“Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 523 Қаулысы
(2005.26.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2006 ж. 15 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бюджет кодексiнiң 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
ҚР Үкіметінің 2005.26.08. № 883 қаулысымен орта мерзiмдi фискалдық саясаты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 27 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді
фискалдық саясаты
Кіріспе
1. Әлеуметтiк-экономикалық жағдай
§ 1 Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және
әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2006-2008 жылдарға
арналған негізгi көрсеткiштерi
§ 2 Мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы
§ 3 Бюджет жүйесiн жетiлдiру
2. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi
3. Кiрiстер саясаты
4. Шығындар саясаты
5. Бюджеттік кредит беру
6. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар
7. Бюджетаралық қатынастар
8. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген
қарыз алу мен борышты басқару
Қорытынды
Кiрiспе
Алдыңғы жылдардың бюджеттерi келер жылдардың бюджеттерiн қалыптастыруға және атқаруға едәуiр ықпал етедi. Ұзақ мерзiмдi кезеңде оларды атқару тиiмділігін барынша ұлғайту үшiн бірнеше жылға есептелген тиiстi iс-қимыл бағдарламасының болуы қажет. Мұндай бағдарламаның негiзгi өлшемдерiн мемлекеттік билiк органдарының бюджет саясаты айқындайды. Экономикалық саясаттың бір бөлiгі бола отырып, фискалдық саясат бюджет қаражатын қалыптастырумен және жұмсаумен байланысты құралдарды пайдаланады. Бюджеттік тетiктердi тарту туралы сөз қозғалғанда, кiрiстер мен шығыстар бойынша жеке-жеке емес, тұтастай жоспарланып отырған нәтижеге ықпал етуге қабілетті барлық ықтимал факторларды барынша ескеру қажет. Сондықтан экономикалық мiндеттердi мемлекеттік деңгейде шешу үшiн мемлекеттік бюджеттендiру элементтерiн, оларға фискалдық саясат деп аталатын бірыңғай тұжырымдама шеңберінде сүйене отырып пайдалану қабылданған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат) Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабілеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабілетті экономика үшiн, бәсекеге қабілеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы және "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарының жобасы (екiншi кезең) (бұдан әрi - Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарының жобасы), Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерінің және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуiштердiң болжамы, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізінде әзiрлендi.
Орта мерзiмдi фискалдық саясат әлеуметтiк-экономикалық дамудың негізгi бағыттарын iске асырудың негiзгi тетiктерiн (тәсiлдерiн) - кiрiстер мен шығындар саясатын, бюджеттік кредит берудi, қаржы активтерiн басқаруды, бюджетаралық қатынастарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борышты басқаруды қамтиды.
Орта мерзімдi фискалдық саясатты әзiрлеу мынадай мақсаттарға қол жеткiзуге:
алдағы үш жылдық кезеңге арналған қолда бар ресурстар көлемiн айқындауға;
Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң фискалдық стратегиясын және оның ағымдағы және келешектегі мақсаттарына қол жеткізу жөнiндегі жоспарларын белгілеуге;
стратегиялық басымдықтарды iске асыруға арналған шектеулi бюджет ресурстарын бөлу жөніндегі шешiмдердi қабылдауға ден қоюға;
келешекте бюджеттің шектеулерi мен мүмкiндiктерiн барынша жақсы түсiнудi қамтамасыз етуге;
бюджет процесiнiң тиiмдiлігі мен ашықтығын жоғарылатуға;
бюджет процесiнiң дәйектілігін қамтамасыз етуге және фискалдық тәртіптi жоғарылатуға бағытталған.
Бұл құжатта Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған фискалдық саясатының негiзгi мақсаттары, мiндеттерi мен бағыттары айқындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты 2006 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру процесiнiң негізi әрi бастауы және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiнде салық және бюджет саясатын iске асыру кезiндегі үйлестірушi құжат болып табылады.
1. Әлеуметтiк-экономикалық жағдай
§ 1. Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және әлеуметтік-экономикалық дамудың 2006-2008 жылдарға арналған негізгi көрсеткiштерi
Қазақстандық экономиканың қазiргi жай-күйi барынша қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен сипатталады, бұл экспортты, сондай-ақ аралық тұтыну тауарлары мен қызметтерiн дамытуға оң ықпал етедi.
1-кесте
Металдар мен мұнайдың орташа әлемдiк бағалары
| өлшем бір- лігі | 2001жыл | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жылғы қаң- тар- нау- рыз | 2004 жылғы қаң- тар- мау- сым | 2004 жылғы қаң- тар- қыр- күй- ек | 2004 жыл | 2005 жылғы қаң- тар- нау- рыз | 2005 жылғы қаң- тар- мау- сым |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
мыс | долл/ тонна | 1578 | 1559 | 1779 | 2731 | 2760 | 2790 | 2866 | 3268 | 3328 |
қор- ға- сын | долл/ тонна | 476 | 453 | 515 | 844 | 828 | 863 | 887 | 978 | 982 |
мы- рыш | долл/ тонна | 886 | 779 | 828 | 1070 | 1049 | 1026 | 1048 | 1315 | 1294 |
ал- тын | долл/ унция | 271 | 310 | 363, 5 | 408,4 | 400, 8 | 401 | 409,2 | 427, 1 | 427, 2 |
кү- міс | долл/ унция | 4,4 | 4,6 | 4,9 | 6,7 | 6,5 | 6,5 | 6,7 | 7 | 7,1 |
Bre№t мұ- найы | долл/ барр. | 24, 42 | 24, 97 | 28, 85 | 31, 95 | 33, 72 | 36, 34 | 38, 3 | 47, 64 | 49, 63 |
та- биғи газ | брит. терм. бірл. млн. | 4,06 | 3,05 | 3,91 | 3,87 | 3,92 | 4,06 | 4,28 | 5,49 | 5,69 |
би- дай (Ка- на- да) | долл/ тонна | 151,5 | 175, 8 | 177, 4 | 189, 6 | 187, 7 | 183, 3 | 186,5 | 200, 8 | 195, 9 |
би- дай (АҚШ қат- ты сор- ты) | долл/ тонна | 126,8 | 148, 1 | 146,1 | 164, 7 | 163, 2 | 158 | 156,9 | 151, 9 | 147 |
би- дай (АҚШ жұм- сақ сор- ты) | долл/ тонна | 107,7 | 130 | 138, 6 | 156, 6 | 152, 1 | 145, 7 | 144,4 | 145, 4 | 138, 8 |
Көзі: Дүниежүзілік банк
2005 жылғы 1 жарты жылдықта тазартылған мыстың 1 тоннасының орташа әлемдiк бағасы 2001 жылмен салыстырғанда 2,1 есе, металл мырыштiкi - 1,5 есе, алтынның бір унциясыныкі - 1,6 есе, мұнайдың бір баррелiнікі - 2 есе ұлғайды.
Қазақстандық экспорттың аса маңызды баптарына әлемдiк бағаның биiк деңгейi экспорттық пайданың өсуiне негiз болды. 1998 жылмен салыстырғанда 2004 жылы экспорттың номиналды ұлғаюы 3,7 есенi, ал мұнай экспорты бойынша - 6,4 есенi құрады. Бұл бағаның жоғары болуынан басқа осы кезеңде мұнай өндiрудің 2,4 есенi құрағанына байланысты. Қазiргi уақытта экспорт көлеміндегі мұнай үлесі 52,3%-ды құраса, 1998 жылы ол тек 27,4 %-ды құрады.
Экспортты дамытудың аталған қарқыны негiзiнен сыртқы экономикалық фактор есебiнен қазақстандық экономиканың экономикалық әлеуетінiң ұлғаю үрдiсiн сипаттайды. Сайып келгенде, бұл шағын экономика үшiн дамудың дұрыс бағыты, алайда Қазақстандағы экспорт өсiмi негiзiнен, шикiзатты және оның бастапқы өңдеу өнiмдерiн жеткiзу есебiнен қамтамасыз етiледi.
Қазақстандық экспорттың 1998-2008 жылдарындағы серпіні
Көзi: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Кестеде көрсетiлгендей, қазақстандық экспорттың сұлбасын мұнай сатудың серпінi айқындайды.
Соңғы жылдары экспорттың өсуi жалпы iшкi өнiмнiң (бұдан әрі - ЖIӨ) серпiнiне айтарлықтай әсер ете бастады. ЖIӨ көлемiнiң ұлғаюына баға факторының басып озу әсерi 2003 - 2005 жылдардағы экономика дамуының ерекшелiгi болып табылады. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда ЖIӨ-нiң 22,3 %-ға, оның iшінде өндірiстiң табиғи көлемiнiң 8,8 %-ға өсуi, өндiрiлген тауарлар мен қызметтерге бағаның 12,5 %-ға ұлғаюы есебiнен номиналды ұлғаюы болжанып отыр.
Елдегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң фискалдық саясаты мұнай мен металдардың әлемдiк бағаларының жоғары болуынан алынған кiрiстердi iшкi айналымнан шығару жөніндегі шараларды iске асыруға бағытталған.
Шикiзат экспортынан түсетiн үстеме кiрiстердiң барлығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрi - Ұлттық қор) шоғырландырылады, бұл ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттілігін қолдауға инфляция өсуiнiң жоспарланған өлшемдерiне қол жеткiзуге, "голланд ауруы" туындауының, яғни, өндiрiстiк құрылымның шикiзаттық салалардың пайдасына "тоқырауының" алдын алуға ықпал етедi.
Мысалы, энергия жеткiзгiштердiң әлемдiк бағасының айтарлықтай өсуi салдарынан елге шетелдiк валютаның ағылуы кiрiстердiң бір бөлiгін Ұлттық қорға аудару есебiнен ішiнара тазартылды.
2-кесте
Қазақстан Республикасының жалпы iшкi өнiмiнiң
2001-2004 жылдардағы серпiнi және 2008 жылға дейiнгi болжам
| 2001 есеп | 2002 есеп | 2003 есеп | 2004 есеп | болжам |
2005 баға- лау | 2006 | 2007 | 2008 |
ЖІӨ, млрд. теңге | 3250,5 | 3776,3 | 4612,3 | 5542,5 | 6780,0 | 8065,4 | 9183,8 | 10471,8 |
Ал- дыңғы жылға %-бен ЖІӨ- нің нақты өз- геруі | 113,5 | 109,8 | 109,3 | 109,4 | 108,8 | 108,3 | 108,3 | 108,9 |
ЖІӨ деф- лято- ры, % | 110,0 | 105,8 | 111,7 | 109,9 | 112,5 | 109,8 | 105,1 | 104,7 |
ЖІӨ- нің номи- налды өсуі, млрд. тең- ге, ал- дыңғы жылға шақ- қан- дағы өсім | | 525,8 | 835,7 | 930,5 | 1237,5 | 1285,4 | 1118,4 | 1288,0 |
оның ішінде: |
тау- арлар мен қыз- мет- тер өнді- рісі- нің таби- ғи көле- мінің өсуі есе- бінен | | 318,2 | 352,0 | 432,5 | 487,7 | 562,7 | 669,4 | 817,4 |
тау- арлар мен қыз- мет- терге баға- ның өсуі есе- бінен | | 207,6 | 483,6 | 498,0 | 749,8 | 722,7 | 449 | 470,6 |
Көздер: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігi, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Көптеген факторлар ecкepiлетін экономикалық өсу факторларын - капиталды, еңбек ресурстарын және жалпы факторлық өнiмділіктi талдау 2000-2004 жылдары экономикалық өсу негiзiнен, капиталдың өсуi есебiнен және aз деңгейде жалпы факторлық өнiмділiктiң (бұдан әрi - ЖФӨ) өсуi есебiнен қамтамасыз етiлгенін көрсетедi.
3-кесте
Қазақстандық экономиканың өсу факторлары
Пайызбен
| 2000 жыл | 2001 жыл | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл (бағалау) | 2000- 2004 жылдар |
Капитал | 3,4 | 5,9 | 8,4 | 7,6 | 4,4 | 6,0 |
Еңбек | 0,6 | 2,8 | 0,1 | 1,5 | 0,9 | 1,2 |
ЖФО | 5,8 | 4,8 | 1,3 | 0,2 | 4,1 | 3,2 |
ЖІӨ өсуі | 9,8 | 13,5 | 9,8 | 9,3 | 9,4 | 10,4 |
Көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
2000-2004 жылдары экономикалық өсуге капитал факторының
үлесi орта есеппен 6 %-ды, еңбек факторының үлесi - 1,2 %-ды құрады. Жалпы факторлық өнімділiктің өсу үлесi 3,2 % құрады. Қарастырылып отырған кезеңде экономикалық өсудiң негізгi факторы негізгі капиталды ұлғайту болып табылды.
Экономикадағы негізгі қорлардың айтарлықтай тозуын ескерсек, осы даму кезiнде бұл ақталған болып табылады. Уақыт өте келе дамыған елдер экономикасының өсуiне негізгi үлес қосатын жалпы факторлық өнiмдiлiктiң артуы негiзгi өсу факторына айналуға тиiс.
Жалпы еңбек өнімдiлігі факторы экономикадағы еңбек өнiмділiгiнiң өсуiн ғана емес, жүргiзiлiп жатқан құрылымдық реформаларды, адами капитал мен технологияларды пайдалану тиiмділігін де көрсететінiн айта кету қажет.
2000-2001 жылдары экономиканың өсуiне реформалардың әсерi ерекше болды. 2002-2003 жылдары олардың тиiмдiлігінiң едәуiр төмендеуi байқалды, бұл 2004 жыл қорытындылары бойынша айтарлықтай өсуге алмасты.
Негiзгi капиталдың жинақталуы ұзақ мерзiмдi перспективада экономика өсуiнiң басты факторы бола алмайтынын ескерсек, жүргізiлiп жатқан реформалардың тиімдiлігі, еңбек өнiмділігінiң, инновациялардың және адами капиталдың өсуі қазақстандық экономиканы дамытудың басты факторлары болуы тиiс.
Халықаралық капитал рыноктарында жоғары iшкi сұраныс пен қарыз ресурстарының салыстырмалы төмен құны байқалуда. Бұл Қазақстанға шетелдiк инвестициялардың едәуiр көлемiн тарту үшiн басты ынталандыру болды. Бұл ретте, Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiнiң жоғары бағасы қазақстандық қарыз алушылар үшін шетелдiк капитал құнының төмендеуіне ықпал етті. Аca iрi халықаралық рейтингтiк агенттіктер тұтастары республикаға да, қазақстандық жетекшi банктерге де инвестициялық санатқа жататын рейтингтердi бердi.
Экспорттық кірістердiң күрт өсуі және қарыз капиталының ағылуы сияқты iшкi валюта рыногына жасалған қысымның салдары теңгенiң АҚШ долларына қатысты айырбас бағамының номиналды қымбаттауы болды - биржалық айырбас бағамы номиналды мәнде жыл басынан берi 9,3%-ға нығайып, 2004 жылдың соңында бір доллар үшiн 130 теңгенi құрады. Алдын ала болжамдар бойынша 2005-2008 жылдары орташа жылдық инфляция деңгейi 5-7% аралығында болады.
Iшкi рынокта валюта сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрi - Ұлттық Банк) халықаралық резервтерi өсiмiнiң негізгі көзi болды, бұл жыл бойы екi есе дерлiк көбейдi және 2004 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 9,3 млрд. АҚШ долл. бағаланды. Халықаралық резервтердiң бұл қоры тауарлар мен қызметтер импортын қаржыландырудың қажеттілігін 4,5 айдан астам қамтамасыз етедi.
4-кесте
Қазақстанның сыртқы секторының негiзгi көрсеткiштерi1
| 2000 жыл | 2001 жыл | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл |
Ағымдағы опе- рациялардың шот сальдосы (млн.долл2) | 366 | -1390 | -1024 | -270 | 533 |
ЖІӨ-ге %-бен | 2,0 | -6,3 | -4,2 | -0,9 | 1,3 |
Тауарлар мен қызметтер экспорты (кезең үшін млн. долл.) | 10341 | 10188 | 11567 | 14945 | 22604 |
ЖІӨ-ге %-бен | 56,5 | 46,0 | 47,0 | 50,2 | 55,5 |
Тауар мен қызметтер импорты (кезең үшін млн. долл.) | 8970 | 10579 | 11578 | 13306 | 18805 |
ЖІӨ-ге %-бен | 49,0 | 47,8 | 47,1 | 44,7 | 46,1 |
Тікелей шетелдiк инвестиция- лардың нетто-ағымы (кезең үшін млн. долл.) | 1278 | 2861 | 2164 | 2210 | 5548 |
ЖІӨ-ге %-бен | 7,0 | 12,9 | 8,8 | 7,4 | 13,6 |
Ұлттық Банктің халықаралық резервтерi (кезең соңында млн. долл.) | 2102 | 2508 | 3141 | 4962 | 9280 |
тауарлар мен қызметтер импорты айларда | 2,8 | 2,9 | 3,3 | 4,5 | 4,5 |
Ағымдағы бағалардағы ЖIӨ (кезең үшін млрд. теңге) | 2600 | 3251 | 3776 | 4612 | 5543 |
нақты өсу (%) | 9,8 | 13,5 | 9,8 | 9,3 | 9,4 |
Мұнай мен газ конденсатының экспорты (млн. тонна) | 27,7 | 32,4 | 39,3 | 44,3 | 52,4 |
Шикi мұнайдың әлемдiк бағасы (баррель/USD спот, жылына орта есеппен) | 28,2 | 24,5 | 24,9 | 28,9 | 37,7 |
KZT/USD биржалық айырбас бағамы (кезең үшін орта есеппен) | 142,26 | 146,92 | 153,49 | 149,45 | 135,92 |
Нақты тиiмдi айырбас бағамы индексiнiң өзгеруi (өткен жылдың желтоқсанына %-бен) | 2,5 | -1,5 | -7,4 | -2,5 | 6,1 |
Көзi: Ұлттық Банк
1 2000-2003 жылдардағы ағымдағы операциялар шоты бойынша мәліметтер тауарлар импорты кезінде жалдау және сақтандыру жөніндегі шығыстарды есептеу әдістемесін нақтылау нәтижесінде мәліметтерді қайта қарау ескеріле отырып келтірілген.
2 Осындай және бұдан әрі млн. АҚШ доллары.
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының соңғы үш жылдағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау экономиканың тұрақты жоғары даму қарқыны сақталған кезде орта мерзiмдi кезеңде сыртқы және iшкi рыноктарда экономиканың шикiзат емес секторларының бәсекеге қабiлеттілігіне едәуір әсер етуі мүмкiн жаңа үрдiстер нақты көрiнiс бере бастады.
Қазiргi уақытта экономиканың "қызып кетуiне" жол бермеу ең өзектi мәселелердiң бірi болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан экономикасының дамуына ықпал ететiн сыртқы факторлар айтарлықтай өзгердi. Бұл, ең алдымен, мұнай экспортының жоғары өсу қарқынына және мұнайдың, газ бен металдардың әлемдiк бағаларының ұлғаюына, АҚШ долларының әлемдiк валюта рыногындағы айырбас бағамының өзгеруiне, елге шетелдiк капиталдың едәуір ағылуына байланысты.
Бүгінгі күнi Қазақстан экономикасында экономиканың "қызып кетуiнiң" нақты қаупін айғақтайтын үрдiстер белгiлi болды. Бұл мұнай секторының экономикалық өсуге ықпалының ұлғаюы, инфляциялық процестердің жеделдеуі, сыртқы берешек пен екiншi деңгейдегi банктердiң кредит беру көлемдерiнiң шамадан тыс өсуi, ұлттық валютаның нақты нығаюы.
Ұлттық қор қаражатын есепке ала отырып, бюджеттің жалпы профициті мен мұнай кiрiстерiн жинақтау үлесі азаюда ал мұнай емес сектордың тапшылығы өсуде. Соңғы жылдары мемлекеттік бюджет шығыстарының орташа өсу қарқыны номиналды ЖIӨ-нiң өсу қарқынын басып озды.
Қазақстандық экономиканың шикiзат емес салаларының бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі орта мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын (бұдан әрi - Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы) iске асыру қарқынын едәуір бәсеңдетуi, сондай-ақ шикiзат салаларының пайдасына қарай экономика құрылымына келеңсiз әсер етуi мүмкiн.
Экономиканың "қызып кетуiн" болдырмайтын фискалдық саясат жүргізу мақсатында:
фискалдық саясаттағы негізгi өлшем ретiнде пайдалануға болатын бюджеттiң мұнай емес тапшылығы жөніндегі оңтайлы орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi бағдарларды айқындау;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасының жобасында көзделетiн Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тетігін пайдалану қажет.
Макроэкономикалық тұрақсыздыққа жол бермеу және Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөнiнде жүйелi шараларды жалғастыру үшін Орта мерзiмдi фискалдық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары жобасының басты мiндеттерiн iске асыруға:
2006-2008 жылдары орташа жылдық инфляцияның 7 %-дан жоғары өсуiне жол бермеуге;
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөнiнде жүйелi шаралар жүргiзуге;
телекоммуникациялар, энергетика және темір жол көлiгі саласында монополиялық құрылымдарды қайта құрылымдауға;
экономикалық өсудi қамтамасыз ету жөніндегі қарқынды факторлардың үлесiн арттыруға бағытталатын болады.
Бұл мiндеттердi шешу Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілеттi экономика үшiн, бәсекеге қабілеттi халық үшiн" және "Қазақстан экономикалық әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына жолдауларын iске асыруға ықпал етуi тиiс.
§ 2. Мемлекеттік бюджеттi атқару
2004 жылғы мемлекеттік бюджеттi атқару қорытындылары бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер ЖIӨ-ге 23,5 %-ды, оның iшiнде кiрiстер - ЖIӨ-ге 23,2 %-ды, оның iшiнде салықтық түсiмдер - ЖIӨ-ге 21,4 %-ды, салықтық емес түсiмдер - ЖIӨ-ге 1,5 %-ды, капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кiрiстер - ЖIӨ-ге 0,3 %-ды құрады, кредиттер ЖIӨ-ге 0,3 % қайтарылды.
2004 жылы мемлекеттік бюджет шығыстары ЖIӨ-ге 23,9 %-ды құрады.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖIӨ көлемiнiң 0,3 %-ын құрады.
2005 жылы түсiмдер ЖIӨ-ге 23,5 %-ды, шығыстар - ЖIӨ-ге 25,5%-ды, мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖIӨ-ге 1,9 %-ды құрайды деп болжанып отыр.
Мемлекеттік бюджет көрсеткiштерiнiң 2003-2005 жылдардағы серпiнi 5-кестеде келтiрілген.
5-кесте
Мемлекеттік бюджет көрсеткiштерiнiң
2003-2005 жылдардағы серпіні
ЖIӨ-ге пайызбен
Атауы | 2003 жыл есеп | 2004 жыл есеп | 2005 жылы бағалау |
1 | 2 | 3 | 4 |
Түсімдер | 22,2 | 23,5 | 23,5 |
Кірістер | 21,8 | 23,2 | 23,3 |
Салықтық түсімдер | 20,5 | 21,4 | 22,2 |
Салықтық емес түсімдер | 1,0 | 1,5 | 0,7 |
Негізгі капиталды сатудан түсімдер | 0,3 | 0,3 | 0,5 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0,4 | 0,3 | 0,2 |
Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер | | | 0,1 |
Шығыстар | 23,2 | 23,9 | 25,5 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету | 1,4 | 1,5 | 1,5 |
Қорғаныс | 1,0 | 1,0 | 1,2 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық атқару қызметі | 2,0 | 2,1 | 2,2 |
Білім беру | 3,3 | 3,5 | 3,9 |
Денсаулық сақтау | 1,9 | 2,4 | 2,7 |
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек | 5,2 | 4,9 | 5,1 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 0,8 | 1,2 | 1,9 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік | 0,7 | 0,8 | 0,8 |
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану | 0,2 | 0,5 | 0,4 |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары | 1,4 | 1,5 | 1,4 |
Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі | 0,1 | 0,0 | 0,1 |
Көлік және коммуникация | 1,8 | 1,9 | 1,9 |
Өзгелер | 2,3 | 1,6 | 1,6 |
Борышқа қызмет көрсету | 0,8 | 0,6 | 0,5 |
Ресми трансферттер | 0,3 | 0,2 | 0,2 |
Бюджет тапшылығы (профициті) | -1,0 | -0,3 | -1,9 |
Анықтамалық: ЖІӨ, млрд. теңге | 4612,0 | 5542,0 | 6780,0 |
§ 3. Бюджет жүйесін жетілдіру
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi (бұдан әрi - Бюджет кодексi) қолданысқа енгiзiлгеннен берi бюджет процесiн ұйымдастыру соның нормалары негiзiнде жүзеге асырылады.
Бюджет кодексiнiң қабылдануы орта мерзiмдi жоспарлаудың рөлiн күшейтуге мүмкiндiк бердi және бюджет жүйесіндегі заңнаманы үйлестiрудi қамтамасыз eттi.
Елдегi экономикалық және бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу практикасы тұрғысынан алдағы үш жылға арналған фискалдық саясат мемлекеттiң ұзақ мерзiмдi, орта мерзiмдi бағдарламалық құжаттарына сәйкес құрылатын болады.
Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға
арналған орта мерзімді фискалдық саясатын қалыптастыру
Бюджет кодексiн iске асыру үшiн 31 нормативтiк құқықтық кесiм, оның iшiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің және төтенше мемлекеттік бюджеттің жобаларын әзiрлеу, сондай-ақ жергілікті бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыздарын тiркеу және есепке алу, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi атқару тәртібін айқындайтын ереже қабылданды.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік өтiнiм жасау және ұсыну ережесi қабылданған Бюджет кодексiне сәйкес келтiрiлдi.
Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, орындау және олардың орындалуын iшкi бақылау процесiнде олардың тиiмділiгіне бағалау жүргiзу тәртібін және көрсеткiштерiнiң жүйесiн айқындау мақсатында Бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды жүргiзу ережесi әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 шiлдедегі № 779 қаулысымен бекiтілдi.
Бюджеттік бағдарламаларға тән егжей-тегжейлi ерекше өлшемдер мен көрсеткiштердi белгiлей отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды біртiндеп енгізу мақсатында 2005-2007 жылдарға арналған бюджет процесiне бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігін бағалауды енгізу жөніндегі iс-шаралар жоспары әзiрлендi және пилоттық бюджеттік бағдарламалар тiзбесi айқындалды.
Сондай-ақ пилоттық бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалау өлшемдерi мен көрсеткiштерiнiң тiзбесi және оларды пайдалану жөніндегі әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлендi.
Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін пилоттық бағалау бюджет процесiнiң барлық сатысында жүргiзiлетiн болады, бұл бюджеттік бағдарламалар бойынша тиiмдiлiктi бағалауды түсiнудi және енгізудi жеңiлдетуге мүмкiндiк бередi.
Кейiннен тиiмдiлiктi бағалауды барлық бюджеттік бағдарламаларға тарату және әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша ерекше өлшемдер мен көрсеткiштердi әзiрлеу ұйғарылып отыр.
Бюджет кодексiнiң 71-бабына сәйкес бюджеттік процеске нормативтік жоспарлау әдiсiн кезең-кезеңімен енгізу шеңберiнде орталық мемлекеттік органдар қолданыстағы нормативтік құқықтық кесiмдердi қайта қарау және ведомстволық бұйрықтармен, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларымен бекітілген заттай нормалар өзектi болған жағдайда оларды қайта бекіту жөнiнде жұмыс жүргізiп жатыр.
Мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жетiлдiру шеңберінде жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар бюджет қаражатын оңтайлы және тиiмдi жұмсауға бағытталған.
Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердiң, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындардың иелiгiндегі ақшаны тиiмдi пайдалану мақсатында олардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруы процесiнде туындаған қатынастарды реттеу "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңымен (бұдан әрi - Заң) жүзеге асырылады.
Бюджет қаражатын уақтылы және сапалы игеру, мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жақсарту мақсатында 2004 жылы Заңға өзгерістер енгізiлдi, бұл өзгерістерге сәйкес мемлекеттік органдар мен мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар конкурстық рәсiмдердi бюджет (бизнес-жоспар) бекiтілгеннен кейiн бірден бастауға құқылы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды жетiлдiру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған іс-шараларды орындау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуы үшiн жауапкершілігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегi тәртiп пен реттілiкті нығайту жөнiңдегi шаралар туралы" 2005 жылғы 14 сәуiрдегі № 1550 Жарлығы бекітілдi. Бұған сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік сатып алудың тендерлік жүйесінен басымды биржалық саудаға, сондай-ақ бюджет қаражатын жұмсаудың ашық және тиiмдi қағидаттарындағы электрондық мемлекеттік сатып алуға көшу үшiн жағдайлар жасау жөнiнде iс-шаралар жүргізетiн болады.