(n) Тиімді сатып алуда (34-36 -тармақтарды қараңыз):
(i) 34 -тармаққа сәйкес танылған кез келген кірістің сомасы және сол кіріс танылған толық табыс туралы есептіліктегі бап; және
(ii) операция неліктен кіріс әкелуінің себептерінің сипаттамасы.
(o) Сатып алушы сатып алу күнінде сатылатын ұйымдағы қатысу үлесінің 100 пайызынан аз иеленетін әрбір ұйымдардың бірігуі бойынша:
(i) сатып алу күнінде танылған сатылатын ұйымдағы басқарылмайтын үлестердің сомасы және сол соманы бағалау тәсілі; және
(ii) әділ құны бойынша бағаланған сатылатын ұйымдағы әрбір басқарылмайтын үлестер бойынша, бағалау тәсілдері және сол құнды анықтаудағы әдіс негізгі енгізілетін мәліметтері.
(p) Сатылы түрде қолжеткізілген ұйымдардың бірігуінде:
(i) сатып алу күнінің алдында сатып алушы иеленген сатылатын ұйымдағы қатысу үлесінің сатып алу күніндегі әділ құны; және
(ii) сатып алушы ұйымдардың бірігуіне дейін иеленген, сатылатын ұйымдағы қатысу үлесін әділ құнын қайта бағалау нәтижесі танылған кез келген кіріс немесе шығыс сомасы (42 -тармақты қараңыз) және осы кіріс немесе шығыс танылған толық табыс туралы есептіліктегі желілік бап.
(q) Төмендегі ақпараттар:
(i) есепті кезең бойынша толық табыс туралы шоғырландырылған есептілікке енгізілген сатып алу күнінен бастап сатылатын ұйымның түсімінің және пайда немесе залалдың сомалары; және
(ii) жыл бойы орын алған барлық ұйымдар бірігулерінің сатып алу күні жылдық есепті кезеңнің басында болса да, ағымдағы кезең бойынша біріккен ұйымның түсімі және пайда немесе залалы.
Егер осы тармақшада талап етілген кез келген ақпараттың ашып көрсетілуі мүмкін болмаса, сатып алушы сол ақпаратты ашып көрсетуі тиіс және ашып көрсету неліктен мүмкін еместігін түсіндіруі тиіс. Осы ХҚЕС-та (IFRS) 8 Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп бағалауларында болатын өзгерістер және қателер ХҚЕС-тағы (IAS) мағынасымен бірдей «мүмкін емес» термині қолданылған.
В65 Біріккенде елеулі болатын жеке түрде әлеулі емес ұйымдардың есепті кезеңнің ішінде орын алатын бірігуінде, сатып алушы В64(е)-(q) -тармақтарында талап етілген ақпаратты жалпы түрде ашып көрсетуі тиіс.
В66 Егер ұйымдардың бірігуінде сатып алу күні есепті кезең аяқталғаннан кейін, бірақ қаржылық есептіліктер бекітілгенге дейін болса, сатып алушы В64 -тармақтарында талап етілген ақпаратты, ұйымдардың бірігуін бастапқы есепке алу қаржылық есептіліктер басып шығарылуға бекітілген уақытта аяқталмаған болмаса, ашып көрсетуі тиіс. Осы жағдайда, сатып алушы қандай ақпарат ашып көрсетілу мүмкін емес екендігін және мүмкін емес екендігінің себептерін сипаттауы тиіс.
В67 61 - -тармақтағы мақсатқа жету үшін, сатып алушы әрбір елеулі ұйымдар бірігуі бойынша немесе жалпы түрде біріккенде елеулі болатын жеке алғанда елеулі емес ұйымдар бірігуі бойынша төмендегі ақпараттарды ашып көрсетуі тиіс:
(a) егер ұйымдардың бірігуін нақты активтер, міндеттемелер, басқарылмайтын үлестер немесе сыйақы баптары және ұйымдардың бірігуі бойынша қаржылық есептілікте танылған сомалар бойынша бастапқы есепке алу аяқталмаған болса (45 -тармақты қараңыз), сондықтан тек шартты түрде анықталған болса:
(i) неліктен ұйымдардың бірігуі бойынша бастапқы есепке алу аяқталмағандығының себептері;
(ii) есепке алуы аяқталмаған активтер, міндеттемелер, басқарылмайтын үлестер немес сыйақы баптары; және
(iii) 49 -тармаққа сәйкес есепті кезең ішінде танылған кез келген бағалау кезеңнің түзетулерінің сипаты және сомасы.
(b) Сатып алу күніен кейінгі әрбір есепті кезең бойынша ұйым әуелетті сыйақы активін өтегенге, сатқанға немесе басқаша құқығынан айырылғана дейінгі немесе ұйымы әуелетті сыйақы міндеттемесін өтегенге дейін немесе міндеттеме тоқтатылғанға немесе мерзімі аяқталғанға дейін:
(i) өтеуден кейін туындайтын кез келген айырмашылықтармен қоса, танылған сомалардың кез келген өзгерістері;
(ii) нәтижелер жүйелерінің (дисконтталмаған) кез келген өзгерістері және сол өзгерістерді енгізу себептері;
(iii) әуелетті сыйақыны бағалауға қолданылған бағалау тәсілдері және әдістің негізгі енгізілетін мәліметтері.
(c) Ұйымдар бірігуінде танылған әуелетті міндеттемелер бойынша, сатып алушы резервтердің әрбір түрі бойынша 37 ХҚЕС-та (IAS) 84 және 85 -тармақтарда талап етілген ақпараттарды ашып көрсетуі тиіс.
(d) Есепті кезеңнің басындағы және соңындағы гудвиллдің қаржылық жағдай есебі құнының сәйкестендіру шамасын бөлек көрсетіп:
(i) есепті кезеңнің басындағы жалпы саны және жиынтықты құнсыздану шығындары.
(ii) сатып алудан соң, 5 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес сатуға арналған ретінде жіктеу талаптарына сай келетін шығарылатын топқа енгізілген гудвиллдан басқа, есепті кезеңнің ішінде танылған қосымша гудвилл.
(iii) 67 - -тармаққа сәйкес, есепті кезеңнің ішінде кейінге қалдырылған салық активтерін кезекті тану нәтижесі болатын түзетулер.
(iv) 5 ХҚЕС-қа (IFRS) сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген шығарылатын топқа енгізілген гудвилл және сатуға арналған ретінде жіктелген шығарылатын топқа енгізілмеген есепті кезеңнің ішінде танылуы тоқтатылған гудвилл.
(v) 36 ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес есепті кезеңнің ішінде танылған құнсыздану шығындары (36 ХҚЕС (IAS) осы талапқа қосымша, өтелетін сома және гудвиллдың құнсыздануы туралы ақпараттарды ашып көрсетілуін талап етеді.)
(vi) 21 Валюталық бағам өзгерісінің әсері ХҚЕС-қа (IAS) сәйкес есепті кезеңнің ішінде туындайтын таза валюта бағамы айырмашылықтары.
(vii) есепті кезеңнің ішіндегі қаржылық жағдай есебі құнының кез келген басқа өзгерістер
(viii) есепті кезеңнің соңындағы жалпы саны және жиынтықты құнсыздану шығындары.
(е) ағымдағы есепті кезеңде танылған төмендегідей кез келген кіріс немесе шығысының сомасы және түсіндірмесі:
(i) ағымдағы немесе алдыңғы есепті кезеңде жүзеге асырылған ұйымдарыдң бірігуіндегі анықталатын сатып алынған активтермен және қабылданған міндеттемелермен байланысты; және
(ii) өлшемі, сипаты немесе әсері ақпарат ашып көрсету біріккен ұйымның қаржылық есептілігін түсінуге қажет болатындай болып табылады.
Тек өзара ұйымдардың немесе тек келісімшарт бойынша ұйымдардың бірігуі бойынша ауысу сатысы ережелері (66 -тармақтың қолданылуы)
В68 64-тармақта осы ХҚЕС (IFRS) перспективті түрде сатып алу күні бірінші 2009 жылдың 1 қаңтарында немесе одан кейін басталатын жылдық есепті кезеңнің басталуында немесе одан кейін болатын ұйымдардың бірігуіне қолданылатындығы көрсетілген. Бұдан ертерек қолданысқа рұқсат етіледі. Алайда, ұйым осы ХҚЕС-ын (IFRS) 2007 жылдың 1 маусымында немеесе кейін басталатын жылдық есепті кезеңнің басында қолдануы тиіс. Егер ұйым осы ХҚЕС-ын (IFRS) оның заңды күшіне ену күніне дейін қолданса, бұл ақпаратты ашып көрсетуі тиіс және 27 ХҚЕС-ын (IAS) (2008 жылы түзетілген) сол мерзім ішінде қолданылуы тиіс.
В69 Осы ХҚЕС-ты (IFRS) перспективті түрде қолдану талаптары тек өзара ұйымдардың немесе тек келісімшарт бойынша ұйымдардың бірігуінде, егер сол ұйымдардың бірігуінің сатып алу күні осы ХҚЕС - ын (IFRS) қолданардан бұрын болса, төмендегідей нәтиже береді:
(a) Жіктеу - Ұйым алдыңғы ұйымдар бірігуін жіктеуді ұйымның алдыңғы осындай бірігу бойынша есеп саясатына сәйкес жалғастыруы тиіс.
(b) Бұрын танылған гудвилл - Осы ХҚЕС (IFRS) қолданылатын бірінші жылдық есепті кезеңнің басында, алдыңғы ұйымдардың бірігуінен туындайтын гудвиллдың қаржылық жағдай есебі құны ұйымның алдыңғы есеп саясатына сәйкес оның сол күнгі баластық құны болуы тиіс. Сол құнды анықтауда, ұйым сол гудвиллдың кез келген жинақталған амортизациясының қаржылық жағдай есебі құнын және осыған сәйкес гудвиллдің азаюын жоюы тиіс. Гудвиллдың қаржылық жағдай есебі құнына ешқандай басқа түзетулер енгізілуі тиіс емес.
(c) Бұрын үлестен шегерілу ретінде танылған гудвилл - Ұйымның алдыңғы есеп саясаты нәтижесінде алдыңғы ұйымдардың бірігуінен пайда болатын гудвиллдің үлестен шегерілу ретінде танылуына әкелуі мүмкін. Осы жағдайда, ұйым сол гудвиллдыактив ретінде осы ХҚЕС (IFRS) қолданылатын бірінші жылдық есепті кезеңнің басында тануы тиіс. Сонымен бірге, ұйым, ол ұйымдың сол гудвилл қатысы бар барлық бөлігін шығарып тастағанда немесе сол гудвилл қатысы бар ақша өндіретін бірлігі құнсызданғанда, сол гудвиллдың кез келген бөлігін пайда немесе залалы байынша тануы тиіс емес.
(d) Гудвиллды кезекті есепке алу - Осы ХҚЕС (IFRS) қолданылатын бірінші жылдық есепті кезеңнің басынан бастап, ұйым алдыңғы ұйымдардың бірігуінен туындайтын гудвиллдың амортизациясын тоқтатуы тиіс және 36 ХҚЕС (IAS) бойынша гудвиллдықұнсыздануға тексеруі тиіс.
(e) Бұрын танылған кері гудвилл - Алдыңғы ұйымдардың бірігуін сатып алу әдісін қолданып есепке алған ұйым, оның сатылатын ұйымдағы анықталатын активтер мен міндеттемелердің таза әділ құнындағы қатысу үлесінің, сол үлестің құнынан артық шамасы бойынша кейінге қалдырылған кредитті (кейде кері гудвилл деп алады)тануы мүмкін. Егер солай болса, ұйым сол кейінге қалдырылған кредиттің қаржылық жағдай есебі құнын тануды, осы ХҚЕС (IFRS) қолданылатын бірінші жылдық есепті кезеңнің басында сол күнгі үлестірілмеген табыстың кезең басындағы қалдығына сәйкес түзетулер жасаумен бірге тоқтатуы тиіс.