Шолудың мақсаты бағалаулар барлық сатып алу күніндегі қолда бар ақпаратты тиісті түрде ескеруді көрсететіндігін қамтамасыз ету болып табылады.
Аударылған сыйақы
37 Ұйымдардың бірігуінде аударылған сыйақы, сатып алушы аударған активтердің сатып алу күніндегі құнының, сатып алушы сатылатын ұйымның бұрынғы иелерін енгізген міндеттемелердің және сатып алушы шығарған үлестік пайыздардың сомасы ретінде есептеп шығарылатын әділ құны бойынша бағалануы тиіс. Дегенмен, сатып алушының сатылатын ұйымның қызметкерлері сақтаған ұйымдардың бірігуінде аударылған сыйақыға қосылған берілген сомаларға айырбастаған акцияға негізделген төлемдердің берілген сомаларының кез келген бөлігі әділ құнның орнына 30 -тармаққа сәйкес бағалануы тиіс. Сыйақының әуелі түрлерінің мысалдарына ақша қаражаты, басқа активтер, кәіспкерлік немесе сатып алушының еншілес ұйымны шартты сыйақысы, қарапайым немесе басымдылықты үлестік құралдар, опциондар, кепілдіктер және өзара ұйымдарға мүшелік пайыздар жатады.
38 Аударылған сыйақыға сатып алушының қаржылық жағдай есебі құнын олардың сатып алу күніндегі әділ құнынан басқа болатын активтері немесе міндеттемелері жатуы мүмкін (мысалы, ақшалай емес активтер немесе сатып алушының кәсіпкерлігі). Олай болса, сатып алушы аударылған активтерді немесе міндеттемелерді олардың сатып алу күніндегі әділ құнына қайта бағалауы тиіс және нәтижесіндегі, бар болса, кірістер немесе шығыстарды пайда немесе залал арқылы тануы тиіс. Дегенмен, кейде аударылған активтер немесе міндеттемелер ұйымдар бірігуінен кейін біріккен ұйымның ішінде сақталып қалады (мысалы, активтер немесе міндеттемелер оның бұрынғы иелерінің орнына сатылған ұйымға аударылғандықтан) және сатып алушы сондықтан оларды басқару құзыретін сақтап қалады. Осындай ахуалда, сатып алушы активтерді және міндеттемелерді олардың қаржылық жағдай есебі құны бойынша тікелей сатып алу күнінің алдында бағалауы тиіс және ұйымдар бірігуінің, алдында немесе одан кейін, өзі басқаратын активтер немесе міндеттемелерден келген кіріс немесе шығысты пайда немесе залал арқылы танымауы тиіс.
Шартты төлем
39 Сатып алушы сатылатын ұйымның орнына аударған сыйақыға шартты сыйақы келісімнің нәтижесінде болатын кез келген активтер немесе міндеттемелер жатады (37 -тармақты қараңыз). Сатып алушы, шартты сыйақының сатып алу күніндегі әділ құнын сатылған ұйымның орнына аударылған сыйақының бөлігі ретінде тануы тиіс.
40 Сатып алушы шартты сыйақыны төлеу міндеттемесін 32 Қаржылық құралдар: ақпаратты ұсыну ХҚЕС-ының (IAS) 11 -тармағындағы немесе қолданыстағы басқа ХҚЕС-тарындағы (IFRS) үлестік құралдың және қаржылық міндеттеменің анықтамасы негізінде міндеттеме ретінде немесе үлес ретінде жіктеуі тиіс. Сатып алушы егер нақты шарттар орындалған болса, актив ретінде бұрын аударылған сыйақыны қайтару құқығын жіктеуі тиіс. 58 -тармақта шартты сыйақыны кейінгі есепке алу бойынша нұсқаулар берілген.
Сатып алу әдісін бизнесті біріктірудің нақты түрлеріне қолдану бойынша қосымша нұсқаулар
Сатылы түрде қол жеткізілетін бизнесті біріктіру
41 Сатып алушы кейде өзі үлестік пайызын иеленген сатылған ұйымды басқару құзыретіне тікелей сатып алу күнінің алдында ие болады. Мысалы, 2001 жылдың 31 желтоқсанында, А ұйымы В ұйымындағы бақыламайтын үлестік пайыздың 35 пайызын иеленеді. Сол күні А ұйымы В ұйымындағы пайызының қосымша 40 пайызын сатып алады, бұл оған В ұйымын басқару құзыретін береді. Осы ХҚЕС(IFRS) осындай операцияны сатылы түрде қол жеткізілетін ұйымыдар бірігуі деп қарайды, кейде олар біртіндеп сатып алу деп те аталады.
42 Сатылы түрде қол жеткізілетін ұйымдар бірігуінде, сатып алушы өзінің бұрынғы иеленген сатылған ұйымдағы үлестік пайызын сатып алу күніндегі әділ құны бойынша қайта бағалауы тиіс және нәтижесінде келетін, егер бар болса, кіріс немесе шығысты пайда немесе залал арқылы тануы тиіс. Алдыңғы есепті кезеңдерде, сатып алушы сатылатын ұйымдағы үлестік пайызының құнының өзгерістерін басқа толық табыс арқылы таныған болуы мүмкін (мысалы, инвестиция сатуға арналған деп жіктелгендіктен). Олай болса, басқа толық табыс арқылы танылған сомасы сатып алушы бұрын иеленген үлестік пайызын тікелей шығаратын болғанда талап етілетіндей негізде танылуы тиіс.
Сыйақыны аударусыз қол жеткізілетін ұйымдардың бірігуі
43 Сатып алушы кейде, сыйақы аудармай сатылған ұйымды басқару құзыретіне ие болады. Ұйымдар бірігуін есепке алудың сатып алу әдісі сол бірігулерге қолданылады. Осындай жағдайларға төменгі -тармақтар жатады:
(a) сатылған ұйым, өз акцияларының жеткілікті санын бар инвестор (сатып алушы) басқару құзыретіне ие болуы үшін қайта сатып алады.
(b) бұрын сатып алушыны өзінің көпшіліктің дауыс беру құқығын болған сатылған ұйымды басқаруға кедергі болған азшылықтың тыйым салу құқығының тоқтатылуы.
(c) сатып алушы және сатылған ұйым өздерінің кәсіпкерліктерін тек келісімшарт арқылы біріктіруге келіседі. Сатып алушы сатылған ұйымды басқару құзыретіне айырбас ретінде ешқандай сыйақы аудармайды және сатылған ұйымда сатып алу күнінде немесе оған дейін ешқандай үлестік пайыз иеленбейді. Тек келісімшарт арқылы қол жеткізілген ұйымдар бірігуінің мысалдарына екі ұйымды негізгі келісіммен немесе қосарланып тіркелетін корпорацияны құру арқылы қосу жатады.
44 Тек келісімшарт арқылы қол жеткізілетін ұйымдар бірігуінде, сатып алушы сатылатын ұйымның иелеріне осы ХҚЕС (IFRS) бойынша, танылған сатылатын ұйымның таза активтерінің мөлшерін жатқызуы тиіс. Басқаша айтқанда, сатылатын ұйымдағы сатып алушыдан басқа тараптар иеленген үлестік пайыздар, тіпті нәтижесі айтылатын ұйымдағы барлық үлестік пайыздар бақыламайтын пайыздарға жатқызылған болса да, сатып алушының бірігуден кейінгі қаржылық есептілігінде бақыламайтын пайыздар болып табылады.
Бағалау кезеңі
45 Егер ұйымдардың бірігуін бастапқы есепке алу бірігу болған есепті кезеңнің аяғында аяқталмаған болса, сатып алушы өз қаржылық есептерінде есепке алынуы аяқталмаған баптарға алдын ала сомасын баяндауы тиіс. Бағалау кезеңі барысында, сатып алушы ретроспективті түрде, сатып алу күнінде болған ақпараттар мен жағдайлар туралы алынған және, белгілі болса, сол күні танылған сомаларды бағалауға әсерін тигізер жаңа ақпаратты көрсету үшін сатып алу күнінде танылған алдын ала сомаларды түзетуі тиіс. Бағалау кезеңі барысында, сатып алу күнінде болған ақпараттар мен жағдайлар туралы және, белгілі болса, қосымша активтерді және міндеттемелерді сатып алу күніде, тануға әкелетін жаңа ақпарат алынса, сатып алушы қосымша активтерді және міндеттемелерді тану тиіс. Бағалау кезеңі сатып алушы сатып алу күнінде болған ақпараттар мен жағдайлар туралы іздеген ақпаратын алғанда немесе басқа ақпарат алу мүмкін еместігін білген уақытта аяқталады. Дегенмен, бағалау кезеңі сатып алу күнінен бастап бір жылдан аспауы тиіс.
46 Бағалау кезеңі сатып алу күнінен кейінгі сатып алушы ұйымдар бірігуі үшін танылған шартты мөлшерлерді өзгерте алатын кезең болып табылады. Бағалау кезеңі сатып алушыға осы ХҚЕС-тың (IFRS) талаптарына сәйкес сатып алу күнінде төмендегілерді анықтауға және бағалауға қажет ақпаратты алуға жеткілікті уақыт береді:
(a) сәйкестендірілетін сатып алынған активтер, қабылданған міндеттемелер және сатылатын ұйымдағы бақыламайтын пайыз;
(b) сатылатын ұйым үшін аударылған сыйақы (немесе гудвиллдыбағалауда қолданылған басқа сома);
(c) сатылы түрде қол жеткізілген ұйымдар бірігуінде, бұрын сатып алушы иеленген сатылатын ұйымдағы үлестік пайыз; және
(d) тиімді сатып алудың нәтижесінде болатын гудвилл немесе кіріс.
47 Сатып алушы сатып алу күнінен кейін, алынған ақпараттың танылған тұрақсыз сомаларға өзгерістер енгізуге әкелу-әкелмеуін немесе сол ақпарат сатып алу күнінен кейін орын алған оқиғалар нәтижесінде болу - болмауын анықтау кезінде барлық қатысты факторларды ескеруі тиіс. Қатысты факторларға қосымша ақпарат алынған күні және сатып алушының тұрақсыз сомаларға өзгерістер енгізудің себебін анықтау мүмкіндігі кіреді. Сатып алу күнінен кейін бірнеше айдан кейін алынған ақпараттан гөрі, сатып алу күнінен кейін тез арада алынған ақпараттың сатып алу күнінде орын алған жағдайларды көрсету мүмкіндігі зор. Мысалы, оның әділ құнын өзгерткен орын алған оқиға анықталмағанша, активтің сатып алу күнінен кейін тез арада үшінші тарапқа сол күні анықталған оның тұрақсыз әділ құнынан едеуір ерекшеленетін сомаға сатылуы тұрақсыз сомада қателік болуын көрсетуі мүмкін.
48 Сатып алушы сәйкестендірілетін активтер (міндеттеме) үшін танылған тұрақсыз соманың көбеюін (төмендеуін) гудвиллдың төмендеуі (көбеюі) арқылы таниды. Дегенмен, бағалау кезеңінде алынған жаңа ақпарат кейде бірден көп активтердің немесе міндеттемелердің тұрақсыз сомасына өзгету енгізуге әкелуі мүмкін. Мысалы, сатып алушы сатылатын ұйымның ғимараттарының бірінде болған төтенше жағдайға қатысты шығындарына төлеу үшін, міндеттеме қабылдауы мүмкін, оның барлығы немесе бір бөлігі сатылатын ұйымның міндеттемелерді сақтандыру саясатымен қамтылған. Егер сатып алушы бағалау кезеңінде сол міндеттеменің сатып алу күнгі әділ құн туралы жаңа ақпарат алса, осы міндеттеме үшін танылған тұрақсыз сомаға енгізілген өзгерістің нәтижесінде болатын гудвиллғаенгізілетін өзгерістің орны (толық немесе жартылай) сақтандыру ұйымынан түсетін сақтандыру төлемі үшін танылған тұрақсыз сомаға енгізілген өзгерістің нәтижесінде гудвиллге енгізілген сәйкес өзгерістермен толтырылар еді.
49 Бағалау кезеңінде сатып алушы, ұйымдарды біріктіруді есепке алу сатып алу күнінде аяқталғандай сияқты, тұрақсыз сомаларға енгізілген өзгерістерді тануы тиіс. Осылайша, сатып алушы алдыңғы кезеңдер үшін қаржылық есептіліктерде ұсынылған салыстырмалы ақпаратты керегінше, бастапқы есепке алуды аяқтау кезінде танылған амортизацияға немесе басқа табыстың өзгеруі нәтижелеріне өзгеріс енгізумен қоса қайта қарауы тиіс.
50 Бағалау кезеңі аяқталғаннан соң, сатып алушы ұйымдар бірігуін 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларында болатын өзгерістер және қателер ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес, тек қатені түзету үшін есепке алуды қайта қарауы тиіс.
Ұйымдардың бірігу операциясының бөлігін анықтау
51 Сатып алушы және сатылатын ұйымның арасында ұйымдарды біріктіру жөніндегі келісімсөздері басталғанға дейін алдын ала болатын қарым қатынастары немесе басқа келісімдері болуы мүмкін, немесе олар сол келісімсөздер барысында ұйымдарды бірігуіден бөлек болатын келісім жасауы мүмкін. Осы жағдайларда сатып алушы сатып алушы мен сатылатын ұйым (немесе оның бұрынғы иелері) ұйымыдарды біріктіргенде айырбастағандарының бөлігі болмайтын кез келген сомаларды, яғни сатылатын ұйым үшін берілген соманың бөлігі болмайтын сомаларды анықтауы тиіс. Сатып алушы сатып алу әдісін қолданудың бөлігі ретінде тек сатылатын ұйым үшін аударылған сыйақыны және сатылатын ұйым үшін сатып алынған активтерді және қабылданған міндеттемелерді тануы тиіс. Бөлек операциялар тиісті ХҚЕС-тарына (IFRS) сәйкес есепке алынуы тиіс.
52 Сатып алушының өзі немесе оның атынан немесе біріктіруге дейін негізінен сатылатын ұйымның (немесе оның бұрынғы иелерінің) пайдасына емес, негізінен сатып алушының немесе біріктірілген ұйымның пайдасына жасалған операция, бөлек операция болуы ықтимал. Төменде бөлек сатып алу әдісін қолданғанда қамтылмауы тиіс операциялардың мысалдары берілген:
(a) сатып алушы және сатылатын ұйымның арасында алдын ала болатын қарым-қатынастарды іс жүзінде реттейтін операция;
(b) сатылатын ұйымның қызметкерлеріне немесе бұрынғы иелеріне болашақ қызметтері үшін ақы төлейтін операция;
(c) сатылатын ұйымға немесе бұрынғы иелеріне сатып алушының сатып алуға қатысты шығындарын төлегені үшін өтейтін операция.
В50-В62 -тармақтарында осыған қатысты қолдану нұсқаулары берілген.
Сатып алуға қатысты шығындар
53 Сатып алуға қатысты шығындар сатып алушының бизнес бірлестіктеріне әсер етуге байланысты шығындары болып табылады. Бұл шығындарға делдалға берілетін сыйақы; кеңестік, заңды, есептік, бағалау және басқа да кәсіби немесе кеңес беру сыйақылары; жалпы басқару шығындары, оның ішіне ішкі сатып алу департаментіне қатысты шығындар да кіреді; сондай-ақ қарыз және үлестік қауіпсіздік жүйелерін қамтамасыз етуге байланысты шығындар кіреді. Сатып алушы сатып алуға қатысты шығындарды белгілі бір кезеңдердегі шығындарға жатқызады, бұл кезеңдерде бір жағдайды қоспағанда шығындар және қызмет көрсетулер қабылданады. Қарыздарды жариялау және үлестік қауіпсіздік шығындары 32 ХҚЕС (IAS) және 9 ХҚЕС-на (IFRS) сәйкес танылады.
Кезекті бағалау және есеке алу
54 Негізінен, сатып алушы кейін сатып алынған активтерді, қабылданған немесе өтелген міндеттемелерді және ұйымдарды біріктіргенде, шығарылған үлестік құралдарды басқа да сол баптарға, олардың сипатына қарай, қолданылатын ХҚЕС-тарға (IFRS) сәйкес бағалауы және есепке алуы тиіс. Дегенмен, осы ХҚЕС-та (IFRS) төмендегі сатып алынған активтерді, қабылданған немесе өтелген міндеттемелерді және ұйымдарды біріктіргенде шығарылған үлестік құралдарды кезектегі бағалау және есепке алу бойынша нұсқаулар берілген:
(a) қайта алынған құқықтар;
(b) сатып алу күнінде танылған шартты міндеттемелер;
(c) орын толтыру активтері; және
(d) шартты сыйақы.
В63 -тармақта осыған қатысты қолдану нұсқаулары берілген.
Қайта алынған құқықтар
55 Материалдық емес актив ретінде танылған қайта алынған құқық келісімшарттың құқық берілген қалған келісімшарттық кезеңі ішінде амортизациялануы тиіс. Кейін қайта алынған құқықтан, үшінші тарапқа сататын сатып алушы материалдық емес активтің қаржылық жағдай есебі құнын сатудың кірісі немесе шығысын анықтау кезінде қосуы тиіс.
Шартты міндеттемелер
56 Бастапқы танудан кейін және міндеттеме реттелгенше, жойылғанша немесе мерзімі аяқтанғанша, сатып алушы ұйымдардың бірігуінде төмендегілердің ең көбі бойынша танылған шартты міндеттемені бағалауы тиіс:
(a) 37 ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес тану болатын сома; және
(b) 18 Табыс ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес танылған жиынтық амортизацияны (шегеру орынды болса) шегерілген бастапқыда мойындалған сома.
Осы талап 9 ХҚЕС - қа (IFRS) сәйкес есептелген келісімшарттар үшін қолданылмайды.
Орнын толтыру активтері
57 Әрбір кезектегі есепті кезеңдердің соңында, сатып алушы сатып алу күнінде орны толтырылған міндеттеме немесе активті танығандай бірдей негізде танылған орнын толтыру активті, сомасына қойылатын кез келген келісімшарттық шектеулерге және, кейін әділ құны бойынша бағаланбайтын орнын толтыру активі үшін, басшылықтың орнын толтыру активінің өтелу мүмкіндігін анықтауына қарай бағалауы тиіс. Сатып алушы орнын толтыру активті тануды, тек ол активті өтеп алғанда, сатқанда немесе басқаша оны иелену құқығынан айрылғанда тоқтатуы тиіс.
Шартты сыйақы
58 Кейбір сатып алушы сатып алу күнінен кейін танитын шартты, сыйақының әділ құнының өзгерістері, сатып алушы сол күннен кейін алған сатып алу күнінде, орын алған ақпараттар мен жағдайлар туралы қосымша ақпараттың нәтижесі болуы мүмкін. Осындай өзгерістер 45-49 -тармақтарға сәйкес бағалау кезеңінің өзгерістері болып табылады. Дегенмен, сатып алу күнінен кейін орын алған, табыс мақсатына жету, нақты акция бағасына жету немесе зерттеу және дамыту жоспарының негізгі сатысына жету сияқты оқиғалар нәтижесінде енгізілген өзгерістер бағалау кезеңінің өзгерістері болып табылмайды. Сатып алушы шартты сыйақының әділ құнының бағалау кезеңінің өзгерістері болып табылмайтын өзгерістерін төмендегідей есепке алуы тиіс:
(a) үлес ретінде жіктелген шартты сыйақы қайта бағаланбауы тиіс және оның кезекті реттелуі үлес шегінде есепке алынуы тиіс.
(b) актив немесе міндеттеме ретінде жіктелген төмендегідей шартты сыйақы:
(i) қаржылық құрал болып табылатын және 9 ХҚЕС (IFRS) ауқымында болатын болса, әділ құны бойынша, нәтижесінде шығатын осы ХҚЕС-қа сәйкес пайда немесе залал арқылы немесе басқа толық табыс арқылы танылған кіріс немесе шығыспен бірге бағалануы тиіс.
(ii) 9 ХҚЕС (IFRS) ауқымында болмайтын болса, 37 ХҚЕС-ына (IAS) немесе басқа тиісті ХҚЕС-тарына (IFRS)сәйкес есепке алынуы тиіс.
59 Сатып алушы оның қаржылық есептілігін пайдаланушыға:
(а) ағымдағы есепті кезең ішінде;
(b) есеп күні аяқталған кейін, бірақ қаржылық есепті шығаруға бекіткенге дейін жүзеге асырылған бизнесті біріктірудің сипатын және қаржылық салдарын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашуға тиіс.
60 59 -тармақтағы мақсаттарға жету үшін, сатып алушы В64-В66 -тармақтарға аталған ақпараттарды ашып көрсетуі тиіс.
61 Сатып алушы қаржылық есептілікті пайдаланушыларға ағымдағы кезеңде бизнесті біріктіруге қатысты танылған, ағымдағы немесе алдыңғы кезеңдерде жүзеге асырылған түзетулердің қаржылық салдарын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты ашқаны жөн.
62 61 -тармақтағы мақсаттарға жету үшін, сатып алушы В67 -тармақтағы аталған ақпараттарды ашып көрсетуі тиіс.
63 Егер осы немесе басқа ХҚЕС-тары (IFRS) бойынша талап етілетін нақты ақпараттарды ашып көрсету 59 және 61 -тармақтарда аталған мақсаттарға сай келмесе, сатып алушы сол мақсаттарға жету үшін қажетті кез келген қосымша ақпаратты ашып көрсетуі тиіс.
Өтпелі кезең шарттары және күшіне ену күні
Күшіне ену күні
64 Ұйым осы ХҚЕС-ты(IFRS) қолдану күні 2009 жылдың 1 шілдесінен немесе осы күннен кейін басталатын бірінші жылдық есепті кезеңнің басталған күні немесе одан кейін болатын бизнес бірлестіктеріне проспективті түрде қолдануы тиіс. Ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Алайда, осы ХҚЕС (IFRS) тек 2007 жылдың 30 маусымында немесе одан кейін басталатын жылдық есепті кезеңнің басында қолданылуы тиіс. Егер ұйым осы ХҚЕС-ын (IFRS) 2009 жылдың 1 шілдесіне дейін қолданса, сол ақпаратты ашып көрсетуі тиіс және 27 (2008 жылы түзетілген) ХҚЕС-ын (IAS) сол ертерек мерзім ішінде қолдануы тиіс.
64 А [Жойылған]
64B. 2010 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС(IFRS) Жетілдірулер 19, 30 және B56 -тармақтарына өзгерістер еніп, B62A және B62B -тармақтары қосылды. Ұйым осы өзгерістерді 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап немесе одан кейінгі жылдық мерзімдер үшін қолданылуы тиіс. Бұдан ерте қолданылу рұқсат етіледі. Егер ұйым өзгерістерді ерте мерзімдер үшін қолданса, ұйым бұл туралы хабарлауы тиіс. Осы ХҚЕС (IFRS) бірінші рет қолданған күннен бастап проспективті болуы тиіс.
64C 65A-65E -тармақтары 2010 жылдың мамырында шығарылған ХҚЕС(IFRS) Жетілдірулерге сәйкес енгізілді. Ұйым осы өзгерістерді 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап немесе одан кейінгі жылдық мерзімдер үшін қолданылуы тиіс. Бұл мерзімнен ерте қолданылу рұқсат етіледі. Егер ұйым өзгерістерді ерте мерзімдер үшін қолданса, ұйым бұл туралы хабарлауы тиіс. Бұл өзгерістер бизнес біріктірулерінен туындайтын шартты сыйақы қаржылық жағдай есептеріне ХҚЕС (IFRS) қолдану күнінен, 2008 жылы шығарылған, ертерек сатып алу күні қолданылуы тиіс.
64D 2010 жылы қазан айында жарияланған 9 ХҚЕС (IFRS) 16, 42, 53, 56 және 58(b) -тармақтарына түзетулер ендіріп, 64A -тармағын жойды. Ұйым 2010 жылы қазан айында жарияланған 9 ХҚЕС (IFRS) стандарты бойынша енгізілген түзетулерді басшылыққа алуы тиіс.
64Е 2011 жылы мамыр айында жарияланған 10 ХҚЕС (IFRS)А қосымшасы, 7,В13,В63(е),тармақтарына түзетулер енгізді. Ұйым жарияланған 10 ХҚЕС (IFRS) стандарты бойынша енгізілген түзетулерді басшылыққа алуы тиіс.
64Ғ 2011 жылы мамыр айында жарияланған 13 ХҚЕС (IFRS) әділ құнның анықтамасы бойынша А қосымшасы, 20,29,33,47,В22,В40,В43-В46,В49,В64 тармақтарына түзетулер енгізді. Ұйым жарияланған 13 ХҚЕС (IFRS) стандарты бойынша енгізілген түзетулерді басшылыққа алуы тиіс.
64G 2012 жылы қазан айында жарияланған Инвестициялық ұйымдар (10-шы ХҚЕС-ке (IFRS), 12-ші ХҚЕС-ке (IFRS) және27-ші ХҚЕС-ке (IAS) енгізілген өзгертулер),7-ші тармаққа түзету енгізіп және 2А тармағы қосылды.Осы ХҚЕС (IFRS) тек 2014 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін басталатын жылдық есепті кезеңнің басында қолданылуы тиіс. Бұл мерзімнен ерте қолданылу рұқсат етіледі.Егер ұйым өзгерістерді ерте мерзімдер үшін қолданса, Инвестициялық ұйым-ғаенгізілген барлық түзетулердіқолдану қажет.
Өтпелі кезең шарттары
65 Ұйымдарды біріктіруден туындаған сатып алу күні осы ХҚЕС (IFRS) қолдану күнінен бұрын болған активтер мен міндеттемелер осы ХҚЕС-ын (IFRS) қолданудан соң түзетілмеуі тиіс.
65A Сатып алу күндері ұйымның осы ХҚЕС-ын (IFRS) бірінші рет қолдану күнінен, 2008 жылы шығарылған, бұрын болған бизнес біріктірулерінен туындайтын шартты сыйақы қаржылық жағдай есептері осы ХҚЕС-ты(IFRS) бірінші рет қолданудан кейін өзгертілмеуі тиіс. Сол қаржылық жағдай туралы есептер үшін кейінгі есептеуде 65B-65E -тармақтары қолданылуы тиіс. Сатып алу күндері осы ХҚЕС (IFRS)бірінші рет қолдану күнінен бастап, 2008 жылы шығарылған, немесе одан кейінгі бизнес біріктірулерінен туындайтын шартты сыйақы қаржылық жағдай туралы есептер үшін 65B-65E -тармақтары қолданылмауы тиіс. 65B-65E -тармақтарындағы бизнес біріктірулері сатып алу күндері 2008 жылы шығарылған осы ХҚЕС (IFRS) бірінші рет қолдану күнінен бұрын болған бизнес біріктірулеріне ғана тиісті.
65B Егер бизнесті біріктіру келісімшарты болашақ оқиғаларға тәуелді болатын біріктіру құнының өзгеруін ескерсе, сатып алушы өзгеріс мөлшерін сатып алу күніндегі біріктіру құнының құрамына қосуы тиіс, өзгеріс мүмкін болса және сенімді түрде өлшене алса.
65C Бизнесті біріктіру келісімшарты болашақтағы бір немесе одан да көп оқиғаларға тәуелді болатын біріктіру құнының өзгерістеріне байланысты бейімділік жасауға мүмкінді береді. Бейімділік, мысалы келешек мерзімдерде белгілі бір кіріс деңгейінің тұрақтануына немесе жетуіне, немесе ұсынылған құралдардың нарықтық бағасының тұрақтануына тәуелді болуы мүмкін. Әдетте біріктірудің бастапқы есебінде осындай кез-келген бейімділік жасау мөлшерін ақпараттың сенімділігін кемітпей-ақ, белгілі бір сенімсіздік бар болса да, жуықтап табуға болады. Келешек оқиғалар тумаған жағдайда немесе жуықтап тапқан мөлшер тексерістен өту керек болса, бизнес біріктіруінің құнына сәйкесінше бейімділік жасалуы тиіс.