(d) шоғырландырылған қаржылық есептіліктерінде тікелей ұйымдардың бірігуге дейін өтелмеген заңды еншілес ұйымның (есеп тұрғысынан сатып алушы) шығарылған қатысу үлесін осы ХҚЕС (IFRS) бойынша анықталған заңды бас ұйымның (есеп тұрғысынан сатылатын ұйым) әділ құнына қосу арқылы анықталған шығарылған қатысу үлесі ретінде танылған сомасы. Алайда, үлестік құрылым (яғни, шығарылған қатысу үлестерінің саны және түрі) заңды бас ұйымның (есеп тұрғысынан сатылатын ұйым) үлестік құрылымын көрсетеді, оның ішінде бірігуіді жүзеге асыру үшін, щығарылған бас ұйымның қатысу үлестері. Осыған сәйкес, заңды еншілес ұйымның (есеп тұрғысынан сатып алушы) үлестік құрылымы заңды бас ұйымның (есеп тұрғысынан сатылатын ұйым) кері сатып алуды шығарылған акцияларының санын көрсету үшін, сатып алу келісімінде белгіленген айырбас қатынасын қолданып қайта қаралады.
(e) В23 және В24 -тармақтарда талқыланғандай, басқарылмайтын үлестің заңды еншілес ұйымның (есеп тұрғысынан сатып алушы) бірігуге дейінгі үлестірілмеген табысының және басқа қатысу үлестерінің қаржылық жағдай есебі құнының пропорциялық үлесі.
Бақыламайтын пайыз
В23 Кері сатып алуда заңды сатылатын ұйымның (есеп тұрғысынан сатып алушы) кейбір иелері, өз қатысу үлестерін, заңды бас ұйымның (есеп тұрғысынан сатылатын ұйым) қатысу үлестеріне айырбастамауы мүмкін. Осындай иелер кері сатып алудан кейін дайындалған шоғырландырылған қаржылық есепте басқарылмайтын үлес ретінде есепке алынуға тиіс. Өйткені өз заңды қатысу үлестерін заңды бас ұйымның қатысу үлестеріне айырбастамайтын сатылатын ұйымның иелерінің - біріккен ұйымның нәтижелерінде және таза активтерінде емес - заңды сатылатын ұйымның нәтижелерінде және таза активтерінде ғана үлестері бар. Керісінше, заңды сатып алушы есеп тұрғысынан сатылатын ұйым ретінде қаралатынына қарамастан, заңды сатып алушының иелерінің біріккен ұйымның нәтижелерінде және таза активтерінде үлестері болады.
В24 Заңды сатылатын ұйымныңактивтері мен міндеттемелері бірігуге дейінгі қаржылық жағдай есебі құны бойынша шоғырландырылған қаржылық есепте танылады және бағаланады.(В22(а) -тармағын қараңыз). Сондықтан, кері сатып алуда басқарылмайтын үлес, басқа сатып алуда басқарылмайтын үлес сатып алу күніндегі әділ құны бойынша бағаланатын болса да, бірігуге дейін заңды сатылатын ұйымның таза активтерінің қаржылық жағдай есебі құнындағы акционерлердің пропорциялық басқарылмайтын үлесін көрсетеді.
Бір акцияға түсетін пайда
В25 В22(d) -тармағында баянадалғандай, кері сатып алудан кейін дайындалған шоғырландырылған қаржылық есепте ұсынылған капиталдың құрылымы, бизнесті біріктіруді жүзеге асыру үшін заңды сатып алушы қатысу үлестерімен қоса, заңды сатып алушының (есеп тұрғысынан сатылатын ұйым) капиталының құрылымын көрсетеді.
В26 Кері сатып алу орын алған кезеңнің ішінде айналыста тұрған (бір акцияға түсетін пайданы есептеудегі бөлгіш) қарапайым акциялардың орташа алынған санын есептеуде:
(а) осы кезеңнің басынан бастап сатып алу күніне дейін айналыста тұрған қарапайым акциялардың саны бірігу жөніндегі келісімде белгіленген айырбас қатынасына көбейтілген заңды сатылатын ұйымның (есеп тұрғысынан сатып алушы) осы кезеңде айналыста тұрған қарапайым акциялардың орташа алынған санын негізінде есептелуі тиіс; және
(b) сатып алу күнінен бастап осы кезеңнің аяғына дейін айналыста тұрған қарапайым акциялардың саны заңды сатып алушының (есеп тұрғысынан сатылатын ұйым) осы кезең ішінде айналыста тұрған қарапайым акцияларының нақты санына сәйкес келуге тиіс.
В27 Кері сатып алудан кейінгі шоғырландырылған қаржылық есепте ұсынылған сатып алу күніне дейінгі әрбір салыстырмалы кезең үшін бір акцияға түсетін негізгі пайда төмендегі (a)-ны (b)-ға бөлу арқылы есептелуі тиіс:
(a) Сол кезеңдердің әрқайсысындағы заңды сатылатын ұйымның қарапайым акциялардың иелеріне жатқызылатын пайдасын немесе залалын
(b) Сатып алу жөніндегі келісімде белгіленген айырбас қатынасына көбейтілген заңды сатылатын ұйымның айналыстағы қарапайым акцияларының бастапқы орташа санына
Сатып алынған нақты активтерді және қабылданған міндеттемелерді тану (10-13-тармақтардың қолданылуы)
Операциялық жалдау
В28 Сатып алушы В29 және В30 -тармақтарында талап етілгеннен басқа, сатылатын ұйым жалдаушы ұйым болып табылатын операциялық жалдауға қатысты, ешқандай активтер мен міндеттемелерді танымауы тиіс.
В29 Сатып алушы сатылатын ұйым жалдаушы ұйым болып табылатын әрбір операциялық жалдаудың шарттарының тиімді немесе тиімді еместігін анықтауы тиіс. Сатып алушы, егер шарттар нарық шарттарына қарағанда тиімді болса, материалдық емес активті тануы тиіс және егер шарттар нарық шарттарына қарағанда тиімсіз болса, міндеттемені тануы тиіс. В42 -тармақ сатылатын ұйым жалға беруші болатын операциялық жалдауға бағынышты активтердің сатып алу күніндегі әділ құнын бағалау бойынша нұсқаулар береді.
В30 Анықталатын материалдық емес актив операциялық жалдаумен бірігуі мүмкін, бұның дәлелі - экономикалық субъекттердің, жалдау нарық шарттары бойынша болса да, жалдау бағасын төлеуге дайын болуы. Мысалы, әуежайдағы гейтті немесе негізгі сауда аймағының даналап сату бөлімін жалдау нарыққа шығуды немесе мысалы, тұтынушы қатынасы ретінде, анықталатын материалдық емес актив санатына, жатқызылатын басқа болашақ экономикалық пайданы қамтамасыз етуі мүмкін. Осы жағдайда, сатып алушы В31 -тармағына сәйкес, біріктірілген анықталатын материалдық емес активті(-терді) тануы тиіс.
Материалдық емес активтер
В31 Сатып алушы гудвиллдан бөлек түрде ұйымдар бірігуінде сатып алынған анықталатын материалдық емес активтерді тануы тиіс. Материалдық емес актив, егер ол бөлектек талаптарын немесе келісімшарттық - заңдылық талаптарына сай болса, анықталатын болып табылады.
В32 Тіпті актив аударылмайтын немесе сатылатын ұйымнан немесе басқа құқықтардан және міндеттемелерден бөлектеуге келмейтін болса да, келісімшарттық-заңдылық талаптарына сай материалдық емес актив анықталатын болып табылады. Мысалы,
(a) Сатылатын ұйым өндіріс ғимаратын нарық шарттарымен салыстырғанда тиімді шарттармен реттелетін операциялық жалдау келісімі бойынша жалдайды. Жалдау шарттары жалдаудың басқаға өтуіне (сату немесе қайта жалға беру арқылы) айқын түрде тыйым салады. Сатып алушы жалдау келісімшартын сата алмаса да немесе басқаша аудара алмаса да, жалдау шарттарын сол немесе ұқсас ғимарат құрылыс бірліктері үшін ағымдағы нарық операцияларының шарттарымен салыстырғанда, тиімді ететін сома гудвиллдан бөлек тану бойынша келісімшарттық - заңдылық талаптарына сай материалдық емес актив болып табылады.
(b) Сатылатын ұйым атом электростанциясын иеленеді және қызметін жүзеге асырады. Сатып алушы оны атом электростанциясынан бөлек сата алмаса да немесе басқаша аудара алмаса да, атом электростанциясын жүргізуге лицензия гудвиллдан бөлек тану бойынша келісімшарттық - заңдылық талаптарына сай материалдық емес актив болып табылады. Сатып алушы қолданыстағы лицензияның әділ құнын және атом электростанциясының әділ құнын, олардың пайдалану мерзімдері бірдей болса, қаржылық есептілік тұрғысынан жалғыз актив ретінде тануына болады.
(c) Сатылатын ұйым технология патентін иеленеді. Ол сол патенттің лизенциясын ішкі нарықтан тыс арнайы қолдану үшін, орнына болашақ шетелдік түсімнің нақты пайызын қабылдау арқылы, басқаларға берген. Технологиялық патент те, онымен байланысты лизенциялық келісім де, патентті және онымен байланысты лизенциялық келісімді бір-бірінен бөлек сату немесе айырбастау мүмкін болмағанмен, гудвиллдан бөлек тану бойынша келісімшарттық - заңдылық талаптарына сай келеді.
В33 Бөлу талабы материалдық емес активті сатып алынған сатылатын ұйымнан, жеке өзін немесе оған қатысты келісімшартпен, анықталатын активпен немесе міндеттемемен бірге бөлектеуге немесе ажыратуға және сатуға, аударуға, лицензиясын беруге, жалдауға немесе айырбастау мүмкін болатындығын білдіреді. Сатып алушы сатуға, лицензиясын беруге немесе басқаша басқа бағалы нәрсеге айырбастай алатын материалдық емес актив, сатып алушы сатуға, лицензиясын беруге немесе басқаша айырбастауға ниеті жоқ болса да, бөлектеу талабынасай келеді.Сатып алынған материалдық емес актив, егер активтердің сондай түрлеріне немесе ұқсас активке айырбастау операцияларының дәлелдері болса, сол операциялар сирек кездесетін болса да, және сатып алушы оларға қатыспағандығына қарамастан бөлектеу талабынасай келеді. Мысалы, тұтынушы және жазылушы тізімдеріне жиі лицензия беріледі, осылайша бөлектеу талабына сай келеді. Сатылатын ұйым өз тұтынушыларының тізімі басқа тұтынушылар тізімдерінің сипаттамаларынан ерекшеленеді деп санаса да, тұтынушылар тізімдеріне жиі лицензия берілетіндігі негізінен сатп алынған тұтынушы тізімі бөлектеу талабынасай екендігін білдіреді. Дегенмен, ұйымдардың бірігуінде сатып алынған тұтынушы тізімі, егер құпиялық сақтау шарттары немесе басқа келісімдер ұйымға оның тұтынушылары туралы ақпаратты сатуға, жалдауға немесе басқаша айырбастауға тыйым салса, бөлектеу талабына сай келмейді.
В34 Сатылатын ұйымнан немесе біріккен ұйымнан жеке түрде бөлектенбейтін материалдық емес активті, онымен байланысты келісіммен, анықталатын актив немесе міндеттемемен бірге бөлектеу мүмкін болса, ол бөлектеу талабынасай келеді. Мысалы:
(a) Экономикалық субъекттер депозиттік міндеттемелерді және қатысты депозитші қатынасы материалдық емес активтерін айқын айырбас операциясында айырбастайды. Сондықтан, сатып алушы депозитші қатынасы материалдық емес активін гудвиллден бөлек тануы тиіс.
(b) Сатып алушы тіркелген сауда белгісін және сол сауда белігісі бар өнімді жасауға қолданылған құжатталған, бірақ патенттелмеген техникалық білімді иеленеді. Сауда белгісін иелену құқығын аудару үшін, иесінен жаңа иесіне бұрынғы иесі шығарғын өнім немесе қызметпен бірдей болатын өнімді немесе қызметті шығаруға қажетті басқа нәрселердің бәрін аударуды талап етіледі. Патенттелмеген техникалық білім, оған қатысты сауды белгісі сатылса, сатылатын ұйымнан немесе біріккен ұйымнан бөлектенуі және сатылуы тиіс болғандықтан, ол бөлектеу талабына сай келеді.
Қайта сатып алынған құқық
В35 Ұйымдардың бірігуінің бір бөлігі ретінде, сатып алушы бұрын өзі сатылатын ұйымға сатып алушының бір немесе бірнеше танылған немесе таныламаған активтерін қолдануға берген құқықты қайта сатып алады. Осындай құқықтардың мысалдарына сатып алушының сауда атауын франшиза келісімі бойынша қолдану құқығы немесе сатып алушының технологиясын технологияны лицензиялау келісімі бойынша қолдану құқығы жатады. Қайта сатып алынған құқық сатып алушы гудвиллден бөлек танитын анықталатын материалдық актив болып табылады. 29 -тармақта қайта сатып алынған құқықтарды бағалау бойынша нұсқаулар берілген және 55 -тармақта қайта сатып алынған құқықтарды өз кезегінде есепке алу бойынша нұсқаулар берілген.
В36 Егер қайта сатып алынатын құқықтарды туындататын келісімшарттың шарттары сол немесе ұқсас бірліктер бойынша ағымдағы нарықтық операциялар шарттарымен салыстырғанда, тиімді немесе тиімді емес болса, сатып алушы есеп айырысудың кірісі немесе шығысын тануы тиіс. В52 -тармағында айырысудың кірісі немесе шығысын есепке алу бойынша нұсқаулар берілген.
Құрама жұмыс күші және анықталмайтын басқа баптар
В37 Сатып алушы сатып алу күнінде анықталмайтын сатып алынған материалдық емес активтің құнын гудвиллғажатқызады. Мысалы, сатып алушы, сатып алушыға сатып алынған ұйымның қызметін сатып алу күнінен бастап жалғастыруға мүмкіндік беретін қызметтегі қызметкерлердің жинағынан тұратын құрама жұмыс күшінің болуына құн белгілеуі мүмкін. Құрама жұмыс күші кәсіби білімдері бар жұмыс күшінің зияткерлік капиталы - сатылатын ұйымның қызметкерлері өз жұмыстарына қолданатын білімдері (көбіне арнаулы) және тәжірибелері - болып табылмайды. Құрама жұмыс күші гудвиллдан бөлек танылатын анықталатын актив болмайтындықтан, оған тиесілі кез келген құн гудвиллге жатқызылады.
В38 Сатып алушы, сонымен бірге сатып алу күнінде актив санатына кірмейтін баптарға белгіленген кез келген құнды гудвиллге жатқызады. Мысалы, сатып алушы сатылатын ұйым болашақ жаңа тұтынушылармен сатып алу күнінде талқылап жатқан әуелетті келісімшарттарға құн белгілеуіне болады. Сол келісімшарттардың өздері сатып алу күнінде актив болып табылмайтындықтан, сатып алушы оларды гудвиллдан бөлектеп танымайды. Сатып алушы сол келісімшарттардың құнын кейінгі уақытта, сатып алу күнінен кейін орын алатын оқиғалар бойынша гудвиллдан қайта жіктемеуі тиіс. Дегенмен, сатып алушы бөлек танылатын материалдық емес активтің сатып алу күнінде орны алған - алмағандығын анықтау үшін, сатып алудан кейін тез арада орын алған оқиғалардың айналасындағы ақпараттар мен жағдайларды бағалауы тиіс.
В39 Бастапқы танудан кейін, сатып алушы ұйымдар бірігуінде сатып алынған материалдық емес активтерді 38 Материалдық емес активтер ХҚЕС-тың (IAS) ережелеріне сәйкес есепке алады. Дегенмен, 38 ХҚЕС-тың (IAS)
3-тармағында сипатталғандай, кейбір сатып алынған материалдық емес активтерді бастапқы танудан кейін есепке алу басқа ХҚЕС-тарда (IFRS) жазылған.
В40 Анықталу талаптары материалдық емес активтің гудвиллдан бөлек танылу - танылмауын шешеді. Дегенмен, бұл талаптар материалдық емес активтің әділ құнын бағалау бойынша нұсқаулар бермейді және материалдық емес активтің әділ құнын бағалауға қолданылған болжамдарға шек қоймайды. Мысалы, сатып алушы экономикалық субъекттер болашақ келісімшарттарды қайта жасауға үміт сияқты, әділ құнды бағалағанда қарастыратын, болжамдарды ескереді. Келісімдердің қайта жасалуының анықталу талаптарына сай болу міндетті емес (алайда, 29 -тармақты қараңыз, бұнда ұйымдар бірігуінде танылған, қайта сатып алынған құқықтар бойынша әділ құнды бағалау қағидатына кірмейтін ерекше жағдай белгіленген). 38 ХҚЕС-тың (IAS) 36 және 37 -тармақтарында материалдық емес актив басқа материалдық немесе материалдық емес активтермен бірге жалғыз есеп бірлігіне біріктірілуі қажет пе анықтау бойынша нұсқаулар берілген.
Сатылатын ұйымдағы нақты анықталатын активтердің және басқарылмайтын үлестің әділ құнын бағалау (18 және 19 -тармақтардың қолданылуы)
Белгісіз ақша қозғалыстары бар активтер (бағалау түзетпелері)
В41 Сатып алушы ұйымдар бірігуінде сатып алу күніндегі бөлек бағалау түзетпесін сатып алынған сатып алу күніндегі әділ құндары бойынша бағаланған активтер бойынша танымауы тиіс, себебі болашақ ақша қозғалыстары жөніндегі белгісіздік әсері әділ құнды бағалау шамасына енгізіледі. Мысалы, осы ХҚЕС (IFRS) сатып алушының сатып алынған, қарыздармен қоса, дебиторлық борыштарды олардың сатып алу күніндегі әділ құны бойынша бағалауын талап ететіндіктен, сатып алушы сол күні өтелмейтін деп саналған келісімшарттық ақша қозғалыстары бойынша бөлек бағалау түзетпесін танымайды.
Сатылатын ұйым жалға беруші болатын операциялық жалдау келісімдеріне бағынышты активтер
В42 Сатылатын ұйым жалға беруші болатын операциялық жалдау келісіміне бағынышты ғимарат немесе патент сияқты, активтің сату күніндегі әділ құнын бағалау кезінде, сатып алушы жалдау келісімнің шарттарын ескеруі тиіс. Басқаша айтқанда, егер В29 -тармағында сатылатын ұйым жалға алушы болатын жалдауларға қатысты талап етілгендей, операциялық жалдаудың шарттары, нарықтық шарттармен салыстырғанда, тиімді немесе тиімсіз болса, сатып алушы бөлек активті немесе міндеттемені танымайды.
Сатып алушы басқа экономикалық субъекттердің активті қолдану жолынан басқа жолмен қолданбауға немесе қолдануға ниеттенген активтер
В43 Бәсекелесу немесе басқа себептермен, сатып алушы сатып алынған активті, мысалы, материалдық емес ғылыми - техникалық және тәжірибелік - конструкторлық активтерді қолданбауға ниеттенуі мүмкін, немесе ол активті басқа экономикалық субъекттердің активті қолдану жолынан басқа жолменқолдануға ниеттенуі мүмкін. Солай бола тұра, сатып алушы активті, оны басқа экономикалық субъекттердің қолдану жолына сәйкес анықталған әділ құны бойынша, бағалауы тиіс.
Сатылатын ұйымдағы басқарылмайтын үлес
В44 Осы ХҚЕС (IFRS) сатып алушыға, сатылатын ұйымдағы басқарылмайтын үлесті, оның сатып алу күніндегі әділ құны бойынша, бағалауға мүмкіндік береді. Кейде сатып алушының басқарылмайтын үлестің сатып алу күніндегі әділ құнын сатып алушы иеленбейтін акционерлік капитал үлестің белсенді нарықтық бағаларының негізінде бағалауға мүмкіндігі болады. Басқа жағдайларда, дегенмен, акционерлік капитал үлестің белсенді нарықтық бағасы белгісіз болады. Осы жағдайларда, сатып алушы басқарылмайтын үлестің әділ құнын басқа бағалау әдістерін қолданып бағалайды.
В45 Сатып алушының сатылатын ұйымдағы үлесінің және басқарылмайтын үлесінің бір акцияға есептелген әділ құндары әртүрлі болуы мүмкін. Басты айырмашылық сатып алушының сатылатын ұйымдағы үлесінің бір акцияға есептелген әділ құнындағы басқару үстемесінің енгізілуі немесе, керісінше, басқарудың жоқтығы үшін басқарылмайтын үлестің бір акцияға есептелген әділ құнына жеңілдік (азшылық жеңілдігі деп те аталады) енгізілуі болуы ықтимал.
Гудвиллды немесе тиімді сатып алудан түскен кірісті бағалау
Сатып алушының сатылатын ұйымдағы үлесінің сатып алу күніндегі әділ бағалау тәсілдерін қолданып бағалау (33 -тармақты қолдану)
В46 Сыйақыны аударусыз қол жеткізілген ұйымдардың бірігуінде, сатып алушы гудвиллдынемесе тиімді сатып алудан түскен кірісті бағалау үшін, өзінің сатылатын ұйымдағы үлесінің сатып алу күніндегі әділ құнын аударылған сыйақының сатып алу күніндегі әділ құнының орнына қолдануы тиіс (32-34 -тармақтарын қараңыз). Сатып алушы өзінің сатылатын ұйымдағы үлесінің сатып алу күніндегі әділ құнын жағдайларға сәйкес болатын және тәсілге қажетті мәліметтер жеткілікті түрде табылатын бір немесе бірнеше бағалау тәсілдерін қолданып бағалағаны жөн. Егер бірнеше тәсілдер қолданылса, сатып алушы тәсілдердің нәтижелерін, қолданылған түскен мәліметтердің орындылығын және сенімділігін және қол жетімді мәліметтердің аумағын ескере отырып,бағалағаны жөн.
Өзара ұйымдардың бірігуіне сатып алу әдісін қолданғандағы арнайы ұсыныстар (33 -тармақты қолдану)
В47 Екі өзара ұйымдар біріккенде, сатылатын ұйымдағы қатысу үлесі немесе мүшелік үлестің әділ құны (немесе сатылатын ұйымның әділ құны) сатып алушы аударған мүшелік үлестердің әділ құнына қарағанда, сенімдірек бағалануы мүмкін. Осы жағдайда, 33 -тармақ сатып алушының, сатып алушының сыйақы ретінде аударылған сатып алушының қатысу үлесінің сатып алу күніндегі, әділ құнының орнына, сатылатын ұйымның қатысу үлесінің сатып алу күніндегі әділ құнын қолданып, гудвилл мөлшерін анықтауын талап етеді. Сонымен бірге, өзара ұйымдардың бірігуінде сатып алушы сатылатын ұйымның таза активтерін, үлестірілмеген табысқа қосымша ретінде емес, капиталға немесе үлеске тікелей қосымша ретінде өзінің қаржылық жағдай туралы есептілігінде тануы тиіс, бұл ұйымдардың басқа түрлерінің сатып алу әдісін қолдану жолымен сәйкес келеді.
В48 Көптеген жағынан басқа ұйымдарға ұқсас болса да, өзара ұйымдардың негізінен олардың мүшелері әрі тұтынушы, әрі ие болғандықтан пайда болатын айқын сипаттамалары бар. Өзара ұйымдардың мүшелері жалпы алғанда өз мүшеліктері үшін, көбіне тауарлар мен қызметтердің ақыларының азайтылуы немесе сатып алуға пропорциялық түрде берілетін дивидендтер түрінде, пайда табады деп күтіледі. Сатып алуға пропорциялық түрде берілетін дивидендтердің әрбір мүшеге бөлінген бөлігі көбіне жыл бойына өзара ұйыммен жасаған саудасының мөлшеріне негізделеді.
В49 Өзара ұйымның әділ құнын бағалауға, экономикалық субъекттердің өзара ұйым туралы жасайтын басқа кез келген орынды болжамдарымен бірге, экономикалық субъекттердің болашақ мүшелік пайда туралы жасайтын болжамдары, қосылуы керек. Мысалы, есептелген ақша қозғалысы бойынша тәсіл өзара ұйымның әділ құнын анықтауға қолданылуы мүмкін. Тәсілге кіретін мәліметтер ретінде қолданылатын ақша қозғалыстары, мүшелерге пайдалы болатын, тауарлар мен қызметтерге төленетін ақының азайтылуы сияқты, азайтуларды көрсетуі ықтимал өзара ұйымның күтілетін ақша қозғалыстарына негізделгені жөн.
Ұйымдар бірігуі операциясының бөлігін анықтау (51 және 52 -тармақтарды қолдану)
В50 Сатып алушы бір - бірін жоққа шығармайтын және өз алдына түпкілікті бола алмайтын төмендегі факторларды операция сатылатын ұйым орнына айырбастың бөлігі болу - болмауын немесе операцияның ұйым бірігуінен бөлек болу - болмауын анықтауда ескеруі тиіс:
(a) Операцияның себептері - бірігуші тараптар (сатып алушы және сатылатын ұйым және олардың иелері, директорлары және басқарушылары және олардың агенттері) неліктен нақты операцияны немесе келісімді жасағандығының себептерін түсіну операцияның аударылған сыйақының және сатып алынған активтердің немесе қабылданған міндеттемелердің бөлігі болу - болмауын ұғынуға септігін тигізеді. Мысалы, егер операция негізінен сатылатын ұйымның немесе оның бірігуіге дейінгі бұрынғы иелерінің пайдасына емес, сатып алушының немесе біріккен ұйымның пайдасына жүргізілген болса, операцияның төленген бағасының сол бөлігі (және кез келген қатысты активтер немесе міндеттемелер) сатылатын ұйымның орына айырбастың бөлігі болуы екіталай. Осыған сәйкес, сатып алушы сол бөлігін ұйым бірігуінен бөлек есепке алар еді.
(b) Операцияны кім ұсынды - операцияны кім ұсынғандығынтүсіну үшін, оның сатылатын ұйымының орнына айырбастың бөлігі болу - болмауын ұғынуға септігін тигізеді. Мысалы, сатып алушы ұсынған операция немесе басқа оқиға сатып алушыны немесе біріккен ұйымды болашақ экономикалық пайдамен қамтамасыз ету мақсаттары үшін, сатылатын ұйымға немесе оның бұрынғы иелеріне аз пайда түсуімен немесе ешқандай пайда түспей жасалуы мүмкін. Басқа жағынан қарағанда, сатылатын ұйым немесе оның бұрынғы иелері ұсынған операция немесе келісімнің сатып алушыға немесе біріккен ұйымға пайда әкелуі екіталай және ұйымдардың бірігу операциясының бөлігі болуының ықтималдығы зор.
(c) Операцияның мерзімдері - операцияның мерзімдері оның сатылатын ұйымның орнына айырбастың бөлігі болу - болмауын ұғынуға септігін тигізеді. Мысалы, ұйымдардың бірігуінің шарттарын талқылау кезінде орын алған сатып алушы мен сатылатын ұйым арасындағы операция сатып алушыны немесе біріккен ұйымды болашақ экономикалық пайдамен қамтамасыз ететін ұйымдардың бірігуін ойластыру кезінде жасалуы мүмкін. Егер солай болса, сатылатын ұйым немесе ұйымдардың бірігуіне дейінгі оның бұрынғы иелері операциядан, біріккен ұйымның бөлігі ретінде қабылдайтын пайдаларынан басқа, аз пайда қабылдауы немесе пайда алмауы ықтимал.