауға арналған көрсеткіштер
Өсімдік кез келген табиғи экожүйенің биотикалық бөлігі ретінде экожүйенің құрылымдық-функциялық ұйымдастырылуында және оның шекараларын анықтауда шешуші рөл атқарады. Өсімдік қоршаған ортаның бұзылуына аса сезімтал болып қана қоймай, антропогендік әсер ету салдарынан аумақтың экологиялық жағдайының өзгеруін де айқын көрсетеді. Өсімдіктің жай-куйін бағалау өлшемдері географиялық жағдайларға және экожүйе түріне байланысты өзгеріп тұрады. Бұл ретте өсімдік жамылғысының құрылымындағы (тамырлы ассоциациялар көлемінің кемуі, орманды жердің өзгеруі) да, өсімдік қауымдастықтары мен жекелеген түрлер (популяциялар) деңгейіндегі де жағымсыз өзгерістер: түр құрамының өзгеруі, басым түрлердің ассоциациялануының және ценопопуляциясы жас спектрінің нашарлауы есепке алынады.
Анықтаушы түрлер популяциясының тығыздығы - экожүйе жай-күйінің маңызды көрсеткіштерінің бірі, негізгі антропогендік факторларға аса сезімтал. Антропогендік әсер салдарынан теріс индикатор-түрлер популяциясының тығыздығы төмендейтін болады, ал оң индикатор-түрлер - өседі. Анықтаушы түрлер популяциясы тығыздығының 20 %-га кемуін (немесе артуын) антропогендік жүктеменің бастапқы мәні деп , ал - 50 %-ға кемуін (немесе артуын) ең шекті мәні деп есептеу керек.
Ценопопуляцияның (ЦП) маңызды параметрлерінің бірі жас аспектісі - түрлі жастағы дарақтардың ЦП-ге қатысу үлесі. Жас жағдайы морфологиялық белгілер кешені негізінде не оны анықтау аса қиындық туғызбаған кезде нақты жасы негізінде белгіленеді.
Параметр антропогендік әсердің әртүрлі нысанына - тікелей (мал бағу, кесу, техногендік әсер) әсерге де, экотоптың өзгеруі арқылы да өзгереді.
Өсімдіктердің жай-күйін тіршілік ететін табиғи ортаға антропогендік жүктеме деңгейінің индикаторы ретінде қарауға болады (ағаштардың немесе қылқан жапырақтылардың техногендік шығарындылардан зақымдануы, жайылымдық өсімдіктер жамылғысының және оның өнімділігінің кемуі).
Өсімдіктер жамылғысының өзгеруі оған әртүрлі антропогендік әсердің салдарынан болады, оның ең бастысы фитоценезді механикалық бұзу (мал бағы, рекреация және т.б.) және метоболизм және су теңгермелігі процестерінің өзгеруі арқылы популяция түрлерінің тіршілік жағдайын өзгертуге әкеп соғатын химиялық әсер ету.
Орман шаруашылығы қызметінің қанағаттанарлықсыз болуы салдарынан орманның негізі болып табылатын ағаш тұқымдарының кемуі орман экожүйесінің азып-тозу процесін көрсетеді.
Ормандағы өрттер орман экожүйесінің елеулі көлемінің азып-тозуына әкеп соғатын аса қауіпті фактор болып табылады. Кемінде 10 жыл ішінде қалпына келтірілмеген ауқымды өртеңдер экожүйесінің түзелмейтін өзгерісінің белгісі болып табылады. Орман ағаштарының жай-күйін бағалаған кезде аумақтың өңірлік ерекшелігін, ең алдымен орманның табиғи жаңару мүмкіндігін ескеру керек. Агроценез жай-күйінің кейбір өлшемдері тұтас алған аумақтың экологиялық жағдайының қолайсыздығын көрсетеді: егістіктерді зиянкестердің көбеюі, егістіктің құруы және т.б. Бұл өлшемдерді пайдаланған кезде егістіктің құру себептерін міндетті түрде көрсетіп, картадан жағымсыз өзгерістердің таралу аймағын көрсету керек.
Қорықтардағы өсімдіктердің зақымдануы тіршілік ету ортасының өңірлік сипаттағы өзгерістерін көрсетеді. Өсімдік жамылғысының сапалық және сандық сипаттағы өзгерістері өсімдіктер қауымдастығының табиғи жай-күйімен салыстыра отырып қана түсіндірілуі керек. Бұл ретте фондық деп өзінің табиғи-ландшафтық сипаттамасы бойынша ұқсас, салыстырмалы түрде бүлінбеген учаскелер түсініледі.
| Рет саны | Көрсеткіш | Параметр | Салыстырмалы түрде қанағаттанарлық жағдай |
| экологиялық апат | Төтенше экологиялық жағдай |
| 1. | Биоәралуандықтың кемуі (Симпсон әралуандығының индексі, нормадағыдан %) | 50-ден астам | 50-10 | 10-нан кем |
| 2. | Түр популяциясының тығыздығы - антропогендік жүктеменің индикаторы, % | 50-ден астам (кем) | 20-50-ден астам (кем) | 20-дан астам (кем) |
| 3. | Тамырлы (немесе квазитамырлы) қауымдастық көлемі, жалпы көлемнен % | 5-тен кем | 5-80-нен кем | 80-нен астам |
| 4. | Табиғи шөпті өсімдіктің түр құрамы | Қайталама түр молшылығының кемуі | Басым түрлер қайталама түрге ауысты | Доминанттардың, субдоминанттардың және осы жерге тән түрлердің табиғи ауысымы |
| 5. | Доминанттар ценопопуляциясының жас өзгешеліктері, салыстырмалы бірлікте жаңаруы | 0,1-ден кем | 0,1-0,3 | 0,3-тен астам |
| 6 | Орманды болу, оңтайлы (аймақтық) көлемнен % | 10-нан кем | 10-90 | 90-нан астам |
| 7 | Негізгі орман жыныстарының ағаш қоры, қалыпты мөлшерден % | 30-дан кем | 30-80 | 80-нен астам |
| 8 | Ағаштың техногендік шығарындылардан зақымдануы, жалпы алаңнан % | 50-ден астам | 50-5 | 5-тен кем |
| 9 | Қылқан жапырақты ағаштардың техногендік шығарындылардан зақымдануы (қарағайдың зақымдануы), % | 50-ден астам | 50-5 | 5-тен кем |
| 10 | Ағаштың зақымдануы, % | 50-ден астам | 50-10 | 10-нан кем |
| 11 | Орман дақылдарының жойылуы, орман отырғызу жұмысы алаңынан % | 70-тен астам | 70-5 | 5-тен кем |
| 12 | Кемінде 10 жыл ішінде ағаш егілмеген өртең көлемі | 10 мың. га астам | 10-5 мың. га | 5-тен кем |
| 13 | Зиянкестерден зардап шеккен егістік көлемі, жалпы көлемнен % | 50-ден астам | 50-10 | 10-нан кем |
| 14 | Егістіктердің жойылуы, жалпы көлемнен % | 30-дан астам | 30-5 | 5-тен кем |
| 15 | Құрғақ далалы және шөлейтті жайылымдық өсімдіктердің жобаланған жамылғысы, қалыпты мөлшерден % | 10-нан кем | 10-80 | 80-нен астам |
| 16 | Жайылымдық өсімдіктердің өнімділігі, ықтимал өнімділіктен % | 5-тен кем | 5-80 | 80-нен астам |
| 17 | Сирек кездесетін түрлердің таралу аумағының өзгеруі | Таралу аумағының жойылуы | Таралу аумағының бөлінуі мен қысқаруы | Жоқ |
| 18 | Қорықтар өсімдіктерінің зақымдануы | Формациялар ауысуы | Ассциациялардың ауысуы | Ассциациялардың фенотиптік ауысулары |
| 19 | Жасыл екпелер көлемі (ірі қалалар мен өнеркәсіп орталықтарында адамға), нормативті мөлшерден % | 10-нан кем | 10-30 | 30-дан астам |
11) Аумақтың экологиялық жай-күйінің индикаторы ретінде фаунаның жай-күйі мен хайуанаттар генофондының өзгеруін бағалауға арналған көрсеткіштер
Хайуанаттар әлемі жай-күйінің өлшемдері мен көрсеткіштері зооценоз бен жануарлардың жекелеген түрлерінің (популяциясының) деңгейінде қарастырылады.
Тұтас алғанда зооценоздың жай-күйін бағалау өлшемі ретінде әралуандықтың өзгеруін есептеген кезде бұл өлшем хайуанаттар санының кептіне байланысты екендігін, ал көптеген хайуанаттардың саны циклдық өзгерістерге ұшырайтынын ескеру қажет.
| Рет саны | Көрсеткіш | Параметрі | Салыстырмалы түрде қанағаттанарлық жағдай |
| экологиялық апат | төтенше экологиялық жағдай |
| | Биологиялық әралуандықтың кемуі, бастапқы мөлшерден % | 50-ден астам | 50-5 | 5-тен кем |
| | Антрогендік жүктеменің индикатор-түрі популяциясының тығыздығы, % | 50-ден астам | 50-20 | 20-дан кем |
| | Кәсіптік аң аулау хайуанаттары түрлері (оның ішінде киіктер) санының кемуі, қалыпты санынан (тығыздығынан) есе саны | 10-нан астам | 10-2 | 2-ден кем |
Бағалау үшін 10 жылдық кезеңді салыстыра отырып уақыт аралығын айқындау қажет. Әралуандықты бағалау Симпсон (D) өлшемі бойынша жүргізіледі, ол мына формула бойынша есептеледі:
1
D = ---------
P12+...+Pn2
мұнда - Р1 ... Рn әр түрдің бірлік үшін алынған жиынтықталған молшылығындағы үлесі. Осы бағалауды жүргізу үшін бүкіл фауна бойынша деректерді пайдалану міндетті емес, түрлердің сенімді ақпараты бар топтарының талдауымен шектелсе де болады.
Хайуанаттардың шаруашылық-мәнді түрлерінің өзгеруі орташа алғанда 10 жылдық кезеңдегі нақты саны бойынша деректер пайдаланылып бағаланады және статистикалық өңдеуді талап етеді. Мысалы, солтүстіктегі жабайы бұғылар популяциясы санының өзгеруін Қиыр Солтүстіктің саны аз халқы тұратын аумағының экологиялық жай-күйін бағалауға байланысты есепке алу ерекше маңызды. Киіктер популяциясының саны Каспий маңы аумағы экологиялық жай-күйінің маңызды индикаторларының бірі болып табылады. Антропогендік жүктеме индикатор-түрлерінің популяциясы тығыздығының өзгеруін бағалау кезінде олардың әсер етуге әртүрлі жауабын ескеру қажет: шыдамды түрлердің популяциясы өз санын көбейтеді, ал антропогендік жүктемеге сезімтал түрлер популяциясы кемиді.
12) Аумақты бағалауға арналған биохимиялық көрсеткіштер
Биохимиялық тұрғыдан алғанда экологиялық қолайсыз аумақтарды қоршаған табиғи орта компоненттерінің химиялық элемент құрамы күрт өзгеретін биохимиялық шет аймақ ретінде қарастыруға болады. Бұл шет аймақтар табиғи ғана емес, техногендік сипатта да болуы мүмкін.
Аумақтың экологиялық жай-күйін бағалау үшін ортаның түрлі компоненттерінде С:N, Са:Р; Са:Sr болу арақатынасындағы өзгеріс көрсеткіштерін, сондай-ақ сыналатын алаңдағы шабылған өсімдіктердегі уытты және биологиялық белсенді микроэлементтердің болу деңгейін пайдалану ұсынылады.
| Рет саны | Көрсеткіш | Параметр |
| экологиялық апат | төтенше экологиялық жағдай |
| 1 | 2 | 3 | 4 |
| Негізгі көрсеткіштер: |
| 1 | Топырақтағы С:№ арақатынасы | 4-тен кем | 4-8 |
| жер беті суларында | 4-тен кем немесе 20-дан астам | 4-8-ден кем кем немесе 20-16 |
| өсімдіктерде | 4-тен кем | 4-8 |
| Өсімдіктен жасалған жем-шөпте | 4-тен кем немесе 16-дан астам | 4-тен кем немесе 8-16 |
| | өсімдіктер мен өсімдіктен жасалған жем-шөпте химиялық элементтердің болуы: сынап, кадмий, қорғасын, мышьяк, сурьма, никель, хром, ең жоғары рұқсат етілген деңгейден асып кетуі бойынша; | 10-нан астам | 10-1,5 |
| селен, құрғақ заттар мг/кг; | 0,02-ден кем немесе 0,5-тен астам | 0,02 - 0,05 |
| фтор, құрғақ заттар мг/кг; | 2-ден кем немесе 200-ден астам | 2-10 немесе 50-200 |
| мыс, құрғақ заттар мг/кг; | 3-тен кем немесе 100-ден астам | 3-5 немесе 80-100 |
| таллий, бериллий, барий, фоннан асып кетуі бойынша | 10-нан астам | 10-1,5 |
| Қосымша көрсеткіштер: |
| | Жем-шөпте Са:Р арақатынасы (алымы), аномалиялық ландшафт көлемін есепке ала отырып, % (бөлімі) | <0,1 немесе > 10 ----------- >20 | 0,4-0.1 немесе ------------- 5-10 ------ >20 |
| | Өсімдіктер мен жем-шөпте Са:Sr арақатынасы (алымы), аномалиялық ландшафт келемін есепке ала отырып, % (бөлімі) | <1 ----- >20 | < 10-1 ---------- >20 |
| | Шабылған өсімдіктер мен жем-шөпте биологиялық маңызды микроэлементтердің болу деңгейі, құрғақ заттар мг/кг; | | |
| | мырыш | 10-нан кем немесе 500-ден астам | 10-30 немесе 100-500 |
| | темір | 20-дан кем немесе 500-ден астам | 20-50 немесе 200-500 |
| | молибден | 0,2-ден кем 50-ден астам | 0,2-2 немесе 10-50 астам |
| | кобальт | 0,1-ден кем немесе 50-ден астам | 0,1-0,3 немесе 5-50 |
| | бор | 0,1 кем немесе 300 астам | 0,1-0,3 немесе 30 - 300 |