“Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 27 мамырдағы № 523 Қаулысы
Осы редакция 2005 ж. 26 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бюджет кодексiнiң 70-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты бекітілсiн.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 27 мамырдағы
№ 523 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді
фискалдық саясаты
Кіріспе
1. Әлеуметтiк-экономикалық жағдай
§ 1 Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және
әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2006-2008 жылдарға
арналған негізгi көрсеткiштерi
§ 2 Мемлекеттік бюджеттiң атқарылуы
§ 3 Бюджет жүйесiн жетiлдiру
2. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi
3. Кiрiстер саясаты
4. Шығындар саясаты
5. Бюджеттік кредит беру
6. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар
7. Бюджетаралық қатынастар
8. Мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген
қарыз алу мен борышты басқару
Қорытынды
Кiрiспе
Алдыңғы жылдардың бюджеттерi келер жылдардың бюджеттерiн қалыптастыруға және атқаруға едәуiр ықпал етедi. Ұзақ мерзiмдi кезеңде оларды атқару тиiмділiгiн барынша ұлғайту үшiн бірнеше жылға есептелген тиiстi іс-қимыл бағдарламасының болуы қажет. Мұндай бағдарламаның негізгі өлшемдерiн мемлекеттік билiк органдарының бюджет саясаты айқындайды. Экономикалық саясаттың бір бөлiгі бола отырып, фискалдық саясат бюджет қаражатын қалыптастырумен және жұмсаумен байланысты құралдарды пайдаланады. Бюджеттік тетiктердi тарту туралы сөз қозғалғанда, кiрiстер мен шығыстар бойынша жеке-жеке емес, тұтастай жоспарланып отырған нәтижеге ықпал етуге қабілеттi барлық ықтимал факторларды барынша ескеру қажет. Сондықтан экономикалық мiндеттердi мемлекеттік деңгейде шешу үшiн мемлекеттік бюджеттендіру элементтерiн, оларға фискалдық саясат деп аталатын бірыңғай тұжырымдама шеңберiнде сүйене отырып пайдалану қабылданған.
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрі - Орта мерзiмдi фискалдық саясат) Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабілеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлетті экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы және "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарының жобасы (бұдан әрі - Әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспарының жобасы), Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткiштерiнiң және үш жылдық кезеңге арналған мемлекеттік реттеуiштердiң болжамы, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар мен басқа да стратегиялық және бағдарламалық құжаттар негізiнде әзiрлендi.
Орта мерзiмдi фискалдық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың негiзгi бағыттарын iске асырудың негiзгi тетiктерiн (тәсiлдерiн) - кiрiстер мен шығындар саясатын, бюджеттік кредит берудi, қаржы активтерiн басқаруды, бюджетаралық қатынастарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдiк берген қарыз алу мен борышты басқаруды қамтиды.
Орта мерзiмдi фискалдық саясатты әзiрлеу мынадай мақсаттарға қол жеткiзуге:
алдағы үш жылдық кезеңге арналған қолда бар ресурстар көлемiн айқындауға;
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң фискалдық стратегиясын және оның ағымдағы және келешектегі мақсаттарына қол жеткiзу жөніндегі жоспарларын белгiлеуге;
стратегиялық басымдықтарды iске асыруға арналған шектеулi бюджет ресурстарын бөлу жөніндегі шешiмдердi қабылдауға ден қоюға;
келешекте бюджеттiң шектеулерi мен мүмкiндiктерiн барынша жақсы түсiнудi қамтамасыз етуге;
бюджет процесiнiң тиiмдiлігі мен ашықтығын жоғарылатуға;
бюджет процесiнiң дәйектілiгін қамтамасыз етуге және фискалдық тәртiптi жоғарылатуға бағытталған.
Бұл құжатта Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған фискалдық саясатының негiзгi мақсаттары, мiндеттерi мен бағыттары айқындалған.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты 2006 жылға арналған республикалық бюджет жобасын қалыптастыру процесiнiң негізi әрi бастауы және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерiнде салық және бюджет саясатын iске асыру кезіндегі үйлестірушi құжат болып табылады.
1. Әлеуметтiк-экономикалық жағдай
§ 1 Елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау және
әлеуметтiк-экономикалық дамудың 2006-2008 жылдарға арналған негізгі көрсеткiштерi
Қазақстандық экономиканың қазiргi жай-күйi барынша қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен сипатталады, бұл экспортты, сондай-ақ аралық тұтыну тауарлары мен қызметтерiн дамытуға оң ықпал етедi.
1-кесте
Металдар мен мұнайдың орташа әлемдiк бағалары
| өлшем бірлiгі | 2001 жыл | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жылғы қаңтар- наурыз |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
мыс | тонна/ долл | 1578 | 1559 | 1779 | 2731 |
қорғасын | тонна/ долл | 476 | 453 | 515 | 844 |
мырыш | тонна/ долл | 886 | 779 | 828 | 1070 |
алтын | унция/ долл | 271 | 310 | 363,5 | 408,4 |
күміс | унция/ долл | 4,4 | 4,6 | 4,9 | 6,7 |
Brent мұнай | барр./ долл | 24,42 | 24,97 | 28,85 | 31,95 |
табиғи газ | брит. терм. бірл. млн. | 4,06 | 3,05 | 3,91 | 3,87 |
бидай (Канада) | тонна/ долл | 151,5 | 175,8 | 177,4 | 189,6 |
бидай (АҚШ қатты сортты) | тонна/ долл | 126,8 | 148,1 | 146,1 | 164,7 |
бидай (АҚШ қатты сортты) | тонна/ долл | 107,7 | 130 | 138,6 | 156,6 |
кестенің жалғасы
| 2004 жылғы қаңтар- маусым | 2004 жылғы қаңтар- қыркүйек | 2004 жыл | 2005 жылғы қаңтар- наурыз |
1 | 7 | 8 | 9 | 10 |
мыс | 2760 | 2790 | 2866 | 3268 |
қорғасын | 828 | 863 | 887 | 978 |
мырыш | 1049 | 1026 | 1048 | 1315 |
алтын | 400,8 | 401 | 409,2 | 427,1 |
күміс | 6,5 | 6,5 | 6,7 | 7 |
Brent мұнайы | 33,72 | 36,34 | 38,3 | 47,64 |
табиғи газ | 3,92 | 4,06 | 4,28 | 5,49 |
бидай (Канада) | 187,7 | 183,3 | 186,5 | 200,8 |
бидай (АҚШ қатты сортты) | 163,2 | 158 | 156,9 | 151,9 |
бидай (АҚШ қатты сортты) | 152,1 | 145,7 | 144,4 | 145,4 |
Көзi: Дүниежүзілік банк
2005 жылғы 1-тоқсанда тазартылған мыстың 1 тоннасының орташа әлемдiк бағасы 2001 жылмен салыстырғанда 2,1 есе, металл мырыштiкi - 1,5 есе, алтынның бір унциясыныкi - 1,6 есе, мұнайдың бір баррелiнiкi - 2 есе ұлғайды.
Қазақстандық экспорттың аса маңызды баптарына әлемдiк бағаның биiк деңгейi экспорттық пайданың өсуiне негiз болды. 1998 жылмен салыстырғанда 2004 жылы экспорттың номиналды ұлғаюы 3,7 есенi, ал мұнай экспорты бойынша - 6,4 есенi құрады. Бұл бағаның жоғары болуынан басқа осы кезеңде мұнай өндiрудiң 2,4 есенi құрағанына байланысты. Қазiргi уақытта экспорт көлеміндегі мұнай үлесi 52,3%-ды құраса, 1998 жылы ол тек 27,4%-ды құрады.
Экспортты дамытудың аталған қарқыны негізiнен сыртқы экономикалық фактор есебiнен қазақстандық экономиканың экономикалық әлеуетiнiң ұлғаю үрдiсiн сипаттайды. Сайып келгенде, бұл шағын экономика үшін дамудың дұрыс бағыты, алайда Қазақстандағы экспорт өсiмi негiзiнен, шикiзатты және оның бастапқы өңдеу өнiмдерiн жеткiзу есебiнен қамтамасыз етiледi.
1-диаграмма
Қазақстандық экспорттың 1998-2008 жылдардағы серпiнi
Кестеде көрсетiлгендей, қазақстандық экспорттың сұлбасын мұнай сатудың серпiнi айқындайды.
Соңғы жылдары экспорттың өсуi жалпы iшкi өнiмнiң (бұдан әрi - ЖIӨ) серпiнiне айтарлықтай әсер ете бастады. ЖIӨ көлемiнiң ұлғаюына баға факторының басып озу әсерi 2003-2005 жылдардағы экономика дамуының ерекшелiгi болып табылады. 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда ЖIӨ-нiң 18,7 %-ға, оның iшiнде өндiрiстiң табиғи көлемiнiң 8%-ға өсуi, өндiрiлген тауарлар мен қызметтерге бағаның 10%-ға ұлғаюы есебiнен номиналды ұлғаюы жоспарланып отыр.
Елдегi макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң фискалдық саясаты мұнай мен металдардың әлемдiк бағаларының жоғары болуынан алынған кiрiстердi iшкi айналымнан шығару жөніндегі шараларды iске асыруға бағытталған.
Шикiзат экспортынан түсетiн үстеме кiрiстердiң барлығы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына (бұдан әрi - Ұлттық қор) шоғырландырылады, бұл ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттілігiн қолдауға, инфляция өсуiнiң жоспарланған өлшемдерiне қол жеткiзуге, "голланд ауыруы" туындауының, яғни, өндiрiстiк құрылымның шикiзаттық салалардың пайдасына "тоқырауының" алдын алуға ықпал етедi.
Мысалы, энергия жеткiзгіштердiң әлемдiк бағасының айтарлықтай өсуi салдарынан елге шетелдiк валютаның ағылуы кiрiстердiң бір бөлiгін Ұлттық қорға аудару есебiнен iшiнара тазартылды.
2-кесте
Қазақстан Республикасының жалпы iшкi өнiмiнiң
2001-2004 жылдардағы серпiнi және
2008 жылға дейiнгі болжам
| 2001 есеп | 2002 есеп | 2003 есеп | 2004 баға- лау | болжам |
2005 | 2006 | 2007 | 2008 |
ЖIӨ, млрд. теңге | 3250,5 | 3776,3 | 4612,3 | 5542,5 | 6580,0 | 7808,3 | 8892,1 | 10141,4 |
Ал- дыңғы жылға %-бен ЖIӨ- нiң нақты өзге- руi | 113,5 | 109,8 | 109,3 | 109,4 | 108,0 | 108,0 | 108,3 | 108,5 |
ЖІӨ дефля- тор, % | 110,0 | 105,8 | 111,7 | 109,9 | 110,0 | 109,8 | 105,2 | 105,1 |
ЖIӨ- нiң номи- налды өсуi, млрд. теңге, ал- дыңғы жылға шақ- қан- дағы өсiм, | | 525,8 | 835,7 | 930,5 | 1037,6 | 1228,3 | 1083,8 | 1249,2 |
оның ішін- де: тауар- лар мен қыз- меттер өндi- рісі- нiң табиғи көле- мінің өсуі есе- бінен | | 318,2 | 352,0 | 432,5 | 441,0 | 528,5 | 644,3 | 757,2 |
тауар- лар мен қыз- мет- терге баға- ның өсуі есе- бінен | | 207,6 | 483,6 | 498,0 | 596,5 | 699,8 | 439,5 | 492,0 |
Көздер: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігi.
Көптеген факторлар ескерілетiн экономикалық өсу факторларын - капиталды, еңбек ресурстарын және жалпы факторлық өнiмдiлiктi талдау 2000-2004 жылдары экономикалық өсу негізiнен, капиталдың өсуi есебiнен және аз деңгейде жалпы факторлық өнiмдiлiктiң (бұдан әрi - ЖФӨ) өсуi есебiнен қамтамасыз етiлгенiн көрсетедi.
3-кесте
Қазақстандық экономиканың өсу факторлары
Пайызбен
| 2000 жыл | 2001 жыл | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл бағалау | 2000-2004 жылдар |
Капитал | 3,4 | 5,9 | 8,4 | 7,6 | 4,4 | 6,0 |
Еңбек | 0,6 | 2,8 | 0,1 | 1,5 | 0,9 | 1,2 |
ЖФӨ | 5,8 | 4,8 | 1,3 | 0,2 | 4,1 | 3,2 |
ЖІӨ өсуі | 9,8 | 13,5 | 9,8 | 9,3 | 9,4 | 10,4 |
Көзi: Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі
2000-2004 жылдары экономикалық өсуге капитал факторының үлесi орта есеппен 6 %-ды, еңбек факторының үлесi - 1,2 %-ды құрады. Жалпы факторлық өнiмдiлiктiң өсу үлесi 3,2 % құрады. Қарастырылып отырған кезеңде экономикалық өсудiң негізгі факторы негiзгi капиталды ұлғайту болып табылды.
Экономикадағы негiзгi қорлардың айтарлықтай тозуын ескерсек, осы даму кезеңiнде бұл ақталған болып табылады. Уақыт өте келе дамыған елдер экономикасының өсуiне негізгi үлес қосатын жалпы факторлық өнiмдiлiктiң артуы негiзгi өсу факторына айналуға тиiс.
Жалпы еңбек өнiмдiлiгi факторы экономикадағы еңбек өнiмдiлігінiң өсуiн ғана емес, жүргiзiлiп жатқан құрылымдық реформаларды, адами капитал мен технологияларды пайдалану тиiмділігiн де көрсететiнiн айта кету қажет.
2000-2001 жылдары экономиканың өсуiне реформалардың әсерi ерекше болды. 2002-2003 жылдары олардың тиiмдiлiгінiң едәуiр төмендеуi байқалды, бұл 2004 жыл қорытындылары бойынша айтарлықтай өсуге алмасты.
Негiзгi капиталдың жинақталуы ұзақ мерзiмдi перспективада экономика өсуiнiң басты факторы бола алмайтынын ескерсек, жүргiзiлiп жатқан реформалардың тиiмдiлiгi, еңбек өнiмдiлігінiң, инновациялардың және адами капиталдың өсуі қазақстандық экономиканы дамытудың басты факторлары болуы тиiс.
Халықаралық капитал рыноктарында жоғары iшкi сұраныс пен қарыз ресурстарының салыстырмалы төмен құны байқалуда. Бұл Қазақстанға шетелдiк инвестициялардың едәуір көлемiн тарту үшiн басты ынталандыру болды. Бұл ретте, Қазақстанның инвестициялық мүмкiндiктерiнiң жоғары бағасы қазақстандық қарыз алушылар үшiн шетелдiк капитал құнының төмендеуiне ықпал еттi. Аса iрi халықаралық рейтингтік агенттiктер тұтастай республикаға да, қазақстандық жетекшi банктерге де инвестициялық санатқа жататын рейтингтердi бердi.
Экспорттық кiрiстердiң күрт өсуi және қарыз капиталының ағылуы сияқты iшкi валюта рыногына жасалған қысымның салдары теңгенiң АҚШ долларына қатысты айырбас бағамының номиналды қымбаттауы болды - биржалық айырбас бағамы номиналды мәнде жыл басынан берi 9,3 %-ға нығайып, 2004 жылдың соңында бір доллар үшiн 130 теңгенi құрады.
Iшкi рынокта валюта сатып алу Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрi - Ұлттық Банк) халықаралық резервтерi өсiмiнiң негiзгi көзi болды, бұл жыл бойы екi есе дерлiк көбейдi және 2004 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 9,3 млрд. АҚШ долл. бағаланды. Халықаралық резервтердiң бұл қоры тауарлар мен қызметтер импортын қаржыландырудың қажеттілігін 4,5 айдан астам қамтамасыз етедi.
4-кесте
Қазақстанның сыртқы секторының негiзгі көрсеткiштерi1
| 2000 жыл | 2001 жыл | 2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл |
Ағымдағы операциялардың шот сальдосы (млн. долл.2) | 366 | -1390 | -1024 | -270 | 533 |
ЖIӨ-ге %-бен | 2,0 | -6,3 | -4,2 | -0,9 | 1,3 |
Тауарлар мен қызметтер экспорты (кезең үшін млн. долл.) | 10341 | 10188 | 11567 | 14945 | 22604 |
ЖIӨ-ге %-бен | 56,5 | 46,0 | 47,0 | 50,2 | 55,5 |
Тауарлар мен қызметтер импорты (кезең үшiн млн. долл.) | 8970 | 10579 | 11578 | 13306 | 18805 |
ЖIӨ-ге %-бен | 49,0 | 47,8 | 47,1 | 44,7 | 46,1 |
Тікелей шетелдiк инвес- тициялардың нетто-ағымы (кезең үшін млн. долл.) | 1278 | 2861 | 2164 | 2210 | 5548 |
ЖIӨ-ге %-бен | 7,0 | 12,9 | 8,8 | 7,4 | 13,6 |
Ұлттық Банктiң халықа- ралық резервтерi (кезең соңында млн. долл.) | 2102 | 2508 | 3141 | 4962 | 9280 |
тауарлар мен қызметтер импорты айларда | 2,8 | 2,9 | 3,3 | 4,5 | 4,5 |
Ағымдағы бағалардағы ЖIӨ (кезең үшін млрд. теңге) | 2600 | 3251 | 3776 | 4612 | 5543 |
нақты өсу (%) | 9,8 | 13,5 | 9,8 | 9,3 | 9,4 |
Май мен газ конденсатының экспорты (млн. тонна) | 27,7 | 32,4 | 39,3 | 44,3 | 52,4 |
Шикi мұнайдың әлемдiк бағасы (баррел/USD спот, жылына орта есеппен) | 28,2 | 24,5 | 24,9 | 28,9 | 37,7 |
KZT/USD биржалық айырбас бағамы (кезең үшін орта есеппен) | 142,26 | 146,92 | 153,49 | 149,45 | 135,92 |
Нақты тиiмдi айырбас бағамы индексiнiң өзгеруi (өткен жылдың желтоқса- нына %-бен) | 2,5 | -1,5 | -7,4 | -2,5 | 6,1 |
Көзi: Ұлттық Банк
______________________________
1 2000-2003 жылдардағы ағымдар операциялар шоты бойынша мәлiметтер тауарлар импорты кезiнде жалдау және сақтандыру жөніндегі шығыстарды есептеу әдiстемесiн нақтылау нәтижесiнде мәліметтердi қайта қарау ескеріле отырып келтiрілген.
2 Осында және бұдан әрi млн. АҚШ доллары.
Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының соңғы үш жылдағы әлеуметтiк-экономикалық дамуын талдау экономиканың тұрақты жоғары даму қарқыны сақталған кезде орта мерзiмдi кезеңде сыртқы және iшкi рыноктарда экономиканың шикiзат емес секторларының бәсекеге қабiлеттiлігіне едәуiр әсер етуi мүмкiн жаңа үрдiстер нақты көрiнiс бере бастады.
Бұл үрдiстер экономикаға шетелдiк капитал ағымының жоғары қарқыны салдарынан болып жатыр, бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің инфляцияға қарсы саясат жүргiзу саласындағы жұмысын едәуір қиындатады, сондай-ақ теңгенiң айырбас бағамының валюталар себетiне қатысты, әсiресе АҚШ долларына қатысты нақты нығаюының жоғары қарқынына алып келедi.
Қазақстандық экономиканың шикiзат емес салаларының бәсекеге қабiлеттілігiнiң төмендеуi орта мерзiмдi перспективада Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын (бұдан әрi - Индустриялық-инновациялық даму стратегиясы) iске асыру қарқынын едәуiр бәсеңдетуi, сондай-ақ шикiзат салаларының пайдасына қарай экономика құрылымына келеңсіз әсер етуi мүмкiн. Мұның нәтижесiнде Қазақстан экономикасы "голланд ауыруы" синдромына шалдығуы мүмкiн, онымен күресу көп күш-жiгер мен уақытты алады.
Макроэкономикалық тұрақсыздыққа жол бермеу және Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөнiнде жүйелi шараларды жалғастыру үшiн Орта мерзiмдi фискалдық саясат әлеуметтiк-экономикалық дамудың орта мерзiмдi жоспары жобасының басты мiндеттерiн iске асыруға:
2006-2008 жылдары орташа жылдық инфляцияның 7 %-дан жоғары өсуiне жол бермеуге;
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын iске асыру жөнiнде жүйелi шаралар жүргiзуге;
телекоммуникациялар, энергетика және темір жол көлiгi саласында монополиялық құрылымдарды қайта құрылымдауға;
экономикалық өсудi қамтамасыз ету жөніндегі қарқынды факторлардың үлесiн арттыруға бағытталатын болады.
Бұл мiндеттердi шешу Мемлекет басшысының "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" және "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына жолдауларын iске асыруға ықпал етуi тиiс.
§ 2 Мемлекеттік бюджеттің атқарылуы
2004 жылғы мемлекеттік бюджеттi атқару қорытындылары бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер ЖIӨ-ге 23,5 %-ды, оның iшiнде кiрiстер - ЖIӨ-ге 23,2 %-ды, оның ішінде салықтық түсiмдер - ЖIӨ-ге 21,4 %-ды, салықтық емес түсiмдер - ЖIӨ-ге 1,5 %-ды, капиталмен жасалатын операциялардан түсетiн кірістер - ЖIӨ-ге 0,3 %-ды құрады, кредиттерді ЖIӨ-ге 0,3 % қайтарылды.
2004 жылы мемлекеттік бюджет шығыстары ЖIӨ-ге 23,9 %-ды құрады.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖIӨ көлемiне 0,3 %-ды құрады.
2005 жылы түсiмдер ЖIӨ-ге 23,5 %-ды, шығыстар - ЖIӨ-ге 25,2%-ды құрайды, мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖIӨ-ге 1,7%-ды құрайды деп болжанып отыр.
Мемлекеттік бюджет көрсеткiштерiнiң 2003-2005 жылдардағы серпінi 5-кестеде келтiрiлген.
5-кесте
Мемлекеттік бюджет көрсеткiштерiнiң
2003-2005 жылдардағы серпiнi
ЖIӨ-ге пайызбен
Атауы | 2003 жыл есеп | 2004 жыл есеп | 2005 жыл бағалау |
Түсімдер | 22,2 | 23,5 | 23,5 |
Кiрiстер | 21,8 | 23,2 | 23,3 |
Салықтық түсiмдер | 20,5 | 21,4 | 22,3 |
Салықтық емес түсімдер | 1,0 | 1,5 | 0,6 |
Негiзгі капиталды сатудан түсетiн түсiмдер | 0,3 | 0,3 | 0,3 |
Бюджеттік кредиттерді өтеу | 0,4 | 0,3 | 0,2 |
Шығыстар | 23,2 | 23,9 | 25,2 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету | 1,4 | 1,5 | 1,4 |
Қорғаныс | 1,0 | 1,0 | 1,2 |
Қоғамдық тәртiп, қауiпсіздiк, құқық, сот, қылмыстық атқару қызметi | 2,0 | 2,1 | 2,2 |
Білiм беру | 3,3 | 3,5 | 3,5 |
Денсаулық сақтау | 1,9 | 2,4 | 2,6 |
Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік көмек | 5,2 | 4,9 | 5,3 |
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | 0,8 | 1,2 | 2,2 |
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк | 0,7 | 0,8 | 0,7 |
Отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану | 0,2 | 0,5 | 0,5 |
Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары | 1,4 | 1,5 | 1,4 |
Өнеркәсіп, сәулет, қала құ- рылысы және құрылыс қызметi | 0,1 | 0,0 | 0,0 |
Көлік және коммуникация | 1,8 | 1,9 | 1,7 |
Өзгелер | 2,3 | 1,6 | 1,8 |
Борышқа қызмет көрсету | 0,8 | 0,6 | 0,5 |
Ресми трансферттер | 0,3 | 0,2 | 0,2 |
Бюджет тапшылығы (профицитi) | - 1,0 | -0,3 | -1,7 |
Анықтамалық: ЖIӨ, млрд. теңге | 4612,0 | 5542,0 | 6580,0 |
§ 3 Бюджет жүйесiн жетiлдiру
2005 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi (бұдан әрi - Бюджет кодексi) қолданысқа енгізiлгеннен берi бюджет процесiн ұйымдастыру соның нормалары негiзiнде жүзеге асырылады.
Бюджет кодексiнiң қабылдануы орта мерзiмдi жоспарлаудың рөлiн күшейтуге мүмкiндiк бердi және бюджет жүйесіндегі заңнаманы үйлестiрудi қамтамасыз етті.
Елдегі экономикалық және бюджеттік саясатты қалыптастыру және жүргiзу практикасы тұрғысынан алдағы үш жылға арналған фискалдық саясат мемлекеттің ұзақ мерзiмдi, орта мерзiмдi бағдарламалық құжаттарына сәйкес құрылатын болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді
фискалдық саясатын қалыптастыру
Бюджет кодексiн iске асыру үшiн 31 нормативтiк құқықтық кесiм, оның iшiнде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң және төтенше мемлекеттік бюджеттiң жобаларын әзiрлеу, сондай-ақ жергілiктi бюджеттердiң жобаларын әзiрлеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарын тiркеу және есепке алу, республикалық және жергiлiкті бюджеттердi атқару тәртібін айқындайтын ереже қабылданды.
Бюджеттік бағдарламалар әкiмшілерiнiң бюджеттік өтiнiм жасау және ұсыну ережесi қабылданған Бюджет кодексiне сәйкес келтiрiлдi.
Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау, орындау және олардың орындалуын iшкi бақылау процесiнде олардың тиiмдiлігіне бағалау жүргiзу тәртібін және көрсеткiштерінің жүйесiн айқындау мақсатында Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгiн бағалауды жүргiзу ережесi әзiрлендi және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 21 шiлдедегi № 779 қаулысымен бекiтілдi.
Бюджеттік бағдарламаларға тән егжей-тегжейлi ерекше өлшемдер мен көрсеткiштердi белгiлей отырып, бюджеттік бағдарламалардың тиiмділігiн бағалауды біртiндеп енгізу мақсатында 2005-2007 жылдарға арналған бюджет процесiне бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалауды енгізу жөніндегі iс-шаралар жоспары әзiрлендi және пилоттық бюджеттік бағдарламалар тiзбесi айқындалды.
Сондай-ақ пилоттық бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлігін бағалау өлшемдерi мен көрсеткiштерiнiң тiзбесi және оларды пайдалану жөніндегі әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлендi.
Бюджеттік бағдарламалардың тиiмдiлiгін пилоттық бағалау бюджет процесiнiң барлық сатысында жүргізiлетiн болады, бұл бюджеттік бағдарламалар бойынша тиiмдiлiктi бағалауды түсiнудi және енгізудi жеңiлдетуге мүмкiндiк бередi.
Кейiннен тиiмдiлiктi бағалауды барлық бюджеттік бағдарламаларға тарату және әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша ерекше өлшемдер мен көрсеткiштердi әзiрлеу ұйғарылып отыр.
Мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жетiлдiру шеңберiнде жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар бюджет қаражатын оңтайлы және тиiмдi жұмсауға бағытталған.
Мемлекеттік органдардың, мемлекеттік мекемелердiң, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындардың иелiгіндегі ақшаны тиiмдi пайдалану мақсатында олардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтердi сатып алуды жүзеге асыруы процесiнде туындаған қатынастарды реттеу "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңымен (бұдан әрi - Заң) жүзеге асырылады.
Бюджет қаражатын уақтылы және сапалы игеру, мемлекеттік сатып алу рәсiмдерiн жақсарту мақсатында 2004 жылы Заңға өзгерістер енгiзiлдi, бұл өзгерістерге сәйкес мемлекеттік органдар мен мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындар конкурстық рәсiмдердi бюджет (бизнес-жоспар) бекітілгеннен кейiн бірден бастауға құқылы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі шараларды жетiлдiру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы әрекет етуге бағытталған iс-шараларды орындау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуы үшiн жауапкершiлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртiп пен реттіліктi нығайту жөніндегі шаралар туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі № 1550 Жарлығы бекітілдi. Бұған сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі мемлекеттік сатып алудың тендерлiк жүйесiнен басымды биржалық саудаға, сондай-ақ бюджет қаражатын жұмсаудың ашық және тиiмдi қағидаттарындағы электрондық мемлекеттік сатып алуға көшу үшiн жағдайлар жасау жөнiнде iс-шаралар жүргiзетiн болады.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберiнде "Электрондық мемлекеттік сатып алу" ақпараттық жүйесiн енгізу жөніндегі жұмыс жүргізiлуде.
Бюджет кодексiнiң 71-бабына сәйкес жоспарлаудың нормативтiк әдiсiн кезең-кезеңiмен енгізу шеңберiнде орталық мемлекеттік органдар қолданыстағы нормативтiк құқықтық кесiмдердi қайта қарау және ведомстволық бұйрықтармен, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулыларымен бекітілген заттай нормалар өзектi болған жағдайда оларды қайта бекіту жөнiнде жұмыс жүргiзуде.
2. Фискалдық саясаттың мақсаттары мен мiндеттерi
Орта мерзiмдi кезеңде фискалдық саясаттың негізгi мақсаты әлеуметтiк-экономикалық дамудың басым мiндеттерiн шешу үшiн салық-бюджет құралдарын тиiмдi қолдану, атап айтқанда Қазақстанды әлеуметтiк және экономикалық жедел жаңғыртуға бағытталған ел экономикасының бәсекеге қабiлеттілігін арттыру болып табылады.